Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
135
— Қандай арманды айтасыз?
— Жерүйек деген халқыңның арманын айтамын. Бұ жалғанның жерүйегі
Жетісу екен. Алтын Ордаңды сол Жетісудағы Алмалыққа тіккеніңде қой үстінде
боз торғай жұмыртқалар заман орнайды. Біз жетпегенмен оған біздің ұрпағымыз
жетеді.
Жәнібек езу тартты.
— Бірақ оған шейін Әбілқайырдың көк бөрілері бізді талап қан етпек қой.
— Дұрыс айтасың, жарқыным, қазіргі заман әлі жеткеннің заманы. Жолай
Ахмет қожаның мешітіне құран оқып шығайын деп Яссыға бұрылып едім,
Әбілқайыр ханның әмірімен істелген бір қиянатты көрдім...
— Қандай қиянат?
— Хакім Мұхамед-Мазид тархан Яссыға керуен тартып келген қазақ
саудагерлерінің малын тартып алып, өздерін құмға қуып салыпты.
— Бұнысы Әбілқайырдың Түркістан жеріне қазақ саудагерлері келмесін дегені
ғой.
— Иә...
Бағанадан бері үндемей отырған қарға бойлы Қазтуған
оқыс қимылдап ханға
қарады.
— Сонда қара қазақ жейделік қарбас
1
пен кебіндік бөзді қайдан алады?
Жайшылықта сырға тұйық Жәнібек, қазақ саудагерлеріне істеген Әбілқайыр
қорлығы жанына батып кетті ме, өзін-өзі ұстай алмай қалды.
— Түркістаннан аламыз, — деді ол Қазтуғанға қарап, — алдымен
Түркістанның өзін аламыз.
Асан Қайғы Жәнібекке ойлана көз тастады.
— Шырағым, Жәнібек, бабаң Орысханның
ақылы саған қонды ма деп едім,
адаспаған екенмін. Әбілқайырдан айырылғаныңа қарсы болмасам да, Шуға
көшемін дегеніңді ұнатпағам. Енді қанып отырмын, ойың алыста жатыр екен...
Әрине қазақ енді шаһарсыз күн көре алмайды. Бұқардың мейізі мен Ташкенттің
науаты қазақ сорлының да аузының дәмін енгізгендей. Бірақ Әбілқайыр саған оп-
оңай Түркістанды бере ме? Күшің жетіп тұрып қан төккеннен, күшің жетпей
жатып қан төккеннің күнәсі ауыр.
— Мен қан төгейін деп отырмын ба? Түркістан ата қонысым. Түбі қан төкпей
бітіспейтін болсақ, амалымыз не? Биыл күшім аз, ал келесі жылы...
Енді сөзге Қотан қарт кірісті.
— Оған көзің жете ме? әрі-бері көшіп жүдеген жұрт жаңа тойына бастады ғой.
Ар жағына ел қонған адамды оңай орнынан тұрғыза алмайсың...
— Жау шапқалы тұрса да ма?
Қотан жырау ойлана жауап қайырды.
— Тоқ бала аш болам деп ойлай ма?
Халқының
жайын ақындарымнан білермін, деген үмітінің ақталғанына
Жәнібек іштей риза болды.
— Сендерді босқа шақырмаған екенмін, — деді ол, — жақсы бұл жайды жата-
жастана кеңеселік...
Асан Қайғыға ақ үй тігіліп, үш жырауға арнап қазысы кере қарыс қысыр бие
сойылды. Сапырылған уыздай сары қымыз судай ақты. Өздерінің ардақты
жырауларын қолдан қолға түсірмей, бір үйден соң бір үй шақырып, ауыл
1
Қарбас — көне түркі тілі, мата деген мағынада (сәтен).