8. Байқаудың қорытындысын шығару
1. Байқау қорытындысын қазылар алқасы шығарады.
2. Байқаудың қорытындысы (жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау) ресми түрде жарияланады.
3. Байқаудың III кезеңіне өткен әрбір қатысушыға сертификат беріледі.
4. Жеңімпаздарға дипломдар тапсырылады.
5. Байқаудың барысы мен қорытындысы туралы ақпарат ресми сайтта жарияланады.
9. Авторлық құқықтар
1. Байқауға жіберілген жобаларға педагогтің авторлық құқығы сақталады. Байқауды ұйымдастырушылар жоба авторының кәсіби қызметінің нәтижесіне, байқаудың ұйымдастырылуына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жобаларды коммерциялық емес тұрғыда пайдалану құқығын өзінде қалдырады.
2. Жоба жұмысын байқауға ұсыну автордың өз материалын бұқаралық ақпарат құралдарында, баспа жинақтарына ұсынуға келісімін білдіреді.
3. Байқауды ұйымдастырушы ұйым Байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында, баспа жинақтарында жариялау үшін редакторлық өзгерістерді енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |