Теориялық бөлім
Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер
Бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру.
Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау.
Мамандыққа бағыт-бағдар берушілерге ауып кету.
Мектептегі пәннің мамандыққа сайкес келуі
Өзінің қабілетін , жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу.
Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді» Л.Н.Толстой
Адам өзінің болошақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін –ол ойға алған арманның орындалуы , отбасы дәстүрін жалғастыру , келесі біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б мамандықты таңдау үшін , адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет . Өз-өзіне «Мен кіммен?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?, «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем .
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес . Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті , зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды , бағалы үлес қосатындай болуы шарт . Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе , бойына жаңа күш қосылып , еңбекке деген шабыты арта түседі . Зор ықылас , шабытпен істеген іс-табыс биігіне жеткізген қанат.
Достарыңызбен бөлісу: |