Ұйымдастырыл
ған оқу қызметтері
|
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Дыбыстарды дұрыс айтайық»
(а-ә, о-ө)
Мақсаты:
Білімділік:
тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін және зейін қойып тыңдауын жетілдіру,сөздерде дауысты дыбыстарды анық айта білуін қалыптастыру. Балаларға үй құстары мен үй жануарларының төлдерінің дыбыстауы жайында мағұлмат беру.
әДамытушылық: дауысты дыбыстарды (а, ә, о, ө) дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығулар арқылы жаттықтыру.
Тәрбиелік: үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
|
2.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Таңертең.Біреу- көп»
Мақсаты:
Білімділік:
таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру; заттың санымен (бір-көп) таныстыруды жалғастыру.
Таңертең (таң) – тәулік бөлігін тану және атау,осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану; жұмбақтарды шешуді үйрету;
Дамытушылық: заттарды айналасындағы бірдей бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту. Тәрбиелік: Шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу.
|
1. Орыс тілі
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
3.Сурет салу
Тақырыбы:«Түзу жолда мен жүремін тура»
Мақсаты:
Білімділік: балалардың сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолдарына ұстапсурет салуға жаттықтыру. Қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Дамытушылық: Саусақтың ұсақ бұлшықеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу
|
1.Дене шынықтыру
. Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Жаратылыстану
Тақырыбы: «Менің достарым»
Мақсаты:
Білімділік: балаларға «достық» туралы түсінік беру. Сұрақтарға жауап беруге, сұрақтар қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: достарын сыйлай білуге, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.
|
Құрастыру
Тақырыбы: «Досыма арналған сыйлық»
Мақсаты:
Білімділік: қағаздан қарапайым тәсілдерді қолдана отырып, достарына сыйлық жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: саусақ бұлшықеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу;
2. Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
|