Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
106
— Ұлы мәртебелі тақсыр хан ғибаратты жерімізде тоқсан жыл бойы әзәзілдің
ошағы боп келген мына шіркеудің күл-талқанын шығаруға рұқсат етіңіз! — деді.
Хан тағы да басын изеп, «рұқсат» деген ишарат көрсеткен.
Білектерін сыбанған қожа, молда, мәзін, кәри, мүриттер «тфа, тфа, пәлекет!»
деп қыл арқанды шіркеудің биік басындағы кресіне байлап, бәрі жабыла тартып
жерге жұлып түсірген. Содан кейін үлкендігі тай қазандай мыс қоңырауын жерге
құлатқан. Екі бие сауымдай уақытқа жеткізбей, бір шеге шашпай, Алатаудың
аршасынан қиыстырып, жонып салған шағын, салтанатты шіркеуді күл-талқан
еткен. Сүниет дінін берік ұстаған, Арабстаннан, Ираннан келген қожа, муфти,
ишандардың кеу-кеуімен, кілең қызба әфенді, мүрит, шейхтер шіркеуді біржолата
жермен-жексен етіп жоқ қылған.
Исан-Бұғыға бұның бәрі ойыншық боп көрінген. Тек бертін келе, өзі хан
тағының ісіне араласа бастағанда ғана Византия епископы Джавани Мариньолли,
Флоренциядан Жетісу мен Гоби құмы арқылы Ханбалыққа
1
бара жатып, бұл
шіркеуді Алмалықта 1340 жылы салдырғанын білген. Уайс ханнан бұрын-
ғы Алмалықтың хандары мен хакімдері, бұзыла бастаған шаһардағы ешкімге
керегі жоқ шіркеудің бар-жоғына көңіл бөлмеген. Рим папасының мұсылман
жеріне жіберген тыңшы-діни адамдары шіркеудің мұндай жағдайын астыртын
пайдаланып жүрген. Талай мұсылмандарды насрани дініне кіргізіп алған. Тек өте
діншіл Уайс хан ғана Жағатай тағына отырғаннан кейін, бұл шіркеуді мұсылман
дініндегі адамдарды ақ жолынан адастырмасын деп біржолата құртуға жарлық
берген.
Исан-Бұғы бұл күнгі көрген көрінісінен жас жанын деміктіріп күйзелмеген.
Қарт адам Дәниелдің ажалы да, жасыл күмбезді әдемі шіркеудің қирауы да
көңілінде бәлендей із тастамаған. Бірақ бұл жалғанда ұмытпас әсерді оған бас-
қа жағдай қалдырған. Ер жетіп келе жатқан хан балалары, қираған шіркеу тұрған
жердегі тамаша бау-бақшаға келіп, сан түрлі ойынға берілетін. Бір күні осындай
жағдайда Исан-Бұғы жасыл емен түбіне сүйегі жерленген Дәниелдің төмпешік
зиратының басында булыға жылап отырған қыз баланы көрді. Үстіне қара киген,
қолында бір шоқ гүлі бар, шамасы он екі-он үш жасар. «Бұл не қылған қыз?
Қайдан келді?» Исан-Бұғы таяй түсті. Дәл осы кезде қыз бала да орнынан
түрегелді. Исан-Бұғы беліндегі қанжарын шап беріп, ұстай алды. «Жоқ, бұл адам
емес, перінің қызы! Мұндай адам баласы жаратылуы мүмкін емес!» Расында да
қыз хан баласының жайшылықта көріп жүрген қыздарына тіпті ұқсамайтын еді.
Үлкен көгілдір көзі тұнып жатқан Көкше теңіз суындай көкпеңбек, ақсары жүзді,
қыр мұрын, сұңғақ бойлы. Исан-Бұғыны таң қалдырған әсіресе шашы болды. Ол
мұндай шашты жаратылғалы көрген емес. Жерге шұбатылып жатқан қос бұрымы,
нағыз бір төбесінен етегіне дейін толқындала төгілген қызыл алтын тәрізді... Жоқ,
Исан-Бұғы мұндай қызғылт шашты еш уақытта да көрген жоқ. Мұндай шаш
адамзатқа бітуі мүмкін емес. Мұндай шаш тек су перілерінде болады деп еститін.
«Өзі де су перісіндей сұлу екен. Сірә, мені, сиқырлап алуға су астынан шыққан
ғой». Пісмилла! Пісмилла! Мен бұнымен тіл қатысуға тиісті емеспін. Егер
тілдессем біткенім... Жоқ, жоқ егер маған таяйтын болса, қанжарымды жіберуім
керек... Бұл су перісінің қызын өзіме жуытпауым керек... Астапыралла,
астапыралла!..»
1
Х а н б а л ы қ — осы күнгі Пекин.
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
107
Бірақ қыздың өзі де таямады. Ол Исан-Бұғының бетіне азапты пішінмен
жасқана қарады. Көзі күздің бұлыңғыр күніндей тұманды жасқа толы.
— Ғапу етіңіз, хан оғлы, жолыңыздан кездесіп қалғаныма! — деді ол басын
иіп, — бұл ара сіздің ойнайтын жеріңіз емес еді...
«Бәсе айттым ғой, бұл перінің қызы деп, әйтпесе менің хан баласы екенімді
қайдан біледі? Пісмилла! Пісмилла!..» әйтсе де қызға жауап бермеу мүмкін емес
еді. Егер адам айдалада келе жатып, жол үстінде жайнап жатқан гауһар тасты
көрсе бір бұрылмай кете алар ма, қыз да осы ғажайып гауһар тастың дәл өзі
болатын. Исан-Бұғы оған тіл қатпай қала алмады.
— Таяма! — деді ол даусы дірілдеп. — Өзің кімсің? Адамсың ба? Жынсың ба?
Қыз Исан-Бұғының шошып қалғанын енді сезді. Ол мұңая езу тартты.
— Қорықпа, адаммын, — деді ол. Сөйдеді де ананың қанжарынан қолын алмай
тұрғанын аңғарып, тағы да мұңая езу тартты. — әкең әкемді өлтіріп еді, енді сен
мені өлтірмексің бе? Жазығым не? — Қыз ақырын күрсінді. — Бұл күні жазыққа
қарайтын заман ба? Мейлі өлтіргің келсе, өлтіре бер...
«Бәсе, былтырғы дарға асылған кәпір де осы қыз секілді көк көз, ақсары еді
ғой. Көп болса қызы шығар... Бірақ әлі сенбей тұрған Исан-Бұғы:
— Расымен адамсың ба? — деді әлі де қанжарынан қолын алмай. — Онда
«оллаги, биллаги, Мұхаммедтің үмбетімін, жалған айтсам құдайтағала кәрі соқ-
сын» деші.
Қыз сәл жымиды.
— Рас айтам, адам баласымын. Егер өтірік айтсам құдайтағала кәрі соқсын. Ал
Мұхаммед пайғамбардың үмбетімін дей алмаймын, мен насрани дінінің үмбетімін.
— Ол не? Кәпірсің бе?
— Сендерше кәпір... Біздерше ең әділетті діннің құлымыз...
«Жын-пері болмағаныңа мың да бір шүкір. Ал кәпірлігіңді тастап, мұсылман
дініне ауысуың тақа қиын болмас... Оны соңынан көрерміз...»
Исан-Бұғы қыз сөзіне сенді. Сенбеске амалы жоқ еді. Өйткені қыздың кәпірлік
күнәсын сұлулығы жеңіп кеткен. Оның жын-пері еместігін біліп қуанған бала
жігіт дәл қазір өзін осы кәпір қызы үшін дозақ отына күюге дайын тәрізді сезінді.
Исан-Бұғы тек бар болғаны пісмилла, пісмилла деп қызға таяй берді...
Қыз шынында да былтырғы дарға асылған шалдың қызы болып шықты. Әкесі
өлген кезде Мұхаммед пайғамбардың дінін тастап, Иса пайғамбардың дініне
көшкен бір ұйғыр диқаны бұны үйіне жасырып тірі алып қалыпты. Қазір сол
ұйғыр үйінде тұрады екен. Флоренцияға баратын керуенді күтіп жүрген көрінеді.
Әкесінің зиратына гүл қоюға келгенінде Исан-Бұғыға кездесіп қалыпты.
Екі жас бірін-бірі, шу деп кездескенінен ұнатты. Балалық мөлдір сезім бірте-
бірте лаулаған жалындай, жүректерін балқытқан алғашқы махаббатқа айналды.
Бірін-бірі көре алмаса тұра алмайтындай күйге жетті. Бірақ кішкентайынан күндес
өскен туған ағасы Жұныс, інісінің ойынды тастап, тез өзгерген мінезінен
сезіктеніп, аңдып жүріп бұлардың құпиясын ашты. Ашып та қоймады, әкесіне
барып: «Балаң кәпірдің қызын алайын деп жүр» деп шағыстырды. Өзі өлсе тағына
Қыпшақ әйелінен туған үлкен баласы Жұныстан гөрі, шешесі Моғол хандарының
қызы, Исан-Бұғының отыратынын тілейтін Уайс хан шошып кетті. «Егер Исан-
Бұғы кәпірден қатын алар болса, түбі насрани дініне бір бүйірінің тартпасын кім
|