Алматы экономика және статистика академиясы


Курстық жұмыс тақырыптары



бет2/32
Дата08.06.2018
өлшемі2,87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


12. Курстық жұмыс тақырыптары

Ескерту: Курстық жұмысын тапсырмаған студент сәйкесінше пән емтиханын тапсыруға жіберілмейді.

13.Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер

1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық. – Алматы, 2005.

2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.-Алматы, 2004.

4. Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

5. Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.

7. Бейсенова Қ. Философия тарихы.- Алматы, 2005.

8.Тұрғынбаев Ә. Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы, 2005.

9. Философиялық сөздік. Алматы, 1996.

10.Әбішев Қ. , Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. Алматы,1990

11. Гайниев И.А. Размышления о познании. М., 1996




Қазақстан Республикасының


білім және ғылым министрлігі

АЭжСИ

Министерство


образования и науки

Республики Казахстан



АЭСА

«Бекітемін»

Оқу бөлімінің проректоры _____________ Р.К.Машанова "_____" ____________20__г.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасы
«Философия» пәні бойынша

Оқу жұмыстық бағдарламасы
(SYLLABUS)
мамандықтары: 5В050600 – «Экономика», 5В050800 – «Есеп және аудит»,

5В050900 – «Қаржы», 5В090800 – «Бағалау»,
Оқу бөлімі: күндізгі

Курс: 1 (ОБ)

Семестр: 2

Кредит: 3

Бақылау түрі: емтихан
Алматы, 2012 ж.

«Философия»пәні бойынша даярланған оқу жұмыстық бағдарламасы төменде көрсетілген мамандық бойынша білім алатын студанттерге арналған (Силлабус): 5В050600 – «Экономика», 5В050800 – «Есеп және аудит», 5В050900 – «Қаржы», 5В090800 – «Бағалау», мемлекеттік жалпы білім стандарты бойынша берілген типтік оқу бағдарламасы негізінде (ГОСО РК 5.03.001-2004 и типовой программы по дисциплине «Страхование» утвержденным приказом МОН РК от 11. 05. 2005г. № 289) және АЭжСИ оқу жұмыс жоспары бойынша құрастырылған.

Курс бағдарламасын кафедра доценті филос.ғ.к.

Б.М.Божбанбаев құрастырған.

1 Философия» пәні бойынша Оқу жұмыстық бағдарламасы (SYLLABUS)

2012-2013 оқу жылында білім алатын 1 курс студенттеріне арналған

Философия курсын жүргізетін филос.ғ.к., кафедра доценті Б.М.Божбанабаев

87778022094, bbozhbanbaev @ mail.ru

Сабақ бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі

СОӨЖ бойынша кеңес алынатын сағаттар бекітілген кесте бойынша өткізіледі

Кредит саны: 3

Кіріспе

1. Мақсаты – студенттерді философия дамуының негізгі кезеңдерімен және оның өзекті және негізгі проблемаларымен онтология, гносеология, әлеуметтік философия, философиялық антропология және акциология сынды бөлімдері бойынша құқықтық білімнің негіздері мен таныстыру; студенттерді танымның ғылыми әдісін қолдануға үйрету, студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

2. Курстың міндеттері:


  • әлемдік мәдениет пен өркениеттің даму тарихын бейнелейтін философиялық идеялардың қалыптасуы мен даму тарихын оқыту;

  • түпнұсқалардың мәтіндерімен жұмыс істеуге дағдыландыру және белгілі философтардың құқықтық негізгі идеялары туралы түсінік беру;

  • дүниенің философиялық, ғылыми және діни суреттемелерінің проблемаларын және негізгі ұғымдарын, адам өмірінің мәнін, адамзат білімінің формалары мен қазіргі қоғамдағы оның көріну ерекшеліктерін, рухани және материалдық құндылықтардың арақатынасын, оардың адам, қоғам, өркениет өміріндегі рөлдерін ұғыну;

Курстан білетініңіз:

  • гуманитарлық пәндер жүйесіндегі құқық философиясының орнын, объектісі мен пәнінің спецификасын, неғұрлым өзекті проблемаларды айқындау;

  • құқық және құқықтық таным туралы, оның құрылымы, формалары мен әдістері туралы, ғылым, техника және технология жетістіктерін пайдалану және дамуымен байланысты әлеуметтік және этикалық проблемалар туралы тұсінік болу;

  • адамдағы биологиялық және әлеуметтік, тәндік және рухани бастаулар туралы, сананың мәні туралы, адамның жүріс-тұрысындағы саналылық пен бейсаналылық туралы түсінікке ие болу;

  • философиялық білімнің теоретикалық, қолданбалы, құндылықтық аспкетілерін айқындай білу, күнделікті өмірде және кәсіби өмірге қатысты практикалық шешімдерді негіздеу үшін оларды қолдану;

  • тұлғаның қалыптасу жағдайлары, оның бостандығы және тұлғаның өмірді сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуы;

  • қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білу;

  • ғылыми талдауға дербес және сыни ойлауға, оқу пәндерін игеру үшін белгілі бір методологиялық базасы болуы тиіс;

  • интелектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке үздіксіз білім алу қажеттілігіне қызығушылық тудыру.

3. Пререквизит:

Бұл пәнді студент менгеру алдында мектепте өткізілген жалпы тарих, әдеп, қоғамтану, адам және қоғам пәндерін жетік менгерген болуы қажет. Себебі өткізілетін курс студенттің дұниеге көзқарас ретінде жаңа мазмұның ашады.



4. Постреквизит:

Осы пәнді оқып үйрену үшін студенттерге қажетті пәндердің тізімі:

Философия курсы жалпы білім беретін жоғары оқу орнының пәні ретінде барлық қоғамдық пәндердің негізі болып табылады, сондықтанда, оны оқып үйрену мәдениеттану, психология, педагогика, Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану сынды пәндермен тығыз байланысты.

5. Жұмыс бағдарламасын толық сипаттау

Өзiндік жұмыстарды орындаудың талаптары мен шарттары: Жоғарғы оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір студент философия пәні бойынша бірнеше өзiндік жұмыстарды жазып өткізуi керек. Өзiндік жұмыстарға арналған тақырыптар екі бөлімде топтастырылған, себебі жұмыстардың әрқайсысы әр бөлімдегі тақырыптар тізімінен таңдап алынып, бірін-бірі қайталамауы керек. Тақырыптар саны жеткілікті мөлшерде құрастырылған, сондықтан да бір топтағы екі студент бір тақырып бойынша жұмыс орындауына болмайды. Әрбір бөлімдегі тақырыптар теориялық немесе тарихи кезеңдерді қамтитындықтан тиісті деген әдебиеттердің тізімімен қамтамасыз етілген, дегенмен, соңғы уақыттарда баспадан шыққан жаңа кітаптар тақырыпты ашуға көмектессе, тізімде көрсетілмеген әдебиеттерді де пайдалануға болады. Студент өзiндік жұмыстарды жазбас бұрын, сабақ жүргізетін ұстаздарынан мына мақсатта тиісті кеңестер алуы қажет:

1. Таңдап алынған тақырыпты мұғаліммен келісу, себебі көрсетілген тақырыптар шеңберінен шығуға студент мәжбүр болса жетекшімен ақылдасуы қажет.

2. Керек болған жағдайда ғылыми әдебиеттер, мақалалар туралы кеңес алу.

3. Өзiндік жұмыстардың жоспарын бекіту.

4. Жұмысты жазу және талапқа сай формада көркемдеу.

5. Түсінбеген мәселелер, сұрақтар жайында мағлұмат алу.

6. Өзiндік жұмыстарды белгіленген мерзімдерде тексеруге беру.

7. Ұстаз тарапынан жасалынған ескертулер мен түзетулерді толықтырып, жұмысты көрсетілген уақытта тапсыру.



Өзiндік жұмыстардың мазмұны мен формасына мынандай талаптар қойылады: Жұмыс жоспары екі немесе төрт тараудан артық-кем болмауы керек, ерекше бір жағдайда ғана бес тарау болуы мүмкін. Жұмыстың мазмұны, әртүрлі монографиялар мен ғылыми мақалаларды оқып-талдаудың нәтижесінде құрылуы керек. Аяқталған өзiндік жұмыстардың мынандай көрсеткіштері болуы қажет: біріншіден, студент зерттеп отырған тақырыбының мәнін, теориясы мен тарихын терең танып-білгендігін көрсету; екіншіден, автор мәдени құбылыстарды талдай отырып, оларды әртүрлі ғалымдар мен ғылыми ағымдар көзқарасы тұрғысынан түсініп, бағалай білу; үшіншіден зерттеп отырған мәдени құбылыстың өзектілігін, оның тарихтағы орны мен қазіргі заманғы маңызын ашып дәлелдеу. Өзiндік жұмыстарда осы мәселеге қатысы бар деген пікірлер мен концепцияларды атап көрсетіп, олардың авторлары мен жазған еңбектерінің атын атап, тексте келтірілген сілтемелер болса нөмірлеп белгілеп қою қажет. Бір мәселе бойынша көп түрлі пікір қалыптасқан болса, оларды салыстыра отырып, автор өзінің түсінігіне сәйкес келетін біреуін негізге алуға тиіс. Ғылыми жұмыстың құндылығы да, студенттің жеке өзінің пікірінің қалыптасуы және соны айғақты түрде дәлелдей алуымен бағаланады. Мәселенің мәнін ашатын жақтарына назар аудара білу, фактілер мен уәждер арқылы тұжырым жасай алатындығы, жұмыстың деңгейін көтере түседі. Жұмыстың мазмұны логикалық тұрғыдан дұрыс және жасалған жоспарға сәйкес болуы шарт. Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде, автор, осы семестрлік жұмыстың мақсаты мен мұратын, тақырыбтың өзектілігін атап өтіп, осы мәселеге қатысты әдебиеттерге қысқаша шолу жасайды. Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар айтылады және солардың нәтижесі ретінде түйіндеме жасалып, семестрлік жұмыс аяқталады. Жұмыстың сыртқы формасына келсек, оның көлемі 8 - 10 компьютерлік қағаз беті шамасынан кем болмауы керек, кіріспе, қорытынды және сыртқы бетін қоспағанда. Жұмыстың әрбір бетінде орын қалдырылып, тараулардың аттары жазылып, сілтемелер бет соңында көрсетілуі қажет. Жұмыстың сыртқы беті ғана машинкада немесе компьютерде теріліп, негізгі мазмұны көрнекті және түсінікті жазумен, таза және түзетулерсіз қолмен жазылған болуы керек.

6. «Философия» пәнін меңгерудің календарлы тақырыптық жоспары

Сағат көлемі



Тақырып атаулары



Сағат саны



СОӨЖ

СӨЖ

Дәріс

Практикалық (лабораторлық)

жұмыстар


1

Философияның пәні мен функциясы

2

1

3

3

2

Көне Үнді және Қытай философиялары

2

1

3

3


3

Антикалық философия

2

1

3

3

4

Орта ғасыр Батыс Еуропалық философия

2

1

3

3

5

Орта ғасыр араб-мұсылман философиясы

2

1

3

3


6

Қайта Өртеу философиясы

2

1

3

3

7

Жаңа Заман философиясы

2

1

3

3

8

Неміс классикалық философиясы

2

1

3

3

9

ІХ-ХХ ғ. Батыс философиясының негізгі бғыттары

2

1

3

3

10

Қазақ философиясы

2

1

3

3

11

Орыс философиясы

2

1

3

3

12

Болмыс: негізгі ұғымдар мен принциптері сана және Бейсаналық

2

1

3

3

13

Философиядағы адам мәселесі (антропология)

2

1

3

3

14

Әлеуметтік философия

2

1

3

3

15

Таным теориясы (гносеология)

2

1

3

3




Барлығы

30

15

45

45


7. Дәріс жоспары, практикалық ( семинарлық)сабақ жоспары


р\н


Дәріс жоспары

Практикалық сабақ жоспары


1

Философияның пәні мен функциясы

1.Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.

2.Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.

3.Дүниетаным және философия.

4.Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.


1.Философия құрылымы мен қызметі.

2.Қоғамдық ғылымдар жүйесінде философияның орны.

3.Философияның тарихи типтері.

4.Философия және дүние таным.




2



Көне Үнді және Қытай философиялары

1.Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері.

2. Шығыс ойының өзіндік ерекшелігі. Ойлаудың кармалық стилі философияның моральдық және метафизикалық өлшемінің формасы ретінде.

3. Буддизм және оның Ведалық дүниетаным мен ритуалдық практикаға қатынасы.

4. Даостық философия және дүние-әлемнің суреті.

5. Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық, доктрина ретінде.



1.Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар.

2. Карма, реинкариация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының негіздемесі ретінде.

3.Буддизм Упанишадаларды сыни қайта түсіну ретінде. Буддизмнің іргелі идеялары.

4.Дүние-әлемнің даостық суретіндегі адамның орны.

5. Легизм қытайлық қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының моделін іздеу идеологиясы хақында.

6.Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері.




3


Антикалық философия

1.Классикалық кезеңге дейінге философиялық мектептер

2. Клссикалық кезең философтары: Сократ, Платон;Аристотель

3. Рим философиясы





1.Антикалық философияның адамның дүниеге рационалдық қатынасының, оның табиғат пен әлеуметтік дүниеге рационалды үстемдігі стратегиясының қалыптасуына әсері.

2.Антикалық философияның дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени және саяси-әлеуметтік активнзмінің қалыптасуына әсері.

3.Эпикуреизм - жеке бастың игілікті болуының философиясы ретінде. Гедонизмге қол жеткізу жолдарының рационализациялануы.

4.Стоицизм жеке бас бақьггына қол жеткізудің философиясы ретінде.

5.Киниктер немесе өмірдің табиғи салтын іздестіру философиясы.


4





1.Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде.

2.Дүниетанымдық ізденістердің орталық тақырыптары.

3.Философия мен ортағасырлық адамның мәдени өмірінің интеллектуалдық саласына христианшылдық енгізген жаңа қағидалар.

4.Схоластикафилософиясы.Томизм схоластикалық даналықтың жоғары формасы хақында.



5


Орта ғасыр араб-мұсылман философиясы

1.Арабтық-мұсылмандық

философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті.

2.Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.

3.Түрік тілдес философияның қалыптасуы.


1.Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы.

2. «Құрандағы» білім тұғырнамасы. «Құран» және рационалдық құдайлық ілім.

3.Дүниенің исламдық моделі. Адам орны және оның өмірді құрудағы негізгі максималары.

4.Қожа Ахмет Иассауидің суфийлік ілімінің түп-негізгі идеялары мен принциптері. Шығыс пен Батыс елдерінің рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.



6


Қайта өрлеу философиясы

1.Қайта Өрлеу философиясына әсері. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. 2.Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялықізденістері.

3.Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері.


1.Философиялық ой-желістердің негізгі тақырыптары мен мәселелері.

2.Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялық ізденістері. Философиялық ой-желістердің негізгі тақырыптары мен мәселелері.

3.Реформация философиясы. Сенім феномені. Сенім адамдарды ақтау тәсілі ретінде.

4.Зерде және сенім. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты. Лютердің пессимистік антропологиясы.




7


Жаңа Дәуір философиясы

1.Жаңа Уақыт кезіндегі мәдени-әлеуметтік ахуал.

2. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі негізгі рухани бағдарлар. Эксперементалдық жаратылыстанудың пайда болуы. 3.Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы.


1.Эпистемологиялық идеалдың қалыптасуы. Жаңа рационалдықтың қалыптасуы

2. Батыс адамының дүниені рационалдық игерудің перспективаларын айқындауы.

3.Жаңа Уақыт философиясы дүниетанымдық ұстанымдарының батыс адамының мәдени іс-әрекеттегі субъективтілігін демонстрациялаудың принципті жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға әсері.

4.18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындагы неміс мәдениетінің ерекшелігі. Философиядағы «Коперникандық төңкеріс».



8


Неміс классикалық философиясы

1. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі.

2. Гегельдің диалектика туралы ілімі.

3. Фейербахтың антропологиялық дәріс ілімі.

4. Неміс филсофиясының ерекшклігі.


1.Кант диалектика туралы. Моральдық еріктің Канттық этикасы борыш этикасы ретінде. 2.Канттың құқық философиясы жанжалдарды әділ реттеудің тұғырнамасы ретінде. Адам құқықтары туралы мәселе жайындағы философиялық рефлексия.

3.Гегельдің құқық философиясы. Гегельдің саясат философиясы.

4.Діни жатсыну феномені. Л.Фейербахтың христиан дінін сынауы. Л.Фейербахтың махаббат тұғырнамасы.


9


ІХ-ХХ ғ. Батыс философиясының негізгі бғыттары.

1.Иррационализм және оның негізгі бағыттары .

2.Ғылыми – техникалық ойдың XX ғасырдағы өрістеу және неопозитивизм.

3.Адам әлемі және әлемдегі адам экзистенциалзм постпозитизм.

4.Білім мен тіл мәселелері.

5.XX ғасыр философиясының көптеген идея, әдіс, ұғым, танымы, көзқарастарының маңызы т.б.



1.Э.Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениет дағдарысы туралы.

2.М.Хайдеггер және еуропалық нигилизмді талдау. XX экзистенциалистерінің философиялық ізденістері. 3.А.Камю және әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамның сандырақ өмір сүруі тақырыбы.

4.Ж.-П.Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірдейліктің философиялық ізденістері. 5.Шекаралық ахуал жағдайларындағы адам өмір сүруінің трагизмін философиялық талдау (К.Ясперс ).


10


Қазақ философиясы

1.Қазақ хақының дүниетанымы, мифологиялық, діни, философиялық ойлардың қалыптасуы.

2.Қазақ философиялық ойшылдарының кезеңдері.

3.XIX ғасыр аяғы – XX ғасыр басындағы қазақ зиялаларының ой – пікірлері, тұжырымдары.




1.Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары. ІІІ.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманнзмі.

2.Абай Құнанбаев адам мен Құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы.

3.Шәкәрім Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы.

4.XIX ғ. аяғы мен XXғ. алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Шоқай, Ж.Ақпаев және т.б.) еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. XX ғ. Қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Марксизмге деген қарым-қатынас.



11


Орыс философиясы

4. Ресейдегі философияның қалыптасу ерекшеліктері және дамуы.

5. XIX ғасыр орыс философиясы.

6 Діни философиялық дәстүрлер.




1.Славянофиндер философиясы.

2.Ерік, махаббат, сосорлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. 3.Славянофилдер идеялары және олардың орыс тарихының, мәдениетінін, ұлттық өзіндік санасының өзгешелігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері.

4.Орыс дін философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері.

5.Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.



12


Болмыс: негізгі ұғымдар мен принциптері сана және Бейсаналық

1.Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.

2.Болмыстың негізгі түрлері: заттар, процестер болмысы, адам болмысы, рухани, әлеуметтік болмыс.

3.Материя түсінігінің тарихи қалыптасуы.

4.Сана адам миының қызметі

5.Сана проблемасы туралы тұжырымдар.

6.Сана объективті дүниені бейнесі


1.Болмыс адам болмысы хақында Адам болмысының заттар дүниесінен прннципті айырмашылығы. Адамның заттар дүниесіндегі болмысы. Адам болмысының заттар дүниесіне жинақталғандығы (М.Хайдеггер). Заттық" тәуелділік.

2.Адам болмысының экзистенциалдары. Корқыныш феномені.

3.Экзистенциализм қорқыныш туралы. 4.Қорқыныш пен қалшыл. Қорқыныш құмарлық хақында. Футурталықсытпа.


13


Философиядағы адам мәселесі

1. . Философиядағы адамның негізгі бейнелері. Антропоцентризм

2.Адам өмір сүруінің табиғи – биологиялық алғы шарты.

3.Адамның әлеуметтік мәні.




1.Тән мен рухтың антиномиясы. Өмір мен рух үйлесімін іздестіру формалары.

2.Адам өмірінің бірегейлігі. Өмір құндылық және аса қымбат тарту есебінде.

3.Өмірдің мағынасы. Рахатқа бату бақыты адам өмірінің мән-мағынасы ретінде. Өмірдің адамгершіліктік мағынасы: дін мен философияның тәжірибесі. Бақыт феномені.

4.Адамның әлеуметтік бірдейлігі.

5.Еркіндік құндылық хақында. Адамның еркіндіктен қашқақтауы. Еркіндік адамгершілікті императив ретінде. Жеке бас еркіндігі идеясы. Конформизм және конформдық мінез-құлық. Деспотизм.


14


Әлеуметтік философия.

1.Қоғамды зерттеудің методологиялық негізі.

2. Қоғам феномені. Қоғам пайда болуы (генезисі).

3.Қоғамның тарихи типтері, қозғаушы күштері.

4.Қоғамның жүйесі туралы түсінік.

5.Әлеуметтік философияның негізгі принциптері, түсінігі.

6.Қоғам жүйесі, әлеуметтік кеңістік және уақыт.


1.Антропосоциогенез.

2.Саясат. Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы. 3.Азаматтық қоғам. Биліктерді бөлісу идеясы. Мемлекет пен қоғамның ажырасуы. 4.Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

5.Ашық қоғам. Жабық қоғам. Бұқаралық қоғам. Индустриалдық және стиндустриалдық қоғам. Ақпараттық қоғам феномені. Қазақстандық қоғам дамуының жолдары перспективалары.


15


Таным теориясы.

1.Таным, қоғамдық процесс.

2.Таным процесінің негізі.

3.Сезімдік және логикалық таным

4.Ақиқат теориясы.

5. Ғылыми танымның спецификасы.

6.Ғылым этикасы.


1.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі.

2.Тәжірибеге дейінгі білім. Білім және таным. Білім және сенім. Білімнің құрылымы.

3.Сезімдік және рационалдық таным. Ұғым рационалдық танымның формасы ретінде.

4. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция. Түсіндіру және түсіну. Ақиқат. Ақиқат және адасу. Акиқат теориясы.

5.Ғылыми танымның спецификасы.

6.Танымның негізгі әдістері.




Философияның негізгі мәселесі.
Элея мектебі. парменид пен зенон.
Аристотель және оның философиялық жүйесі.
Адам мәселесі.
Уильям оккам ілімі.
Абу-али ибн-сина
Негізгі түсініктер:
Готфрид вильгельм лейбниц (1646-1716)
Георг вильгельм фридрих гегель (1770-1831 ж.ж.) -
Феноменология
Карл густав юнг (1875-1966 ж.ж.)
Ху - хуiii ғғ қазақ жырауларының шығармашылығы
Ерiншек, бекер мал шашпақ -
Егемен қазақстан және философиялық ой-пiкiрдiң дамуы
С.н.булгаковтың
Танымның практикалық табиғаты
Сөж тақырыбының атауы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет