Алматы экономика және статистика академиясы



бет18/32
Дата08.06.2018
өлшемі7,39 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32

Феноменология

Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ келесi ағым - феноменология. Негiзiн қалаған Эдмунд Гуссерль (1859-1938 ж.ж.) . Ойшыл өзiнiң еңбектерiнде “Заттардың өзiне қарай!² деген ұран тастады, өйткенi, сол кездегi И.Канттың iзбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екiншi жағынан, ол неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк деректердiң негiзiнде “тiкелей берiлгенi² жөнiндегi қағидасына қарсы бағытталған болатын.

Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы да келесi екi ұғымды бiр-бiрiне қарсы қояды. Олар бiлiм мен пiкiр. Еуропалық мәдениеттiң дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенiнде. Пiкiр дегенiмiз бұлдыр, айқын емес бiлiм, ол жеке мүдденiң шеңберiмен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретiнде “теория² деген грек сөзiн қояды, ал оның алғашқы мағнасы - бимүдделi аңлау. Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенiң универсалдық көкжиегiн көре алады,- деп қорытады Э. Гуссерль.

Ойшылдың өз алдына қойған негiзгi мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжiрибесi, тарихи процестен тыс өмiр сұретiн алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдiң феноменi - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететiн сезiмдiк тәжiрибе арқылы берiлетiн құбылыс емес, ол - өз-өзiн ашатын, табатын, тiкелей санаға айқын көрiнетiннiң бәрi. Феноменология айқындығы тiкелей интуиция арқылы көрiнетiн идеалдық мән-мағнаны зерттейтiн iлiм. Санадағы феномендер адамға тiл арқылы берiледi. Сонымен қатар, оған адамның жан-дүниесiндегi тебiренiстер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағнасы т.с.с. бәрi де жатады.

Таза сананың iргетасты ерекшелiгi - оның интенционалдығы (intentio,- латын сөзi,- ұмтылу), яғни бiрдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсiру, тiлеу, ой формалары т.с.с. бәрiнiң де заттық мазмұны бар. Интенционалдық - сананың құрамдас бөлiктерiн неше-түрлi мән-мағнаға толықтырады.

Өзiнiң iс-әрекетiнде адам аңқаулық көрсетiп, өзiнiң заттарға қалайша мән-мағна бергенiн байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсiз өмiр сүрiп жатқан (объективтi) өзiндiк танылатын қасиеттерi бар құбылыстар ретiнде қарайды. Ал шынына келгенде, санадан тыс өмiр суретiннiң бәрiн жақшадан сыртқа шығаруымыз керек, өйткенi, санада объект пен субъект бiр-бiрiне өтiп ажырамайтын феноменге айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгiлi-бiр мағна берiп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа тұседi. Бұл арада, бiр жағынан, дүние тануға бағытталған iс-әрекет- ноэзис бар, екiншi жағынан, осы таным процесiнде ашылған мазмұн - ноэма бар.

Э.Гуссерльдiң ойынша, барлық ғылымның, жалпы дұниетанымның негiзiнде “өмiрлiк дүние² жатыр. Ол “барлық адамдарға мәлiм², “тiкелей анық², “адамның көзi жеткен², өмiрде кең қолданылатын, ол жөнiнде адамдар көп ойланбайтын нәрселер. Сондықтан “өмiрлiк дүние² бұкiл адамның дүниетаным негiзiнде жатыр. Ол “алдын-ала берiлген көкжиек², адамның практикалық iс-әрекетiнiң шынайылығы мен мүмкiндiктерiн көрсетедi. Ол қайсыбiр ғылым саласынан бұрын пайда болған, сондықтан, барлық адамның тәжiрибе мүмкiндiктерiнiң, дұниетанымының алғышартын құрайды. ұғымдық сараптау арқылы жүретiн ғылыми таным - әрқашанда шектелген, толық емес, ал “өмiрлiк дұние² - әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесi анағұрлым жоғары.

“Өмiрлiк дүние² неше-тұрлi мән-мағнаға толы, солар арқылы бiз заттарды танып, оларға мән-мағна беремiз. Бiрақ, адамдардың көпшiлiгi дүниедегi санадан тыс өмiр сұрiп жатқан заттарды танып-бiлiп жатырмыз деп ойлайды. Ал, шынына келгенде, адам “өмiрлiк дүниеденұ шығатын мән-мағынаны заттарға таңады. Сондықтан, феноменология осы неше-түрлi мән-мағыналар санадан қалай пайда болатынын зерттейдi. Ол үшiн сананың алғашқы негiзiнде жатқан таза формаларын зерттеу қажет. Оған жету үшiн Э.Гуссерль “эпохе² әдiсiн қолданады. “Эпохе² дегенiмiз феноменологиялық редукция (қысқарту) арқылы заттардың кеңiстiк пен уақыттың шеңберiндегi барлық өмiрдегi байланыстарын “жақшаға алу², “сөндiруұ құралы. Осының арқасында, заттың “эйдосы², яғни таза идеясы, мәнi ғана қалады да, ол таза санаға ашылады.

Сонымен, таза сананы ашқанда, бiз одан “Абсолюттiк Мендi² (субъективтiк ағымды) табамыз. Дүниедегi адамның iс-әрекетке тұсетiн барлық заттары мен құбылыстарына сана мән-мағна бередi екен. Олай болса, санадан тыс өмiр сүрiп жатқан объективтiк шындық жоқ. Ал сана өзiн өзi арқылы түсiнiп, өзiн феномен ретiнде қарайды.

Э.Гуссерльдiң феноменологиясы ХХ ғ көп ағымдарға өз ықпалын тигiздi. әсiрсесе, герменевтика мен экзистенциализмге. Ендi сол бағыттарды талдауға көшейiк.


3.Білім мен тіл мәселелері.

Герменевтика (germeneon,- грек сөзi,- түсiндiремiн) - сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды.

Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библияның негiзгi қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады.

Қайта Өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған мәдени мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол герменевтиканың негiзгi iсiне айналады.

Жаңа дәуiрде ғана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негiзiн қалаған немiс дiни қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол Платонның барлық шығармаларын алғашқы рет немiс тiлiне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме оның ойларының мазмұнынан гөрi оның сөз саптау мәнерiнде, ұлгiсiнде деген пiкiрде болды.

В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын ашатын пән ретiнде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын бiз практикалық iс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәрiс беру арқылы жеткiзсек, өткен адамзат тарихының беттерiн, сол заманда өмiр сүрген адамдардың iшкi жан-дүниесiнiң тебiренiсiн зерттеу ұшiн сол замандағы ақуалға өту, түйсiну, тебiрену арқылы ғана жетуге болады деген пiкiрге келедi. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмiр сүрген ұлы адамдардың өмiр баянын, iшкi рухани тебiренiстерiн тұсiнiп қана баға беруге болады.

Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерльге келер болсақ, ол белгiлi-бiр дәуiрдi жете түсiну үшiн сол кездегi қоғамның “өмiрлiк дүниесiнiң² ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрге келедi. Сонда ғана сол дәуiрде өмiр сұрген адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының мән-мағнасын ашуға болады.

М.Хайдеггердiң ойынша, “болмыстың үйi - тiл². Олай болса, герменевтика iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердiң сырын ашу, оны қайта өмiрге енгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейдi.

Әрине, әр халық өз тiлi арқылы өзiнiң дұниесезiмi мен дұниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Тiлде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған өмiрлiк тәжiрибесi қорланады. Әсiресе, бұл қағиданы көшпендi өмiр салтын ұстаған қазақ халқының өткен тарихын зерттегенде ұмытпағанымыз абзал.

М.Хайдеггердiң ойынша, адам тiл арқылы сөйлегеннен гөрi, “тiл адам арқылы сөйлейдi². Әрбiр сөздiң астарын ашсақ, онда неше-тұрлi мән-мағна жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең сусындаған адам ғана герменевтика iсiмен айналыса алады. Аса көп халықтың сыры оның ұлы азаматтары тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзiк жақтары берiледi. Сондықтан, әр iрi өлеңшi - әрқашанда философ,- деп қорытады М.Хайдеггер.

Герменевтика ғылымына аса зор үлес қосқан немiс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол герменевтика iлiмiн тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдiс ретiнде тұсiнiп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағын негiздедi. Оның ойынша, тұсiну дегенiмiз - адамның дұниетанымының негiзгi жағы ғана емес, ол оның өмiр сүруiнiң анықтаушы себебi, болмысының тәсiлi.

Г.Гадамер осы уақытқа дейiн герменевтикада кеңiнен қолданылған белгiлi тарихи құжатты зерттегенде сондағы руханиятқа өту, түйсiну тәсiлiн үзiлдi-кесiлдi терiске шығарады. Бiр дәуiрден екiншiге, өзiңнен басқаға өту мұмкiн емес. Бұгiнгi таңдағы философ 2,5 мың жылға шегiнiп, Платонның, я болмаса Анахарсистiң тұлғасына өтiп, солар сияқты өмiрдi сезiнiп қабылдай алмайды - ол аңғырттықты көрсетумен тең болар едi. Әңгiме бiреудiң рухани өмiрiне өтуде емес, керiсiнше, сол замандағы мәселелердi қазiргi заманға сай етiп талдауда. Яғни, өзiң мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес, керiсiнше, оның жойылмайтындығын сезiне отырып, басқаның өмiр тәжiрибесiн өз өмiрiңде қолданып қарауда, сондағы оқиғаны өз ақуалыңмен ұштастыруда. Негiзгi мақсат - өткен оқиғаны ой өрiсте қайта құру (реконструкция) емес, керiсiнше, жаңа мән-мағнаны тудыру (конструкция) болып табылады.

Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппiкiрлiктi тудырады. Гадамердiң айтуынша, герменевтиканың iргетасты ақиқаты мынада : бiрде-бiр адам ақиқатты танып-бiлiп, толығынан жеткiзе алмайды. Сондықтан, үне бойы сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға да сөз берiп, оның айтқанын наз қойып тыңдап, түсiнуге тырысу қажет. Мiне, герменевтиканың терең өзегi осында,- деп қорытады ойшыл.

Г.Гадамердiң еңгiзген тағы бiр жаңалығы - тұлғаның тебiренiсiн зерттеуден гөрi оның ойының мән-мағнасына өту керектiгi. Зерттеушi жазылған мәтiннiң әр жағындағы қалам иесiнiң тұлғасын көруге тырысудан гөрi оның ой-тебiренiсiн тудырған затқа үңiлуi қажет. Бұл пiкiрден бiз Г.Гадамер iлiмiнiң психологизмге қарсы екенiн байқаймыз.

Бiр дәуiр екiншiге ауысқан сайын жаңа мәдени ақуал дұниеге келiп, бұрынғы көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетикалық т.с.с. теориялар пайда болғанымен әрқашанда белгiлi бiр тұрақты ой-өрiсi қала бередi. Ол - тiл, оны өзгерту оңай шаруа емес. Тiлдегi қалыптасқан мәдениет тәжiрибесi ұрпақтан-ұрпаққа өтiп, олардың өмiр салтына, iс-әрекетiне, ой-өрiсiне өз ықпалын тигiзiп, сонымен қатар, олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне мұмкiндiк бередi. Осы тұрғыдан алғанда, түсiнбеушiлiк - ол әр тiлде сұхбаттасқанмен бiрдей. Олай болса, тiлге ұқыпты қарау, оны тыңдай бiлу, ондағы ұмыт қалған сөздердi жандандыру арқылы герменевтика өзiнiң негiзгi мақсаты - мәдениеттегi дәнекерлiк қызметiн iске асыра алады.



4.Адам әлемі және әлемдегі адам экзистенциалзм постпозитизм.

Егер позитивизм ағымы ХХ ғ ғылым саласында болып жатқан кұрделi процестердi зерттеп, танымның жаңа жолдарын ашуға барлық кұштерiн салса, “өмiр философиясы², керiсiнше, өмiрдi ақтау мен тұсiнуге шақырып, ақыл-ой, логика, дұниетаным, экономикалық, саяси т.с.с. зерттеулер адамның жан-дұниесiн, өмiр сезiмiн кедейлетедi деген пiкiрге келедi. Расында да, ХХ ғ қарай “адам ақыл-ойдың негiзiнде дұниенi өзгертiп жер бетiне бақытты өмiр әкеледi²,- деген Жаңа дәуiрдегi ағартушылардың романтикалық көзқарастары өткiр сынға алына бастады. Оның бастамасын бiз сол Х1Х ғ өзiнде-ақ өмiр сұрген А.Шопенгауер мен С.Кьеркогердiң шығармаларынан байқағанбыз. Бұл ойшылдардың философияға “еккен² ойлары ХХ ғ әр-түрлi “өмiр философиясының² ағымдарын тудырып, өте жемiстi болып шықты.

Бұл ағымның негiзгi ұғымы ретiнде “өмiр² философиядағы бұрынғы “болмыс² категориясына қарсы қойыла бастады. “Болмыс жоқ, тек қана қалыптасу ғана бар²,- дедi Ф.Ницше. “Ал қалыптасу дегенiмiз өмiр²,- деп әрi қарай өз ойын қорытты.

Өмiр философиясының шеңберiнде “өмiр² ұғымына әр-тұрлi ғалымдар әр-тұрлi мазмұн-мағна бередi. Биологиялық-табиғи көзқарас ұстаған ғалымдар өмiрдi инстинктер, өмiр сүруге деген iңкәр, ерiкке т.с.с. теңейдi. Тарихтық көзқарасқа негiзделген бағыт өмiрдi нақтылы-тарихи мәдениеттi бойына сiңiрген тұлғаның iшкi жан тебiренiстерiмен ұштастырады. Пантеистiк тұрғыдан өмiр үне бойы өзiнiң жаңа формаларын тудырып отыратын ғарыштағы күш ретiнде тұсiнiледi.

“Өмiр философиясының² алғашқы өкiлдерi Вильгельм Дильтей (1893-1911 ж.ж.) мен Георг Зиммель (1858-1918 ж.ж.) өмiрдi ерiк пен iңкәр, сезiм мен тебiренiс деректерi деп анықтайды. Өмiр - хаосты тәртiпке келтiредi. Өмiрдiң организмдiк және одан да биiк формалары бар. Өмiр организмдiк деңгейде өлiммен шектелсе, организмдiктен биiк формалары мәдениеттi құрайды. Осы тұрғыдан алғанда шындықтың өзi өмiрден алған тәжiрибенiң өзi. “Өмiрлiк тәжiрибе² - зердеге тең емес, ол ақыл-ойға симайды. Өмiр - ағым, өзгерiс, шығармашылық,- онда жалпылық деген жоқ. Өмiрдi тек қайталанбайтын жекелiк арқылы ғана суреттеуге болады. Осы арада “шығармашылық трагедия² дүниеге келедi. Өйткенi, өмiрдiң қайталанбайтын толқындары оның объекивтелiнген, яғни затталынған формаларымен қайшылыққа келедi. Ол қайшылықтарды шешу үшiн тарихи мәдениет туындыларын сол замандағы ақуалды бiлу, барлық жан-дүниеңмен соған өткендей болып сезiну арқылы түсiнуге болады. Оны В.Дильтей герменевтика деген ұғыммен бередi. Тарихшы өткен оқиғаларды шынайы қайта суреттеп қана қоймай, сонымен бiрге оны қайта тебiренiп, оның өмiршеңдiк жақтарын тұсiндiре бiлуi керек.

Анри Бергсон (1859-1941 ж.ж.) - “өмiр философиясының² шеңберiнде “шығармашылық талпыныс² ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең терең шындық - ол белгiлi бiр толыққанды бiртұтас өмiр, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол сол өмiрдiң қалдықтары. Өмiр - “өмiрлiк талпынысқа² (elan vital), яғни ешқашанда тоқталмайтын шығармашылық өзгерiс, қалыптасуға тең. Материя - болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен, ең ақырында, өмiрге бағынады. Сондықтан, табиғаттың тарихи күделенуi, өрлеуi - өмiрдiң шығармашылық өрлеуiмен тең. Олай болса, Дүние - бiрегей, тоқталмайтын, үне бойы жаңа формаларды бiрiнен соң бiрiн тудыра беретiн шығармашылық .

А.Бергсонның ойынша, адам жағалай қоршаған материалдық дұниеге өзiнiң интеллектi (ақыл-ойы) арқылы бейiмделдi. Интеллект дегенiмiз ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегi құбылыстарды танып-бiлуi, - ол өзiнiң ең биiк шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы жетедi. Интеллект бiртұтас дүниенi заттарға, соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөлiп, содан кейiн олардан дүниенiң жасанды суреттерiн тудырады. Интеллектiң қайнар көзi - адамның материалдық дұниедегi iс-әрекеттерiн ұйымдастыру, олардың нәтижелiгiн қамтамасыз ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе - интеллект, А.Бергсонның ойынша, заттың терең мәнiн аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете алады. Өлi материяны құрамдас бөлiктерiне бөлiп, содан кейiн оларды басқаша тұрде қайта құрастыру - интеллектiң негiзгi iсi. Олай болса, ол заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, өзгерiп жатқан Дүниенi интеллект кинопленкадағы өмiрдi “жасанды тұрде² көрсеткен сияқты - онда әрбiр кадр қозғалысты көрсетпесе де , бiрiнiң артынан бiрiн белгiлi бiр жылдамдықпен өткiзген кезде экранда “қозғалыстағы өмiрдiң² көшiрмесi пайда болады. Интеллект Дұниедегi ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетiп, сонымен қатар, оның қайталанбайтын, өмiрге бiр-ақ рет келген iшкi өзегiн - өмiрдiң өзiн - танып-бiле алмайды. А.Бергсон адамның интеллектiнен басқа да таным құралының бар екенiн мойындайды - ол интуиция. Интуиция дегенiмiз - ол затқа деген сүйiспеншiлiктiң негiзiнде оның iшкi, интеллектке ашылмайтын, жағына өтiп оның өмiрлiк өзегiн сезiну болып табылады. Интуиция дегенiмiз - рухтың алғашқы негiзi. Ол - өмiрдiң өзi. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен интеллектке бөлiнедi. Сол сәтте инстинкт өзiндiк санасынан , интеллект заттың iшкi сырын ашу қабiлетiнен айырылады. Адамның интуициясы толығынан интеллектке бағынышты. Алайда, кейбiр “шекаралық жағдайда², адамның өмiрiне қауып түскен, я болмаса оның басына “тағдырлық² ақуал келген кезде, интуиция интеллектiң құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетiп, оның Ғарыштағы орны мен тағдырын анықтауға көмектеседi.

Адам - шығармашылық пенде, өйткенi “өмiрлiк талпыныс² оның iшiнен өтедi. Алайда, өмiрдi терең сезiну интуициясы тек қана таңдаулы адамдарға ғана тән нәрсе. Сонымен, А.Бергсон шығармашылық пен мәдениет жөнiнде элитарлық көзқарас ұстайды.

А.Бергсонның әлеуметтiк философиясына келер болсақ, ол адамның өмiр сұруiнiң екi түрiн мойындайды. Көп жағдайда адам “сыртқы² өмiрдiң шеңберiнде - өзiне емес, басқа адамдар үшiн өмiр сұредi. Тек қана өзiмiздiң iшкi өмiрiмiзге терең үңiлiп, бiз өзiмiздiң ерiктiгiмiз бен биәлеуметтiгiмiздi анықтай аламыз. Бiрiншi өмiр формасын ол “жабық², екiншiсiн “ашық² қоғамға жатқызады. Жабық қоғамда тұлға ұжымның құрсауынан шыға алмайды, ашық қоғамда тұлғаның өмiрi мен шығармашылық қызметi ұстем болып келедi.

Қорыта келе, бiз А.Бергсонның философиясының бiршама қайшылықтарының бар екенiн байқаймыз. Әрине, интеллект адамның жан-дүниесiнiң нәзiк жақтарын толығынан жете бiле алмайды. Интеллект есептейдi, бөледi, қайта құрастырады, одан әрқашанда суық лебiз бiлiнедi. Адам көп жағдайда өмiрдiң терең жақтарын бисаналық түрде өзiнiң барлық жан-тәнiмен сезiнуi мүмкiн. Мұның бәрi де дұрыс. Бiрақ, А.Бергсонның интеллект пен интуицияны қарама-қарсы қойғаны қайсыбiр терең дұниетанымды жоққа шығарады. Өйткенi, интуициямен сезiнгендi ұғым арқылы түсiне алмасақ, онда оны қалайша басқа адамдарға жеткiземiз? Дүниедегi “шығармашылық талпыныс² үне бойы қайталанбайтын өзгерiстердi тудыра берсе, онда дүниедегi барлық заңдылықтардан бас тартуға тура келер едi. Әрине, ол мүмкiн емес. Дегенмен, А.Бергсонның философиялық көзқарастарының негiзiнде ерекше ағым пайда болмағанымен, ол ХХ1 басқа философиялық ағымдарға өзiнiң зор әсерiн тигiздi.

Ф.Ницше және оның «билiкке деген еркi»

“Өмiр философиясының² шеңберiндегi немiс философы Фридрих Ницшенiң (1844-1900 ж.ж.) еңбектерi ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдiк Ерiктi болмыстың алғашқы негiзiне жатқызса, Ф.Ницше Ерiк категориясына әлеуметтiк-моральдық мән-мағна берiп, оны “билiкке деген ерiк² ретiнде түсiнедi. Оның ойынша, өмiр билiктi неғұрлым жете сезiнгiсi келедi. Егер А.Шопенгауердiң “Әлемдiк Еркi² бiреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистiк көзқарастан бас тартып, ерiктiң көптiгiн (плюралистiгiн) сол себептi олардың бiр-бiрiмен бiтпейтiн күресте екендiгiн мойындайды. Үшiншi ерекшелiгi, А.Шопенгауер адам ерiктен бас тартып қана өзiн сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керiсiнше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса, билiкке деген еркiн өмiрге еңгiзедi, сол үшiн кұреседi.

“Не жақсы ,- деген сұрақ қойып, Ф.Ницше оған - “билiкке деген сананы, iңкәрдi, сол адамның билiгiнiң өзiн күшейтетiннiң бәрi²,- деп жауап қайтарады. “Не жаман ,- деген сұраққа,- әлсiздiктен шығатынның бәрi,- дейдi. “Ақыл-ой арқылы жүретiн дүниетанымдық iс-әрекет билiкке деген ерiктi күшейте ме?²,- деген сұраққа - Жоқ, өйткенi интеллектiң басымдылығы билiкке деген ерiктi, оның ұмтылысы мен iс-әрекетiн әр-түрлi ойдың толғаныстарымен ауыстырып тоқыратып тастайды. Мораль да “басқалардың қамын ойла²,- деп билiкке деген ерiктi әлсiретедi.

Билiкке деген ерiк - күштiнiң құқының негiзiн құрайды. Күштiнiң құқы неше-тұрлi қоғамда қабылданған моральдық, дiни т.с.с. нормативтiк ережелерден биiк болуға тиiстi, сондықтан, нағыз адам осы қағиданы өз өмiрiнде ұстауы қажет. Социализм адамдардың арасында теңдiк болу керек деген қағиданы таратады. Бiрақ, ол өмiрдiң терең мәнiн құрайтын билiкке деген ерiктi құртады - сондықтан, ол керек емес. Демократия да билiкке ұмтылған адамдардың мұддесiне қарсы, өйткенi, тобыр қайсыбiр билiктi ұнатпайды, яғни олар күштiнiң құқына қарсы тұрады. Ал, еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркектi күштi қылып жаратты, олай болса, оған билiкке деген құқты бердi. Сондықтан, қайсыбiр еркек пен әйел арасындағы теңдiкке деген ұмтылыс - қоғамның iрiп-шiруiнiң көрiнiсi.

Жоғарыда көрсетiлген көзқарас Ф.Ницшенiң моральдық iлiмiнiң негiзiнде жатыр. Моральдың негiзгi ұғымдары - жақсылық пен жамандық - тарихи күштiлер, жақсылардың - әлсiз, жамандарға қарағандағы артықшылдығынан шығады. Осы ойын дәлелдеу ретiнде ол моральдықты көрсететiн сөздерге талдау жасап, немiс сөзi “shlecht² - жаман, тұрсiз ,- деген мағна берсе, оған жақын “shlicht²,- деген сөз де “қарапайым адам²,- деген мағна бередi деп қорытады. Тарихи бай, атақты, асылдарды көрсететiн ұғым “жақсылық² пен теңелiп, кедейлiк, қарапайымдық “жамандық², “залымдық² деген ұғымдарды тудырды деп есептейдi Ф.Ницше.

Мыңдаған жылдарға созылған тарихта кедейлер мен құлдар өздерiнiң моральдарын бұкiл қоғамға таңуға тырысты. Оны ол “құлдардың моральдағы көтерiлiсi² деп атайды. Ал оны жасаған дұниедегi ең “теоретикалық халық² - еврейлер. Олар қоғамның “құндылықтарын қайта бағалап² аристократиялық бiр-бiрiнен туатын “жақсы - асыл - күштi - әсем - бақытты - құдайдың сүйгенi² деген құндылықтарды толығынан терiске аударып, оған қарама-қарсы “тек бақытсыз адамдар - жақсылар², “кедейлер, әлсiздер, төмендегiлер ғана жақсылар², “тек зардап шеккендер, қайыршылар, аурулар, мүгедектер ғана тақуалар, масайрауға лайықты адамдар²,- деген қағидаларды ұсынды.

Ф.Ницшенiң ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан “қайта қарап², “мырзалардың моральдық құндылықтарын² тағы да өмiрге еңгiзу керек. Оның негiзiнде мынандай қағидалар жатуы қажет : 1. “өмiрдiң құндылығы²- сөзсiз негiзгi құндылық; 2. Адамдар бiр-бiрiмен табиғи түрде теңсiз болып жаратылған; 3. Күштi адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес.

Жоғарыдағы көрсетiлген моральдық құндылықтарға сәйкес келетiн адам әлi дүниеге келген жоқ. Егер, дүниеде болған қайсыбiр жануардың түрi өмiрден жойылардың алдында өзiнен жоғары тiршiлiктi тудырса, адам өзiнен жоғары пәнденi тудыра алмай отыр. Өйткенi, адам - ауру жануар. Оның алғашқы табиғат берген инстинктерi сөнiп, оның орнын сана алды. Ал, ендi, Ф.Ницшенiң ойынша, “адамнан жоғарының² дүниеге келуге уақыты келдi. Ол - “аққұба әзәзiл². Тұқым қуу жағынан алғанда , олар “арий нәсiлiнен² шыққан адамдар (нордикалық тип). Ал моральдық жағынан алғанда, олар бiр-бiрiмен ұстамды, кiшiпейiл, назды, мейiрiмдi. Басқаларға олар тағы, ауыздығы жоқ жануарлардан да жаман сияқты. Басқаларды көргенде олар жыртқыштың алғашқы күнәсiз ұжданына қайта оралғандай болып сезiнедi - өлтiредi, жағады, зорлайды, құртады - ендi оларды жыраулар көп уақыт бойы өздерiнiң өлеңдерiнде жырлайтынына кәмiл сенедi.

Ал ендi “адамнан жоғарылардың² сыртқы кейпiне келер болсақ, олардың “туа бiткен асылдығы² бiр қарағанда-ақ көрiнiп тұрады. Осы қасиет бұгiнгi таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей тұр десеңiзшi,- деп қынжылады Ф.Ницше. Егер басшының сыртқы түр-әлпетi оның асылдығын көрсетiп тұрса, онда “тобыр² оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы “кездейсоқты келген бақ пен байлық қана адамдарды көтередi²,- деген ойға келiп, олай болса, “бiз де өзiмiздiң бағымызды сынап көрейiк²,- деген жаман ойға өтуi мұмкiн. Ал бұл ой социализмдi әкеледi,- деп қорытады Ф.Ницше. Әрине, Ф.Ницшенiң бұл ойларына фашизм идеологиясының бiршама жақтары жақын екенiн мойындамай болмайды.

Ф.Ницшенiң христиан дiнiндегi моральдық қағидаларға қарсы келуi, осы кездегi ғылым мен техникадағы ашылған жаңалықтар, ойшылдан бұрын өмiр с²рген ағартушылардың дiнге қарсы бағытталған iс-әрекеттерi - барлығы жиналып оның “Құдай өлдi!²,- өйткенi, Құдайға сенудiң өзiне сенбеушiлiк пайда болды деген тұжырымға келуiне себеп болды. Болашақта, Құдайдың орнын “адамнан жоғары² пәнде алады деп қорытады Ф.Ницше.

Әрине, Ф.Ницшенiң философиясы қайшылықтарға толы, ешқандай бiтұтастық жүйелiгi жоқ, әр-тұрлi өз заманының өзектi мәселелерiн көбiне көркем сөзбен берген көзқарас. Бiрақ, соған қарамастан, Ф.Ницшенiң өз заманының әлсiз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберiн тиiстiлiк негiзiнде аттап өту қажеттiгiн көрсетуi т.с.с. ойлары болашақ философиялық ағымдарға үлкен әсерiн тигiздi.

Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелерi

“Өмiр философиясының² ХХ ғ беделдi ағымдарының бiрi - фрейдизм болып табылады. Негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд (1856- 1939 ж.ж.) - австриялық дәрiгер, психолог, философ. Негiзгi еңбектерi : “ Мен және Ол², “Тотем мен Табу² т.с.с.

З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бисаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбiр невроз ауруларының себебiн ғалымдар сананың шеңберiнен iздеген болса, ол оны бисаналықтан көрiп, жұйке ауруларын емдеудiң “психоанализ² әдiстерiн жасап, бiршама жетiстiктерге жетедi. Бұл оған шабыт берiп, ол психоанализдiң негiзгi қағидаларын бұкiл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды.

Сонымен, бисаналықты ашу, оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне, қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу - Фрейдтiң ғылымға еңгiзген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тiлектерi мен iңкәрлерi бисаналықты түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсiнде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбiр дене қозғалысында т.с.с. көрiнiп қалады.

З.Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: оның ортасында “Ego² (латын сөзi,- “Мен² деген мағна бередi), яғни адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн “Super ego² (өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған неше-тұрлi қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтiк нормалар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. кiредi, ол тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан оның барлық жұрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iрге тасы ретiнде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi - ол “Libido² (латын сөзi,- құштарлық, iңкәр, зауықтану,- деген мағна бередi), я болмаса оны қысқаша “Id² деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша, оған адамның барлық бисаналық түрде өтiп жататын психикалық құбылыстарының бәрi де кiредi. Оларға инстинктер, кұңгiрт сезiмдер мен тұйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. Бисаналықтың өзегiне З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бұкiл адамның психикалық жан-дүниесiне өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның “өздiгiн², ерекшелiгiн құрайды.

З.Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дұниеге, жағалай ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бисаналықтың арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында адамның жан-дұниесiне еңгiзiлген әлеуметтiк нормалардың талаптары өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс кұш-қуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан адамды невроз ауруларының түрлерiне әкелсе, екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда сублимацияланып (sublimatio,-латын сөзi, - “биiкке көтеремiн²,- деген мағна бередi) , яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып, тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мұмкiн.

Жүре келе, З.Фрейд бисаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктердi бөлiп алады. Олар - “өмiр инстинктi² - эрос, “өлiм инстинктi² - танатос. Егер эрос инстинктi өмiрге деген сұйiспеншiлiктi, достықты, iңкәрдi тудырса, танатос - адамды өлiмге қарай итерiп, оның агрессивтiк, қанiшерлiк, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн.

Дегенмен, З.Фрейд бисаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, адам оларды ауыздықтап, саналы тұрде басқара алады деп есептедi. Әңгiме адамды алаңдататын бисаналық құбылыстарды сананың жарығына шығарып, оларды өз еркiңе көндiруге мүмкiндiк алуда болса керек.

Қоғам өмiрiнде адамның күңгiрт инстинктерiн ауыздықтайтын құралы бар. Ол - мәдениет. Мәдениеттiң құндылықтары арқылы адамдар өзiнiң табиғатпен, өз-өздерiмен қарым-қатынасын ретке келтiрiп, деструктивтi күнгiрт инстинктерiн шектеп ығыстырады. Бiрақ, ығыстырылған күңгiрт күштер ешқашанда мүлде жойылмайды, олар қорлана келе, оқтын-оқтын бұрқырап шығып неше-тұрлi бақытсыздыққа әкеледi. З.Фрейдтiң айтуына қарағанда, жыныстық құмарту мен қатыгездiк, мейiрiмсiздiк бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты. Сонымен, екi негiзгi инстинктер әрдайым бiр-бiрiмен күресте болып, мәдениеттiң дамуының негiзгi бағыттарын анықтайды.

Сонымен, бисаналықтың екi негiзгi инстинктiн мойындау, бiр жағынан, шығармашылық жолмен дұниенi қайта құру, екiншi жағынан, жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтiң iзiн қуған ғалымдардың еңбектерiнде неше-тұрлi қайшылықтарды тудырды. Олардың көбiн З.Фрейдтiң бисаналықтың өзегiн жыныс энергиясына теңеуi қанағаттандырмайды.




Философияның негізгі мәселесі.
Элея мектебі. парменид пен зенон.
Аристотель және оның философиялық жүйесі.
Адам мәселесі.
Уильям оккам ілімі.
Абу-али ибн-сина
Негізгі түсініктер:
Готфрид вильгельм лейбниц (1646-1716)
Георг вильгельм фридрих гегель (1770-1831 ж.ж.) -
Карл густав юнг (1875-1966 ж.ж.)
Ху - хуiii ғғ қазақ жырауларының шығармашылығы
Ерiншек, бекер мал шашпақ -
Егемен қазақстан және философиялық ой-пiкiрдiң дамуы
С.н.булгаковтың
Танымның практикалық табиғаты
Сөж тақырыбының атауы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу