Алматы қаласы мен оның тарихи мәдени ескерткіштері түйіндеме



бет1/9
Дата31.01.2018
өлшемі1,58 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
ӘӨЖ 908(574)

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тархеология, этнология және музеология кафедрасы



АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН ОНЫҢ ТАРИХИ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Түйіндеме. Мақалада Алматы қаласы мен оның маңындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен дамуын 4 кезеңге бөліп қарастырған. Археолог-ғалымдардың қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректер, нунизматикалық мәліметтер және жазба деректер негізінде пікір талас тудырып жүрген қала жасының анықталуына талдау жасалған. Ресейдің отарлау саясатын жүргізу салдарынан 1854 ж. салынған (Верный) әскери бекінісіне 1867 ж. қала мәртебесінің берілуі, қаланың Қазақстан астанасы мәртебесі 1927-1997 жж. кезіндегі сәулет ескерткіштер құрылысының салынуы қамтылған. Мақалада, қаланың салыну тарихындағы кеңестік кезеңдегі бұрмалаушылықтар мен ақтаңдақтарға тоқталған. Қаланың бірнеше рет табиғат апатына ұшырап, жер сілкінісінен аман қалған ғасырлық тарихы бар және бүгінгі сәулеттік үлгіде салынған ғимараттардың ерекшеліктері талданған. Алматы қаласының бүгінде Қазақстанның ең көрікті, саяси ғылыми және техникалық орталығына айналып дүниежүзі назарын өзіне аударатын, өзіндік архитектуралық ерекшелігі бар нысанаға айналу тарихы қарастырылған.

Кілт сөздер: қала, отарлау саясаты, тарихи ескерткіш, сәулетші

Алматы – Қазақстанның ең ірі, әрі әсем қаласы, мәдени, ғылыми, қаржы, сауда, көлік-коммуникалық және туристік орталығы. Алматы қаласы 1929-1997 жылдар аралығында Қазақстанның астанасы ретінде өз тарихында республиканың бүкіл саяси, мәдени өмірін шоғырландырды. Алматыда ұзақ жылдар бойы мемлекеттің басқару мекемелері жұмыс істеді. Қазақстанның Тәуелсіздігі Алматы қаласында қабылданып, тәуелсіздігімізді таныған мемлекеттердің алғашқы елшілері осы қалаға келді. Қала 170 шаршы шақырымнан астам ауданды алып жатыр. Алматы аймағы төңірегінде табиғи қорықтар ұйымастырылған Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі,онда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстар мен аңдар және қаланың елтаңбасына айналған барыста бар.



Алматы сан мыңдаған жылдар бойы бабалар жасаған заттай мәдениеттің – обалар мен қоныстардың, қалалардың орнында дамып келе жатқан жаңа да көне мәдени қабатты қала. [1,52 б. ]. Қала орналасқан Іле Алатауының етегінде бүгінге дейін тас, қола дәуіріне жататын заттай ескерткіштер және сақ, үйсін, көне түріктер дәуірінің сан мыңдаған жерлеу және ғұрыптық ескерткіштері сақталған. Шарын өзенінің жоғарғы бөлігінен төменгі палеолит кезеңіне келетін құралдардың кездейсоқ табылуы соған дәлел. Жоғарғы палеолитке Алматының Жамбыл ауданындағы Майбұлақ тұрағы жатады. 80 шаршы метр жерге жүргізілген археологиялық қазба нәтижесінде тастан жасалған құралдар табылды[2,14б.]. Қола, темір, және ортағасырлық ескерткіштердің бірі-Алматының оңтүстік- шығысы, Көктөбе етегінде, Жарбұлақ өзенінің оң жағалауында орналасқан Бұтақты-1 археологиялық қонысы. Бұл қонысты археолог А.А.Горячев бірнеше жылдан бері зерттеуде. Қазба жұмысы барысында тастан жасалған дән үккіштер, келсаптар, келілер, сүйектен жасалған бұйымдар-тұмарлар табылды. Қыш пен қола бұйымдары табылған Бұтақты-І қонысын кейінгі қола дәуіріне жатқызуға мүмкіндік беред, деп негіздеме жасаған академик К.Байпақов[3,12б.].

1сурет –Алматының археологиялық картасы; 2 -сур сұрғылт тастан жасалған келі мен келсап;3-ші Қарғалы көмбесінен табылған сақина

Сонымен қатар Алматының әр жерлерінде: Кіші станицада, Ботаника бағында, Түрксіб демалыс үйінде, Медеуде жүргізілген құрылыс жұмыстары кезінде қола дәуіріне қатысты көп заттар табылды.Қазба жұмыстары кезінде неғұрлым көп кездесетін ол қыштан жасалған табандары жалпақ құмыра тәрізді және қабырғалары тік банкіге ұқсайтын ыдыстар. Оңтүстік Қазақстаннан және Жетісудағы Түрген, Асы, Талаптыдан қазба барысында көптеп кездесетін қыштан жасалған бірқатар ыдыстардың өрнектері тырнақпен басып салынған ыдыстар[4,С 118.]. Ал қаланың солтүстік - батысындағы Боралдай қорғанын б.з.д VIІІ-III ғғ.-да сақ тайпалары, б.з.д. III ғ.- б.з.III ғ. кезеңінде үйсіндер, сондай-ақ қазақтардың басқа да ата бабалары тұрғызған. Сақ қорғанының биіктігі 10-14 м. ал диаметрі 80-100 м жетеді. Оның маңайында айнала сақина тәрізді қоршау, діни мейрамдар өткізу мен құрбан шалатын арнайы орындар бар. 2006 ж. «Боралдай сақ қорғандары» мұражайын ұйымдастыру үшін қалалық жер қорынан 430 га аумақты бөлу туралы қаулы қабылданды. Оның 430 га созылған аумағында тізбектелген 47 сақ және 200- ге жуық үйсін обалары бар [5,С 20б.]. Археологиялық паркті ұйымдастыру және туристік инфрақұрылымды дамыту қаланың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

Алматы облысында табылған Есік қорғанында бірыңғай алтын жапсырма киім кигізілген сақ жауынгерінің мүрдесі қойылған. Бас киімнің өзінде 150- ге жуық әшекей тағылған. Оның ішінде барыс, тау теке, жылқы, құсбейнелері, арқардың мүсіндері бар. Бас киімнің алдынғы бөлігі таутеке мүйізді қанаты бар 2 жылқының мүсіндік бейнелерімен сондай-ақ 2 ұзын құс қанаты және 4 жебемен безендірілген[3,С 20б.]. [Baipakov K.M. 16 б.]. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақшамен әшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стилінде орындалған[6,С 20б.]. Есік қорғаны б.д.д. Ү-ІҮ ғғ жатады. Алматы аумағы мен төңірегінде, бұдан да басқа археологиялық ескерткіштер баршылық болғанымен біз тек осы ескерткішердің бірнешеуіне тоқталдық.

Ал үйсін тайпалары мекендеген кезеннен қалған қорғандар қатарына Есік және Шаңырақ, Ұлжан қорымдары жатады [7,-46б.] Савельева Т.В. Археологические исследования средневековых памятников на территории Алматы.46-50бб. Алматы. История тысячилетия.- Алматы: «Credo»,- 2008.-240С., Шаңырақ қорымынан жерленген мәйіт және жұқа жапырықты алтыннан жасалған ромбы тәрізді 18 дана жапсырмалар, қоладан жасалып алтын жалатылған шашқа тағатын ұзындығы 10-16 см бас жағы шар тәрізді бунақталған жұмыр білігі бар. Мұнда зерттелген қорғандар ортақ белгілерінің сипаттамалары бойынша б.з.д.ІІІ-ІІ ғ.ғ. кезеңіне жатады және үйсін дәуіріне қатысты. Камен қорған қорымы, Қыстақ-Ақтас-2 қонысы,Түзусай қонысы. Камен қорған қорымын зерттеу барысында 11 мола, сүйек және тас құралдарының коллекциясы және 500-ден астам қыш сынықтары табылды. Бұл қорымға тән нәрсе қорған үйіндісінің астында екі және одан да көп адам қатар жерленгенін айтуға болады[3,С 23]. Үсіндердің байырғы қоныстарының бірі б.з. І-ІІІ ғғ. жататын «Таулы қырат» кеңшары аумағынан 1936 ж. табылған тұрақ. 1994-2001 жж. Іле Алатауының солтүстік бетінде жатқан тау етегі, далалық аймақтарда, Алматы маңында, Талғар, Цыганка, Талдыбұлақ өзендерінің аңғарында үйсін кезеңінің 40-қа жуық қоныстары табылды. Бұлар алдымен сақтардың, кейін үйсіндердің қонысы болған. Орта ғасырларда сақ, үйсін қоныстары жиі орналасқан жерлерде ірі қалалар пайда болған[8,С 20б.]. Ал Алматы облысы Қарғалы шатқалынан 1939 ж. табылған Қарғалы көмбесінен диадемадан басқа 300-ден астам алтын әшекей: диадема, қос өркешті түйе мүсіні бейнеленген 2 жүзік, таутеке түріндегі 10 қаңылтыр белгі, адамды кеміріп тұрған тышқан бейнеленген сырға, жапырақ сияқты пластинкаларт.б.табылған. Қарғалыда табылған алтыннан жасалған заттардың барлығын алғаш зерттеуші ғалым А.Н. Бернштам есептегендей бақсылық киім –кешекке жатады. Бақсылар табиғаттан тыс қабілетке және білімге ие. Олар қоғамда жер мен аспан арасындағы делдалдың, құдай хабаршыларының рөлін орындады [9,276б.].

Алматы қаласы мен оның аймағында ғалым, археологтар ерте дәуірде (тас, қола, темір) және ерте ортағасырларда - үйсін кезеңінде жүргізілген қазба жұмысының бірнешеуіне түсінік беріліп, талдау жасалды. Нәтижесінде қала аумағы маңында және оның төңірегіндегі мекендерде сонау ежелгі дәуірдің өзінде тіршілік мекені болғандығын байқадық.

Қазақстан және американдық зерттеушілердің бірлесе жүргізген қазба жұмыстары б.д.д.8ғ. – б.д.5ғ.-да және ортағасырлар кезеңінде Жетісудың малшылары мен егіншілері, көшпенділері мен отырықшы халықтары өзара тығыз қарым-қатынаста өмір сүрген деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл уақытта Жетісуда Ұлы Жібек жолы бойында саяси, экономикалық мәдени орталықтар ретінде белгілі болған Алматы, Талхир, Екіөгіз,(Эквиус), Қойлық шахарлары бар қалалық аудандар қалыптаса бастаған [10,7 б.]

Ортағасырлық Алматының мәдени дамуына Ұлы Жібек жолы үлкен үлес қосты. Жазба дереккөздерінде Жетісудың бірнеше ірі қалалары туралы хабарлайды. Олардың арасында «Алмату», «Алмалық»,«Алматы» деген қала да бар.[11-10б.].Алматы қаласының орта ғасырларда болғандығы туралы бірнеше тарихи деректер бар. Ш.Уәлиханов ХІХ ғ. «Жоңғария очеректері» атты еңбегінде: «Орта ғасырларда бұл жерде (Жетісуда)отырықшылық кеңінен тарады, әсіресе Іле алқабында, Алмалық қаласы (қазіргі Түркістан ауылы), Ханакай мен Қайнақ, Алматы (бүгінде Верный бекінісі) саудамен атағы шыққан және генуэз көпестері Қытайға, қыпшақ елшілері ұлы ханға жүретін үлкен жолда станса ретінде қызмет атқарған»[12,73б.].

Жазба деректерде көрсетілгендей бүгінгі Алматы ауданында қаланың өмір сүргендігін көрсетеді. Орта ғасырлардағы қала орны, қазіргі Алматы қаласы тұрған жерде орналасқандығын дәлелдейтін археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректерге тоқталсақ. Алматы қаласының шетінде орналасқан «Тау қыраты» ауылында жүргізілген қазба жұмысы кезінде, онда төбенің солтүстік-батыс қабырғасынан тік бұрышты аланша қосылғандығы байқалады. Ал қабырғамен қоршалған, бұрыштарында дөңгелек мұнаралар болған. Үстінен жиналған ыдыс сынықтары Х-ХІІ ғғ. жатады[13, 128 б.]. Сондай –ақ жүргізілген құрылыс нәтижесі барысында қазіргі қаланың Ботаника бағынан 1969 ж. бірнеше құмыралардан тұратын көмбе табылды, ондағы ыдыстар ХІ-ХІІ ғғ. жатады.Сондай -ақ Шекарашылар мектебі аумағында 1979 ж. жүргізілген құрылыс жұмыстары кезінде орта ғасырлық ұстахананың орны ашылған. Мұнда әр жылдарда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде күміс теңгелер табылған.Осы олжалардың негізінде шығыстанушы және нунизмат В.Н.Настич бұл ақшалардың жергілікті Жетісуда шыққаны және қазіргі Алматы аумағында ХІІІ ғ. ақша сарайының өмір сүргені туралы жорамалды айтқан. 1990ж.таңбасы ұқсас, бірақ жоғарыдағы теңгелерге қарағанда дайындалуына қарай ерекшеленетін тағы 2 дирхем В.Н.Настичтің зерттеуіне түседі.



1-сурет қала аумағынан табылған күміс теңге (дирхем)

2-сурет –ботаникалық бақ аумағынан табылған құмыралар

3-сурет қаладағы киелі орындарды қазу кезінде табылған қолында садағы бар салт атты кейіпіндегі Митра тәңірі бейнеленген қола шырағдан. Б.д.д. 3-1 ғғ.

4-сурет- Алматы аумағынан табылған қола қазан. б.д.д. 5-3 ғғ.

Дирхемнің біреуінің айналмасында ақшаның соғылған аула мен күн бірлігіндегі сөз анық ерекшеленеді «бұл дирхем Алмату аймағында (баладта) бесінші жылы соғылды» деген жазуды оқуға болады. Алматы аумағынан табылған көне теңгелер дирхемдер 1271-1272 жж. Мавереннахр мен Түркістан қалаларында Масудбек жүргізген реформа кезінде соғылғандығын нақтылайды.Кейінірек В.Н.Настич дирхемдерде жазылған жазу негізінде сол кезеңде Алмату, Алматы қаласының аты қазіргідей айтылғанын айғақтайды»[14,73б.]. Осыларға қарағанда ХІІІ ғ. соңғы ширегінде Шағатай мемлекетінде моңғол дәуірі кезеңіндегі көрнекті Орта Азиялық қайраткер Масуд бек (670/1271-1272 жж.) ұйымдастырған ақша реформасы кезінде тұрған орны қазіргі Алматы қаласына сәйкес келетін қалада, оның айналасындағы елді мекендердегі базарларды күміс тиындармен қамтамасыз етіп тұрған теңге сарайы жұмыс істеген. Ол туралы К.М. Байпақов: «...Осы жазба дерек көздерге, ақша олжалары мен археологиялық материалдарға сүйене отырып, Алматы қаласы Х-ХІ ғғ. пайда болды және сайып келгенде оның тарихы кемінде 1000-1100 жылды құрайды деп қорытынды жасауға негіз бар» деген болатын [3, 23 б.]. Алматы қаласының жасын анықтауда қала аумағында адамдар қоныстана бастаған қола дәуірі мен ертедегі темір дәуірін емес, ғылымда қабылданған қалаға тән белгілір - әкімшілік билік, қолөнер, сауда, оның ішінде халықаралық сауда, мәдениет, идеология сияқты белгілердің анық қалыптасқан, дамыған кезеңін аламыз. Қала мұндай толыққанды орталыққа Х-ХІ ғғ. айналғандықтан, қаланың жасын 1000 жыл деп есептеуге толық негіз бар. Көне Алматы қаласы, Жетісудың басқа да қалалары сияқты, моңғол шапқыншылығы, Шағатай мемлекетіндегі өзара талас–тартыстардың, Темір мен оның ізбасарларының талқандаушы жорықтарының, Ұлы Жібек жолымен халықаралық сауданың қысқаруының салдарынан Іле өзені алқабының көрші аудандармен экономикалық байланыс әлсіреді. Алайда Іле алқабындағы отырықшылық мәдениетінің жеке ошақтары тұрмыстарын жалғастыра береді. Солардың ішінде Алматы да болса керек, бұған жоғарыдағы деректер куә. Бұл деректерден Алматы қаласының моңғол үстемдігі дәуірінде ғана емес, Темір дәуірінде де болғанын білуге болады, ал ХVI ғ. бірінші жартысындағы тарихшы Бабырдың деректеріне қарасақ, оның кезінде қала қирап біткен. ХV ғасырдың ортасында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісудың аумағында бұрынғы хандықтар мен қожалықтардан өзгеше, жаңа этносаяси бірлестік қалыптаса бастады. Оның негізін Шығыс Дешті Қыпшақ пен Моғолыстан мемлекетін мекендеген, «қазақ» деп аталатын тайпалық бірлестік құрады, ал Алматы аймағы қазақ халқы мен оның мемлекеті-Қазақ хандығының қалыптасу орталықтарының бірі болды. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстанның бүкіл этносаяси тарихында елеулі оқиға болды.Ол келесі жүз жылдықта қазақ халқының нығаюының этникалық аумағының рәсімделуін, рухани және материалдық мәдениетінің дамуын қамтамасыз етті.

Қазақ хандығы мен патшалы Ресейдің отарлау саясаты (Верный) кезеңіндегі қала тарихында, әуелі Қазақ тарихында қазақ –жоңғар жаугершілігі кезіңде, яғни ХVІІ ғасырдың аяғынада бүкіл Жетісу аймағы жоңғарлардың иелігіне өткен еді. Қазақтар өз иеліктерін сақтап қалу үшін қалмақтарға қарсы үздіксіз әскери қимылдар жасап отырды. Жоңғарлар ХVІІІ ғ. басында қазіргі Алматы аймағын толық иеленіп алды. А.И.Левшин: «Үлкен орданың жұрнағы мен Орта орданың аздаған бөлігі Самарқандқа, Кіші орда – Хиуа мен Бұхар жаққа көшіп кетті» [15, С.167.]. Жоңғарларға толық бағынышты болған қазақтарға Жетісу өңірін олардан азат ету үшін қуатты одақтас қажет болды, осылайша Ресейдің бодандығын қабылдауға мәжбүр болды. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының 1723-1730 жылдардағы Отан соғысында жеңіске жетуіне әйгілі Аңырақай шайқасы маңызды болды....Шайқас 1730 жылы көктемде Алматыдан қашық емес Балқаш көлінің маңында өткен[16, 129б.].

ХІХ ғасырдың басында Алматы аймағында бірқатар саяси оқиғалар болды. Ол Орта Азиядағы Қоқан хандығының күшеюі және оның қазақ даласына жылжуы, сонымен қатар Ресей империясының қазақ жерінің оңтүстік аудандарын отарлай бастауы нәтижесінде Ұлы жүздің қазақ рулары 1845 жылы Ресей қол астына қарады. Іленің барлық аймағын империяға қарату үшін 1848 жылы Үлкен орда қазақтары жанынан пристав лауазымы тағайындалды. Іле Алатау өлкесін бақылап тұру үшін патша үкіметі осы жерден бекініс салуды ұйғарды. 1854 ж. көктемде ежелгі Алматы қаласы орнына іргелес (солтүстік-шығысынан) Кіші Алматы өзенінің солтүстік жағасынан, үлкен керуен жолына жақын жерден «Заилийское» деп аталатын бекініс құрылысын бастады. Оның құрылысы 1854 жылдың күзінде аяқталып, келесі жылы бекіністің аты Верный деп өзгертілді[17,17б.].

ХІХ ғ. ІІ-ші жартысында орыс казактары Жетісу жеріне аяқ басқанда, ең шұрайлы жерге қоныстанып, жергілікті халықты басқа жерлерге көшуге мәжбүр етті. 1867-1868 жж. реформаларды дайындауға қатысып, Жетісуда болған А.Гейнс орыс казак қоныстанушыларының бейбастық әрекетттерінің салдарынан былай деп өкінішпен баяндаған: «Жақын маңдағы ағаш атаулыны түп тамырымен қазып алып, тып-тыйпыл еткені сондай, адам бұрын орман өсіп тұрған жерге келген кезде бір шыбықты да көрмейді».Сонымен бірге орыс казактары жаңа қоныстары үшін орын таңдаған кезде қазақтардан жерді тартып алу жағдайларын реттейтін заң нормаларының болмауы себепті « егіншілік үшін ең шұрайлы») аудандарды басып алып, «аборигендерді» құнарсыз қуан жерлерге ығыстырып, жергілікті бастықтарға «дән ризашылығын білдіріп отырды»[18, 415 б.].

Алматы қаласы жайында П.П. Семенов –Тянь-Шаньский былай деп жазған: «Өзім Көксуға бара жатқан жолымда 11 тамызда(1886ж.) мен Іле арқылы жүріп отырып, тамыздың аяғында Іледен арғы өлкеге, Верный бекінісіне немесе, жергілікті тұрғындар айтатындай Алматы қаласына жеттім. Алматы қаласы Алматинка өзенінде орналасқан, шамамен алғанда Пизамен және Флоренциямен бір ендікте жатыр [18, 510-511бб.]. Ресей үкіметінің Верный әскери бекінісін салудағы мақсаты Қазақстанның Оңтүстік аудандарын басып алу, Орта Азияны бағындыру болды. 1867 жылы 11 сәуірде Верный бекінісі қалаға айналып, оны Алматинск деп атау қабылданбай, осы жылы үкіметтің «Дала комиссиясы» баяндамасы бойынша қала Верный деп аталды. Жетісу облысының бірінші губернаторы болып Г.А. Колпаковский тағайындалады


Каталог: edu.history -> media -> upload
upload -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
upload -> Жандарбек з
upload -> Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология
upload -> Боранбаева б. С
upload -> А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым
upload -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
upload -> Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады
upload -> Сапакова К. Н. 2 курс магистранты ХХ ғасыр басындағЫ Ұлттық элитаның Қалыптасу тарихынан
upload -> Мақалада қимақ қағандығын құрған тайпалардың шығу тегінің тарихы және осыған орай ғалымдардың әртүрлі пікірлері талданған. Махмут Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігіндегі» яғма сөзі талданады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу