Алматы қаласы білім басқармасы


Металдарды кесумен өңдеу тәсілдері



бет125/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

Металдарды кесумен өңдеу тәсілдері
Металдарды кесумен өңдеу әдістері өз араларында пайдаланыла­тын кескіш құралдың конструкциясымен және құралмен жасалатын салыстырмалы қозғалыстар сипатымен және металл кескіш станокта өңделетін дайындамамен ерекшеленеді. Тетіктің талап етілетін контуры құрал мен дайындаманың белгілі қозғалыстарының үйлесуі нәтижесінде алынады. Тетіктер беттерін кесумен өңдеу әдістерін жіктеу кинематикалық белгілерді (дайындама мен құрал қозғалыста­рының үйлесу принципі бойынша) және берілген өңдеу әдісінің мәнін анықтайтын белгілерді – жоңқа түзу шарттарын (кесу процесінің физикалық ерекшеліктерін) есепке алады. Осы принципке сәйкес кесумен өңдеудің барлық әдістерін төрт топқа бөледі: жону, бұрғы­лау, жонғылау, ажарлау және сүргілеу. Бұл топтарда өңдеу процесі тетік пен дайындама қозғалыстары әр түрлі үйлескенде болады.
Өңдеу процесін іске асыру үшін кескіш құралға және дайындама­ға бір-біріне қатысты қозғалыстарды хабарлау керек, олар негізгі, анықтаушы және қосымша деп бөлінеді.
Ол кезде дайындамадан әдіп кесілетін немесе өңделген беттің күйі өзгеретін қозғалыстар негізгі немесе кесу қозғалыстары деп аталады. Негізгі қозғалыс екеу: басты қозғалыс және беріс қозғалысы. Әрбір топтың ерекше белгісі басты қозғалыстың немесе кесу қозға­лысының түрі және бағыты болып табылады, оның процесінде әдіп кесіледі.
Кесу жылдамдығын анықтайтын басты қозғалыс не айналмалы, не түзу сызықты болып табылады. Ол дайындамаға немесе кескіш құралға, ал бірқатар жағдайларда бір мезгілде дайындамаға және кескіш құралға хабарланады. Басты қозғалыс жоңқаның бөліну жылдамдығын анықтайды. Кесілетін қабаттың шамасын анықтайтын қозғалыстар беріс қозғалыстары болып табылады. Беріс қозғалысы кескіш құралдың металдың жаңа қабаттарына үздіксіз ойып орнатылу және бүкіл өңделетін беттен жоңқаны алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Келесі беріс қозғалыстары бар: бойлық, көлденең, дөңгелекті, шеңберлі, тангенциалды. Басты жұмыс қозғалысының және беріс қозғалысының жылдамдықтары және деп белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет