Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша



бет1/16
Дата18.03.2017
өлшемі3,08 Mb.
#12032
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(ПОӘК)
«Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша

5В050900 «Қаржы» мамандығы

Алматы, 2012 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Қаржы» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Оналтаев Дархан Оналтаевичпен дайындалған.
Кафедраның мәжілісінде талқыланып ұсынылған

Хаттама № Кафедра меңгерушісі __________________ э.ғ.д., профессор Бертаева К.Ж.


Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданған

Хаттама № 1 «________»____________________ 2012 ж.
АЭСА Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ «_______ » _____________________________2012 ж.

ОӘК төрағасы, оқу жұмысының проректоры

___________________________ профессор Машанова Р.К.



Мазмұны








Бет



Пәннің типтік оқу бағдарламасы






Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы






Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)






Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі






Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы






Дәрістер кешені






Семинар сабақтарының жоспары






Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар






Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар






Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары






Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз ету






Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялар тізімі





Типтік оқу бағдарламасы
«ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕЛДАЛДАРЫ»
І МОДУЛЬ

I БӨЛІМ. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.

1-тақырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы мен құрамдас бөліктері.
Қаржы нарығының дамуы мен құрылуы. Әр түрлі экономистермен «Қаржы нарығы» түсінігінің трактовкасы.

Қаржы нарығының маңыздылығы. Экономиканың дамуындағы қаржы нарығының рөлі. Қаржы нарығының функциялары. Реттеу функциясы. Коммерциялық функциясы. Баға белгілеу функциясы. Ақпараттық функциясы. Бөлу функциясы. Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру функциясы.

Қаржы нарығы құрылымының түсінігі. Қаржы нарығының институционалдық құрылымы. Қаржы нарығына қатысушылар. Қаржы нарығының сегменттері.

Қазақстанның қаржы нарығы және оның құрамдас элементтері. ҚР-дағы қаржы нарығының жіктелімдік ерекшеліктері. Қазақстан қаржы нарығының институционалдық құрылымы. Қазақстан қаржы нарығындағы айналыста қолданып жатқан қаржы құралдарына тәуелді ҚР-ның қаржы нарығының жіктелімдері.


2-тақырып. Ақша нарығы және оның қаржы құралдары.
Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні. Экономикадағы ақша нарығының рөлі. Ақша нарығының функциясы. Ақша нарығының құрылымы.

Ақша нарығының қаржылық құралдары. Қазақстан Республикасының банкноттары және олардың айналыс ерекшеліктері. Қолма-қол ақшалар және ақша функциясы.

Вексель түсінігі. Вексель түрлері. Векселдік операциялар. Қазақстан Республикасындағы векселдік айналыстар. Банктік акцептер.

Чек түсінігі. Чек түрлері. Қазақстан Республикасының территориясындағы чекпен есеп айырысу. Төлем карточкаларымен тікелей жүргізілетін операциялардың түрлері.

Ақша нарығының төлем құралы. Қолма-қол ақшамен және қолма-қолсыз ақшамен төлемдер жүргізу. Шаруашылық субъектілер арасындағы есеп айырысудың рөлі және төлемдік міндеттемелер.

Субъектілер арасындағы есеп айырысудың рөлі және төлемдік міндеттемелерінің міндеттемелері.

Аккредитивтер және оның түрлері. Құжатты және құжатты емес аккредитивтер. Қамтамасыздандырылған және қамтамасыздандырылмаған аккредитивтер.
З-тақырып. Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.
Депозит нарығының мәні. Депозит нарығының мағынасы мен рөлі. Депозит нарығының функциясы. Депозит нарығының құрылымы. Қазақстан Республикасы депозит нарығы инфрақұрылымының ерекшеліктері.

Депозит, коммерциялық банктердің ресурстық базасы. Депо­зит түсінігі және оның рөлі. Депозиттердің типтері. Талап еткенге дейінгі депозиттер. Талап еткенге дейінгі депозиттік шоттардың ерекшеліктері. ATS-шотына орналастыру. Контокорренттік шот. Овердрафт пен ағымдағы шот. Коммерциялық банктердің чектік депозиттермен жұмыс жасауы. Ноу-шоттың ерекшеліктері. Жинақ депозиттерінің ерекшеліктері. Жинақ кітапшаларындағы шот ерекшеліктері. Жинақ салымы жағдайындағы көшірмеге шот. Ақша нарығының депозиттік шоты.

Жедел жинақ салымы және оның Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері. Коммерциялық банктердің салымдары. Банктік емес қаржылық-несиелік мекемелердің салымдары және олардың мақсаттары.

Депозиттік сертификаттың маңызы және оның қаржы нарығындағы айналысының қажеттілігі, депозиттік сертификаттардың жіктелімі. Айналымды және айналымсыз депозиттік сертификаттар.

Депозит нарығындағы баға белгілеу. Қазақстан депозит нарығындағы ставкалар. Депозит ставкаларының өзгеруіне әсер ететін факторлар.

Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйелері. Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының даму мәселелері.


4-тақырып. Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні.
Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны. Несие нарығының мәні. Несие нарығының функциясы. Қазақстан несие нарығының құрылымы.

Ұдайы өндірістік процесс кезіндегі несиенің рөлі. Несие мен ақшаның өзара байланысы. Несиенің құрылымы. Несие беру сызбасы. Несиенің жіктелімдері. Қазақстан Республикасында дамыған несиенің түрлері. Тұтыну несиесі және оның мақсаты. Өндірістік несие. Ауыл шаруашылық несиесі. Шағын және орта бизнесті не­сиелеу. Ипотекалық несие. Қазақстандағы ипотекалық несиелеудің даму ерекшеліктері. ҚР ипотекалық компаниясы оның Қазақстан Республикасындағы несие нарығындағы рөлі. Мемлекеттік несие. Коммерциялық несие. Халықаралық несие.

Қазақстан Республикасындағы несие нарығының жағдайы. Қазақстан Республикасы несие нарығының құралдары және олардың ерекшеліктері.

Несие нарығындағы баға белгілеу. Несие бойынша банктік пайыздар. Қазақстан Республикасындағы несие берудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасындағы несие нарығының даму мәселелері.


5-тақырып. Валюта нарығы және валюталық операция­лар.
Валюта нарығының түсінігі. Валюта нарығының функциялары. Валюта нарығы: түрлері және оның дамуындағы негізгі кезеңдер. Валюта нарығының дамуы. Валюта нарығының құрылымы.

Валюта нарығына қатысушылар. Валюта нарығының қаржылық құралдары. Валюта түсінігі. Ұлттық және шетелдік валюта. Резервтік валюта түсінігі. Еркін айырбасталатын, ішінара айырбасталатын және айырбасталмайтын (жабық) валюта түсінігі.

Валюталық бағам түсінігі. Валюта бағамына әсер ететін факторлар. Қалқымалы валюта бағамы. Валюталық девальвация және ревальвация түсінігі.

Валютаның биржалық және биржадан тыс нарықтары. Биржадан тыс нарықтағы валютаны сату және сатып алу мәмілелері. Валюталық бағам және валюталық операция. Валютаға сұраныс пен ұсыныс. Валюта бағасына әсер етуші факторлар. Валютаға баға белгілеу және баға белгілеудің түрлері. Валюталық мәмілелер және оның түрлері. Жедел мәмілелер. Кассалық мәмілелер. Айырбас операциялары. Форвардтық валюталық операциялар. Шетел валютасының айырбасталуы (свопы). Валюталық опциондар. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаттар мен реттеулер. Валюталық реттеудің әдістері мен түрлері. Қазақстандағы валюталық реттеудің негізгі бағыттары. Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат. Қазақстандағы валюталық режимді либерализациялау.


6-тақырып. Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының кұрылуы. Жекешелендіру экономиканың қайта құрылу процесі. Шағын жекешелендірулер. Жаппай жекешелендірулер. Жекелеген жобалар бойынша жекешелендірулер. Ауыл шаруашылығын жекешелендіру.

Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері. Бағалы қағаздар нарығының маңыздылығы. Бағалы қағаздар нарығының функциялары. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық функциясы. Бағалы қағаздар нарығының ерекшелік функциялары.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымы. Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Эмитенттер. Инвесторлар. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар.

Бағалы қағаздар нарығының құралы. Бағалы қағаз түсінігі. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы қағазлар. Туынды бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың жіктелімі.

Акция түсінігі және түрлері. Қазақстан Республикасындағы акциялар нарығы және оның даму мәселелері. Облигация түсінігі. Облигация түрлері. Қазақстан Республикасындағы облигацияның айналыс ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағалы қағаздары. МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕУЖКАМ, МЕИКАМ, МЕКАВМ маңыздылықтары және міндеттері. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің ноталарының маңыздылықтары мен міндеттері.

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы. Бағалы қағаздардағы баға белгілеу. Бағалы қағаздардың номиналды бағамы түсінігі. Қазақстандағы қайталамалы бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасындағы қайталамалы бағалы қағаздар нарығының даму мәселелері.


7-тақырып. Сақтандыру нарығы.
Сақтандыру нарығын дамытудың негізгі аспектілері. Сақтандыру нарығының түсінігі. Сақтандыру нарығының функцияла­ры. Қазақстан сақтандыру нарығының құрылымы.

Сақтандыру нарығының қаржылық құралдары. Сақтандырудың экономикалық мәні. Сақтандырудың түрлері. Қазақстан Рес­публикасындағы міндетті сақтандырулар. Ерікті сақтандырулар. Өмірді сақтандыру. Азаматтық-құқықтық міндеттемелік сақтан­дыру. Көлікті сақтандыру. Медициналық сақтандыру. Сақтандырудың жіктелімі. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қызмет ету ерекшеліктері.

Сақтандыру марапаттаулары мен сақтандыру жарналарының түсінігі.

Сақтандыру нарығының қатысушылары. Сақтандыру нарығын реттеулер. Сақтандыру нарығының құралдары. Қазақстанда сақтандыру нарығының дамуы. Қазақстанда сақтандыру нары­ғын құқықтық қамтамасыз ету. Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы.

Сақтандыру өнімдеріне баға белгілеу. Қазақстан Республи­касындағы сақтандыру нарығының даму мәселелері.
8-тақырып. Зейнетақы нарығы.
Қаржы нарығы жүйесіндегі зейнетақы нарығының орны. Зейнетақы нарығының маңызы. Зейнетақы нарығының функция­лары. Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымы.

Зейнетақы нарығының катысушылары. Зейнетақы жүйесінің түрлері. Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі. Жинақгаушы зейнетақы жүйесі. ҚР-дағы зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау. ҚР-да зейнетақы жүйесін құқықтық қамтамасыз ету. Зейнетақы нарығындағы баға белгілеу. Қазақстан Республика­сында зейнетақы нарығын жетілдірудің ерекшеліктері.



ІІ МОДУЛЬ
ІІ БӨЛІМ. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ДЕЛДАЛДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ.
9-тақырып. Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.
Қаржы делдалдығының түсінігі. Қаржы нарығындағы қаржылық делдалдықтың рөлі. Тікелей және жанама қаржыландырудағы қаржылық делдалдықтың басымдылықтары.

Қаржы делдалдарының түрлері. Қаржылық делдалдықтың функциялары. Қаржы делдалдарының нарықтағы рөлі. Қаржы делдалдарының операциялары.

Депозит түріндегі қаржы институттары. Депозиттік емес түрдегі қаржылық институттар. Банктік институттар және олардың міндеттері. Коммерциялық банктер және несие ұйымдары. Зейнетақы қорлары. Инвестициялық компаниялар және қорлар. Сақгандыру ұйымдары. Басқа да қаржылық делдалдар.
10-тақырып. Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі.
Банк түсінігі. Қаржы нарығының инфрақұрылымындағы банктердің рөлі. Эмиссиялық және эмиссиялық емес банктер.

Орталық банктердің маңызы. Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктердің орны. Қаржы нарығы жүйесіндегі орталық банктердің рөлі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің делдалдық операциялары. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі үкіметтің қаржылық агент ретіндегі функциясы. Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудағы алғашқы дилерлік функциясы.

Коммерциялық банктердің маңызы. Коммерциялық банктердің қаржы нарығы жүйесіндегі рөлі.

Коммерциялық банктердің негізгі функциялары. Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары. Коммерциялық банктердің депозиттерді тартуы. Коммерциялық банктердің депозиттік емес операциялары. РЕПО операциясы. Коммерциялық банктердің несиелік операциялары. Банктердің инвестициялық және несиелік стратегиялары. Банктердің несиелік саясаты.

Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер эмитенттер мен инвесторлар. Банктердің инвестициялық портфелінің кұрылымы. Инвестициялық банктер, олардың әр түрлі елдердегі қызметін реттеудің тәжірибесі.

Коммерциялық банктердің брокер-дилерлік қызметі.

Банктердің кастодиандық қызметі.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциялары. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру. Бағалы қағаздар бойын­ша табыстылық.


11-тақырып. Зейнетақы нарығындағы қаржылық институттар.
Зейнетақы нарығының инфрақұрылымы. Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығындағы негізгі институттар.

Зейнетақы қоры түсінігі. Зейнетақы қорын құру және жою тәртібі. Зейнетақы қорының негізгі функциялары.Ұлттық зейнетақы қорының міндеттері мен құқықтары. Ұлттық зейнетақы қорының қызметінің негізгі қағидалары. Зейнетақы қорларының операциялары. Зейнетақы қорларының түрі. Ашық және корпоративтік зейнетақы қорлары, және олардың Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығындағы ерекше қызмет атқарулары. Шетелдік қатысушылармен зейнетақы қорлары.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құру және жою тәртібі (ООИУПА). Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы зейнетақы нарығындағы қызметтері.

Зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар. Банк-кастодиандар. Қазақстан Республикасы зейнетақы нарығындағы банк-кастодиандардың рөлі. Қазақстан Республикасы зейнетақы нарығындағы банк-кастодиандардың қызметі. Зейнетақы қорларының қауымдастығы: құрылуы және қызметтері. Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың Қазақстан Ресупбликасы зейнетақы нарығындағы рөлі.

Жинактаушы зейнетақы қорларының құкықтары мен міндеттері. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кызметтерінің негізгі қағидалары. Зейнетақы қорларының операциялары. Зейнетақы активтерін басқару компаниясының кызметі. Банк-кастодиандардың қызметі.
12-тақырып. Инвестициялық компаниялар және қорлар.
Инвестициялық компаниялар және қорлардың қалыптасуы. Инвестициялық қорлардың түсінігі. Инвестициялық қорлардың қызметінің өзіне тән ерекшелігі. Инвестициялық қорларды құру және жою тәртібі. Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың кызметтерін жүргізудің қағидалары. Қазақстан Респуб­ликасында инвестициялық қорлардың операциялары.

Инвестициялық қорлардың типтері. Бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялық қорлардың жіктелімі. Инвестициялық процестегі инвестициялық компаниялардың рөлі. Пай инвестициялық қорлары. Пай инвестициялық қор кызметтерін жүргізудің ерекшеліктері. Акционерлік инвестициялық қор. Акционерлік инвестициялық қор қызметтерін жүргізудің ерекшеліктері. Өзара инвестициялық қорлар. Өзара инвестициялық қор қызметтерін жүргізудің ерекшеліктері. Инвестициялық компания. Инвестициялық компания қызметтерін жүргізудің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың даму мәселелері.
13-тақырып. Сақтандыру компаниялары және қорлары.
Сақтандыру қызметінің негізі. Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының алғашқы буыны ретіндегі рөлі. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ұйымдарын құру және жою тәртібі. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ұйымдарының қызметтерін жүргізу қағидалары. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ұйымдарының операциялары. Сақтандыру компанияларының түрлері. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының қызметі. Сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығындағы қызметі. Сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығындағы қызметі. Сақтандыру аудиторының Қазақстан Рес­публикасы сақтандыру нарығындағы қызметі.

Инвестициялар мен экспорттық операцияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы.



14-тақырып. Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар.
Мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар түсінігі. Мамандандырылған қаржылық-несиелік институттарының қызметтерін жүргізудің ерекшеліктері. Мамандандырылған қаржылық-несиелік институттарының түрлері. Мамандандырылған қаржылық-несиелік институттарының операциялары. Мамандандырылған қаржылық-несиелік институттарының қызметтерінің қағидалары. Банктік емес ұйымдардың несие беруі.

Несиелік серіктестік түсінігі. Қазақстан Республикасында несиелік серіктестік құру және жою тәртібі. Несиелік серіктестіктің қызметі мен түрлері.

Мамандандырылған банктер түсінігі. Мамандандырылған банктердің қызметтері. Қазақстан тұрғын үй жинақ банкісінің қызметі. Қазақстан даму банкісінің инвестициялық жобаларды несиелендіруі.

Ломбард түсінігі. Ломбардтардың қызметі. Қазақстан Респуб­ликасында ломбардтарды құру және жою тәртібі.


15-тақырып. Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.
Қаржы нарығын реттеудің маңызы. Қаржы нарығын реттеу. Қаржы нарығын реттеудің моделдері. Қаржы нарығын реттеудің әдістері. Қаржы нарығының негізгі қағидалары.

Қаржы нарығын реттеудің түрлері. Тікелей реттеулер. Қаржы нарығын жанама реттеулер. Қаржы нарығын ішкі реттеулер. Қаржы нарығын сыртқы реттеулер. Қаржы нарығын қоғамдық рет­теулер. Қаржы нарығын мемлекеттік реттеулер. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу бағыттарының негізі. ҚР-ның қаржы нарығын реттеудің заңнамалық негізі. «Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік қадағалау мен реттеу туралы» ҚР-ның заңы.

Алматы экономика және статистика академиясы
«Қаржы» кафедрасы




ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


«Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша

5В050900 «Қаржы» мамандығы





Оқыту нысаны

Күндізгі бөлім

Сыртқы бөлім

ЖБ

КжТБ

Барлығы кредит

3

3

3

Курс

IV

II

II

Семестр

VII

IV

IV

Емтихан (семестр)

VII

IV

IV

Барлығы,

оның ішінде:



135

135

135

Лекция (сағ)

30

9

9

Практикалық (семинар) сабақтары (сағ)

15

6

6

СОӨЖ ( сағ)

45







СӨЖ (сағ)

45

120

120

Алматы, 2012 ж.



  1. Оқытушы туралы мәлімет. Оналтаев Дархан Оналтаевич – э.ғ.к, «Қаржы» кафедрасының профессоры; электрондық адрес: darkhano@inbox.ru




  1. Пәннің пререквизиті. Пән «Қаржы, ақша, несие, банктер», «Экономикалық теория». секілді пәндерді оқып-үйренуден кейін алған білімдері, дағдылары мен ебіне негізделеді.




  1. Пәннің постреквизиті. Пән: «Қаржы менеджменті», «Инвестицияларды қаржыландыру мен несиелеу, «Қаржылық талдау», «Тәуекелдерді басқару», «шет мемлекеттер қаржысы», «Қаржы бақылауы мен аудит» және профильді пәндердің таңдау бойынша курстарын оқып-үйренуге қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз етеді.




  1. Пәннің сипаттамасы. «Қаржы нарығы және делдалдары» курсы қаржы нарығы және делдалдары теориялық негіздерін, қаржы нарығындағы орны және елдегі мен шетелдегі ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Қаржы нарығы және делдалдары тұтастай алғанда мемлекеттің қаржы нарығының тұрақтылығын арттыратын, экономикадағы операциялардың құнын төмендететін, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін, қаржы нарықтың өтімділігін жақсартатын және қаржы нарығындағы саясатты жүргізуге ықпалын тигізетін нарық болып табылады.

  2. СӨЖ және СОӨЖ тапсырмаларының жүйесі ақша, несие және банктер бойынша экономикалық терминдер мен түсініктерді қолданып, құбылыстарды салыстырып, жан жақты талдап үйрену, білуге мақсатталған.




  1. Пәнді оқытудың мақсаты: студенттердің теориялық және тәжірибелік жағынан Қаржы нарығы және делдалдарының категорияларын, олардың маңызын жәнеде ақша мен несие жүйелерінің қызмет ету негіздерін, халықаралық несие – есеп айырысу және валюталық қатынастар, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығының ерекшіліктерін жан-жақты ұғып алуын қамтамасыз ету.




  1. Пәнді оқытудың міндеттері: пәнді оқып білудің қорытындысында студент:

  • ақша мен несиенің мәнін, ақша айналымы және несиелік қатынастарда экономикалык заңдылықтың болатын формаларын ұғып алу;

  • экономикалық және әлеуметтік салада банктердің, ақшаның, несиенің алатын орнын анықтау;

  • дамыған елдердің ақша-несие жүйесін, Орталық және екінші дәрежелі банктердің атқаратын қызметі мен операцияларын оқып- үйрену;

  • қазіргі жағдайда несие мен ақша айналымының мәселелерін анықтай білу, оны шешу жолдарын көрсете білу.




  1. Пәннің мазмұны


1-ТАРАУ. Қаржы нарығы және оның ерекшеліктері

    1. тақырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

Қаржы нарығының мәні мен түсінігі. Экономиканың дамуындағы қаржы нарығының ролі. Қаржы нарығының жіктелімінің ерекшеліктері. Қазақстанның қаржы нарығы және оның құрылымы. ҚР-дағы қаржы нарығының құрамдас бөліктері. Әлемдік қаржы нарығының мәні мен мағынасы. Қаржы нарығының негізгі даму кезеңдері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет