Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет69/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
136 
қазақтары бір апта әңгіме-дүкен құрумен өтті. Дәл осы кезде қазақтың алғашқы өз 
ханы Жәнібекке сәлем беремін деп сонау Еділ бойынан Едігенің немересі Темір 
бидің жиені, көмекейінен бұлбұлша сайраған он бес жасар Шалкиіз жырау келді. 
Алыстан сапар шеккен аяулы қонақты хан ауылының қыз-бозбаласы ат үстінен 
жерге түсірмей көтеріп әкеп, арнап тігілген ақ боз үйге кіргізді. Шаттық үстіне 
шаттық ұласты. 
Бір апта өткеннен кейін хан өзінің үлкен ұлдары әдік, Қамбар, Қасым, Керейдің 
баласы Бұрындықты шақырып, қазақтың сол замандағы ең атақты төрт 
жырауымен бас қосты. Ел болам деген жұртқа қазір ең ыңғайлы кез екенін, бұл 
кезді пайдалана алмай қалса, тағы да ұзақ жылдар бастарының бірікпейтінін, тіпті 
жан-жағынан талағалы тұрған жат елдердің хан, патшаларының қолында талан-
тараж болып кетулерінің мүмкін екенін айтысты. Көп жайды таразыға салып, 
ақылмен салмақтады. Ақырында кеп биыл Күзтоқсанның басында бүкіл қазақ 
руларының игі жақсыларын Бетпақ пен Жетіқоңыр құмының арасындағы 
Нұраның Қаратұзы деп аталатын жерге жимақ болды. Бұл ара қазақ жерінің діңгек 
ортасы. Тарбағатайдан Найман мен Керейдің, Жетісудан Үйсін, Дулаттың, Еділ, 
Жайық бойынан Алшын, Ноғайлының, Есіл, Нұра, Торғай бойынан ең алыстағы 
Арғын, Қыпшақ билерінің де келуіне қолайлы. Және Күзтоқсанның басында бұл 
маңай майда қоңыр, жылы, жауын-шашынсыз болады. Қысы-жазы гуілдеп соғып 
тұратын азынаған ашулы желі де басылады, әсіресе хан аулына тиімді. Қара 
Кеңгірден Шу, Таласқа қарай көшкен кезінде де бұрыс емес. Осы мәжілісте 
Жәнібек алдын ала үш жарғы жәйтті қарамақ боп шешімге келді. Бірінші жарғы, 
қазақ рулары бұдан былай қарай бір ханға бағынып, келесі жылы адам санына 
қарай Түркістанды жаулап алатын сыпайлар бермек. Екінші жарғы, Дәшті 
Қыпшақ жерінің шалғайлығымен қазақтың көп руларының Моғолстан, Қытай, 
Жоңғар шекарасындағы тайпаларда тұратынын еске алып, әр рудың жайлаған 
жеріне, рулық тілектестігіне, шаруашылығына қарай үш жүзге бөліну сөз болмақ. 
Жеріне, әдет-ғұрпына, ескіден келе жатқан туысқандық белгілеріне қарай үш жүз 
болып аталу мәселесі өткен ғасырдан келе жатқан әңгіме еді. Соны тағы сөз етпек. 
Егер жұрт көнсе, әр жүздің өзінің басты биі, батыры, қала берсе ханы болмақ. Сол 
үш жүзді билеушілер, басқарушылар сайып келгенде, бүкіл қазаққа деген жалғыз 
ханға бағынуға тиісті. Сонда ғана хан Ордасы ұшы-қиыры жоқ далада көшіп 
жүрген қазақтың толып жатқан руларын, үш жүздің басты адамдары арқылы 
бағындырып отыра алады. Бұнысы Шыңғысханның жаулап алған әлемін төрт 
ұлысқа бөліп, төрт ұлы арқылы Қарақұрым Үлкен Ордасына бағындырғаны 
тәрізді еді. Қала берді, Ақсақ Темірдің қарамағындағы жерлерді бірнеше уәлиетке 
бөліп билегеніне де ұқсайтын-ды. Онда тек жерді ғана бөлсе, мұнда жайлап 
отырған жалпы жеріне қарай, рулар үш жүзге бөлінбек! Үшінші жарғы, осы 
мәжілісте әр ру өзінің рулық белгісін — таңбасын белгілемек. Бұл осынау 
барымталы, бір ру мен бір ру күнде сойылдасып, қырқысып жатқан заманда өте 
керекті шара болатын. Болашақ халық кеңесінде осындай үш күрделі мәселе 
қарамақ боп, жыраулар мен хан мәжілісі жабылды. Енді хан бұйрығын жеткізуге 
жан-жаққа шабармандар шапты. Бұл жарғылардың халыққа керек екенін 
түсіндірмек боп, төрт жырау да аттарына қонды. 
әне-міне дегенше жаз да өте шықты. Күзтоқсанға екі апта қалғанда хан аулы, 
қаптаған төлеңгіт, қарашасымен Саумалкөлдің тұсына келіп үйлерін тікті. Осы 
арадан Нұраның Қаратұзы желісті атқа жарты күндік жер. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
137 
Жетіқоңыр құмы мен Бетпақ даланың арасында қатқыл атырап бар. Жел тұрса 
құм сырғақтап жаяу борасындай бастайды. Ал ашық күндерде жарқырап жатады. 
Бұл бабаларымыз ісләм дініне кірмей тұрған кезде отқа, суға табынған дәуірде, 
көк тәңірісіне, жер тәңірісіне арналып адамнан құрбан шалынатын жер. Ежелден 
сұсты, жұмбақ атырап. Жетіқоңырдың өркеш-өркеш құмынан өтіп, жазыққа 
шығысыменен, сонау қу заманның белгісі боп, тақыр дала шетіндегі екі адамның 
бас сүйегі сонадайдан көзге түседі. Бастардың қасында атам заманда қадалған 
жуан 
діңгек 
қада 
бар. 
Күн 
күйдіріп, 
жел 
сүйіп, 
әбден 
қара- 
қошқыл тас болып қатып қалған. Ол қадаға әлеміштер байланған. Бұл белгілеріне 
қарағанда, сонау арғы дәуірде осы арадан көшіп жүрген елдер бұл атырапты 
әулиелі жер санаған тәрізді. Әлгі қаданың теріскей жағында құлынжалданып, 
ұзыннан созылған түйелі кісі бойындай жарнұра бар. Етек тұсынан жер астындағы 
көзден жылап шыққан, мөлдір сулы шағын өзен ағады. Бұл өзен қарлы жылдары 
қатты тасиды. Тасығанда бір кезде телі емген бұзаудай, қос өзен құйғандықтан 
Телікөл деп атанған Телікөл-татаға құйып, бұл арадағы басқа арадағы басқа уақ 
қарасуларды қосып жатады. Сөйтіп сары ала сегіз сайға барып қосылады. Ал егер 
қысы қалың қарлы, жазы жаңбырлы жылы Нұраның Қаратұзынан шығатын сай 
суы жіңішке Сарыөзен — Сары Кеңгір мен Қара Кеңгір барып құятын 
Боқтықарын көліне дейін жетіп қалады. Бұндай тасу он жылда, жиырма жылда бір 
болады. Өзге жылдары Нұраның Қаратұз сайы сәл көпіріне көтеріліп, жаз 
шықпай-ақ құмға сіңіп жоғалып кетеді. 
Осы көпке беймәлім, жұмбақ атырапта Жетіқоңыр құмы мен Сарысудың 
ортасынан өтетін қоба жол бар. Қоба жолды көк қияқ басып жатады. Адам тек 
салт атпен ғана бара алады. 
Жәнібек хан осы Нұраның Қаратұзына әдейі арнап керуен жүргізді. Жазтоқсан 
болмай, басына елу үй тіккізіп, құмнан құдық қаздырып көнекпен су тартқызды. 
Сай бойына желі кердіріп, бие байлатты. Келетін қонақтарға деп әдейі 
қысырақтардың үйірін айдатты. Өзі әдік, Қамбар, Қасым, Бұрындықты ертіп, 
алдын ала келіп хан шатырын тіктіртті. Көп ұзамай адам түгел аң білмейтін 
жолдарды тауып, құла дүзге көшіп үйренген ру басшылары — билері, батырлары 
Нұраның Қаратұзының жан-жағынан ағыла бастады. Үйсіннен — Әбілқайыр 
Үргенішке кетер алдында бөлінген Қылышбай, Қара Оспан батырлар, 
Жалайырдан — Бөрібай батыр, Дулаттан — Бахтияр би, Арғыннан — бір топ 
батырларын ерткен Арғын би мен Қотан жырау, Қыпшақтан — Қара Қыпшақ 
Қобыланды мен Қазтуған жырау, Найманнан — Қаптағай батыр мен Тұңғашық 
батыр, Хақұлы би, Керейден — Қарақожа батыр, Қоңыраттан — Бағалы қожа мен 
Орыс батыр, Алшыннан — Темір бидің өзі мен Шалкиіз, Уақ пен Тарақтыдан 
Жаубасар, Асылкерей батырлар мен Борық би келді. Бұлардың әрқайсысы ру 
басы, Қаптағайдан басқасы мыңды айдаған шонжарлар. Әр ру басының қасында, 
өзінің қарамағындағы кіші тарамдарының ондаған би, батырлары бар. Үйсін 
Қылышбай, Қара Оспан батырлардың жанында Албан, Суаннан шыққан бірнеше 
заржақ ділмар, шешен, көсемдер келген. 
әр халықтың тарихында сан түрлі кезеңі болады: өсу, өркендеу, күйікке 
ұшырау, күйреу... Осының бәрін басынан өткізген, заманының жақсылығын да, 
жамандығын да көрген, келешегі үшін жан аямай күресе білген, ауыр күндерін, 
басына төнген қауіп-қатерді жеңе білген халықтар ғана тарихта қалады. Өзінен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет