Қалжанова Оңайша Отарғалиқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махамбет Өтемісов орта мектебі Атырау қаласы



Дата20.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#43748
түріСабақ
Қалжанова Оңайша Отарғалиқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Махамбет Өтемісов орта мектебі

Атырау қаласы

Оқу пәні:Қазақ әдебиеті

Сыныбы:5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Қазақ халқының шешендік сөз өнері туралы баяндау.Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік қасиетін таныту.Сандар қасиеті туралы айту,оқушылардың киелі сандар туралы ұғымдарын кеңейту.

2.Дамытушылық:Қазақ әдет-ғұрпындағы киелі сандардың адам өміріне қатыстылығын ұғындыру.Оқушылар санасында сандар философиясы деген ұғымды қалыптастыру,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылық ізденіске баулу

3.Шешендік өнерді қадірлеуге,ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу,ой ұшқырлығына,тапқырлыққа баулу.

Сабақтың типі:Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Сабақтың түрі:Зерттеу сабағы

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,тарих,саз

Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу,сто стратегиялары

Көрнекілігі:Суреттер,интерактивті тақта,слайдтар,т.б.

Сабақ кезеңі:І.Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру

Оқушыларды үш топқа бөлу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.(Топтарға сұрақтар бөлініп беріледі.) (Күй жіберіледі.)

Шоқан кім?Шоқанның әжесі кім? Шоқанның атасы қайтыс болғанда Байдалы би неге келіп,көңіл айтпаған?Айғаным ханым Байдалы биді неге қарсы алмайды?Сонда шешен не

дейді?Айғаным жоқтау айта ма?Әдетте қадірлі адам келгенде ханым не істейтін еді?Шешен тоқтау айтқан соң ханым қандай жағдайда болады?Ханым өзінің өкпе-назын қалай жеткізеді?Байдалы би не деп жауап береді?Шешендік сөздің идеясы не?

Үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ.Жаңа сабақ:Қазыбек би мен Бұқар жырау

Ой қозғау.Балалар,Қазыбек кім?Бұқар жырау кім?Олар туралы не білесіздер?(Суреттері



көрсетіледі,күй жіберіледі)



Бұқар жырау Қалқаманұлы Қазыбек би Келдібекұлы

(1667-1781) (1667-1764)

«Топтастыру»стратегиясы


Қазыбек би

«Жеті жарғы» заңын шығарушылардың

бірі
Тақтаға топтастырып жазады.


Орта жүздің

төбе биі,ақын

ар Бұқар



Қоғам және мемлекет қайраткері

Шешен,дау шешкен

әділ қазы

Елші-дипломат


және


Бұқар

жырау



Абылай ханның

кеңесшісі

Күрес жыршысы




Ұлы жырау



«Көмекей әулие»



Жыршы- ақын

1.Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы мағлұмат беру.



Келдібекұлы Қазыбек би – Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руынан шыққан.

Қазақтың Тәуке,Болат,Сәмеке,Әбілмәмбет,Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері.Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің «мүшесі,атақты шешен,Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы»деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.



Бұқар жырау – қазақтың ұлы жырауы,ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы Абылай ханның ақылшысы.Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие»деген.Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп,аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Әкесі –аты аңызға айналған Қалқаман батыр.Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында ,елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп,сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді.Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп,ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге,бір тудың астына топтастыруға күш салды.Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің

жыршысына айналды.Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап,оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты.

2.Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөзін мәнерлеп оқу.

3.Жоспар құрғызу.

1.Қазыбек бидің Бұқар жырауға келуі

2.Бұқар жыраудың жұмбағы

3.Қазыбектің сандар сырын шешуі

Миға шабуыл.Ал,балалар,қалай ойлайсыңдар?Жырау неге 1-ден 10-ға дейінгі сандарды

жұмбақ қылып айтқан? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)

3.Сандар туралы түсінік беру.

Сандар белгілі бір ұғымды,заттың бастауын білдіреді.Сандар қасиетті,киелі деп саналады.Тіпті ежелгі Қытай жерінде сандар философиясы деген ағым болыпты.(1167-1230)Сандар мен заттар өзара жұптасып,бүтін бірлік құрайды екен.Ал грек оқымыстылары сандар табиғат құбылыстарының алғашқы негізін көрсетеді деген.Қоғамдық өзгерістерді сол арқылы түсіндіруге тырысқан.

1-аспан,2-жер,3-адам деген.Сондықтан асқан ойшыл әрі математик Пифагор «Сандар әлемді билейді»деген.Ал шығыстың ақыны Омар Хайям «Билейді бар әлемді төрт пен жеті,Сиқырлы қасиет бар бұл санда екі»деп жырлапты.

1-бүтіндік,даралық,жалқылық 3- нәседен сақтану,әділетсіз басшы

2 – жұптасу,бірін-бірі толықтыру 4- дүниенің төрт бұрышы

Ендеше,оқушылар,біздің қазақ халқы да сандарды киелі деп санаған.Тіпті сандарға байланысты мақал-мәтелдер,нақыл сөздер де бар екен.

ІV.Шығармашылық жұмыс.

1-топ. 1. 1,2,3,4 сандарының шешуін түсіндіріңдер.

2. Осы сандарға қатысты қандай мақал -мәтелдер,нақыл сөздер ырымдарды бар?

3. Бір санға дыбыстық талдау жасаңдар.

4. Жеті санының қасиеті туралы ойтолғау жазыңдар.



2-топ. 1. 5,6,7 сандарының шешуін түсіндіріңдер.

2. Осы сандарға қатысты қандай әдет- ғұрып,ырымдар,мақал-мәтелдер,

қанатты сөздер бар?

3. «Би»сөзіне бес жол өлең құрастырыңдар.

4.Бірлік туралы ой толғаңдар.

3 –топ. 1. 8,9,10 сандарының шешуін түсіндіріңдер.

2.Осы сандарға қатысты қандай мақал-мәтелдер,ырымдар,тыйым

сөздер бар?

3.Бір киелі санға бейнесөз не сөзжұмбақ құрастырыңдар.

4.Би сөзінің омониміне мысалдар келтіріңдер.

V.Бекіту. Қазыбек би кім? Бұқар жырау туралы не білесіздер?Жырау неге сандарды

жұмбақтап айтты?Киелі сандар туралы не білеміз?Шешендік сөздің идеясы не?



«БҮҮ»стратегиясы бойынша берілген парақшаларға жауаптарын жазады.

VІ.Үйге тапсырма.Шешендік сөзді жаттау.

Киелі сандар туралы эссе жазу.



VІІ.Оқушы білімін бағалау. (Қызыл,көк,сары түсті қағаздармен бағалау.)
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет