берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын;
есептің мәнмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін бағалау;
тәжірибе саны өсуіне байланысты абсолютті және салыстырмалы жиіліктерді бағалау.
«Алгебра» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Сипаттама
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну
Білу:
комбинаториканың ережелерін, градусты радианға және радианды градусқа айналдыру, бірлік шеңбердің бойында 0; ; ; 3; 2
2 2
сандарын белгілеу, бірлік шеңбердегі нүктелердің координаталары (cos;sin ) мен тригонометриялық функциялардың өзара байланысын;
екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді, сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны, элементар және элементар емес оқиғаларды ажырата;
cанның факториалы, қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру, тригонометриялық функциялардың,
ықтималдықтың статистикалық анықтамаларын;
Түсіну:
сандар тізбегі туралы, бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын, оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын.
Деңгейді тексеру үшін көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және / немесе қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Қолдану
екі айнымалысы бар теңдеулер және теңсіздіктер жүйесін шешу;
тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы:
1 ; 1 ; 1 ; 1 ;... ;
2 3 3 4 4 5 5 6
бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;
бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың қасиеттерін түсіндіру; Қолданады:
қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін;
Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін;
-математикалық индукция;
арифметикалық, геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін;
шексіз кемімелі геометриялық прогрессия
Деңгейді тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
қосындысының формуласын;
бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын, тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және көбейтіндісін қосындыға немесе айырымға түрлендіру;
есеп шығаруда ықтималдықтың классикалық анықтамасын; геометриялық ықтималдықты анықтау.
Жоғары деңгей
дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)
мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы
шығару;
есеп шарты бойынша математикалық модель құру;
қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу;
арифметикалық және/немесе геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару;
шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын есептер шығаруда қолдану;
геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару;
тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру.
Деңгейді тексеру
үшін қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады