6. Байқауға қатысушының жоба жұмысының құрылымы, мазмұны, рәсімделуі
1. Байқауға ұсынылған жобаның мазмұнында міндетті түрде келесі ақпараттар болуы шарт:
титул парағы (жұмысты орындаған білім беру ұйымының толық атауы, ауданы, жұмыстың тақырыбы, Байқаудың бағыты, орындаушы туралы ақпарат: аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы);
кіріспе (жоба тақырыбының өзектілігі, жобаның мақсаты мен міндеттері, жоба бағытталған сыныптар, жобаның жүзеге асырылған мерзімі, жобаның жаңашылдығы, жобаның тәжірибелік маңызы);
негізгі бөлім (жоба тақырыбын ашуға қажетті ғылыми негізделген тарихи деректер; жинақталған тарихи деректерді оқып үйренуге болатын пәндер, сыныптар, бағдарламалық тақырыптар; ол тақырыптарды меңгеруді ұйымдастыру сабақтарының қысқа мерзімді жоспарлары; оқушылардың тарихи-танымдық ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру нәтижелері т.б.)
қорытынды (нәтижелері, ұсынымдар);
пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2. Жобаның мазмұны мен рәсімдеге қойылатын талаптар:
Жоба мәтіні компьютерде теріледі (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жағынан 2 см шегініс). Жоба мәтінінің көлемі 20-30 бет аралығында. Жоба мәтініне қосымша суреттер, бейне материалдар т.б. мәтіннен бөлек қосымша ретінде ұсынылады. Жобаның слайдтық таныстырылым түріндегі нұсқасы негізінде педагогтің баяндауына 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |