Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу убайда мен Муаздың омарға жазған



Pdf көрінісі
бет226/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

 Әбу убайда мен Муаздың омарға жазған 
хаты және омардың оларға берген жауабы
Мұхаммед ибн Сұқа айтады: «Бір күні Нуайм ибн 
Әбу Хиндке бардым. Ол маған бір парақ ұстатты. Онда 
былай деп жазылған еді: «Әбу Убайда ибн Жәррах пен 
Муаз ибн Жәбәлден Омар ибн Хаттабқа: Саған сәлем 
бердік! Нәпсіңді тәрбиелеуде өте зейінді екеніңді білсек 
те, саған мынадай өсиет айтқымыз келеді: «Бұл үмбетті 
басқаруды сен өз міндетіңе алдың. Алдыңда тектілер 
де, қатардағы жай адамдар да отырады. Дұшпаның 
да, досың да бар. Баршаның әділдіктен үміті бар. Ей, 
Омар! Сол себептен іс-әрекетіңнің қаншалықты әділ 
екеніне ой жүгірт. Біз саған адамдардың бастары 
иіліп, демін ішіне алатын, Аллаһ дәлелдерінің қасында 
басқа сылтаулардың сағымға айналатын күнді естен 
шығармауды ескертеміз. Ол күні күллі жаратылыс 
Оның алдында бас иіп, рақымшылығын үміт күтеді, 
азабынан қорқып, сілтідей тынады. 
Ей, Омар! Бұрындары біз «Бір уақыт келеді, ол кез-
де бұл үмбеттің адамдары сырттай дос болып көрінеді, 
алайда іштей бір-біріне қас болады» дейтінбіз. Шын 
көңілімізден шыққан шынайы сезім мен ойларымызды 
білдірген осы хатымызды теріс түсінбе. Мұны тек саған 
насихат үшін жаздық. Саған сәлем жолдаймыз!»
Омар былай деп жауап жазады:
«Омардан Әбу Убайда мен Муазға.
Сәлем бердік. Хатыңызды алдым. Нәпсімді 
тәрбиелеуге мейлінше мән беретінімді, білгеніңізге 
508
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/801 (35807)


476
Сахабалар салған сара жол
қарамастан маған насихат айтатыныңызды, осы үмбетті 
басқару жауапкершілігін міндетіме алғанымды, алдым-
да тектілердің де, қатардағы адамдардың да болатынын, 
досымның да, дұшпанымның да бар екенін, баршаға 
әділеттік танытуым керектігін, әділетсіздікке жол бер-
меу үшін абай болуымды ескертіпсіздер. 
Сіздерге мынаны айтайын: Бәрі Аллаһтың 
қолында. Омар – тек қана Аллаһтың әмірін орындаушы. 
Бізден бұрынғылардың түбіне жеткен зұлымдыққа 
ұшырамауды да ұмыт қалдырмапсыздар. Уақыт сы-
ныптай сырғып, құмдай сусып өтіп жатыр. Су іш-
кілігі таусылғандар фәниден бақиға аттанып жатыр. 
Алыс жақындап, жаңа ескіруде, Құранда сөз болған
Пайғамбарымыздың аузымен айтылған ғайып ха-
барлары шындыққа айналуда. Адамдар жұмақ неме-
се тозақтағы орындарына барғанға дейін, бұл осылай 
жалғаса береді.
Сондай-ақ, осы үмбет адамдарының соңғы кез-
дерге қарай бір-біріне дос болып көрінетіні, бірақ іш-
тей бір-біріне жауға айналатыны туралы да жазып, мені 
осы мәселеде мұқият болуға шақырыпсыздар. Сіздер 
бұл санаттан емессіздер, өйткені ондай атты мұнар күн 
дүниені бәрінен артық көретін, адамдардың бір-бірі-
нен, өз көлеңкесінен қорқатын, мына дүниеде шалқып 
өмір сүру үшін бір-біріне ілтипат көрсететін кезеңге 
тап келеді. 
Ақыл-кеңес беруіңізді менің теріс түсінбеуімді 
Аллаһтан тілеген екенсіздер. Хатты тек маған жақсылық 
жасау үшін жазғандарыңызды білемін және сіздерге 
шын көңілден сенемін. Хат жазып тұрыңыздар, наси-
хат, өнегелеріңізге мұқтажбын. Сәлем»
509
.
509
Әбу Нуайм, Хилия 1/238; Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 20/32 (45)


477
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет