Қалиолла Ардақ, 2Шарыпқазы Нүртәліп


ҚЫТАЙ «СҮЙЕК ЖАЗУЫНЫҢ» ТАБЫЛУЫ МЕН ҒЫЛЫМИ АЙНАЛЫМҒА ЕНУІ



бет2/10
Дата10.10.2020
өлшемі209,07 Kb.
#64417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ҚЫТАЙ «СҮЙЕК ЖАЗУЫНЫҢ» ТАБЫЛУЫ МЕН ҒЫЛЫМИ АЙНАЛЫМҒА ЕНУІ
Кіріспе

Қытай жазуы (жаңа қытайша: 汉字; дәстүрлі қытайша: 漢字; пинйін: Hànzì) — тарихи деректер бойынша, қытай жазуының алғашқы таңбалары б.з.б. 14 ғ. Шаң патшалығы заманында пайда болған.

Қытай жазуы - әлемдегі тарихы аса ұзақ жазулардың бірі. Ол қытай қоғамының дамуынан бастап, қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі. Қытай халқы өзінің ұзақ тарихы барысында рухани құндылықтардың аса мол түрлерін өмірге әкелгені ақиқат. Олар осы бай құндылықтарды өз жазуларының көмегімен бүгінге жеткізіп отыр. Демек қытай жазуы бүгінде қытай халқының ғана емес әлем халықтарының да баға жетпес қазынасына айналып отыр. Қытай жазуын бұрын соңды тек қытайлар ғана емес, маңайындағы туыстар мен көршілер Корея, Вьетнам, Жапония секілді елдер де қолданылған. Бұл тұрғыдан келгенде қытай жазуы ел мен елдің арасындағы мәдени алмастыруды тереңдетті. Қытай жазуы иероглифтік жазудың бүгінгі күндегі ең дамығаны болып есептелінеді. Бір иероглиф белгілі мағынаны білдіріп, бір фонетикалық заңдылықтар бойынша бір фонема болып есептеледі. Сондай ақ қытай иероглифтері жеке дыбысты немесе фонеманы білдіре алмайтындықтан тілдегі бүкіл сөздік қорға жеке-жеке таңба жасап шығуға тура келгені мәлім. Осылайша қытай тілі сөздерінің мағынасы бейнелейтін таңбалар неше мыңдаған түрден асып жығылады. Мысалы, қазіргі кей бір сөздіктерде 50 мыңнан астам иероглиф қамтылып отырғаны айтпасақ та түсінікті(Niè Guìlán., 2007,50).

Қытай көп ұлтты мемлекет hanzu ұлтынан басқа 55 аз санды ұлттар бар. Әр бір ұлттың яғни көпшілігінің өз тілдері бар. Тұрғындардың басым көпшілігі қытай тілін қолданғандықтан қытай тілі мемлекеттегі, әр бір ұлттың арасындағы қарым-қатынас тіліне айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет