Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
99
жолбарысты ғана өлтірмей, ханды да ажалдан алып қалғанына шек келтірмеді.
«әйтпесе кекшіл Әбілқайыр оны қолға түссе босатып жібер демесе керек еді».
Осының бәрін сезсе де Бахтияр-баһадур тіс жарып ештеңе демеді. Ханның көңілін
көтерейін дегендей ол, құйрығы мен бас терісі жерге сүйретіліп
бір нөкердің
ерінің алдына бөктеріліп келе жатқан жолбарыс терісін көрсетіп:
— Қандай үлкен жолбарыс, — деді сәл езу тартып күлімсіреп, — егер қарсы
шапқан кезінде қолыңыз дірілдеп кетіп садақты тарта алмай қалсаңыз ғой, жарып
тастауы кәміл еді. Бір ажалдан батырлығыңыз құтқарды. Бұл ажалдан аман
қалғаныңызға зор қуаныштымын. Сіз көрінбей кеткеннен-ақ «Ақсарбас!»
садақаны айтумен болдым.
Қарсы шапқан жолбарысқа оқ кеудесінен, не басынан, әйтеуір қарсы жағынан
тиер еді, ал өлген жолбарыстың жебе өкпе тұсынан қадалған-ды. «Қарсы шапқан
жолбарыстың» деген сөзінен Бахтияр-баһадурдың жолбарысты мұның өзі
өлтірмегенін сезіп қалғанын хан бірден ұқты. Бірақ мыңдаған жауынгерлердің
жеңісін өз жеңісі санап әдеттенген хан, «жолбарысты батыр Саян өлтірді» деу-
ге аузы бармады. Әйтсе де баһадурдың сөзін түсінгендігін білдіре, ол қай-тадан:
— Егер батыр Саян қолға түссе босатып жіберіңдер, — деді.
— Құп тақсыр. Ал екінші мәртебе қолға түссе ше?
— Онда басын алыңдар.
Бахтияр-баһадур езу тартты да қойды. Батыр Саянның ханды жолбарыстан
құтқарғанына енді ол тіпті күмәнданбады. «Ажалдан аман алып қалғаны үшін,
хан да оны бір рет өлімнен құтқаруын борыш санайды. Ал екінші рет қолға түссе.
Істеген жақсылығы үшін қастық. Жақсылық та, жамандық та саудаға түскен,
шіркін, қу заман!» Дегенмен, аламан жігіттерден сескенген Әбілқайыр бұдан
былай қарай бұл маңға аңға шықпады. Бір апта өткеннен кейін, мыңдаған салмен
сау-саламат Сейхун дариясының оңтүстік жағасына жүзіп шықты. Су киімдерін
кептіріп тынығып жатқандарында, үш күн бұрын осы арадан Жәнібек пен Керейге
қосыламыз деп Андижан маңайындағы қазақ руларының өтіп кеткенін естіді. Хан
қашқан елдің соңынан түре қуып, қырып тастауға әскеріне атқа қонуға бұйрық
берді. Әскері әбігерленіп, дайындалып жатқанда Самарқантты алған Мұқамет-
Жөкінің сыйлыққа жіберген көші жетті. (әттең не
керек, әбусейіт Қорасаннан
қайтқан соң, бөтен әмірлердің күшімен өз тағын қайтадан Жөкіден тартып алды).
Жүз қызыл нарға Самарқанттың бар қазынасын арттырып жібергендей Мұқамет-
Жөкі. Ал бұл керуенде жүз нарға тиелген алтын ыдыс, парша, манат, шағи,
дүрия, қамқа. Самарқант кілемдерінен де қымбат Әбілқайырға арналған ерекше
қазына бар болып шықты. Ол әбусейіттің үлкен бәйбішесінен туған Ғибадат-
Сұлтан-Бегім еді. Қос анары жаңа пісіп келе жатқан алмадай қап-қатты, үлкен
қарақат көздері қолға түскен құралайдың көзіндей жаудыраған,
жаңа қыз болып
қалыптасып келе жатқан сұңғақ бойлы жас сұлудың мысы жеңді. Әбілқайыр
қашқан елдің көшін шабуды ертеңге қалдырды. Сол күні түнде күміс бағаналы көк
жібек шатырдың ішінде әлі тұғырынан тая қоймаған кәрі көкжал он үш жасар
уылжыған ақ тотының аппақ төсінен шөлі қана тояттанды. Кешеден бері Ғибадат-
Сұлтан-Бегімді көргеннен бүкіл денесін билеп кеткен қызуын баса алмаған
Әбілқайыр, енді көңілі бір саябырлап қалың қолына көтерілуге бұйырды. Бірақ
жіберілген ертөлелерден қашқан көш түнде Сейхун дариядан кейін, Қараталға
қарай өтіп кеткенін естіді. Кешегі салдарды
суға ағызып жіберген хан, қайтадан
бір жеті сал тоқытып, кейін шегінгенше қыруар ел мекендеріне жетіп, бекініп