Алматы қаласы Алатау ауданы



бет15/16
Дата23.08.2020
өлшемі1,08 Mb.
#76626
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ғылыми жоба киіз үй
syn-trysynan-oylau-aryyly-oytu, syn-trysynan-oylau-aryyly-oytu
Қорытынды 

Киіз үй – көшпелі өмірге бейімделген,  ерте  заманнан  келе  жатқан  көшпелілер  баспанасы.  Еуразия далаларындағы  жартылай  көшпелі  және  отырықшы  халықтардың  арасына кеңінен  тараған.  Көшіп – қонуға  лайықты  жасалады, түйе мен атқа тиеу арқылы жеңіл көшіріледі,  оның  киіз  туырлықтары  мен үзіктерінен  жауын  өтпейді.  Ыстық  күнде  киіз  үй  салқын  болса,  қысты  күні 

керегесін  екі қабат  киізбен  қаптап,  ошақ  жағып,  жазға  дейін  отыра  беруге  болады.  Киіз  үй - өзіндік  баға жетпес  өнер  туындысы,  қазақ  халқы  үшін  өмір  салты  мен  әдет-ғұрпының,дүниетанымының,  санғасырлық  мәдениетінің  жарқын  айғағы.  Көшпенділердің  кіші  әлеміне  айналған  киіз  үй  олардың  өмірінің  көп  бөлігі  өтетін  дәстүрлі  тұрақты  мекен-жайы  болған. Ө. Жәнібеков «Олар алғашқылар еді» атты мақалалар жинағына жазған алғы сөзінде С. Руденконың «қазақ киіз үйі өзінің геометриялық бітімі мен сәулеттік тұлғасы жағынан көшпелі елдердің бірде-бірі баспана жасау өнерінде одан ештеңе оздыра алмаған» деген бағасын келтіреді. 

       Қазіргі күні біз киіз үйді тек мейрам күндері ғана пайдаланамыз. Неге киіз үйді көше сәні ретінде немесе ауыл өміріне, жол бойы бекеттерінде пайдаланбасқа? Қала өміріне сәйкес келмейді дегеннің өзінде киіз үй жобасын пайдаланып, неге үйірме ашпасқа? Бұл үйірмеде қазақ өнерімен, ертедегі тұрмысымен, салт-дәстүрімен таныстыратын жабдықтар болса. Болашақта үйірме оқушылардың өз елінің тарихын білуге септігін тигізіп, патриоттық сезімін арттырады деген ойдамын. 

           

  Ұсыныс



Қазіргі біздің заманымызда киіз үй тәріздес ғимараттар өте көп ,солардың бірі

«Хан Шатыр» әлемдегі киіз үй тәріздес ең үлкен ғимарат «Хан Шатыр» 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып отыр. Шатырдың ішінде бірнеше деңгейде көптеген дүкендер, мейрамханалар, кинотеатрлар және спорт кешені орналасқан. Астананың температурасы жазда +30 градустан қыста -30 градусқа дейін төмендейтіндігіне қарамастан, мұнда әртүрлі климаттық белдеу сақталып, оның ішінде жаз кезіндегідей тұрақты температура қамтамасыз етіледі.. Сондай-ақ оның күн сәулесін өткізетін мөлдір жабыны қазақстандық климаттың қандай күшті аяздарынан да қорғайды.

Мен тұнғыш «Хан Шатыр» ойын сауық орталығында болғанда өзимді ертегілер елінде болғандай сезіндім ,осындай ғимараттар көбейе берсе екен және де елбасымыз Н.Н. Әбішұлына алғысымды айтып осындай әдемі де көркем ғимараттар көбейе берсін дегім келеді.



Қазіргі уақытта заман талабына сай үй құрылысында көптеген жаңалықтар енгізіліп жатыр. Оны қазақи оюлармен және шаңырак тәріздес етіп қабырғаларын керегеге ұқсатып безендіріп , ұмыт қалған салтымыздың жаңарып қайта тууы жүрекке жылулық ұялатады.


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет