Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет84/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
166 
руынан Теген батыр, Табын руынан Серке би, Шөмекей руынан Ақтаңдақ батыр, 
Тама руынан Қарабура батырлар басқарып келген жасақтар мен Ұлы жүзден 
Қаңлы, Ысты руынан Бахтияр би, Шапырашты руынан Қарасай батыр, Жаныс 
руынан Жанатай батыр басқарған шағын қолдар келіп қосылсын делінді. Хан 
Ордасынан осы әскерлер жиналып жатқан Саумалкөл, Телікөл, Жуанарық, Көкше 
теңіз Атырау жағасына ат шаптырылды. Бар қол Күзтоқсанның басында Сейхун 
дарияның төменгі шеніндегі Қараөзек қойнауында шоғырланбақ болды. Бұнымен 
қатар бұл шаһарлардың хакім, бектеріне жасырын кісілер жіберілді. «Біздің 
күшіміз қазір Әбілқайыр ханның күшінен артық, қазақ еліне ежелден жататын 
шаһарларымызды қан төгіспей өзімізге қайтарыңдар. Егерде бұл тілегімізді 
орындамасаңдар өз обалдарың өздеріңе» деп хат жазды. Бірақ бұған Әбілқайыр 
хан «арзани дашті» ретінде басыбайлы Созақты берген өзінің немересі Қызыр 
ханнан туған Бахтияр сұлтан да, Сығанақ хакиматының белағасы Манеден-оғлан 
да кекете: «Әбілқайыр ханнан күшті болса, ең алдымен сайыпқыран ханды жеңіп 
алсын. Содан кейін қалаларымызды қан төкпей бостан-босқа береміз» деп жауап 
берді. Жәнібек пен Бұрындық Ордаларын Телікөл мен Боқтықарынның бойына 
тастап, желтоқсан түспей-ақ Қараөзекке келді. 
Осы араға көп кешікпей жүз мыңға таяу қазақ сыпайлары жиналды. Ортада 
азғантай қолмен Жәнібектің өзі, ал Маймене жағын Бұрындық сұлтан, Майсары 
жағын Жәнібектің үлкен балалары Жиренше мен Махмұд басқарып (Қамбар мен 
Қасым екінші шепте болған), жыланның айырма тіліндей екі бұтақ боп, 
Түркістанға қарай аттанған. Осы күнгі Шиелі жеріне келгенде екі бөлінген. 
Бұрындық Сығанаққа, Жиренше мен Махмұд Созаққа беттеген. Жәнібек өзі 
Арғын, Қыпшақтың таңдамалы жігіттерінен қалқан құрып, Шиелі қамысы Сейхун 
дарияның жағасына бекінген. 
Қазақтардың айтып жүргендері құр қоқан-лоқы қорқыту деп ойлаған Сығанақ 
қожасы Манеден-оғлан мен Созақ билеушісі Бахтияр сұлтан жауын көрген 
жыландай кенет жиырыла қалды. Басын көтеріп, ысқырынып айбат шақырды. 
Қаланы қоршаған қамалдың дарбазаларын дереу бекітіп, қала жатақтарын лаш- 
қарға алды. Бірақ бұл дайындықтың бәрі тығыз-таяң, асығыс болды. Қазақ 
әскерінің тым көп екенін естіген қала ақсақалдары, «жұртты босқа қырғызып, қан 
төгудің не қажеті бар, қаланы әзірге қазақтарға беру керек. Әбілқайыр ханнан 
көмек келгенде қайтып алу оңай ғой» деп күңкіл шығара бастады. Ел басы 
ақсақалдардың, керуенсарай ұстаған саудагерлердің көбі Маңғыт, Қаңлы, 
Жалайыр, Дулат руларынан шыққан қазақ қанды адамдар еді. Қала басы сұлтандар 
болғанмен, бекіністердің шын тағдыры осылардың қолында тұрған. Ежелден келе 
жатқан дәстүр бойынша егер, қала билеушілері — ақсақал, сау- 
дагер, қожа-молдалар ұйғарса, қаланы көңілдеріне ұнаған адамға тапсырар әдет 
бар. Сығанақ қожасы Манеден-оғлан жұрттың мұндай жағдайын көріп, 
Самарқант, Ташкент, Яссыдан жуыр арада көмек келе қоймайтынына көзі жеткен 
соң, «есің барда еліңді тап» деп Бұрындықтың әскерінің қарасы көріне 
бастағаннан-ақ бүкіл үй ішін, өзіне деген нөкер-құлдарын алып, Самарқантқа
қашқан. Сөйтіп Бұрындық сұлтан Сығанаққа бір садақ оғын жібермей, 
сырнайлатып-кернейлетіп тал түсте кірген. 
Ал Созақтың билеушісі Бахтияр сұлтан бүйтпеді. Әбілқайырдың аты шулы 
батырларының бірі, Көк Орда ханына ұнай білген, бүкіл Созақ уәлиетін қойдай 
өргізген қажырлы сұлтан, «Қаланы қан төкпей беруді ойласаң қайтеді?» деп 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
167 
келген ақсақал, саудагерлер тобын нөкерлеріне қоршатып алып, «жұрт арасына 
іріткі салады» деп, қараңғы тас сарайға қаматып қойды. Созақ мидай жазық далаға 
салынған шаһар. Жан-жағындағы қамалы да Сайрам мен Саурандай биік емес. 
Түйелі кісінің ернеуіне қолы жетеді. Бүкіл уәлиетінен отыз мыңға таяу лашкер 
жинап, қалада тығылып жатпай ашық далада жауына қарсы бетпе-бет майданға 
шықты. Бірақ бала жасынан ат құлағында ойнап өскен, ал ер жете бастағаннан-ақ 
сойыл соғып, садақ атуды өнер көрген қазақтың жау жүрек жігіттері қойсын ба, 
құмырысқадай қаптап: «Ақжол!», «Уайс!», «Жауқашар!», «Бахтиярлап!» ат 
қойғанда, алғашқы қарқынында-ақ Бахтияр сұлтанның алдыңғы шебін күл-талқан 
етті. Қазақтан дәл мұндай өнер күтпеген Бахтияр сұлтан әбден састы. Халық күші 
жазғытұрымғы жүздеген, мыңдаған сай, жыралардан қосылып аққан сумен тең 
екенін, олар бір жерге жиналып, ернеуінен асып тасыса, алдында қандай қамал, 
бөгет болса да быт-шытын шығаратын алып күш екенін Бахтияр сұлтан сонда 
білді. Расында да қазақ елі көнтерілі, сан қорлыққа шыдаған қауым еді. Ашына 
келіп, ақырында ернеуінен асып төгілген дариядай, атқа мініп, қолына сойыл 
алуға мәжбүр болды. Жалғанда қиянатқа көнтерілі халықтың долданғанынан 
асатын ұлы күш жоқ. Көнтерілі халық жәй күнде, бөлтіріктері үстіне шығып ойнап 
маза бермеген арлан қасқыр тәрізді. Ал ызаланғанда ештеңеге қарамайды, 
бөлтірігім демейді, бөтенім демейді, үстіндегінің бірде-бірін қалдырмай, қанды 
ауызын салып қап, жан-жағына аямай лақтырып-лақтырып жібереді. Қазақ та дәл 
осы арлан қасқыр тәрізді шамасы келгенше шыдап бақты. Шыдамы таусылып еді, 
өлген-тірілгеніне қарамай, желке жүнін күдірейтіп, жауына ақыра тап берді. Қазақ 
жауынгерлерінің мұндай қаһарлы түрін көріп, Бахтияр сұлтан «жеңілдім!» деп 
алдына кеп қол қусырып Жиренше мен Қамбардан бітім сұрады. Бұлар қаланың 
кілтін алып, бітімге келісті. 
Хан ордасын уақытша Сығанаққа көшірген Жәнібек, Созақ уәлиетін екінші 
баласы Махмұдқа, Сығанақ уәлиетінің билігін Керейдің баласы Бұрындық сұл- 
танға берді. 
Сығанақ пен Созақты алып, көңілі көтеріліп қалған қазақ Ордасының ханы 
Жәнібек енді «өз еріктеріңмен беріліңдер» деп Яссы мен Отырар қаласының 
әміршісі Мұхамед-Мазид тарханға, Сауранды билеп отырған оның баласы 
Құлмұқамет тарханға, Үзкенттің хакімі Уақас биге, Сайрамның хакімі Мыржық 
төреге кісі жіберіп, хат жазды. 
Дәл осы кезде яғни Хаджри есебі бойынша сегіз жүз жетпіс төртінші, Тыш- 
қан жылы, жаңаша бір мың төрт жүз алпыс сегізінші жылы, елу жеті жасар 
Әбілқайыр ханның өзі ақұрығын алып, жүз мың атты әскерімен Моғолстанды 
шаппақ болып Үргеніш тұсынан шығыпты деген хабар жетті. Жүз мың әскер! Бұл 
қолына құр сойыл мен садақ алған қазақтың әскері емес. Бұл Исфаған болатынан 
алдаспан, ұзын қылыш тағынған, Қорасан құрышынан сауыт-дулыға киген, мұздай 
боп қару-жарақ асынған, өз заманының әскери өнер-ғылымымен әбден суарылған, 
Әбілқайыр ханның бүкіл шығыс әлеміне белгілі атақты атты әскері! Хан әскерін 
ұрысқа өзі үйреткен! Жауын аямастай етіп өзі баулыған! Көк Орда Көк Орда 
болғалы ұлы ханның әскері жетпіс бес мыңнан асып көрген емес, ал бұл жолы... 
жүз мың! Бұл хабарды естігенде Жәнібектің де жүрегі дір ете қалды. Ол бүкіл 
Сығанақ, Созақ уәлиеттерінің ұста, шеберлерін жинатып, көрік қыздыртып, 
әскеріне хакім қоймаларынан табылған көк болат құрыштан қару-жарақ соқтыра 
бастады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет