Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет67/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
132 
бағып, қыс осы Сыр бойын жайлауды қазақ рулары көксей бастады. Осы арманы 
орындалса, бүкіл Дәшті Қыпшақ халқының алдында абыройы көтеріле түсетінін 
Жәнібек хан өте жақсы түсінді. 
Үшінші жағынан бұл қалалар әскери бекініс ретінде де аса керекті еді. 
Моғолстан хандары Шу, Сарысу, Талас бойларын Мауреннахр әмірлерінен 
сақтайтын қалқан көрсе, Мауреннахр әмірлері Түркістан уәлиетін Мауреннахрды 
Дәшті Қыпшақтан қорғайтын бекініс санады. Ал Әбілқайыр осы Түркістан 
шаһарларына сүйене отырып, бүкіл Дәшті Қыпшақты уысымда ұстасам деді. 
Әбілқайыр арманы да, Дәшті Қыпшақ елдерінің көкейкесті тілегі де осы Сыр 
бойына келіп түйісті. Ал Жәнібек хан ұшы-қиыр шеті жоқ Дәшті Қыпшақ жерін 
ұстап тұру үшін мықты бекініс осы Сырдария шаһарлары екенін өзгеден 
анағұрлым терең ұқты. 
Сондықтан да оның қырағы көзі күндіз-түні Түркістан жағына тігулі. Ал 
Жәнібек ханның жатса да, тұрса да ойлайтыны, әсіресе, Дәшті Қыпшақ жеріне ең 
жақын тұрған, кешегі бабаларының, Ақ Орданың кіндігі — Сығанақ пен оған таяу 
Дәшті Қыпшақтың көне шаһарлары Сауран, Созақ, Яссы, Сайрам... 
Бұл қалалар өздерінің ұзақ өмірлерінде не көрмеді? Түркістан өлкесін қандай 
хан билемесін, тек одан өз пайдасын көздеді. Жан-жағы егіндікке бай, Түркістан 
шаһарларының михнатын диқаны тартса, қызығына бірінен соң бірі басқарған 
хакімдері батты. Еңбекші бұқараларға салынған алым-салық, қаржы-қаражат тек 
қаланы билеген бекзадалардың ғана дәулетін молайтты. Бай-манаптың үстемдігін 
асырды, қайда барса да тек кедейлер ғана сорлады. Қала-мединелерді басқарып 
отырған хакім, даруғалар мемлекетке деген көзқарастарын өздерінің жеке 
мүддесіне қарай белгіледі. Сол себептен де бұл шаһарларды билеген мықтылар 
ойына келгенін істеді, қарамағындағы елді өзінің меншікті мүлкі санады. 
Мединелерді билеген бекзадалардың асқандығы соншалық, қалаға таласып жатқан 
екі жақтың қайсысының қарамағына көшкісі келсе, соған өз еркімен көше берді. 
Егер қала мықтылары өз бастарына пайдалы көрсе, кешегі жауына бүгін өзі 
апарып қала қақпасының кілтін ұстатты. Осындай жағдайларды ойлаған 
Түркістанды жаулап алған хандар, әрқашан да бұл шаһарларға хакім етіп 
өздерінің сенімді жақындарын ғана қоюға тырысты. Бұл әдетті Әбілқайыр хан да 
қатты қолданды. Түркістан уәлиетін өзіне қаратқаннан кейін, осы уәлиетті жаулап 
алуда көп қаһар көрсеткені үшін, Сығанақтың хакімі етіп Манедан-оғланды, 
Үзкентке — Маңғыт руының биі Оқасты белгілеп, Созақ бекінісін немере ағасы 
Хызырханның баласы Бахтияр сұлтанға тартты. Яссы, Сауран, Сайрамдарды да 
осылар тәрізді Әбілқайырға өте сенімді не болмаса хан тұқымынан шыққан 
сұлтандар билеуде еді. 
Ал бұл хакімдердің Жәнібек жағына шығуы үшін жалғыз-ақ жол бар. Ол жол: 
Жәнібек Әбілқайырдан күшті болуы керек. Күшті болудың жолы биіктігі қырық 
құлаш, қаланы қоршаған қорғандарды алу ғана емес. Тастай түйінген бұл 
шаһарларға шабуыл жасап, орынсыз қырылудан гөрі, алдыменен Дәшті 
Қыпшақтағы рулардың басын біріктіріп, мықты әскер құра білу шарт. Егер 
халықты өзіне бағындыра алса, мықты қол жинау да қиынға түспейді. Ал, азғантай 
ғана шұрайлы жайылым үшін бірінің малын бірі барымталап, жігіттерін сойылға 
жығуға дейін баратын қазақ руларын өзіңе бағындыру оңайға түскен бе! 
әрқайсысы өзін-өзі дөй санайтын, өзім дегенде өгіз қара күші бар әр рудың би, 
батырларын бір ханға бағындыру оңай болып па? Тағы бір қиындығы 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
133 
Әбілқайырмен айырылысар кезде намысқа шауып, бір жұдырықтай жұмыла 
қалған қазақтың басты рулары тынысы кеңіген сайын, жұмылған жұдырығы 
жазылып, біріктік деп тартқан айылы босай түскен. Өзінің ежелгі дәстүріне салып, 
малының әуеніне қарай бытырай көше бастаған. Жәнібектің де ең қорыққаны 
халықтың жібі босап кететін осы кез еді. Әбілқайыр ханның да күткені осы. 
Бытыраған руларды біртіндеп жаулап алып, Түркістан қалаларын да босағасын 
берік ұстап, бүкіл Дәшті Қыпшақты қайтадан өзіне бағындырады. Ал Жәнібек 
Арғын, Қыпшақ қос шоқпарын қолына мықтап ұстап, жаңа ұйып келе жатқан ел 
бірлігіне іріткі салдырмайды. Көнгісі келген руларды ақылмен көндіреді, ал 
көнгісі келмегендерін қан-жоса етіп күшпен дегеніне бақыл еткізеді. Осылай 
шешкен Жәнібек аулы Қара Кеңгір жағасына келіп жайлауға қонған шақта, Тауық 
жылы, екінші айдың орта шенінде Арғынның ақсақалы Қотан тайшы мен 
Қыпшақтың әрі биі, әрі батыры, әрі сөзуар желауызды шешен-ақыны қарға бойлы 
Қазтуғанды кеңеске шақырды. Бұл кезде Арғын руының көсемі Арғын би еді. Ал 
Қыпшақтың билігі әлі тұғырынан түсе қоймаған Қара Қыпшақ Қобыланды 
батырда болатын. Қазақтың ең көп және батыр руларының көсемдерін шақырмай, 
ханның жырауларды шақыруында да көп мән бар. Жәнібек ел билеген жақсыдан, 
ел аралаған ақын сыншы екенін білетін. Ақын ел құлағы, ел көзі, ел жүрегі. 
Жұртының тамырының қалай соғатынын және оның көңіл күйін, мұң-мұқтажын 
бұлардан артық айтып беретін тірі пенде жоқ. Сан ақын-жыраулар халқының ауыр 
халін хандарына жыр етіп беремін деп, қуғынға ұшыраған, құрбан да болған. 
Жәнібек Қотан мен қарға бойлы Қазтуғанды шақырғанда халқының көңілінің 
қандай күйде екенін білгісі келген-ді. Қос жырау бір күні жетті. Өздеріне арналып 
тігілген қос ақ боз үйге атқосшы жігіттерімен жайғасып жатқандарында: «Асан 
ата, кәдімгі ел құлағы, ел көзі Асан Қайғы келе жатыр» деген хабар дүңк ете 
қалды. Сөйткенше болған жоқ «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы бидің» 
алтыншы ұрпағы, ел кезген Асан ата ауыл сыртына кеп, Ақсирақ жүрдегінің 
үстінен түсті. Бұл шақ күн батып бара жатқан мезгіл еді. Хан аулы маңында мал 
болмағанмен, төменгі елдің қайтқан қойының маңырағаны, құрақтағы 
жылқысының кісінегені, аусыл аруаналардың боздағаны, зеңгі баба шаңырақ 
мүйіз сиырлардың мөңірегені алыстан естіліп жатты. Кәрі төбеттің балпылдай 
үрген дүңкілдек даусы, әлдекімнің «Қозыжан, Қозыжан!» деп баласын еркелете 
шақырған айқайы шығады. Күндізгі аңызақ жел де тоқтап, кешкі таманғы тына 
қалған таза ауада малы өрістен қайтып абыр-сабыр болған, төменде жат- 
қан төлеңгіт ауылдарының у-шуы хан Ордасына анық естіліп тұрады. Қара 
Кеңгірдің көк балауса жасыл шалғынды арғы жағасында, сонау ойпаттағы қа- 
мысты көлге дейін быжынаған ел көрінеді. Сүт пісіруге, ас қамдауға кіріскен 
қатындардың жаққан оттарының көгілдір түтіні ауыл үстінен көкке көлбей ұшып 
барады. Қамысты көлден белеске қарай көтерілген көп жылқы күңгірттене 
бұлдырап көзге түседі. Бергі ауылдың қырқа жағындағы жазықта, қолында құрығы 
бар, ақ боз жүйрік мінген жігіт, асау қуып келеді. 
Хан Ордасында қарт Қотан мен қарға бойлы Қазтуғанның келіп сәлем беруін 
күтіп отырған Жәнібек, «Асан Қайғы келіп ауыл сыртында түсіп жатыр» деген 
хабарды естісімен, бүкіл Дәшті Қыпшақ ардақтайтын, қазағы үшін қайғылы 
жырауды өзі шығып қарсы алмақ болды. Жәнібек нөкерлерін ертіп, Ордадан 
шығып есік алдында сәл кідірді. Өзеннің арғы бетіндегі ауылға қарады. Түйсік 
қабақты ханның сұрғылт сынық жүзінде кенет бір күлімсірегендей шырай елең 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет