Алгоритм түсінігі Алгоритм


ReadLine – читать строку из потока ReadBlock



бет18/20
Дата08.11.2022
өлшемі0,76 Mb.
#157176
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
База Алгоритмы

ReadLineчитать строку из потока
ReadBlock – читать блок заданной длины с указанного места в массив символов
ReadToEnd – читать до конца файла
Close – закрыть файл
Методы класса StreamWriter:
Write – записать строку без разделителей строки
WriteLine – записать строку с разделителями строки
NewLineзаписать символ конца строки
Close – закрыть файл
56. C # тіліндегі кездейсоқ қатынау файлдары түсінігі.

Кездейсоқ қатынау файлын сақтау мысалы


Екілік файлдарды пайдаланудың негізгі себебі - файлдағы кез-келген жерде оқуға немесе жазуға мүмкіндік беретін икемділік. Мәтіндік файлдар тек оқуға немесе дәйекті жазуға мүмкіндік береді. SQLite және MySQL сияқты арзан немесе бос дерекқорлардың таралуы арқылы екілік файлдарға кездейсоқ қол жеткізуді пайдалану қажеттілігін азайтады. Дегенмен, файл жазбаларына кездейсоқ қатынау сәл ескі, бірақ әлі де пайдалы.
61. Монитор экранында ақпаратты шығару операторларын қолдану мысалы.

C# тілінде консольді қосымшалармен жұмыс жасау барысында монитор экранына шығару Console.WriteLine() және Console.Write() статикалық әдістері арқылы орындалады (дәлірек айтқанда Console класының WriteLine() және Write()статикалық әдістері).


Ақпаратты шығарғаннан кейін Console.WriteLine() әдісі терезе курсорын келесі жолдың басына көшіруді орындайды.
Ақпаратты шығарғаннан кейін Console.Write() әдісі көрсетілген соңғы символдан кейінгі орында терезе курсорын бірден қалдырады.
Ескеру керек, екі әдіс те монитор экранына ақпаратты символды түрде ғана шығара алады, яғни бүтін немесе нақты типтегі мәндерді монитор экранына шығармас бұрын жолдық типке түрлендіру керек. Айнымалылардың сандық мәнін жолдық мәнге түрлендіру осы әдістердің әрқайсысында орындаған, сонымен қатар түрлендіруді берілген форматта жүргізуге болады.
Әдетте әдістердің бірінші параметрі арқылы түсініктеме мәтіні беріледі, онда фигуралы жақша арқылы «толтырғыш» жазылады. «Толтырғыштар» санына шек жоқ және есептің талаптарымен ғана анықталады. Барлық «толтырғыштар» нөлден бастап нөмірленеді. Толтырғыштың нөмірінен кейін қос нүкте арқылы шығару форматының спецификаторын көрсетуге болады.
Шығару бойынша әдістерде бірінші параметрден кейін және формат арқылы айнымалылардың атаулары көрсетіледі. Олардың мәндері шығарылатын мәтінде «толтырғыштардың» орнына тиісті форматта орналастырылады. Әрине, айнымалылыр мен «толтырғыштардың» саны бірдей болуы керек. Мысалы,
Console.WriteLine("a = {0} b = {1} a/b = {2}", a, b, c); Console.WriteLine("x={0} sin(x)={1:F5} Asin(x)={2:F3}",x, y, z);
Бірінші жағдайда шығарылатын мәтінде {0}, {1} және {2} орнына a, b және c айнымалыларының мәндері пішімдеусіз жазылады. Екінші жағдайда sin(x) және Asin(x) өрнектерін шығару сандарды пішімдейтін F спецификаторы арқылы анықталады және ол үтірден кейін 5 және 3 дейінгі дәлдікпен сәйкесінше орындалады. Кейбір пішімдеу спецификаторлары 2.1 кестесінде көрсетілген.
2.1- кестесі – Сандарды пішімдеу спецификаторлары
63. Меншіктеу операторларын қолдану мысалы
C# бағдарламалау тілінде меншіктеу операторы ‘=’ символымен белгіленеді. Меншіктеу операторының жазылу пішімі мына сипатта болады:
айнымалы = өрнек;
Мысалы:

c = a + b;


‘=’ белгісінің сол жағында айнымалы орналасуы керек, ал ‘=’ белгісінің оң жағында айнымалылар, тұрақтылар, нақты мәндер немесе өрнектер жазылуы мүмкін. Өрнектер ретінде арифметикалық операциялар, әртүрлі функциялар, т.б. бола алады. Өрнектегі әрекеттердің орындалу реті солдан оңға қарай, бірақ жақшалар арқылы оны өзгертуге болады.

C# тілінде келесі арифметикалық операциялар қолданылады:


+ – қосу операциясы;
- – азайту операциясы;
* – көбейту операциясы;
/ – нақты типтегі айнымалылар үшін бөлу операциясы;
/ – бүтін типтегі айнымалылар үшін бүтін санды бөлу операциясы (қалдығы жойылады – бөлудің нәтижесін мысалдан көріңіз);
% – бүтін санды бөлу операциясынан қалдықты табу операциясы бүтін типтегі айнымалылар үшін қолданылады.
Мысалы,

7/2=3; 7.0/2.0=3.5; 6%2=0; 7%2=1;


C# тілінде аталған операциялардың кез келгені меншіктеу операциясының қысқартылған түрде жазылу мүмкіндігін береді:
айнымалы операция = өрнек;
Мысалы, егер a айнымалысы 5 тең болса, онда a += 6 жазбасы a айнымалысына 11 мәнін меншіктейді. ‘+=’ операциясы ‘=’ символының оң жағына жазылған өрнектің мәнін ‘+’ символының сол жағында орналасқан айнымалы мәніне қосуды орындайды. Қосу опрациясының нәтижесі ‘+’ символының сол жағында орналасқан айнымалыға меншіктеледі.
‘–’ , ‘ *’, ‘ /’, ‘ %’ операциялары үшін меншіктеу операторы жоғарыда сипатталған түрде орындалады.
64. If шартты операторларының қолдану мысалы
if шартты ӛту операторы бағдарламада есепті шешу алгоритмінің кейбір логикалық шартын тексеруді және тексерудің нәтижесіне байланысты бағдарламаның жұмысын мҥмкін екі жолдың бірімен жалғастыру керек болған жағдайда қолданылады. Бағдарламаның «тармақталған» учаскесі термині де бар, оларға ауысу ҥшін шартты ӛту операторы қолданылады. if операторының жазылу пішімі: if ( шарт) { операторлар; } else { операторлар;} Егер шарт «ақиқат» болса, онда шарттан кейін орналасқан, фигуралық жақшалар ішіндегі операторлар орындалады, әйтпесе else қызметтік сӛзінен кейін орналасқан, фигуралық жақшалар ішіндегі операторлар орындалады. Мысалы, if (a > b) { x = a; y = b;} else { x = b; y = a;} Кӛрсетілген ҥзіндіде азаймалы ретте екі айнымалының мәндерін ретке келтіру алгоритмі қарастырылған. a және b айнымалының мәндері салыстырылады және ең жоғарғы мәні бар айнымалы x айнымалысына, ал ең кіші мәні бар айнымалы y айнымалысына меншіктеледі. Есептің шарты бойынша екі айнымалының арасындағы ең ҥлкен мәнін табу және оны x айнымалысына меншіктеу керек болса, онда осы есептің шешімінің алгоритмін шартты ӛту операторы арқылы жазуға болады: if (a > b) x = a; else x = b; Осы жазбада оператордың іс-әрекет облысын ерекшелеу ҥшін фигуралық жақшалар қолданылмайды, ӛткені оператордың іс-әрекет облысы шарттың ақиқат және жалған мәндерінде бір ғана меншіктеу операторынан тұрады.
65. for цикл операторын қолдану мысалы.
