Нұсқау: Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді .Ескерту : Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды және қолда допты үш секундтан артық ұстамау керек.
«Жалғастыру» жаттығуы.
Мақсаты: психологиялық және дене қатаюынан , күштенуінен арылту , топты ұйымдастыру.
Нұсқау: Бір қағаз алып, ең жағымды қарандашты таңдайды. Шапалақ ұрғанда нені қалайды соны салады, қайтадан шапалақ ұрғанда қасындағы қатысушыға сурет пен қарандашты береді. Сосын тағы да шапалақ ұрып, келесі қатысушы жалғастырады. Сөйтіп сурет қағаз иелеріне келгенше жаттығу жалғасады.
Сурет ұнадыма? Өз сеніміңізбен, көңіл күйіңізбен бөлісіңіз. Өзге адамның суретін жалғастыру қиын болды ма ?