Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының
2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы
есебі
Қаржы-шаруашылық бөлімі
2016 жылдың 1 тоқсанында 1 308 671 мың. теңге сомасында қаражат бөлінді. 2016 жылдың 1 тоқсанында күтілетін орындалу 672 534 мың теңгені құрайды.
Персоналды басқару қызметі
Ауданда кадр саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет туралы саясатына сәйкес нақты іс шаралар жүргізілді.
2016 жылдың 01 сәуірінде мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 38 адамды құрап отыр, оның ішінде - 6 бос орын, нақты жұмыс істейтіндер саны – 32, оның ішінде - 11 әйел. Аудандағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 1 саяси қызметкер, 31 әкімшілік. Ұлттық құрам бойынша: қазақ-31, румын-1. Мемлекеттік қызметке орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Еңбек және орындаушылық тәртіпті нығайтуға жиі көңіл бөлінеді. Қажет болған жағдайда аппаратта тәртіптік жаза қолданылады.
Мемлекеттік-құқықтық бөлімі
2016 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік – құқықтық бөліммен аудан әкімі шешімінің жобасы тексеріліп, Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуге ұсынылды.
2016 жылдың 1 тоқсанында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 32 өтініш пен хаттар заңнамада көрсетілген мерзімде қарастырылып, оларға жазбаша түрде тиісті жауап берілді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) шарт жасасудан бас тартқандығы үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану үшін ДК «Азимбекова» қатысты 1 талап – арыз жолданды.
Сонымен қатар, бөліммен келесідей іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:
01.02.2016 – 05.02.2016 ж.ж. аралығында өткен Наурызбай ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен есепті кезедесулеріне қатысып, бөлімге қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді;
Есепті кезеңде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 4 отырысы өткізілді.
Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.
Есепті кезеңде мүлікті жария ету бойынша 490 кеңес берілді,
10 754 606 219 теңге соманы құрайтын 428 арыз қабылданды, 5 848 916 219 теңге соманы құрайтын 221 мүлік жария етілді 658 500 000 теңге соманы құрайтын 20 арыз қайтарылды.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша комиссия жұмысына (электрондық конкурсқа) ұдайы қатысуда;
Бөлім ұдайы келесі комиссиялар жұмысына қатысады:
«Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымынан
1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6-ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық комиссиясының;
Наурызбай ауданы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссиясының;
Наурызбай ауданы бойынша он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссиясының.
Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс және маслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу аясында, бөлім террористік тұрғыдан осал объектілерді анықтау мақсатында құрылған жұмыс тобы құрамында, 2015 жылғы 30 наурызда Наурызбай ауданы әкімінің шешімімен бекітілген, Наурызбай ауданы аумағында құрылған сайлау учаскелерін тексеру жұмыстары жүргізілді.
Коммуналдық шаруашылық бөлімі
«ТКШ жаңғырту» бағдарламасының жүзеге асырылуы
«ҚР ТКШ жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Наурызбай ауданы әкімі аппараты тарапынан төмендегі жұмыстар жүргізілді.
Аудандық ПИК басшылары апта сайын тұрғындармен көппәтерлі тұрғын үйлерде және «ТКШ жаңғырту» бағдарламасында кондоминиум нысандарын құру мәселесін анықтау үшін жиналыс өткізілді.
«ТКШ жаңғырту» бағдарламасын енгізу «Рахат» ПМИК төрағасынан ұсыныс түсуде. Алдағы уақытта тұрғындармен жиналыс өткізу және құжаттары дайындау жоспарлануда.
«Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша «Рахат» пәтерлер меншік иесі кооперативінде сыртқы бейне бақылау қондырғысын орнату шаралары жасалуда, 6 камера орнатылды.
Көппәтерлі тұрғын үйлердегі аула аумағының санитарлық ахуалы бойынша «Қалқаман», «Асу», «Рауан» ПМИК ескерту берілді. Бөлім қызметкерлерімен аудан аумағының санитарлық жағдайы тұрақты бақылауда.
«Алматы аулалары» бағдарламасының жүзеге асырылуы
2015 жылдың соңына дейін 6 аулада спорт және балалар ойнайтын алаңдар жұмыстары аяқталды.
Бүгінгі таңда Қалқаман-2 шағынауданы, Әуезов көшесі, 3 үй мекен-жайында спорт және балалар ойнайтын алаңдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Жаңа Алатау» қоғамдық қорымен 6 алаңға құрылыс жұмыстарына байқау жарияланды.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірге 9 спорт және балалар ойнайтын алаңдарының құрылысына инвесторларды жұмылдыру жұмыстары жасалуда.
Электржабдықтау
2016 жылдың бірінші желтоқсанында электр желісімен күрделі және ағымдағы жабдықтарды жөндеу жұмысы атқарылды.
Күрделі жұмыс 302, 763, 764, 408, 701, 708, 857, 309, 488, 882 трансформаторлық қондырғыларға айырғыш, сым реттеу, сақтандырғыштар, сым ауыстыру және быйланыс сақтандырғыштарды ауыстыру жұмыстары жасалды.
Ағымдағы жабдықтарды жөндеу жұмысы 305,313,459, 1058, 304, 759, 489, 302, 698, 757, 1695, 541, 307, 912, 1169, 1168, 312, 311, 313, 539, 974, 519 трансформаторлық қондырғыларға жол жиегін бұтақтан тазалау, жабдықтарды техникалық қызмет көрсету, трансформаторлық қондырғы ауласын қоқыстан тазалау жұмыстары атқарылды.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС мен біріге отырып қарыз иелерін ажырату бойынша аралау жұмыстары жүргізілуде. Жеке сектор бойынша қарыз көлемі бүгінгі таңда 114,92 млн. теңге, заңды тұлғалар бойынша 17 117 957,21 теңгені құрайды.
Сумен қамтамасыз ету
Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тапсырмасымен Қалқаман – 1,2,3,4 және Алты-Алаш шағын аудандарында 2014-2016 жылға су және кәріз жүйелерінің күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда 80 % игерілді. Жүргізіліп отырған жұмыстар күнделікті бақылануда.
«Қарғалы» өзеніндегі тазалау және хлорлау құрылғысымен Қарғалы, Қарағайлы, Құрамыс, және Таусамалы шағынаудандарын ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтитын жаңа суқоймасының құрылысы бойынша жобалық- сметалық жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Ақсай» өзенінен Таусамалы, Тастыбұлақ, Ақжар, Наурыз және Шұғыла шағынаудандарын ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтитын су қоймасы құрылғысы жұмысы бар.
Қазіргі уақытта Таусамалы шағынауданында жаңа екі ұңғыма құрылысы басталып, 2 ұңғыманың жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бүгінгі күнде осы үш айдың ішінде Наурызбай АПУ (аудандық пайдалану учаскесі) 70 мекенжайда - су құбыры құдығынан ағуды орнына келтіру, 57 мекенжайда - жерасты ағуын орнына келтіру, 70 мекенжайда - су құбыры құдығын тазалау, 25 мекенжайда - тиек ауыстыру, су құбырын шаю - 146,8 км, 8 мекенжайда - су құбыры құдығын ағымдағы жөндеу, 3 мекенжайда - есік қақпағымен ауыстыру, 1 мекенжайда жабуға тақта орнату, 187,8 км – су құбыры құдығын ашып жолды кәсіби тексеру жұмыстары жүргізілді.
Газбен жабдықтау
«Алматы газ тармағы» ЖШС мен біріге отырып қарыз иелерін ажырату бойынша аралау жұмыстары жүргізілуде. Жеке сектор бойынша қарыз көлемі бүгінгі таңда 60 мекен жай, 15 млн 412 мың 186,08 теңгені құрайды.
Алматы облысы газ шаруашылықтар қауымдастығы Наурызбай ауданында газ құбыры өтіп жатқан 700 үйде газ жоқтығын ескере отырып орташа және төмен қысымдағы газ ағымдағы жылдың 1 наурызынан жеке тұрғын үйге бағаның 190 000 тенгеге дейін төмендеді.
Бөлімге 146 хат және арыздар келіп түсті, оның ішінде тиісті құзырлы органдарға жіберілгені – 54, түсініктеме берілгені – 92. Көбіне ауызша түрде түсіндіріледі.
Көріктендіру бөлімі
Аудан аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында мердігер ұйымдардың басшыларымен елді мекендердің тазалығы бойынша комиссиялық шығау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Алматы қаласының санитарлық тазалығы және көріктендіру бойынша штабының хаттамасы негізінде, Алматы қаласы табиғи-ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының аудандық аумағындағы санитарлық тазалау және көріктендіру жөнінде ескертпелері бойынша апта сайын жұмыстар атқарылуда.
2016 жылғы жасалған келісім шарттың сәйкес «Керим Жол» ЖШС, «AN-Курылыс» ЖШС, «Магнолия Дистард» ЖШС медігер ұйымдары, шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ы «Алматы тазалық» ЖШС-гі күшімен қалалық, аудандық және жергілікті мәні бар көшелерде тазалық жұмыстары атқарылып, келесі жұмыс түрлері орындалды:
-қарды күреу және сыпыру жұмыстары;
-жол шетін және жаяужолды көк тайғаққа қарсы материалдармен себу;
-аумақты тазарту;
-механикалық сыпыру жұмыстары;
-қоқыс сауыттарын дизенфекциялау және тазалау;
-қар, қатты тұрмыстық қалдықтарды және басқада қалдық түрлерін тиеу және шығару;
Мердігер ұйымдармен жасыл аймақтарды күту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Алматы қаласының әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бастап аудан аумағында тұрғындары мен мердігер ұйымдардың қатысуымен 16 желілік сенбілік өткізіліп, 267 м3 қоқыс полиганға шығарылды. Сонымен қатар, Қарғалы өзенін тазарту және тереңдету жұмыстары барысында 365 м3 қоқыс пен 8500 м3 тас-балшық шығарылды.
Су қорғау аумағында заңсыз салынған құрылыстар, мемлекеттік жер телімдерін қоршау жөнінде анықтау мақсатында құрылған барлық құзыретті мемлекеттік органдардан тұратын жұмыс тобымен жұмыстары жүргізілді. 4 заңсыз салынған көпір мен қоршаулар алынып тасталды.
Алматы қаласы Ветеринариялық орталығымен бірлесе күнделікті қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізуледе. Ағымдағы жылдың басынан бастап 907 қаңғыбас ит ауланды.
Аудан аумағында сыртқы жарық жүйесінің қажет ететін көшелердің түгендеу жұмыстры жүргізілді. «АлматыҚалаЖарық» МКК бірлесіп кемшіліктерді түзету, жанбайтын шамдарды мен ақауы бар желілерді ауыстыру және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жолдың жаңа құрылысы мен орташа жөндеуді талап ететін, арық жүйесі мен жаяу жүргіншілер жолының жаңа құрылысын талап ететін көшелерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Анықтау жұмыстарының нәтижесі бойынша көшелердің тізімі 2016 жылдың жұмыс жоспарына қосу үшін тиісті басқармаларға жолданды. Алматы қаласы автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Дорстрой» ЖШС күшімен 6 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп, ағаш отырғызуға және ауданды гүлмен әсемдеп безендіруге орындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың наурыз айында аудан аумағында 700 түп үйеңкі, шаған және қараған көшеттері отырғызылды.
Бөлім мамандарымен аудан аумағындағы санитарлық қырқудың және апаттық жағдайдағы ағаштарды кесудің көлемін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Біркелкі гаммалық түске келтіру мақсатында Қонаев көшесі мен Надыров көшесінің қоршауларына бояу жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлім
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп:
Алматы қаласы статистика департаментінің мәліметі бойынша аудан аймағында 765 кәсіпорын тіркелген, оның 758 – шағын, 6 – орта, 1 – ірі, 574 – қызметтегі:
соның ішінде әлі жұмыс істемейтіндер (жаңалары) – 143,
белсенді – 188,
уақытша жұмыс істемейтіндер – 243,
таратылу процесінде – 3;
соның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша:
мемлекеттік – 14,
жеке – 737,
мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) – 1,
бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен) – 11,
шетелдік – 14.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2016 жылғы қаңтар-ақпан айларына қазіргі бағасында 303 млн. 831 мың тенге соммасын құрады, 2016 жылдың қантар-ақпан айларында физикалық көлем индексі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82,0 % құрады, қала бойынша көлемдегі ауданның үлесі – 0,26%.
Аудан бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 млрд. 269 млн. теңге соммасын құрады, алдағы өткен жылғы сәйкес кезеңге 28,4 есе, қала бойынша көлемдегі ауданның үлесі – 4,7%, бөлшек сауда айналымының көлемі 90 млн. 144 мың. теңге құрады, алдағы өткен жылғы сәйкес кезеңге 50,4%, көтерме сауда көлемі 201 млн. 100 тыс. тенге.
Есеп беру тоқсандығына «Кәсіпкерлер күні» акциясы аясында бір көшпелі жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста КДҚ «Даму» аймақтық филиалы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерімен мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жолдарын түсіндіру жұмыстары жұргізілді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің мамандарымен күнделікті түрде барлық мүдделі шағын және орта бизнес субъектілеріне кері байланыс арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Салық түсімдері:
Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша 2016 жылғы 30 наурыздағы жағдайға сәйкес аудандағы салық түсімдерінің сомасы 1 206,181 млн.теңгені құрады.
Олардың: республикалық бюждетке 492 млн. 473 мың теңге, жергілікті бюджетке 713 млн. 708 мың теңге.
Заңды тұлғалар саны – 1 168.
Жеке кәсіпкерлер саны – 3 595.
Жеке тұлғалар саны – 41 165.
Тұрғын үйлерді тиісті тіркеусіз жалға беретін тұрғындарды анықтау сұрағы бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппараты, Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Наурызбай ауданының Ішкі істер басқармасы арасында өзара әрәкеттестік туралы бірлескен меморандумға қол қойылды. Аталған бағыт бойынша жұмыс басталғаннан бері, 2016 жылдың 1 тоқсанында 60 салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде тіркеуге алынды.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін 2016 жылдың ақпан айына салықты есептеу үшін жалпы сомасы 12,1 млн. теңгені құрайтын 947 салық төлеуші бойынша мәлімет берді.
Қазіргі таңда аудан аумағында заңсыз орналастырылған, орнатылған жарнама конструкцияларын, баннерлерін, щиттерін анықтау бойынша Наурызбай ауданы бойынша Мемлекттік кірістер басқармасы, «Алматыжарнама» ЖШС және «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ мамандарының қатысуымен бірлескен рейдтері жүргізілуде.
Есептік кезеңде 752 салық төлеушінің ЖСН, БСН анықталды және 9,8 млн. теңгені құрайтын сома есептеуге жүргізілді.
01.01.2016 жыл және 24.03.2016 жыл аралығындағы Наурызбай ауданының жергілікті бюджетіне түсімдер (мүлік, жер, автокөлік, жарнама) 66,1 млн. теңгені құрады.
Жаңа жұмыс орындарын ашу:
Жылдын басынан 244 жаңа жұмыс орны ашылды:
-сауда және қызмет көрсету саласында – 69;
-көлік және байланыс саласында – 20;
-білім беру саласында – 53;
-басқа салаларда -102.
Заңсыз (жабайы) саудамен күресу мақсатында Наурызбай ауданы бойынша ІІБ және Тұтынушылардың құқығын қорғау қызметкерлерімен бірлесе заңсыз (жабайы) сауданы жою бойынша рейдтер жүргізіліп «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 204 бабы бойынша жергілікті атқарушы орган белгілемеген жерде сауда жасағаны үшін және Алматы қаласының көріктендіру ережесі бойынша 2016 жылдың басынан 204 бап бойынша 141 хаттама 266 695 теңге соммасына толтырылды, 505 бап бойынша 283 хаттама 1 272 600 теңге соммасына толтырылды.
Белгіленбеген жерде Заңсыз (жабайы) сауда және ұсақ бөлшек сауда нысандарын жою бойынша аудандық комиссия құрылды, оның құрамына прокуратура органының, ІІБ, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау, АЭҚ, аудандық ветеринарлық инспекция, экология бөлімі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, ТЖ және мемлекеттік кірістер басқармалары, Алматы қаласы экология департаменті қызметкерлері кіреді.
Инфляциялық үдерістер талдау
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағаларының өсін тежеу бойынша Штаб құрылды. Штаб құрамына ауданның прокуратура, ҰҚКД аудандық бөлімі, ауданның мемлекеттік кірістер басқармасы, Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, Ақсақалдар кеңесі, ІІБ және Кәсіпкерлер палатасы, әкім аппараты қызметкері кіреді.
Әлеуметтік маңызы азық-түлік тауарларының бағаларын ұстау бойынша Наурызбай ауданы әкімі аппараты мен ауданның сауда кәсіпорындары арасында (базар, дүкен) және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарымен (ресторан,кафе) меморандумдар жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар жеткізушілер тарапынан бағалардың өсу жайттары бойынша жедел ақпарат беру үшін ол жерде жедел телефон желісінің нөмері көрсетілген. 30.03.2016 ж. жағдай бойынша 123 меморандум жасалды.
Күнделікті сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін 297-04-12 жедел телефон желісі жұмыс істейді және 30 наурыздағы жағдай бойынша арыз-шағымдар түспеді. Аталған жұмыс күнделікті бақылауда.
Аудан аумағында демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Алматы облысы Қарасай ауданы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысады. Есепті кезеңде 28 жәрмеңке өткізілді.
Инвестициялар тарту:
Инвесторларды тарту мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер телімдерін алу мүмкіндігімен аудандағы игерілмей жатқан жер телімдеріне талдау жасалды. Талдау нәтижесінде Наурызбай ауданының аумағында нысаналы мақсатында қолданылмайтын немесе игерілмей жатқан жеке меншік жер телімдері анықталып, аталған жер телімдері бойынша тиісті ақпараттар Алматы қаласы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданды. Барлық жер ауданы 168 га болатын 9 жеке меншік жер иелеріне жер телімдерін нысаналы мақсатында қолдану туралы алдын ала қажеттілік нұсқамасы берілді, оның ішінде екеуі банкте кепілдікте орналасқан. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
«ЖерҒӨО» РМК Алматы қалалық филиалы ақпараты бойынша Наурызбай ауданы аумағында «шаруа қожалығын жүргізу үшін», «тауарлы шаруа қожалығын жүргізу үшін» нысаналы мақсатындағы жалпы аумағы 2500 га-дан асатын 700-ден астам жер телімі бар. Оның ішінде бүгінгі таңда 303-ке жуық жер телімдерінің иелері Алматы қаласының шекарасына кіруіне байланысты сәйкестендіру құжаттарын қайта рәсімдеді.
Жылыжайлар, алма бақтар, тәлімбақтар құру мақсатында нысаналы мақсаты шаруа қожалығын жүргізу үшін және тауарлы шаруа қожалығын жүргізу үшін арналған қолданылмай жатқан жер телімдерінің иелерімен кездесу үшін «ЖерҒӨО» РМК Алматы қалалық филиалына және Алматы қаласы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына, аталған жер телімдері иелерінің барлық координаттарын, онымен бірге байланыс мәліметтері бойынша ақпарат беру туралы сұраным жолданды.
Қазіргі уақытта, Таусамалы ықшамауданында ауданы 1,54 га жер учаскесінде бос тұрған ғимаратты қайта құру арқылы ТОО «Деметра» инвесторымен күнделікті шамамен 3 тоннаға дейін дайын өнімді өндіруге қабілетті ет өңдеу цехының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, «СПМК - 3» ЖШС тоқтап тұрған өнеркәсіп кәсіпорнының аумағында «Монолит Бетон Сервис» ЖШС жалға алу жолымен тауарлы бетон өндірісі және «Солитон +» ЖШС шағын пішінді сәулет бұйымдары өндірісі ашылды.
Қазіргі таңда, Алматы қаласының 2015-2019 жж. Индустриаландыру картасы бойынша Өңірлік координациялық кеңесте, барлық құны 60 млн. тенге болатын және 25 жаңа жұмыс орнын құратын, «Альянс» ЖШС – нің өндірістік-қоймалық ғимараттың құрылыс жұмыстары, оптикалық сымдар, жартылай сымдар, оптикалық және энергетикалық желілер үшін сплиттерлер және желілік темір арқаулар шығару бойынша қызметтегі өндірісті модернизациялау жобасы мақұлданды.
Қоғамдық көлік:
Есептік кезеңде қоғамдық көлік бойынша аудан тұрғындарынан автобустардың қатарға жеткілікті мөлшерде шықпауы себебінен көптеген наразылықтар мен арыздар түсіп, осыған орай автобустардың аралық интервалдары 20-дан 25 минутке дейін созылды. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының берген түсініктемесіне сәйкес бірнеше тасымалдаушылар «Оңай» бірыңғай картасының енгізілуі себебінен маршрутта қызмет көрсетуден бас тартты. Қоғамдық көлік маршруттары интервалының сақталуын анықтау бойынша мониторинг барысында ауданда интервалдың сақталмауы №11, 22, 44 маршруттарда анықталды.
Сонымен қатар, жылдың басынан №4 маршрут Қарағайлы ықшамауданына дейін созылды (№192 мектеп). Аталған маршрутты созу Қарағайлы ықшамауданы тұрғындарын сапалы қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуде, қазіргі таңда жоғарыда аталған маршрутқа қатысты тұрғындар тарапынан наразылықтар жоқ.
Сондай-ақ, Премьера ықшамауданы тұрғындарының көптеген өтініштері мен ұсыныстарының негізінде Премьера, Шұғыла ықшамауданы тұрғындарын қамтумен №137 маршрут Жайлау көшесіне дейін созылды.
Бұдан бөлек, Қарғалы және Рахат ықшамауданы тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамту мақсатында №104 маршрутты Кооптехникумға созу сұрағы қарастырылуда.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Наурызбай ауданы әкімі орынбасарының 2016 жылға бекіткен жоспарына сәйкес 1 тоқсанда мәдени, спорттық, қайырымдылық және т.б. әртүрлі шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Мәдениет саласының басты жұмыстарының бірі тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау болып табылады. Қазіргі уақытта ауданда 3 ескерткіш орналасқан. Олар:
Монументалды:
1. «Ұлы отан соғысында құрбан болған қаһармандардың ескерткіші», 1975 жылы салынған. Таусамалы ш/а, Рысқұлов көшесі, 129 үй.
2. «Ұлы отан соғысында құрбан болған қаһармандардың ескерткіші», 1983 жылы салынған. Қарағайлы ш/а, Қ.Надыров көшесі, 50 үй. Ескерткішке күтім жасау және қоршаған аумағын тазалау мектеп қызметкерлерімен жүзеге асырылады және қорғалады.
Архитекторлық:
1. «Алатау» емдеу-сауықтыру кешені. 1986 жылдың 26 қарашасында шипажай өзінің алғашқы клиенттерін қабылдады. «Алатау» шипажайы – әлі де өзінің тарихи көріктілігін жоғалтпаған Қазақстан және Алматы алдыңғы қатарлы шипажайларының бірі болып есептеледі.
Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 18 қаңтар күні Ақжар шағынауданындағы №186 ЖББМ жастармен әскери-патриоттық, құқықтық, рухани адамгершілік жұмыстары жөнінде азаматтық форум өтті. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – Елбасымыздың Ұлт патриотын және жоғары адамгершілігі зор азаматтарды тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз деген бастамасын жүзеге асыру және аудандық Ардагерлер кеңесінің жастарды рухани адамгершілікке, бауырмалдыққа баули отырып, құқықтық, әскери–париоттық бағытта тәрбиелеуде мемлекеттік ұжымдармен бірлесе насихаттау болып табылады. Форумның бағдарламасы бойынша іс-шараға қалалық және аудандық Ақсақалдар алқасы мен соғыс және еңбек ардагерлері, құрметті аудан азаматтары, мешіттің өкілдері және құқық қорғау органдары мен мектеп оқушылары қатысты.
Сондай-ақ, 18 ақпан күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты №188 жалпы білім беру мектебінің ұжымымен бірлесіп, «Қазақстанда интернационалист жауынгерлерді еске алу» күніне орай және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында «Біз-Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты әскери – патриоттық семинар ұйымдастырып өткізді.
Тұрғындардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік және кәсіби мерекелер ұйымдастырылды. Олар:
5 наурыз күні нәзік жандылардың төл мерекесіне орай №176 мектеп-гимназияның акт залында «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» атты салтанатты шара өтті. Шараға 300 ден аса әйелдер қатысып, гүл шоқтары табыс етілді. Аудан әкімінің орынбасары мерекемен шын жүректен құттықтап, көпбалалы 2 «Алтын алқа», 4 «Күміс алқа» иелерінің кеудесіне төс белгілер тағып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге 17 грамота, 42 алғыс хаттар табыстап, аудан әкімі атынан марапаттады. Салтанатты шараның жалғасы елімізге танымал өнер жұлдыздарының ән мен би шашуларымен аяқталды.
«Наурыз мейрамы»: 21 наурыз «Барлық» базарында, 22 наурыз №188 ЖББМ алды алаңында өтті. Алаңда 4 киіз үй тігіліп, 500 литрдей көже мен 1000 бауырсақ жиналған жұртшылыққа тегін таратылды. Наурыз мейрамы елге танымал өнер жұлдыздары Нұрлан Еспанов, «Дауыс international» және т.б. қатысуымен жалғасын тапты. 6 сағатқа ұласқан мерекелік шараға таңертеңнен бері 1000-нан астам адам қатысты.
23 наурыз күні Ұлық Наурыз мейрамы Қарағайлы шағын ауданы №192 жалпы білім беретін мектептің спорттық алаңында жалғасын тапты. Ауданның кәсіпкерлері, коммуналдық мекемелері мен мердігер ұйымдарының ықпалымен 3 киіз үй тігіліп, келген қонақтар мен аудан тұрғындары ұлттық тағамдардан дәм татты. Шатырдың бір бөлігінде ұйғыр диаспорасы өздерінің ұлттық өнерлерін көрсетіп, тағамдарынан дәм татқызып мерекенің көңілді өтуіне септігін тигізіп жатты. Мерекелік концертке елімізге танымал Шахизада, «Меломен» тобы, Айгерім Қалаубаева және т.б. сынды өнер жұлдыздары жаңа ауданның жұртшылығын мерекемен құттықтап әндерінен шашу шашты.
26 наурыз күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, тұрғындармен бірлесіп Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын «Ақжар» шағынауданы №186 жалпы білім беру мектебі алаңында өткізді. Ауылдың көнекөз ақсақал абыздары мен көпті көрген ақылшы ақ-жаулықты аналары Ұлыстың Ұлы күні қалың жұртты құттықтап, шашуларын шашып, ізгі ниет-тілектерімен жиналған жұртқа ақ баталарын жаудырды.
Ал, кәсіби мереке ретінде 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай 1 наурыз күні №176 мектеп-гимназиясында «Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына, «Алматы қаласының 1000 жылдығына» орай аудан оқушылары арасында КТК сайысынан тұңғыш рет аудандық әкім кубогы өткізілді. Аталмыш ойынға аудан аумағында орналасқан 6 команда қатысты:
Ойынның ережесі бойынша командада 10 адамнан артық қатысуға тыйым салынған және бір мұғалім міндетті түрде қатысуы тиіс. Ойын 3 кезеңнен тұрды, 1 кезең – сәлемдесу, 2 кезең – 5 жаңалық, 3 кезең – еркін тақырып болып табылды. Қатысушы командаларға әр кезеңнің аяғында 5 адамнан тұратын әділ қазылар алқасымен, 3 - 5 аралық ұпаймен бағаланды. Әділ қазылар алқасы өнер саласының жұлдыздары мен актерларынан құралды. Ойынның қорытындысы бойынша 3 орынды №187 мектеп иеленсе, ал 1 орынға өте қызу таласпен №188 мектебі бар болғаны 0,2 ұпай жинап, 2 орынға ие болды. КТК сайысында аудан әкімі кубогының "Бас бәйгесін" №176 мектептің «Транзит» командасы жеңіп алды.
Көңілді кеш соңында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" талантты жүлделі орын иегерлерін аудан әкімінің кубогы және «Мадақтау» хаттарымен марапатталды.
Өскелең ұрпақты, жастарды, сондай-ақ аудан тұрғындарын спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру мақсатында әр түрлі спорттық шаралар өтті.
13 қаңтар күні Қалқаман-2 ықшамауданы, Байтұрсынов көшесі 8 мекенжайында жаңа балалар-спорттық алаңының салтанатты ашылуы өткізілді. Аталған алаң мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында инвестор «Жарық» ЖШС компаниясы арқылы салынды.
9 ақпан күні №176 мектеп-гимназиясында Наурызбай ауданы мен Әуезов аудандарының денсаулық сақтау мамандары мен мемлекеттік қызметшілері арасында Ұлттық спорт ойындар Спартакидалық сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш сайысқа аудан көлемінде 8 команда белсенді атсалысты, атап айтқанда, Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер баскармасының қызметкерлері, Наурызбай ауданы Әкім аппаратының қызметкерлері, Наурызбай ауданы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе Әуезов ауданының медициналық бірлестігінің қызметкерлері өзара асық ату, жамбы ату, тұмақпен ұру, арқан тарту, бұқа тартысы мен 16 келідегі кір тасын көтеру тағы басқа ұлттық спорт түрлерінен сайыскерлер түсті. 1-ші орын аудан әкімінің аппараты, 2- ші орын №1 қалалық клиникалық аурухана, 3-ші орын Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
Сайыс соңында ұйысдастырушы ұжым атынан «Мадақтау хаттарымен» марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
14 ақпан күні Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жасөспірімдер арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған ашық біріншілік турнирі өткізілді. Жалпы жарысқа әр ауданнан келген 17 команда қатысты. Жалпы есепте, ұпай санымен үшінші орынға ие болған Байсейіт ауылының командасы, екінші орынды Нарынқол ауылының командасы иеленді. Ал аталмыш жарыстың «Бас жүлдесін» Наурызбай ауданының командасы қанжығасына байлап қайтты.
12 наурыз күні «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай №187 жалпы білім беретін мектептің спорттық залында ауданымыздың нәзік жанды мұғалімдері мен медицина қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа аудан аумағында орналасқан 6 мектеп және 2 қалалық клиникалық аурухана қатысты. Яғни, олар №157, 176, 186, 187, 188, 192 мектептері және №1 , 7 қалалық клиникалық аурухана командалары. 1 орынды №188 ЖББМ, 2 орын №1 ҚКА ал, 3-ші орынды №176 мектеп-гимназия командасы қанжығасына байлады.
Сайыс аяқталған соң, аудан әкімі атынан салтанатты түрде сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді.
«Наурыз мейрамы» қарсаңында 22, 23 наурыз күндері «Асық ату», «Тұмақ ұру», «Қол күрес», «Арқан тартыс», «Бұқа тартыс», «Қазақ күресі» секілді қазақтың ұлттық ойын түрлері және спортты-интеллектуалдық «Тоғыз құмалақ», «Секірмек» ойындары ұйымдастырылып, аталған сайысқа қатысуға ниет білдіргендер бақтарын сынасты. Жеңімпаздарға аудан әкімінің марапаттау қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Әйелдер және Бөлімге қатысты комиссиялар бойынша жұмыс:
отбаслық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия бойынша:
10 ақпан Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б.Пірәлиевтің төрағалығымен комиссияның алғашқы отырысы өткізілді. Ұйымдастырылған шараға құқық қорғау, білім, денсаулық сақтау және қайырымдылық қорларының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында Еуропалық одақтың және Орталық Азия қорының қолдауымен Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Оңтүстік Қазақстанда адам құқығы бойынша реформаны жүргізу үшін Үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін нығайту» бағдарламасы аясында «Бұрынғы балалар болмайды» жобасының мақсаты мен міндеті, тапсырмасы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен «Родник» әйелдер мен балаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту мен бейімдеу қоғамдық қорының психологы, жобаның үйлестірушісі түсіндірді. Жоба аясында бірқатар сұрақтар талқыланып, отырысқа қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, Алматы қаласы Әділет департаментінің аға сот орындаушысы Р. Нұрсейітов жоба аясында Наурызбай ауданы бойынша алимент төлеу статистикалық-мәліметін көпшілікке ұсынды.
29 ақпан күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Орта Азиялық Евразия қорына бөлген қаржылай қолдауының арқасында "Оңтүстік Қазақстанда ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту үшін адам құқықтары реформаларын насихаттау"бағдарламасы шеңберінде «Родник» қоғамдық қоры «Бұрынғының балалары болмайды» атты жобасымен баспасөз-конференциясы өткізілді. Жоба бойынша ақпараттар легі «Родник» қоғамдық қорының басшысы мен жоба үйлестірушісі, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары, Наурызбай ауданы Ішкі Істер бөлімінің, Әділет департаментінің және Орта Азиялық Евразия қорының өкілдерінің қатысуымен берілді. Жобаның орындалуының басты мақсаты-Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын арттыру арқылы алимент төлемеушілер мәселелерін қарастыру, өз құқығын қорғау қолдану тәжірибесіне қатысты алимент төлемеушілердің механизмін жақсарту барысында ұсыныстар дайындалды.
Бұл жоба қасақана алимент төлеуден жалтару проблемасын «эдвокаси» науқаны арқылы Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының және Алматы қаласы Әділет департаментінің қатысып, қолдауымен шешуге мүмкіндік туғызады
4 наурыз күні «Родник» қоғамдық қоры мен Наурызбай ауданы Ішкі істер басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы А.Абылқасымованың қатысуымен, Орта Азиялық Еуразия қорының қолдауымен «Бұрынғы балалар болмайды» жобасы аясында Наурызбай аудандық сот, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің ғимараттарында ақпараттық науқан өткізілді. Науқан барысында 90 кітапша таратылып, 51 аудан тұрғынына неке және отбасы қарым-қатынасы, алимент төлеу, мүлікті бөлу және басқа сұрақтар төңірегінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда ұйымдастырылып өткізілген науқанның басты мақсаты-Наурызбай ауданы тұрғындарының неке және отбасы туралы құқықтық сауаттылығы мен жергілікті халықтың құқықтық мәдениетін көтеру болып табылды.
Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру туралы мемлкеттік көрсетілетін қызмет бойынша бір құжат қабылданды. 20 күндік мерзімде 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы атағы берілді.
Аудан аумағында бекітілген талаптарға сәйкес 36 заңды темір құрылғылар орналасқан. Оның 34 «OneplusOne» ЖШС-на, ал
2 «Алматықалабезендіру» АҚ-на тиесілі.
Әлеуметтік сала бөлімі
Наурызбай ауданы әкімі аппараты әлеуметтік сала бөлімі ережесіне сәйкес келесідей міндеттерді атқарды:
Комиссиялар бойынша:
Іс-әрекетке қабілетсіз азаматтарды қамқорлыққа және қоғаншылыққа алу органымен 1 құжат қарастырылып, қоғаншылық тағайындалды;
Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді тіркеу комиссиясының 6 отырысы өткізіліп 14 азаматтың құжаттары қарастырылыды (14 - куәлік, 13 – бірыңғай жәрдем ақы төлеу);
1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында
6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша Наурызбай ауданы әкімінің жанындағы арнайы комиссиясының 4 отырысында 6 адамның құжаттары қарастырылды;
Халықтың аз қамтылған қатарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша аудандық комиссияның 9 отырысы өткізілді, 140 құжат қаралып, жәрдемақы тағайындалды;
18 жасқа дейінгі балалары бар көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға жәрдемақы төлеу бойынша комиссиясының
6 отырысы өткізіліп, 14 құжат қарастырылды.
Атқарылып жатқан жұмыстар 2016 жылғы жоспарға сәйкес жүргізілуде, комиссия отырысы өтініш түсуіне байланысты өткізіледі.
Жылдың басынан бастап «1000 мейірімді іс» акциясы аясында, азық-түлік жинағы, емдеу – сауықтыру шипажайына жолдама, тегін дәрі-дәрмек және медицина мекемелерінен тексерістен өтуге сертификат, киім-кешек, кеңсе тауарлары мектеп жасындағы балаларға, қайырымдылық ас, көмір сияқты әлеуметтік көмек 172 мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілді.
2016 жылғы 15 қаңтар күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты аудандық ақсақалдар алқасымен бірге Ақжар ш/а №186 мектепте, «Әскери – патриоттық, құқықтық, жастарды рухъани дағдылау жұмысы бойынша Азаматтық форум» өтті.
2016 жылғы 5 ақпан күні Алматы қаласы әкімі аппаратының қолдауымен 6 тұрғынына (3 зейнеткер, 2 тылда жұмыс істеген, 1 «Алтын алқа» иегері) 2 – 12 мамыр аралығында «Қазақстан» шипажайына демалуға жолдама берілді.
2016 жылғы 9 ақпан күні Алматы қаласы әкімінің қолдауымен
4 тұрғынға азық – түлік жинағы таратылды.
2016 жылғы 10 ақпан күні 50 ақсақалдар алқасы мүшелерімен аз қамтылған зейнеткерлерге «Байтерек» мейрамханасында қайырымдылық асы берілді.
2016 жылғы 11-12 ақпан күндері «Шұғыла» 12 тұрғынға оның ішінде:мүгедек, жалғыз тұратын зейнеткер, аз қамтылған соғыс және тылда жұмыс істеген ардагерлерге көмір, азық – түлік жинағы, кеңсе тауарлары таратылды. Көрсетілген іс – шараға «Алматы» ТК және «Алматы ақшамы» газеті қатысты.
2016 жылғы 17 ақпан күні аудан әкімі аппараты ұйымдастыруымен «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Наурызбай ауданы Ақсақалдар алқасының төрағасы М. Каркенов «Құрмет» төс белгісімен мараппатталды.
2016 жылғы 18 ақпан күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері №188 жалпы білім беру мектебімен бірге (Таусамалы ш/а) «Біз – Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты әскери – патриоттық семинар өткізілді, сондай – ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жылдығы мерейтойына орай, аудандық мектептерде 8 Ауған соғысы ардагерлеріне арналған іс – шара өткізіп, естелік сыйлықтар және азық – түлік жинағы таратылды.
2016 жылғы 19 ақпан күні Алматы қаласы әкімінің қолдауымен 4 аудан тұрғына (көпбалалы, жалғыз тұратын зейнеткер, 2 ауған соғысы мүгедегі) 5000 теңге көлеміде медициналық мекемелерден тегін тексерістен өтуге сертификат берілді.
Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні №7 ҚКА мәжіліс залында Наурызбай ауданы әкімінің келесі сұрақ бойынша жұмыс жиналысы өткізілді:
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы және 2016 жылғы Алматы қаласы дамыту бағдарламасын Наурызбай ауданында жүзеге асырылуы;
«Кәсіпорындарда жұмыскерлердің алдында бершегі (қарыз) болдырмау».
Жиналысқа Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары – Ш.Ақбергенова, аймақтық кәсіподақ бірлестігінің заңгері – А.Бақаев, аудандық құрылымдық бөлімшелерінің және кәсіпкерлер, сондай – ақ, «Алматы» ТК, «Алматы ақшамы» гәзетінің өкілдері қатысты.
2016 жылғы 19 наурыз күні Наурызбай аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында «1000 мейрімді іс» акциясы аясында «Наурыз» мейрамымен тұрғындарды оның ішінде: тылда жұмыс істеген ардагерлер, азқамтылған, көпбалалы жанұя, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерді құттықтау ұйымдастырылды. Шақырылған 20 адамға, аудан әкімі атынан азық – түлік жинағы және естелік сыйлықтары таратылды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевтың хаттамасына сәйкес, 7 Шұғыла шағынауданың тұрғындарына көмек көрсетілді. Көрсетілген іс –шара туралы басылым «Алматы ақшамы» гәзетіне жарияланды.
Ағымдағы жылдың 19 – 24 наурыз аралығында 23 жүре алмайтын зейнеткерлер мен мүгедектердің және 100 жастан асқан ұзақ өмір сүруші қарияларға азық – түлік жинағымен ақшалай конверт сыйланды. «Хабар» ТК түсірілім жасалынды.
Ауданда келесідей әлеуметтік қорғалмаған тұрғындардың мұқтаждарын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнде келесідей халық нысандары анықталып отыр:
Жәрдемақы және зейнетақы алушылардың жалпы саны – 16 495, оның ішінде: 10 935 жәрдемақы алушы, 5 560 жасы бойынша зейнетақы алушы;
ҰОС қатысушылар және мүгедектері – 12;
ҰОС қатысушыларымен мүгедектеріне теңестірушілері – 116;
Тылда жұмыс істеген ардагерлер – 370;
1, 2, 3 топтағы мүгедектер – 1220;
Мүгедек балалар – 203;
Ордендер және медальдармен марапатталған аналар саны – 342;
Көпбалалы отбасылар саны – 591;
Жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар
Жыл басынан аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 278 адамға қызмет көрсетіліп, жұмыссыз ретінде тіркеуге алынды. Жұмыссыз ретінде тіркелген - 228 адам.
Әлеуметтік жұмыс орындарына (мемлекттік бюджет) 33 – адамды жіберу жоспарланып, I тоқсанда 26 адам жіберілді. 4 млн. 856 мың теңге бөлініп, 1 млн. 869 мың теңге игеріліп отыр.
Әлеуметтік жұмыс орындарына (жергілікті бюджет) 11 – адамды жіберу жоспарланып, I тоқсанда 10 – адам жіберіліп отыр. Бөлінген 3 млн. 805 мың теңгенің 680 мың 729 теңгесі игерілді.
Жастар тәжірибесіне 26 адам жіберу жоспарланып, I тоқсанда 16 жас түлектер тәжірибе жинақтауға жіберіліп, 1 жылға бөлінген 6 млн. 941 мың теңгенің 2 млн. 56 мың 206 теңгесі игерілді.
Тұрақты жұмыс орындарына 700 адам жіберу жоспарланып, 191 адам жіберіліп отыр.
«Жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы төмен тұрғындарды қайта оқыту, жұмысқа орналасуға көмектесу және өз ісін ұйымдастыру арқылы, жұмыспен нәтижелі қамтылуына жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту, түсіндіру жұмыстары атқарылуда.
Оқыту курстары бойынша:
Кәсіби даярлау курсына жоспар бойынша 3 адам жіберу жоспарланып, 2015жылда жіберілген 3 адам оқуларын жалғастыруда . Қайта даярлау курстарына жоспар бойынша 12 адам, біліктілігін арттыру бойынша 2 адам жіберу жоспарланып, I тоқсанға қайта даярлау курстарына жіберілмеді.
Нысаналы топтар бойынша жұмысқа орналастыру:
Мүгедектер бір жылға – 10 адам, бағытталған – 3 адам;
Табысы төмен адамдар бір жылға – 4 адам, бағытталған – 0 адам;
Өзін өзі жұмыспен қамтығандар бір жылға – 32 адам, бағытталған – 0 адам.
Денсаулықсақтау
Ауданда 3 аурухана №1, 7 қалалық клиникалық аурухана, УК «Ақсай», 2 қалалық емхана №26, 27 және 4 дәрігерлік амбулатория Қарағайлы, Қарғалы, Қалқаман және Құрамыс.
Қазақстан Республикасы «Денсаулық» 2016-2020 жылғы денсаулық сақтауды дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 тоқсанында Наурызбай ауданы АМБ – мен ауданда және Алматы қаласында тұрғындарына медициналық көмек беруді жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарылды.
№26 ҚЕ – 1 тоқсаны бойынша 31 328 адам тіркелген. Профилактикалық терсеру жоспарының 31,4% орындалды. Флюрографияның жылдық жоспары – 14 495 адамды құрайды, 3232 (22,3%) орындалды. Нашақорлық, шылым шегу, алкогольге, әлеуметтік маңызы бар аурулар тақырыптана насихаттау жүргізілуде.
Сонымен қатар «Бүкіләлемдік Денсаулық күні», «Алғыс айту күні», «Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес» күніне орай 1110 адамның қатысуымен ашық есік күндері өткізілді.
8 наурыз халықаралық әйелдер күні, Наурыз Мемлекеттік мерекелерін тойлау мақсатында акциялар, флеш моб, ашық есік күндері және нақтыланған мамандардың қатысуымен лабораториялық диагностика өткізілді.
№27 ҚЕ – барлығы 16 814 тұрғын тіркелген. Тұрғындарға медициналық көмекті жалпы тәжірибе дәрігері көрсетуде, 8 участкеге. Профилактикалық терсерудің жалпы жоспары бойынша 35,5% орындалды. Флюротексеру жоспарының – 24,5%. Қолданбай тұрған қымбат қондырғылар жоқ.
Әлеуметтік маңызды ауруларға қатысты, қатерден сақтау үшін тұрғындарды хабардар ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дәрі – дәрмекке мұқтаж адамдар №15 ҚЕ дәріханасы арқылы қамтамасыз етілуде.
Қалқаман дәрігерлік амбулаториясы (№18 ҚЕ филиалы)
Бүгінгі күнде қызмет көрсетілетін тұрғындардың саны – 18 769 адамды құрайды, оның – 10 619 ересектер, 674 – жас жеткіншектер, 7476 – балалар.
Стационарды ауыстырушы техналогиямен 123 адам қамтылған, күндізгі стационар 18 құрылған.
ҚКА «№1 Қалалық клиникалық аурухана»
2016 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызға дейінгі кезеңде:
№1 ҚКА стационарына барлығы – 4229 науқас жатқызылды;
4125 – науқас шығарылған;
2016 жылдың 1 тоқсаны бойынша туылғандар:
768 – бала;
Қаңтар – 377;
Ақпан – 233;
Наурыз – 158;
ҚКА «№7 Қалалық клиникалық аурухана»
2016 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейінгі кезеңде:
№1 ҚКА стационарына барлығы – 5580 науқас жатқызылды;
5190 – науқас шығарылған;
Барлығы «Салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша 98 іс – шара өтті: акциялар, ашық есік күндері, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық іс – шаралар, денсаулық мектебі т.б.
2016 жыл 16 қаңтарында ЦК Компартиясы Қазақ ССР – нің Бірінші сектары Д. А. Қонаевтың туылған күніне орай №1 ҚКА - да Ашық есік күні акциясы өтті.
Қабылдауды келесі дәрігіерлер өткізді: пульмонолог, окулист, гинеколог, лор, кардиолог, терапевт, невропатолог, гинеколог, хирург, аллерголог, клинич. фармаколог, эндокринолог, гастроэнтеролог, УЗИ кабинеті, МРТ кабинеті, КДЛ, функциональной диагностики кабинеті, физиобөлім.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап №7 ҚКА – да қызметкерлерге арнап спорттық зал, дайындық залы жұмыс істейді. Қызметкерлер осы залдарда спортпен шұғылдануда. Клиника әкімшілігі дене шынықтыру мен спортпен айналысуға мүмкіншілік тудырды. Бокс және кросс-фит секциясы жұмыс істейді.
2016 жыл 16 қаңтар. №1 ҚКА қызметкерлері арасында Спартакиада өтті. Жарыс арқан тартысы, гир, шахмат, қаппен секіру бойынша өткізілді.
20.01.2016 жылы «Нұр Отан» ХДП филиалының бастамашылығымен келесідей акциялар жүргізілді:
- үйде медицина қызметкерімен ҰОс ардагерлері тексеруден өтіп, медициналық көмек көрсетілді. Ардагерлер участкелік терапевт дәрігерлердің диспансерлік тіркеуінде мекен-жайы бойынша тұр, ай сайын дәрі-дәмек алуда.
- маңызды аурулар бойынша медициналық препараттар берілді.
2016 жыл 06 ақпан. №176 мектеп - гимназиясында ҚР Мәжілісінің Кезектен тыс сайлауына қатысты және Алматы қаласы Ауезов және Наурызбай ауданы мемлекеттік қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Спартакиада өтті. Сайыс 8 команда арасында жүргізілді.
№1 ҚКА, №7 ҚКА қызмтекерлері, Наурызбай ауданы Әкімі аппаратының қызметкерлері, Халыққа қызмет көрсету Орталығы қызметкерлері, Мемлекеттік кірістер Басқармасы қызметкерлері, Ауезов ауданы медицина қызметкерлері құрама командасы.
2016 жыл 20 ақпан. №1 Қалалық клиникалық аурухананың кіші мәжіліс залында Алматы қаласы Наурызбай ауданының мемлекеттік қызметкерлері арасында 1 наурыз «Алғыс айту күні» және ҚР Мәжілісінің Кезектен тыс сайлауы шеңберінде шахматтан турнир 5 командалардың белсенді қатысуымен өтті:
№1 ҚКА, №7 ҚКА, Наурызбай ауданы әкімі аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері қатысты.
2016 жыл 25 ақпан. №188 мектебінің спорт залында Наурызбай ауданы медицина бірлестігінің қатысуымен Спартакиада өтті. Іс-шара 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні аясында ауданның 6 мектебі оқушыларының қатысуымен «Спорт шылым шегуге қарсы!» атты ұранмен өткізілді.
Бұл спорттық іс-шараның мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, ұллық және өзгеде спорт түрлерімен нашақорлыққа қарсы күресу.
Белсенді қатысқан командалар тізімі:
№157, 176, 186, 187, 188, 192 мектеп оқушылары.
2016 жыл 1 наурыз. «Алғыс айту» күніне орай іс-шаралар, аурухана қызметкерлерінің қатысуымен клиника ауласында Флеш моб., «Денсаулық күні» тақырыбына арнап нақтыланған мамандардың қатысуымен лабораториялық диагностика, Ашық есік күні акциясы өтті.
2016 жыл 5 наурыз. ауданның барлық медициналық бірлестіктерінде «Әйел денсаулығы» тақырыбына Ашық есік күндері ұйымдастырылды.
2016 жыл 12 наурыз. Таусамалы ш.а. Жандосов көш. 4 мекен-жайындағы №188 жалпы білім беру мектебінде, Алматы қаласы Наурызбай ауданы мемлекеттік қызметкерлер командалары арасында Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мейрамына орай волейболдан кішігірім – турнир өтті. Қатысқан 8 командада №1 ҚКА, №7 ҚКА, №157, 176, 186, 187, 188, 192 мектебі мұғалімдерінің командасы.
2016 жыл 14-15 наурыз. №7 ҚКА «Инсульт» тақырыбында науқастармен дәрігерлерге лекция Инсульт мектебінде және Қант диабетін емдеу үшін «Диабет мектебінде» лекция өтті.
2016 жыл 20 наурыз. ауданның барлық МБ-рі ҚР Алматы қаласы Мәжілісі және Маслихатының кезектен тыс сайлауына белсенді қатысты.
2016 жыл 20 наурыз сағ 10.00-де №1 ҚКА Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық дәстүрде салтанатты мерекелік концерт өтті.
2016 жыл 22 наурыз сағ 10.00-де №188 мектеп аумағында барлық медициналық мекемелер, аудандық медицина бірлестігімен бірігіп аудан тұрғындарына арнап қазақ үймен мерекелік ас-шайдан дәм татқызды.
2016 жыл 30 наурыз. Таусамалы ш/а, Жандосов к-сі №187 жалпы білім беретін мектебінде мұғалімдердің қатысуымен «Болашағымызды қорғайық» атты семинар өткізіліп, жасөспірімдердің арасындағы ерте жүктілік және наркоманиялық емделу бойынша тақырып талқыланды. Аталып отырған семинар №26 қалалық емхананың дәрігерлері мен психологтардың қатысуымен болды.
Жәрдемақы төлеу бойынша көрсетілетін көмек
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының негізінде балаларға берілетін жәрдемақы отбасы табысын жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына тағайындалады. Жәрдемақы 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде асырауындағы 18 жасқа дейінгі әр балаға төленеді. Жәрдемақы отбасының орташа табысын есепке алып тағайындалып, ағымдағы тоқсанға өтініш берген айдан бастап төленеді. Азық-түлік себетінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайды.
2015 жылдың басынан 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 14 балаға – 294 536 теңге тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы шешіміне сәйкес Алматы қаласында отбасы табысын есепке ала отырып әлеуметтік көмектер тағайындалуда.
5 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 13 ҰОС мүгедектері мен қатысушыларынан құжаты қабылданып 392 385 теңге төленді.
6 АЕК (ары қарай АЕК) көлеміндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға 98 тұрғындарға тағайындалып, 1 247 148 теңге төленді.
7 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 28 адамның құжаты қабылданып, 415 716 теңгеге бір жолғы әлеуметтік көмек төленді.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы» V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVII сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешіміне сәйкес 20 табысы аз отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып 221 911 теңге төленді.
Ағымдағы жылда мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 6 отбасыларынан құжаттар қабылданып, 6 балаға 13 786 теңге төленді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңының негізінде алты және одан да көп бала туып тәрбиелеген аналардан «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттауға ауданымыздын 4 көп балалы аналарынан құжаттар қабылданды, Алтын алқа-2 адам, Күміс алқа-2 адам.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды жеке көмекшілермен, және санитарлық гигиеналық, көмекші тағы басқа да құралдармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудандық бөлімге жыл басына 218 мүмкіншілігі шектеулі азаматтар келіп 122 адам қамтамасыз етілді. Оның ішінде: -жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы мүгедетерді жеке көмекшілердің көмегімен қамтамасыз ету бойынша 53 мүгедектерден құжаттар қабылданып, 47 адамға жеке көмекші тағайындалды.
-Кресло-арбамен қамтамасыз ету үшін 14 адамнан құжат қабылданды, 1 адам қамтамасыз етілді.
-Санаторий-курортық емдеуге - 71 адамнан құжат қабылданды.
-Тифлотехникалақ құралдармен 2 адамнан құжаттар қабылданып, 1 адам қамтамасыз етілді.
-Сурдотехникалақ құралдармен 3 адамнан құжаттар қабылданды.
-Протезді-ортопедиялық орталыққа 1 адамнан құжат қабылданды.
-Санитарлық гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 60 адамнан құжат қабылданып, 59 адам қамтамасыз етілді.
-Жеке көмекші тағайындау бойынша 53 адамнан құжат қабылданып, 47 адамға жеке көмекші тағайындалды.
Қазіргі таңда 29 балаға үйде әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік –құқықтық, әлеуметтік – мәдени және әлеуметтік – экономикалық сияқты 7 түрлі арнайы әлеуметтік көмек көрсетілуде.
Ұйымдастыру жұмысы және
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Наурызбай ауданы әкімі аппаратына есептік кезеңде 872 кіріс хат-хабар келіп түсті, оның ішінде: 25 - заңды тұлғадан; 172 – жеке тұлғадан; 495 – қызметтік, 110 - директивті, 70 - ұйымдастыру құжаттары. Шығыс құжаттары – 1289, оның ішінде: 22 – заңды тұлғадан; 164 – жеке тұлғадан; 475 – қызметтік, 60 - ұйымдастыру құжаттары, бастамашыл – 568. Жалпы құжат айналым – 2161 құжатты құрайды.
Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі аппаратының басшылығы жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды өткізеді.
Есептік кезеңде аудан әкімі мен әкім орынбасарларының қабылдауында 115 адам болды. Қабылдауда көтерілген мәселелердің негізгі бөлімі: коммуналдық-шаруашылық және көріктендіру мәселелері – 29; кәсіпкерлік қызмет – 17; әлеуметтік мәселелер –19, тұрғын үй және басқа 13, жер мәселесіне қатысты- 19, спорт және мәдениет, білім саласы- 14, тағы басқа-4. Оның ішінде 10 мәселе оң шешілді, 85-не түсінік берілді және 20 басқа ұйымдардың қарастыруына жіберілді.
Наурызбай ауданы әкімінің қабылдаған өкімдері: жеке құрам бойынша 44, негізгі қызмет бойынша 52.
2016 жылы ақпанның 01-нен ақпанның 05-не дейін Наурызбай ауданы әкімі халықпен 5 есептік кездесу өткізді. Есептік кездесулерге қатысқан тұрғындардың жалпы саны 1270 адам. Есептік кездесулер барысында барлығы 64 адам сөз сөйледі. Есептік кездесулер барысында барлығы 250 ауызша және жазбаша сұрақ қойылды. Аудан тұрғындары тарапынан қойылған 112 ауызша және 138 жазбаша сұрақтарға әкім ауызша түсінік беріп өтті. Комиссия құрып қарастыруды немесе аталған орынға аралау жұмыстарын қажет ететін сұрақтар бойынша әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандық қызметтерге әкім тарапынан тапсырма берілді.
АХАТ бөлімі
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстары мен сұрақтар үнемі бақылауда. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 9 түрлер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
01.01.2016 ж. - 31.03.2016 ж. аралығы бойынша АХАТ бөлімі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсеткен:
1. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
бойынша – 13;
2. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша –
95;
3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру бойынша – 3;
4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе
анықтамалар беру бойынша – 32;
5. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
енгізу бойынша – 104;
6. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
бойынша – 33;
7. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша –
601;
8. Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша –
67;
9. Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша –
1.
Барлығы 2016 жылдың 1 тоқсанында мемлеттік қызметті алған адамдар
саны – 949 адам.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу анықталмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар
Достарыңызбен бөлісу: |