For циклінің операторы циклдық операциялар саны алдын-ала белгілі болған жағдайда қолданылады. for операторын жазу пішімі: for(өрнек1;өрнек2;өрнек3) { операторлар;}, мұнда; өрнек1 – циклдің басқарушы айнымалысының бастапқы мәнін анықтайды; өрнек2 – циклдің басқарушы айнымалысының ақырғы мәнін анықтайды; өрнек3 – циклдің басқарушы айнымалысының ӛзгеріс қадамын анықтайды. Мысалы: for (i = 0; i <= 10; i++) {цикл операторлары}
for циклін жазудың басқа мысалдарын қарастырайық:
1) for (int i = 0; i <= 10; i++) {цикл операторлары} Бұл мысалда for цикліның операторы жазылған, онда цикл ішінде бҥтін типті басқарушы айнымалы жарияланады және ол 0-ден 10-ға (қоса санағанда) дейін 1 қадамымен ӛзгереді.
2) for ( i = 10; i >= 0; i--) {цикл операторлары } Бұл мысалда i - бұрынырақ жарияланған айнымалы басқарушы айнымалы ретінде қолданылады, ол 0-ден 10-ға (қоса санағанда) дейін минус 1 қадамымен ӛзгереді.
3) for ( x = 0; x <= 1; x = x + 0.1) {цикл операторлары} Бұл мысалда басқарушы айнымалы ретінде x - нақты типтегі айнымалы қолданылады, ол 0-ден 1-ге дейін 0.1 қадамымен ӛзгереді.
for цикл операторының жазбасында басқарушы айнымалыны жариялауға болады. Мысалы: for (int j=1;j<=10;j++) { операторлар; }
for циклінің операторы бірнеше басқарушы айнымалыларын қолдануға мҥмкіндік береді, мысалы: for ( i=1, j=10; i
66. while циклі операторын қолдану мысалы
While циклінің операторы «шартты цикл» деп жиі аталады, өйткені цикл жұмысының аяқталуы кейбір шарттардың орындалмауымен байланысты. Циклді жазу пішімі: while (шарт) { операторлар; }, мұндағы, шарт – логикалық өрнек, екі мәнді қабылдай алады: жалған немесе ақиқат. Егер «шарт» ақиқат болса, онда while циклінің «операторлары» орындалады, әйтпесе цикл орындалмайды (аяқталады) және бағдарламаны басқару циклден кейінгі операторға көшеді. while циклі операторларына арналған мысалдары: 1) while (a/x >= 0.0001) { операторлар;} Бұл мысалда цикл a/x қатынасы 0.0001 шамасынан кіші болғанға дейін орындалады.
2) while ((x > 0) && (x <= 100)) { операторлар;} Бұл мысалда цикл x айнымалысының мәні 0-ден 100 дейінгі аралықта болғанға дейін орындалады.
while( кезекті қосылғыш модулі берілген дәлдіктен үлкен ) { қосынды = қосынды + кезекті қосылғыш; жаңа мәндерді қолданып кезекті қосылғышты есептеу; }
67. do-while циклі операторын қолдану мысалы.
do – while циклін тексеруді цикл денесі орындалғаннан кейін жүргізу керек болған жағдайда қолдану орынды, мысалы 4.1 есебінің алгоритмін құру үшін. Циклді жазу пішімі: do { операторлар; } while (шарт), мұнда, шарт – логикалық өрнек, оның екі мәні болуы мүмкін: жалған немесе ақиқат. егер «шарт» ақиқат болса, онда do – while циклінің «операторлары», әйтпесе цикл орындалмайды (аяқталады). do – while циклі соңғы шарты цикл деп аталады - шарт цикл денесі орындалғаннан кейін тексеріледі.
do while циклін «іске қоспас» бұрын өрнекті анықтап алу керек, ол өрнек циклде шарт ретінде қолданылады. Біздің есепте қолданылатын өрнек: Z 1 K - шарт «ақиқат» «болғанша» цикл орындала береді.
68. C # тілінде -20-ден +40-қа дейінгі диапазонда 10 бүтін саннан тұратын кездейсоқ бір өлшемді массив құрудың мысалы.

  1. {



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет