V топтың дәрілік заттары: висмут қосылыстары және натрий нитриті
Қолданылуы:
Натрий нитриті жүрек қан-тамырларын кеңейтетін, висмут қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады.
Алынуы:
1) NaNO3 + Pb PbO +NaNO2
2) Bi +4HNO3 Bi(NO3)3 + 2H2O
Химиялық қасиеттері:
1) Bi3+ +3OH- Bi(OH)3
2) 2Bi3+ + 3S2- Bi2S3
VI топтың ДЗ: натрий тиосульфаты
Қолданылуы:
Натрий тиосульфаты уытты заттарға қарсы қолданылады.
Натрий тиосульфатының антидотты қасиеті улылығы аз қосылыстардың түзілуіне негізделген. Мысалы, ауыр металл тұздарымен уланғанда (сынап, күшән, таллий, корғасын) натрий тиосулфатының әсерінен еритін сульфидтер түзіледі. Цианидтермен уланғанда натрий тиосульфатын ішке қабылдағаннан кейін улылығы аз тиоцианаттар түзіледі:
KCN + Na2S2O3 KNCS + Na2SO3
Натрий тиосульфатының алынуы:
Натрий тиосульфатының алынуы:
1) Натрий тиосульфаты алғаш рет 1799 жылы натрий сульфиті ерітіндісін күкіртпен кайнату арқылы алынған:
Na2SO3 + S Na2S2O3
2) Натрий тиосульфатын оның кальцийлі тұздарын натрий сульфатымен балқыту жолымен алады:
CaS2O3 + Na2SO4 Na2S2O3 + CaSO4
Идентификациясы:
Na2S2O3 + HCI SO2 + S + 2NaCI + H2O
Химиялық қасиеттері:
1) Na2S2O3 + 2AgNO3 Ag2S2O3 + 2NaNO3
2) Ag2S2O3 Ag2SO3 + S
3) Ag2S2O3 + S + H2O Ag2S + H2SO4
VII топтың дәрілік заттары: йодтың спиртті ерітінділері, хлоридті және бромидті қосылыстар
Периодтық жүйенің VII топ элементтерінің бейорганикалық дәрілік заттары екі топқа бөлінеді:
Бірінші топқа антисептик ретінде қолданылатын йод препараттары жатады. Оларды атеросклерозды емдеуде, тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну процестерінде, гипертиреозда және басқа да ауру түрлерінде қолданады.
Екінші топқа хлорсутек қышқылы және галогенсутекті кышкылдардың (KI, NaI, NaBr, KBr, KI, NaF) тұздары болатын дәрілік заттар жатады.