Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет64/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
126 
Ал бұл кезде Исан-Бұғы мединесін қайтадан Ақсуға көшірген. «Сыртқы 
жауынан қазақтар қорғайды, ал олардың күші жетпей қалса, өз қалаларыңды, 
ұлыстарыңды өздерің қорғаңдар» деп хан кеңесін мүлдем таратқан. Осылай 
әмірлерінің ойынан шыққанына ол өте қуанышты еді. Өйткені айтқандарын істеп 
отырған ханға енді ешқайсысы қарсы бүлік шығармайды деп ойлаған. Қой да 
аман, қасқыр да тоқ. Бірақ Исан-Бұғы өз қолымен өзі Моғолстанның болашақ 
көрін қазып қойғанын білмеді. Моғолстан әмірлерінің өз ұлыстарын жеке-жеке 
қорғауы, ал қазақ руларының бірігіп сыртқы жауларына қарсы шығуы, бұл елдің 
мемлекет болуының алғашқы адымдарына айналатынын ол ойламады. Исан-Бұғы 
тағы екінші жағдайды аңғармады. Ол мединесін Ақсуға көшіргенде енді 
Әбілқайыр, әбусейіт, Жұныстың шабуылынан біржолата құтылдым, олар маған 
қылышын ала ұмтылса, жолында найзасын төсеп тұрған қазақ елі бар деп сенген. 
Жоқ жерден Түркістанның күнбатыс күнгей жағынан пайда болған жауынгер 
қазақ руларынан расында да әбусейіт пен Жұныс қатты сескеніп қалған. Енді бұл 
елдерді басып Моғолстанға өте алмайтындарын бірден ұққан. Сондықтан олар 
Исан-Бұғыға тікелей апаратын жол іздеген. Желісі алыс, қиын да болса сол жолды 
тапқан. Жұныс пен Омар-Шейх сұлтан Түркістан өлкесінің күншығыс жағымен 
құмайтты, шөлді, кісі түгіл керуен жүрмеген, тек сініш құсы 
1
ғана ұшып өтетін 
сахараларды басып отырып, Іле өзеніне шыққан. Сол Іле өзенінің бойымен Алтын 
Емел тауларын бөктерлей отырып, Жаркент қаласына жеткен. Ал Жаркенттен төте 
жолмен Ақсуға әрі дегенде үш күнде барады. Жауының Жаркентке келіп қалғанын 
Исан-Бұғы білген де жоқ. Ол кенет төсек тартып ауырып қалып, дүние оған енді 
қайта оралмас түске айналған. Тілі күрмеліп бар әлем су қараңғы бола бастаған. 
Тек көз алдына жарық сәуле болып, баяғы бір су перісі тәрізді, кәпір қыз елестей 
берген. Отыз жылдай екеуін бөлген арасындағы тамұқ өмірден енді құтылып, 
жаныңа барам деп кәпір қызға төсегінен әлсін-әлсін қолын жая ұмтылып, тек 
аузына «Федосья» деген соның ғана аты түсе берген. Тілі күрмеліп, құр ерні ғана 
жыбырлап жатқан ханның қасында отырған наип, муфти, ишан, қожа-молдалар, 
хан даусын естімесе де кімнің атын атап жатқанын түсініп іштерінен 
«астапыралла, астапыралла, хан иеміздің «күнәсынан аулақ ет» деп құдайтағалаға 
жалбарынумен болған. 
Алтын таққа отырып ел билегелі көрінген әмірден, хан, сұлтаннан қауіптеніп 
құса тартқан Исан-Бұғының кәрі жүрегі, қас жауы Жұныстың келіп жетуіне 
шыдай алмады. Бір күндерде бүкіл Моғолстанға қожа болған Исан-Бұғы, төсегіне 
құлағанына бір апта өткен шақта жеті қатыны мен он бес ұл-қызының біреуінің де 
атын атай алмай, тек «Федосья» деп ерні жыбырлап дүние салды. 
Ақсуды шабуға Жаркентте дайындалып жатқан Жұныс сұлтан бұл хабарды 
естісімен кейін шегінуге бел буды. Күйеу баласы Омар-Шейх мырзаның «келіп 
қалдық қой, қазір олар ұрысқа дайын емес, хан тағын алуыңызға бұдан артық 
мезгіл болмайды, шабайық» дегеніне көнбеді. Ханы өліп, қаралы болып жатқан 
елді шапса, түбі бар халық қарғыс айтып, хан сайламай қоюынан қорықты. Өмір 
бойы арман еткен тағын енді бөтен жолмен алу керек екенін ұқты. Ол атының 
басын кейін бұрды. Демек, бұнысы дұрыс болды. Моғол, Жағатай әмірлерінің 
шешуімен Исан-Бұғының қырқы өтпей, Жұныс сұлтан Моғолстан ханы тағына 
отырды. 
1
С і н і ш қ ұ с ы — шөл құсы. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
127 
Бүкіл Нарын, Қашқар, Құмнат, Қастек, Сары ұйғыр маңындағы Үйсін, 
Жалайыр, Ұйғыр, Албан елдерінен өзінің бес жүз атты әскеріне бес мың салт атты 
сойылгерлерін қосып, Қытайдың қалың жаяу әскерімен қан майданда үш мәртебе 
кездесіп, ақырында өздерінің шыққан жері — «Қытай қабырғасынан» әрі асыра 
қуып тастап, Шу бойынан әдік Моғолстан шекарасына екі рет барып қайтты. 
Сондай-ақ Ойрат қонтайшысы Амансанджиға «байқа, бұл араның Керей, 
Найманының қорғанышы бар» деп ығай мен сығайдан құрылған бес мың 
әскерімен қыр көрсетіп еріксіз бітімге көндіріп, Қамбар батыр да Ойрат жерінде 
екі рет болған. Осындай жағдайда тек Әбілқайыр жағына сескене қараған Жәнібек 
пен Керей, қазақ хандығының туын көтеріп, енді еркін қимылдай бас- 
тады. 
ІІ 
Сырдарияның орта шенінде сол жағасындағы тар алқап пен оң жағасындағы 
өркештене созылған қарт Қаратауды, оңтүстік-күншығысындағы Бадам, Шыршық 
өзендерімен шектесіп жатқан сұрғылт өлкені көне заманнан Түркістан деп атаған. 
Бір жағында Моғолстан, екінші тұсында Мауреннахр, сыртында Дәшті Қыпшақ 
жері. Кейде арпаған, қияқ, қау шөпті, кейде тек сарған ғана өскен құмайт, ал, 
кейде тіпті аппақ сор, тақыр дала болып келетін осы өлкені басар 
1
, қараған, 
тобылғы жапқан ат тағасындай иіріле созылып жатқан қылыш тасты нұра, қыз 
емшекті адыр, төбе, ұшы-қиыры жоқ белестер тілгілеп өткен. Бұл белестер 
негізінде Тарбағатай, Тянь-Шань, Памир, Алтай, Копет-Даг, Гиндукуш 
тауларынан басталды. 
Осы құмды, құмайтты, қылыш тасты, түкті қабақ жартасты, қияқ шөпті, 
бозаңды далада көне заманнан, тіпті Шыңғысхан шабуылынан бұрын көп жылдан 
бері келе жатқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Яссы, Сайрам, Ақрұқ атты көне 
шаһарлар бар. Бұл мединелердің қасына бірнеше уақ қалалар салынған. Мысалы 
Яссы шаһарының қасына Мысырдан келген қожалар туған елдерінің үлгісімен 
Сунақ, Жүйнек, қазақ жерінде алғашқы қорғасын қорытылған, тай еті түгелімен 
сыятын қырық құлағы бар атақты Мысқазан құйылған, дін кіндігі Қарнақ 
тұрғызылған. Сондай-ақ Созақтың жанында Шолақ, Саудакент, Сүткент, Едіге 
мен Жиренше шешен туған Құмкент дихтары орын алған. Бұл қалалар шеті сонау 
Еділ, Жайық, Қара теңіз, Орал тауларына дейін созылған атам заманнан Дәшті 
Қыпшақ деп атаған алып қазақ даласының мәдениет, ғылым, дін ошағы және 
сауда-саттық кіндіктері болған. 
Түркістан мен Дәшті Қыпшақ даласының түйіскен алқабын бауырлай, 
Мойынқұмның күншығыс жағын орап, басын Тянь-Шань тауының құшағындағы 
Ыстықкөл мен Соң көлден алған, мың шақырымдай құмайт шөлді, тақырлы, биік 
жартасты сайларды көктей өтіп, қазақтың атақты арналарының бірі — Шу өзені 
ағады. Оңтүстіктен келетін ең алғашқы тармақтары Теріскей Алатау- 
дың оңтүстік жақтағы мұзды қойнауынан шығатын Қарақожыр мен Түлін деген 
ағысы қатты кішкентай тау өзендері. Бұл екі өзен Долан асуынан аса Берік, Нарын 
ойпатының жоғарғы жағынан құятын. Оттық арнасымен қосылып, мыл- 
қау құз, пышақ кесті биік шыңдарды қақ жарып, Жуанарық деген атпенен 
Теріскей Алатаудан өтіп, солтүстікке қарай айбарлана гүрілдеп бет алады. 
1
Б а с а р — көне түркі тілі, тау жуасы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет