Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Геометрия 8-сынып Құрметті мұғалім!



бет3/7
Дата15.05.2020
өлшемі306,85 Kb.
#68705
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10-osh fo geometriya 8-syn az
uksastyk-turlendirui-567808a555c4d, 1516722523, 1516722523, Жазықтықтағы нүктенің координаталары. Кесінді ортасының координаталары. Екі нүкте арасындағы қашықтық Жұмыс парағы
Бөлім: «Көпбұрыштар.

Төртбұрыштарды зерттеу»



Оқу мақсаты

8.1.1.1 көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу





Бағалау критерийі
Білім алушы


• Көпбұрышты, оның түрлері мен элементтерін

анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну




1-тапсырма
Төмендегі (а-ж) суреттерде AB, BC, CD, DE, EA кесінділерінен құралған фигуралар кескінделген. Олардың қайсысы


  1. көпбұрыш болады?

  2. дөңес көпбұрыш болады?




Дескриптор: Білім алушы


  • көпбұрыштарды таниды;

  • дөңес көпбұрыштарды таниды.


2-тапсырма
4

Сызба

Элементтері

Белгіленуі


Бұрыштар


Қабырғалары




Көпбұрыштың А2

төбесінен шығатын

барлық
диагональдарды

салыңыз


Дескриптор: Білім алушы


    • көпбұрыш бұрыштарын анықтап, жазады;

    • көпбұрыш қабырғаларын анықтап, жазады;

  • көпбұрыш диагональдарын тұрғызады.

5

Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»




Оқу мақсаты

8.1.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару





Бағалау критерийі

Білім алушы


  • Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығарады




  • Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығарады




  • Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы формуласын есептерді шығару барысында қолданады





Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары


1-тапсырма

Кестені жоғарыдан төмен қарай толтыра отырып, көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын есептейтін формуланы қорытып шығарыңыз.




Көпбұр

1 төбеден

Пайда

Ішкі

Ішкі және

Сыртқы

ыш

шығатын

болған

бұрыштар

сыртқы

бұрыштар




диагональдар

үшбұры

ының

бұрыштарыны

ының




ының саны

штар

қосындысы

ң қосындысы

қосындысы







саны













-

1

1800

(ішкі

5400-













бұрыш+сыртқы 1800=3600













бұрыш)*3=1800
















*3=5400







1

2

2*1800=3600









n-

бұрыш


6


Дескриптор: Білім алушы


  • көпбұрыштың бір төбеден шығатын диагональдарының санын анықтайды;

  • бір төбеден шығатын диагональдар көпбұрышты қанша үшбұрышқа бөлетінін анықтайды;

  • көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табады;

  • көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын табады;

  • көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысын табады;

  • кез-келген көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын есептейтін формуланы қорытып шығарады;

  • кез-келген көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы туралы қорытынды жасайды.


2-тапсырма
Дұрыс көпбұрыштың әрбір бұрышы 144˚. Сыртқы бұрыштардың қосындысы формуласын қолданып, осы көпбұрыштың қабырғаларының санын анықтаңыз.
Дескриптор: Білім алушы


    • көпбұрыштың сыртқы бұрышының қосындысы формуласын қолданып, өрнек құрады;

  • қабырғалар санын анықтайды.



3-тапсырма
Анықтаңыз:

  1. сегізбұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын;

  2. дұрыс бесбұрыштың бір бұрышының градустық мәнін;

  3. ішкі бұрыштарының қосындысы 900˚ тең болса, онда көпбұрыштың бұрыштарының санын;


Дескриптор: Білім алушы


    • көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы формуласын қолданады;

    • сегізбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын есептейді;

    • бесбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын анықтайды;

    • дұрыс бесбұрыштың бір бұрышының градустық мәнін табады;

  • көпбұрыштың бұрыштарының санын анықтайды.

7


Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»


Оқу мақсаты

8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану





Бағалау критерийі
Білім алушы


• Параллелограммның қасиеттерін қолданады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



1-тапсырма

Параллелограммның периметрін табыңыз, егер



  1. бір қабырғасы екіншісінен 5 см артық болса;

  2. бір қабырғасының ұзындығы екіншісінен 3 есе аз болса;

  3. қабырғаларының қатынасы 3:5 қатынасындай болса.


Дескриптор: Білім алушы


  • параллелограммның қабырғаларын айнымалы арқылы өрнектейді;

  • параллелограмм қабырғаларының қасиеттерін қолданады;

  • параллелограммның периметрін өрнектейді.

2-тапсырма

Параллелограммның барлық бұрыштарын табыңыз, егер



  1. параллелограммның бір бұрышы екіншісінен 330-қа кем болса;

  2. параллелограммның бір бұрышы екіншісінен 5 есе артық болса;

  3. параллелограммның екі бұрышының қатынасы 2 және 3 сандарының қатынасына пропорционал.


Дескриптор: Білім алушы


  • параллелограммның бұрыштарын айнымалы арқылы өрнектейді;

  • параллелограмм бұрыштарының қасиеттерін қолданады;

  • теңдеу құрып, оны шешеді;

  • параллелограммның бұрыштарын табады.

3-тапсырма

Сызбаның көмегімен параллелограммның периметрін табыңыз.





Дескриптор: Білім алушы


  • параллелограммның қасиетін қолданады;

  • тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгісін қолданады;

  • тең бүйірлі үшбұрыштың белгісін қолданады;

  • белгісіз бұрыштарды табады;

  • параллелограммның қабырғасын табады; параллелограммның периметрін табады.

8



Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»


Оқу мақсаты

8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану





Бағалау критерийі
Білім алушы


• Параллелограммның белгілерін қолданады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



1-тапсырма

Асан ABCD төртбұрышын салды, ал Айгүл KMPN төртбұрышын салды, бірақ олар сызбаларын аяқтап үлгермеді. Төртбұрыштардың қайсысы параллелограмм болуы мүмкін?



Шешуі:


Егер төртбұрыштың _________ қабырғасы __________ және ______________ болса, онда бұл төртбұрыш параллелограмм болады.
Егер төртбұрыштың ___________ қабырғалары қос-қостан ________ болса, онда бұл төртбұрыш параллелогамм болады.
KMPN төртбұрышында KM және ________ қарама-қарсы қабырғалары параллель _________, сондықтан бұл төртбұрыш параллелограмм ___________________.
ABCD төртбұрышында AD және _____ қабырғалары параллель, АВ мен_______________________ және тең болса, ABCD төртбұрышы параллелограмм
__________________.
Жауабы: ___________ төртбұрышы параллелограмм болуы мүмкін.
Дескриптор: Білім алушы


  • қабырғаларына байланысты, параллелограммның белгілерін тұжырымдайды;

  • параллелограммның белгілеріне сүйеніп бос орындарды толтырады;

  • параллелограмм болуы мүмкін төртбұрышты анықтайды.

9



2-тапсырма

Сызбадағы төртбұрыштардың параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.





a) ∆ABD = ∆CDB

b)


D С



А В

Дескриптор: Білім алушы


  • тең үшбұрыштардың анықтамасын қолданады;

  • үшбұрыштардың сәйкес қабырғаларының (сәйкес бұрыштарының) теңдігін көрсетеді;

  • параллелограммның белгілерін қолданады;

  • параллелограмм болатынын дәлелдейді;

  • түзулердің параллельдік белгілерін қолданады;

  • параллелограмм белгілерін қолданады.

10

Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»




Оқу мақсаты

8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет