Қалыптастырушы бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Информатика 7 сынып Құрметті мұғалім!



бет1/17
Дата24.11.2019
өлшемі10,31 Mb.
#52348
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
!10-ОШ ҚБ Информатика 7-сын қаз

Қалыптастырушы бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

Информатика
7 сынып
Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.



Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

  
 



Мазмұны





Мазмұны 3

1 тоқсан 4

Бөлім «Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады» 4

Бөлім «Жүйелер және қауіпсіздік» 11

2 тоқсан 14

Бөлім «Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу» 14

3 тоқсан 22

Бөлім «Шешімдерді программалау» 22

Бөлім «Шешімдерді программалау» 26

4 тоқсан 31



Бөлім «Нысандар мен оқиғаларды модельдеу» 31


1 тоқсан

Бөлім «Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады»




Тақырып «Ақпаратты өлшеу бірліктері»


Оқу мақсаты

7.2.1.2 Ақпараттың бір өлшем бірлігін келесі өлшем бірліктерге ауыстыруды жүзеге асыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сандық мәндерді ақпараттың бір өлшем бірлігінен (кбайт, байт, бит) басқа өлшем бірлігіне аударады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Ақпараттың көлемін анықтаңыз және бос ұяшықтарды сандармен толтырыңыз.




Килобайт түрінде берілген сан

Байт түрінде берілген сан

Бит түрінде берілген сан

1

5 Кбайт

_______байт

_______бит

2

_______ Кбайт

_______байт

12288 бит


Дескриптор

Білім алушы

  • килобайтты байт түріне аударады;

  • байтты бит түріне аударады;

  • битті байт түріне аударады;

  • байтты килобайт түріне аударады.



Тақырып «Ақпаратты өлшеу бірліктері»


Оқу мақсаты

7.2.1.1 Ақпараттың бір өлшем бірлігін келесі өлшем бірліктерге ауыстыруды жүзеге асыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ақпараттың түрлі өлшем бірліктерін бір-бірімен салыстырады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырмалар
1. Ақпаратты өлшеу бірліктерін өсу ретімен орналастырыңыз


Терабайт, килобит, мегабайт, гигабайт, килобайт, байт, бит.






Дескриптор:

Білім алушы

  • ақпаратты өлшеу бірліктерін өсу ретімен орналастырады.

2. Берілген өлшем бірліктерін салыстыруды орындаңыз. Белгілерді қойыңыз ( <, >, =)


А саны

Жауабы

Б саны

16 Бит




2 Байт

1024 КБ




2 МБ

2 ГБ




2048 МБ

1 ТБ




2000 Гб




Дескриптор

Білім алушы

  • бит пен байтты салыстырады;

  • килобайт пен мегабайтты салыстырады;

  • гигабайт пен мегабайтты салыстырады;

  • терабайт пен гигабайтты салыстырады.



Тақырып «Компьютерлік жады»


Оқу мақсаты

7.1.1.1 Компьютердің жад түрлерінің қызметін сипаттау (Жедел жады, Тұрақты жады, Сыртқы жады, кэш-жады)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жад түрлерінің қызметін сипаттайды: Жедел жады, Тұрақты жады, Сыртқы жады, кэш-жады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну


Тапсырма
Әрбір анықтамадан сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз және астын сызыңыз: Мысалы: Жады – ақпаратты сақтау/ өшіру үшін арналған құрылғы
Сыртқы жады (СЖ) – бұл бағдарламаларды және берілгендерді ұзақмерзімді/қысқамерзімді сақтау үшін арналған құрылғы және ондағы ақпараттың бүтіндігі компьютердің қосулы немесе өшірулі тұрғанына байланысты /байланысты емес.

Тұрақты жады (ТЖ) / Жедел жады (ЖЖ) - өзгерісті талап етпейтін берілгендерді сақтау үшін арналған құрылғы, энергияға бағынышты емес.

Кэш-жадымикропроцессор және жедел жады/тұрақты жады арасында берілгендерді сақтауға арналған, көлемі үлкен/үлкен емес өте баяу/жылдам жады.



Дескриптор

Білім алушы

  • сыртқы жадыға анықтама береді;

  • анықтамасы бойынша жадының түрін таңдайды;

  • кэш-жадыға анықтама береді.


Тақырып «Компьютерлік жады»


Оқу мақсаты

7.1.1.1 Компьютердің жад түрлерінің қызметін сипаттау (Жедел жады, Тұрақты жады, Сыртқы жады, кэш-жады)


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жады түрлерінің қызметін түсіндіреді: Жедел жады, Тұрақты жады, Сыртқы жады, кэш-жады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары


Тапсырма

Кестедегі «Құрылғының атауы» және «Қызметі» өрістерін толтырыңыз.






Жады түрі

Құрылғының

атауы

Құрылғының

қызметі

1









2









3









4











Дескриптор

Білім алушы

  • құрылғының атауын анықтайды;

  • құрылғылардың қызметін сипаттайды.







Тақырып «Файлдардың форматтары»


Оқу мақсаты

7.1.2.3 Файлдарды сақтау кезінде әртүрлі форматтарды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бірдей ақпарат сақталған түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін орнатады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары


Тапсырмалар
1. Мәтіндік құжат құрыңыз. «Сохранить как» командасын қолданып, файлды *.pdf, *.docx(doc) форматтарында сақтаңыз.
Frame1


Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіндік редакторда құжат құрады;

  • құрылған құжатты docx(doc) форматында сақтайды;

  • құрылған құжатты pdf форматында сақтайды.

2. Графикалық редакторда суретті салыңыз. Берілген суретті *.png, *.jpg форматтарында сақтаңыз.




Дескриптор

Білім алушы

  • графикалық редакторда сурет салады;

  • құрылған графикалық құжатты png форматында сақтайды;

  • құрылған графикалық құжатты jpg форматында сақтайды.



Тақырып «Файлдардың форматтары»


Оқу мақсаты

7.1.2.3 Файлдарды сақтау кезінде әртүрлі форматтарды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бірдей ақпарат сақталған түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары


Тапсырмалар
1. Кестедегі бос ұяшықтарды толтырыңыз.

Файл атауы

Файл форматы

Файл өлшемі

Мысалы

docx

27.8 КБ

Шақыру 1







Шақыру 2







Аққала 1







Аққала 2









Дескриптор:

Білім алушы

  • кестедегі файл форматы мен файл өлшемін мәліметпен толтырады;

  • түрлі форматта сақталған файл өлшеміне қорытынды шығарады.

2. «Шақыру 1, 2» мәтіндік файлдарын бір бірімен салыстырыңыз. Көлемі үлкен файлды анықтаңыз. ____________________________________________________________________

Түрлі форматтағы файл өлшемдері неліктен түрлі жады көлемін алатынын түсіндіріңіз.

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________




Дескриптор:

Білім алушы

  • үлкен көлемді құжатты анықтайды;

  • бірдей ақпарат сақталған түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерінің әр түрлі болу себебін сипаттайды.



Тақырып «Файлдарды мұрағаттау»


Оқу мақсаты

7.1.2.2 Әртүрлі форматтағы мұрағаттарды құру және бумадан шешу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • мұрағатты құру және мұрағаттан шығару әрекетінің ретін анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Тапсырма

  1. «Әртүрлі» бумасын құрыңыз.

  2. Бумаға келесі құжаттарды сақтаңыз: «Мәтін», «Таблица» және «Сурет»

  3. «RAR» және «ZIP» мұрағаттаушыларды қолданып, мұрағат құрыңыз.

  4. Мұрағаттан шешу алгоритмін жазыңыз:




RAR

ZIP

































Дескриптор:

Білім алушы

  • RAR форматындағы мұрағат құрады;

  • ZIP форматындағы мұрағат құрады;

  • RAR форматындағы бумадан шешу алгоритмін жазады;

  • ZIP форматындағы бумадан шешу алгоритмін жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет