Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет61/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
120 
әдейі осы мезетті аңдып тұрғандай Жәнібек Ферғана өңірінде жатқан Жұ- 
ныстың үш мың жылқысын айдап әкелуге бір топ жігіттерімен ортаншы баласы 
Қасымды аттандырды. 
Қасым тайлы-таяғына дейін қалдырмай Ферғана өңірінде жайылып жатқан 
Жұныстың жылқысын тегіс айдап әкетеді. Бүкіл ауылдан жылқыны қуып барып 
алып қалар жан шықпады. Сонда атқа он бес жасар ерке-шора Нигер-Сұлтан-
Бегімнің өзі мінеді. Бар жылқысынан айырылса әкесінің тақыр кедей болып 
қалатынын білетін саналы қыз, тәуекел деп еркекше киініп, қолына найза алып 
шапқыншыларды қуып береді. Жылқы Талас өзеніне таяған жерде, Нигер-Сұлтан-
Бегім орағыта Қасымның алдынан шығады. Жылқыны айдап келе жатқан қол, 
алдарынан шыққан найза ұстаған жалғыз жігітті көріп, садақпен тартып қалып 
жайратып кетудің орнына, оны ұстап алып мазақ еткілері келеді. Жақындай келіп 
олар жігіт дегендері еркекше киінген қыз екенін аңғарды. Жау жылқысын алып, 
көңілдері судай тасыған кілең жас қыршындар енді «жігіттері тығылып қалып, 
қыздарын жауға аттандыратын бұл неткен батыр ауыл?» деп күлкі етеді. Сонда 
Қасым сұлтан қызды сықақтай бір ауыз өлең айтады:
Мен сұрасам жөніңді сен айтарсың
Жөн айтпасаң ізіңмен тез қайтарсың. 
Қай айғырдың үйірінен қашып шыққан, 
Мен көрмеген бұл маңнан қай байталсың? 
дейді. 
Сонда қыз: 
Сөз тұрғыңнан, сұлтаным, қалдым біліп, 
Жан екенсің үйренген байтал мініп. 
Құлынымын Жұныстың, өңім түгіл 
Түсіме де көрмеген айғыр кіріп. 
Туғандарым кезінде Бұқар кеткен. 
Жай оғындай жарқ еттің түскен көктен. 
Еркегі жоқ ауылды шабатұғын 
Кәсібің бе, сұлтаным, әдет еткен? 
Сол жылқымның соңынан келдім іздеп, 
әке үшін бар қорлыққа қызы төзбек, 
Табалатпай қасына малын қайтар. 
Өз басымды кетсең де келемеждеп... 
дейді. 
Сонда Қасым сұлтан айдап келе жатқан жылқысын тоқтатып, су жағасына 
жібек шатыр тігіп, Нигер-Сұлтан-Бегімді көтеріп аттан түсіріп, аппақ айлы түнде 
ақ шатырға кіргізді. Аппақ айлы түнде ақ шатырға төселген ақ кигіздің үстінде әлі 
жан сипап көрмеген қыздың ақ төсінен Қасым сұлтан тоят алды. Таңертең ел 
басқаратын адам мал санын емес, ел санын арман етеді. «Ел өссе ер өседі. Ер өссе 
шер өшеді», деген әке сөзін өсиет тұтқан ер көңіл батыр жігіт қыздың үш мың 
жылқысын қайтарып берді. Бұдан өзінің даңқы өсетініне сұлтан күмәнданбайды. 
Қасымның қылығына риза болған Нигер-Сұлтан-Бегім ат үстінде тұрып, жарылған 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
121 
жұмыртқа тәрізді құны түсіп кететінін айтып, түндегі болған оқиғаны мақтан етіп 
бөтенге жарияламауын өтінді. 
Қасым: «Бұ жалғанда, амал жоқ, көп нәрсені құпия ұстауға тура келеді» деп 
қыздың өтінішін орындауға уәдесін берді. 
Осылай Қасым сұлтан, олжадан қағылған серіктерін ертіп еліне беттеді. Не қыз 
жоқ, не олжа мал жоқ, іштей күйінген жігіттер Қасымға өкпелерін айта алмай, 
қалжың-әзіл өлең шығарады. 
Шақпақ тас о да мүлік от жаққанға, 
Қоймен тең қотыр ешкі мал баққанға. 
Төледі үш мың жылқы қалай ғана 
Қасекең қыз қойнына бір жатқанға? 
Дүние алдап кетер қызыл түлкі 
Қызығы бұл жалғанның ойын-күлкі. 
әйтсе де сол қыздікі алтын ба екен, 
Төлейтін бір түніне үш мың жылқы?, 
Бір қу жігіт ат шалдырып отырғандарында осы өлеңді сұлтанға айтып береді. 
Қасым күледі де қояды. Бірақ жолай ғажайып ерлік көрсетіп, Қаратау жайлауында 
жатқан Мұхамед-Сұлтан-Мазиттің бір топ жылқысын шауып алады. Жігіттеріне 
үлестіреді. Нигер сұлумен болған оқиғаны айтпауларын сұрайды. Жігіттер уәде 
береді. Бірақ әзіл сөз қолға тұрмайтын сынап қой, бертінде әлгі өлең жұрт арасына 
тарап кетеді. 
Жыл өте, Жұныс қызын әбусейіт мырзаның баласы Андижанның әміршісі 
Шайх-Омарға берді. Әбілқайыр рұқсатымен Мауреннахрға төркіндеп келген 
Рабиу-Сұлтан-Бегім, Шайх-Омар сырқаттанып қалған соң, Нигер-Сұлтан-Бегімді 
алып кетуге бір топ нөкерімен Яссыға өзі керуен салды. Бұл жайды естіген 
Жәнібек Қасымның үш мың жылқыдан қалай айырылып қалғанынан хабардар 
бола тұрса да, баласын тағы шақырады. «Нигер-Сұлтан-Бегімді қалай босатып 
жібересің, онда менің шаруам жоқ, бірақ көшін аңдып тұрып Әбілқайырдың ерке 
бәйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегімді ұстап алып келесің» деді. Бұ да жау жағын 
мұқатудың бір жолы еді. 
Қасым жігіттерімен жолда аңдып жатқанында әбдірашит сұлтанның да Нигер-
Сұлтан-Бегім көшін өздеріндей күтуде екенін естіді. Жағатай ұрпағымен дос 
болғанмен де, Жұныс қызы мен көзі көрген, қолынан жас кезінде сан мәртебе дәм 
татқан Рабиу-Сұлтан-Бегімді оларға қимады. Аналар көшке шапқан кезде қарсы 
шығуға тура келді. Бір абырой болған жері, бұл айқаста әбдірашиттің өзі 
қатынаспады. Ол тек жігіттерін жіберген боп шықты. Жағатайдың бейбастақ, 
нәпсіқұмар қарақшыларынан аман алып қалып, тағы да өзі Нигер-Сұлтан-Бегімнің 
құшағында бір күн түнеп, ертеңіне қос сұлуды елдеріне қоя берді. Жау олжасынан 
құтқарған Қасым сұлтанды Рабиу-Сұлтан-Бегім өле-өлгенше сыйлап өтті. Екі 
жақтың бір-бірімен татуласуына да сан мәртебе қызу кірісті. Бірақ ел намысына 
айналған жанжалды басу оның қолынан келмеді. әйтсе де Қасым алдында 
борышты болып қалмады. Бертін келе Мұхамед-Шайбани әбден күшейіп, Яссы 
әміршісі — баласы Сүйіншік қаннен-қаперсіз күйдегі Қасым ханның әскерін түнде 
басып 
алмақ 
болып 
дайындалып 
жатқанда, 
ар- 
наулы кісі жіберіп, Қасымды бір ажалдан құтқарды. Сөйтіп өзіне істелген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет