Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Сауат ашу 1-сынып Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына


Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»



бет38/45
Дата21.11.2019
өлшемі10,76 Mb.
#52171
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
ҚБ сауат ашу (1)

Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»


: 1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай

сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).



Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі: Бағалау

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Мәтінге қатысты пікірін айтады.

  • Өз көзқарасын түсіндіреді.

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.


Шие тергенде


Жанат пен Қанат шие теруге орманға келді. Көп ұзамай шие көп өскен жерге жетті. Жанат терген шиесін себетке салды. Қанат тойғанынша жеп, содан соң ойнап кетті.

Екеуі таза ауада жақсы демалды. Үйлеріне көңілді оралды. Жанат себеттегі піскен шиені анасына берді. Анасы оған алғысын айтып:

- Өскенде сен мені асырайды екенсің, - деді.

Мұны естіген Қанат қатты ұялды. Көзі жасаурап, сыртқа шығып кетті.



  • Мәтін кім/не туралы?

  • Қанат неге ұялды деп ойлайсыз?

  • Сізге қай баланың әрекеті ұнады? Неліктен?

Дескриптор: Білім алушы

    • мәтіннің тақырыбын анықтайды;

    • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; - кейіпкерлер туралы ойын айтады.

Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»


:

1.1.8.1. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

  • Сюжетті суреттерді сипаттайды.

  • Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Суреттерге мұқият қараңыз. Оқиғаның ретін анықтап, белгілеңіз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы:

  • Сөздегі дыбыстардың түрлерін (дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) анықтайды.

  • Дыбыстарды дұрыс айтады.

Жұмбақтарды шешіңіз. Шешуін жазыңыз және сөзге дыбыстық талдау жасаңыз.

Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сүті тәтті.

Бұл не?


Өзі аппақ қардай, Шайға салсаң, балдай.

Бұл не?


Дескриптор: Білім алушы

  • жұмбақтардың шешуін жазады;

  • жұмбақтардың шешуіне дыбыстық талдау жасайды.

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

  • Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.

  • Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге қатыстылығын түсіндіреді.

Анаграмманы мұқият тыңдаңыз және шешуін жазыңыз. Сөздегі өзгерген әріптердің астын сызыңыз және сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

Сөз басында «Б»-болса, Бас киімің боламын. Сөз басында «Ө»-болса, Жазда пісіп толамын.

(… - …. )



Егер «М»-дан бастасаң, Тағамның бір түрімін.

«М»-ны алып тастасаң,

Түнгі аспанның нұрымын.

(… - …. )



Дескриптор: Білім алушы

  • анаграмманың шешуін жазады; - өзгерген дыбыстарды атайды; - сөздің мағынасын түсіндіреді.

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Сөзді буынға бөледі.

  • Сөздегі буын санын анықтайды.

Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Сөздердің буын санын анықтаңыз. Оларды буын санына қарай топтастырып айтыңыз.





Дескриптор: Білім алушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет