Алматы экономика және статистика академиясы



бет32/32
Дата08.06.2018
өлшемі2,87 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

СӨЖ тақырыбының атауы

6 тақырып: Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.

Тапсырмалары:

  1. А.Құнанбаевтың этикалық идеяларын қарастырыңдар.

  2. Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын қарастырыңдар.


Әдістемелік нұсқаулар:

Шын мәнінде табиғатта бірыңғай әлемдік философия жоқ, тек жекелеген философиялық мектептер, жүйелер, бағыттар мен ағымдар ғана бар. «Фәлсафа» деп аталатын бес ғасырлық тарихы бар философияның қазақ философиясының қалыптасуына деген ықпалы өте зор. Қазан революциясына дейінгі алдыңғы қатарлы қазақ интеллигенцияларының ағартушылары Ибн Рушд, Ибн Сина, Әл Газали, Ибн Араби сияқты ұлы ойшылдардың еңбектерін араб тілінде оқу мүмкіндігіне ие болды. Номадтық мәдениеттің синкретизмі, (синкретизм грек тілінен байланыс дегенді білдіреді) сонымен қатар қазан революциясына дейін номадтық мәдениеттің көшпенділік образы болған. Осыған байланысты, қазақ халқының даналық ойларының тарихын екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – олардың генезисі, яғни негізін Әл-Фараби, Ахмет Яссауи сияқты ұлы ойшылдар салған дәстүрлерге бай жалпы түріктік философиялық ой. Орта ғасырдағы осы аталған ойшылдардың шығармашылық мұралары қазақ философиясының екінші кезеңіне негіз болған қазақтардың көзқарастарының қалыптасуының алғышарты болып табылады.



Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық – Алматы, 2005.

2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия- Алматы, 2004.

4. Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

5. Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.
СӨЖ тақырыбының атауы

6 тақырып: XIX ғ. - XX ғ. басындагы ресейлік мөдениет контекстіндегі орыс философиясы»

Тапсырмалары:


  1. Орыс философиясы тарихының ерекшеліктері. Славян офилдер және батысшылдар. Петр Чаадаевтың шығармашылығы.

  2. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы орыстық діни философия. В.Соловьев, Н.Бердяев, П.Флоренский.

  3. Орыс космизмі. Евразияшылдық туралы оқу. Циалковский , Чижевский, Вернадский.


Әдістемелік нұсқаулар:

Орыс философиясының тарихы бойынша алғашқы жүйеленген еңбектердің бірі 1915 жылы Нью-Иоркте шығарылды. Оның авторы Лосски Н.О. оның ойынша орыс философиясының шығу тегі Н.Новиков және Радишевтің есімдерімен байланысты. Ресей Петрлық реформалар кезеңінен бері Еуропаның жан-жақты ықпалын көрді.Сонымен қатар философия аумағында да. Еуропалық дәстүрлерге деген қатынас әркелкі болды. Славянофилдық пен батыстық сияқты,ХІХ ғ. басында философиямен орыс мәдениетінің осындай бағыттарының шығуына әкеліп соқты.В.Соловьев және оның сонындағылар сияқты , әйглі орыс философтары –славянофилдердің идеялық ісбасарлары болды.Батыстықтар мектебі демократиялық жолдын қалыптасуына ықпал етті. Олар Герцен, Чернышевский, Добролюбов сияқты ойшылдар. Достаевский мен Толстой философияда басты орын алады. Ресейде олар жазушылар ретінде әйгілі. Еуропада оларға философтар ретінде қарайды. Сонымен орыс философиясындағы керемет бағыт – ол Циалковский бастаған орыс космизмі.



Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Философия: Учеб. под ред. В. П. Кохановского. Ростов - на - Дону, 1998.

  2. Философский энциклопедический словарь. М., 1994.

  3. Лосский Н.О. История русской философии. М., 1991.

  4. Очерки философской и общественно-политической мысли СССР. М.,1955..

  5. Современная философия: Словарь и хрестоматия. Ростов - на - Дону: Феникс, 1995.

  6. Бердяев Н.А. Самопознание. М., 1991.

  7. Бердяев Н.А. Философия неравенства. М., 1990..

  8. Бердяев Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма. М., 1990..

  9. Соловьев В.С. Сочинения. В 2-х т. М., 1988г. («Русская идея», «Византизм», «Россия», «Идея сверхчеловека»).

СӨЖ тақырыптарының атауы

7.Тақырып. ІХ-ХХ ғ. Батыс философиясының негізгі бғыттары.

Тапсырмалары:

  1. Қазіргі заманғы поструктурализм.

  2. Экзиестенциализм.

  3. Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі.

  4. К.Ясперстің тарих философиясы.

  5. О.Конттың позитивизмі.


Әдістемелік нұсқаулар.

Әлбетте, философияны оқуды қазіргі заманғы авторлардан бастау дұрысырақ болар еді. Себебі олар біздің замандастарымыз және олардың ойларының бізге жақынырақ және түсініктірек болуы да мүмкін. Бұл сол философтың қандай бағыты қолдайтынына байланысты. Қазіргі заманғы батыс философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Классикалық философиядан арылу. Сцентристік үрдістер мен позитивизмнің тарихи формалары. ХХ ғасыр философияның ерекшелігіне және маңызына деген назар аудару және көңіл бөлу. ХХ ғасырдағы ғалымдар мен философтардың айналысқан мәселелерінің шеңбері кең әрі әркелкі. Бірақ біз тек олардың бірнешуін ғана мысалға келтірдік. Сондықтан осы белгіленген тақырыпта өздеріңізге жақын бағытты өздеріңіз таңдауға мүмкіндік береміз.



Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық. – Алматы, 2005.

  2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

  3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы, 2004.

  4. Алтай Ж., Касабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

  5. Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

  6. Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.

  7. Бейсенова Қ. Философия тарихы.- Алматы, 2005.

  8. Тұрғынбаев Ә. Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы - Алматы, 2005.

  9. Философиялық сөздік - Алматы, 1996.


СӨЖ тақырыбының атауы

8 тақырып Болмыс: негізгі ұғымдар мен принциптері, сана және Бейсаналық

Тапсырмалары:

  1. Философия тарихында болмыс мәселесіне қатысты алуан түрлі көзқарастарға анықтама беріңдер.

  2. Философия тарихында болмыс мәселесіне қатысты алуан түрлі көзқарастардың даму кезеңдерін қарастырыңдар.

  3. Кеңістік пен уақыт жөніндегі классикалық және релятивистік тәсілдердің ерекшелігін анықтаңдар.

Әдістемелік нұсқаулар:

Болмыс – көптеген философиялық жүйелердің категориялдық аппаратында басты орын алатын категория. Ол жалпылай алғанда «бар боу» мен «өмір сүру» проблемасын қамтиды. Тар мағынасында болмыс – адамның санасынан тыс өмір сүретін обьективтік, материалдық дүниені білдіреді. Ал кең мағынасында болмыс – бардың бәрін, өмір сүретіннің барлығын, материалдық дүниемен қоса рухани дүниені де, яғни адамдардың санасын, ақыл ойын, Жан сезімін қамтиды. Философия тарихында болмыс ұғымын алғаш пайдаланған көне грек ойшылы Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Жалпы болмыс туралы ой пікірлерді былай тұжырымдауға болады: 1. дүние бар, ол шексіз де тұрақты тұтас нәрсе ретінде өмір сүреді; 2. табиғи және рухани құбылыстар, жеке адамдар мен қоғам – бәрі әртүрлі болғанымен тең өмір сүреді; 3. дүние – ақиқат және ол адамдардың санасы мен іс әрекетінен нақты көрініс таба алады. Философияның негізгі мәселесін – ақыл ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін білу керек, олар: табиғат, заттар, процесстер болмысы, адам болмысы, рухани болмыс, әлеуметтік болмыс.


Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық – Алматы, 2005.

  2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

  3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия- Алматы, 2004.

  4. Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

  5. Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

  6. Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.


СӨЖ тақырыбының атауы

9.тақырып: Диалектика теориясының мөселелері.

Тапсырмалары:

  1. Кез келген басқа ғылыми білімнің аймағы сияқты философия өзін әдістер арқлы жүзеге асырады. Философия әдістерінде ерекшеліктер бар ма?

  2. Кім ең әдістерінде ерекшелік бар ма? Гераклиттің пікірін келтіріңіз.

  3. Диалектикалық әдістердегі шындық анализінің тартымдылығы неде?

  4. Диалектика, софистика, эвлектика, метафизика сияқты осындай таным әдістерін салыстырыңыздар.

  5. Диалектикалық жүйенің мәнін ашыңыздар: Гегельдің диалектикалық жүйесінің мәні мынада: бірлік және қарама-қайшылық күресіндегі заңдар, жоққа шығару заңы, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өту заңы, кенет өзгеру, өсу, спираль дамуы, алынуы.

Әдістемелік нұсқаулар: Әлемді философиялық тану өзгешілігі туралы түсініктің құрылуы философияның өз әдістері туралы білім арқылы ғана болуы мүмкін. Кез келген бір ғылымның, оның әдістемелік тұрғыдан ерекшелігін көрсете алу академиялық білімнің тапсырмасы болып табылады. Студенттерге философия және диалектиканың негізгі әдісінің толық көрінісін көрсете білу – оқытылып жатқан курстың маңызды тапсырмасының бірі. Диалектика, эклектика, софистика және метафизиканың көзқарасының айырмашылықтарын құру маңызы және жалпығылымдық, сонымен бірге әлемге көзқарастың аспектілерінде көрінеді. Диалектикалық идеялардың қатынастығы философия тарихында философиялық мектептің идеяларымен, соның ішінде софистер мен эклектиптер студенттерге тарихи жағынан бағыт көрсетіп, әлемнің бүтіндей көріністерімен байытады. Кез келген студентте философияның даму этаптары және филосфияның өмір сүрунің негізгі тәсілі ретінде диалектиканың мағынасы.

Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ильенков Э.В. Диалектическая логика. М.,1984.

  2. Ильенков Э.В. Диалектика абстрактного и конкретного в научно-теоретическом мышлении. М., 1997.

  3. Диалектическая культура мышления: История и современность. СПб, 1992.

  4. Энгельс Ф. Диалектика природы.

  5. Кедров Б.М. О методе изложения диалектики. Три великих замысла. М.,1983.


СӨЖ тақырыбының атауы

10 тақырып: Таным теориясы. Гносеология

Тапсырмалары:

1.Таным теорясына тусиник.

2. Гносеология.

Әдістемелік нұсқаулар:Аталған тақырыпты зерттеп тану үшін терең әрі жан жақты дайындық қажет

Бақылау нысаны: Коллоквиум.

Тапсырманы орындаудың бағалық балдары

Ұсынылатын әдебиет:

Ильенков Э.В. Диалектическая логика. М.,1984.

Ильенков Э.В. Диалектика абстрактного и конкретного в научно-теоретическом мышлении. М., 1997.

Кедров Б.М. О методе изложения диалектики. Три великих замысла. М., Мысль, 1983.

Копнин П. В. Диалектика как логика и теория. М., 1973.
СӨЖ тақырыбының атауы

11тақырып: Философиядағы адам мәселесі. Философиялық антропология.

Тапсырмалары:


  1. «Индивид», «индивидуалдық» және «тұлға» ұғымдарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттаңдар.

  2. Антропогенез мәселесі бойынша әртүрлі философиялық тәсілдерге анықтама беріңдер.

  3. Әртүрлі концепциялардағы адамның мәні мен бағдары жөніндегі алуан түрлі көзқарастарды сипаттаңдар.

Әдістемелік нұсқаулар:

Жалпы Адам дегеніміз барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Әртүрлі дәуірдің ойшылдары адамға алуан түрлі анықтамалар берген болатын. Көбінесе адамға берілген – «саналы жан» (хомо сапиенс) деген анықтама көп қолданыста жүр. К.Линнейдің зоологиялық классификациясында адамды «рационалды жан» деп анықтайды. Аристотель болса адамды қоғамдық жануар дейді. Б.Франклин болса адам дегеніміз бұл – «құрал өндіруші жануар» дейді. Неміс философы идеалист Э.Кассирер болса адамды «символикалық жануар» деді. Дат философы С.Кьеркегор болса адамды таңдау құқығына ие жан дейді. Ф.Ницше адамды уәде беруге қабілетті пенде дейді.

Адамды шексіз микрокосм, яғни ерекшелікке ие жетілген пенде деп те анықтауға болады. Ал «индивид», «индивидуалдық» және «тұлға» ұғымдарына келсек, индивид дегеніміз көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі, дара. Индивидуалдық дегеніміз ерекшелікті адам, яғни өзіндік қасиетке ие. Тұлға дегеніміз жаңа сапалық, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моральдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқатты, болмысты танып, өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субьектісі.

Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Ильенков Э.В. Диалектическая логика. М.,1984.

  2. Ильенков Э.В. Диалектика абстрактного и конкретного в научно-теоретическом мышлении. М., 1997.

  3. Диалектическая культура мышления: История и современность. СПб, 1992.

  4. Энгельс Ф. Диалектика природы.

  5. Кедров Б.М. О методе изложения диалектики. Три великих замысла. М.,1983.


СӨЖ тақырыбының атауы

12 тақырып: Әлеуметтік философия

Тапсырмалары:

  1. Қоғам мәселесін қарастырудың философиялық ерекшелігін айқындаңдар.

  2. Қоғамдық даму мәселесіне қатысты Маркстың философиялық тәсілін сипаттаңдар.


Әдістемелік нұсқаулар:

Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі саналы іс қимылы мен қызметінің негізінде қалыптасқан тарихи қауымдастығы. Қоғамды зерттеуде философиялық және жалпы социологиялық әдіс тәсілдерді ажыратып алған жөн. Социологтар көбінесе, әлеуметтік құрылым терминінің нені білдіретіндігіне назар аударады. Бұл әлеуметтік жүйенің жекелегн элементтерінің біртұтастыққа байланысы мен ұйымдасу тәсілі. әлеуметтік жүйенің құрылымының сипаты оның элементтерінің қасиеттерімен анықталады. Қазіргі заманғы социологияда әртүрлі әлеуметтік топтардың мәні мен әртүрлі қоғамның әлеуметтік құрылымынң ерекшелігін түсіндірудің оннан аса әдіс тәсілдері жүргізілуде. Әлеуметтік топ терминімен белгілі бір қоғамда қалыптасқан



Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Барулин В.С. Социальная философия. ч.1, 2 М., 1993.

  2. Гобозов И.А. Введение в философию истории. М.,1993.

  3. Кантор В.К. Стихия и цивилизация: два фактора «Российской судьбы».

  4. Межуев В.М. Культура и история. М.,1991.

  5. Момджян К.Х. Социум, общество, история. М., 1994.

  6. Ненасилие. Философия, этика, политика. М., 1993.

  7. Опыт ненасилия в ХХ столетии. М., 1996.

  8. Тойнби А. Дж. Постижение в истории. М., 1991.

  9. Шпенглер О. Закат Европы. М., 1993.


СӨЖ тақырыптарының атауы

Тақырып 13. Мәдениет философиясы

СӨЖ тапсырмалары:

1.Мәдениет қандай жолдармен тарайды және қалайша адамдарға әсер етеді?

2.Философияда «мәдениет» және «өркениет» ұғымдарының қатынастары қандай?

3.Өркениеттің ең жетілген сатысы шынымен Еуропалық өркениет пе? Еуропа өркениеті адамзаттың ең дұрыс және магистральды бағыты болып есептеліне ме?


Әдістемелік нұсқаулар:

Мәдениет көп мағыналы және көп салалы құбылыс; ол жеке адамның және қоғамдық өмірді толық қамтыйды. Мәдениет не деген? – сұрақ, міндетті түрде келесі сұрақтарға жауап іздеуді талап етеді: мәдениет қалай пайда болады? Неліктен әр түрлі, тіпті бір бірінен салыстыруға келмейтін мәдениеттер қатар өмір сүреді.

Мәдениеттің болмысын қалыптастыратын – ол адамзаттың тарихи тәжірбиесі енетін мәдениеттік дүниені жасайтын субъектің ерекше іс-әрекеті. Сондықтан мәдениеттің мынадай маңызды компоненттерін көрсету кере: мәдениеттің субъектісі, адамның іс-әрекеті, адамдардың арасындағы байланыстар т.б. Бұның барлығы, толығымен алғанда мәдениеттің негізгі функциясын - әр буынның рухани байлығын меңгеру, сақтау және дамыту – терең түсінуге жол ашады.

Мәдениет пен өркениеттің байланыстары көп салалы, күрделі, бірақ оларды тепе-тең ұғымдар деп түсінуге болмайды.

Философияда олардың қатынастарын мәдениеттің және өркениеттің қайшылықты қайнар көзі деп қарастырылады. Өркениет – ол әлеуметтік статиканың негізі, қоғамның бірқалыптылығын қамтамасыз ететін нормалар. Мәдениет - әлеуметтік динамиканың желісі, ол әлеуметтік өзгерістердің адамдардың творчетстволық қуаттарын қалыптастыратын күш.

Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы.

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық – Алматы, 2005.

  2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

  3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия- Алматы, 2004.

  4. Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

  5. Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

  6. Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.

СӨЖ тақырыптарының атауы

Тақырып 14. Адам, техника және тарихи прогресс философиясы

СӨЖ тапсырмалары:

1.Адам және ғылыми-техникалық прогресс: тарих және қазіргі заман.

2. Философия тарихының пәнің және қоғамдық-тарихи прогресс проблемасы мәселесінің мәнің анықтау.

3.Адам және қоғам болмысына техниканың дамудағы ықпалының ерекшелігін түсіндірініз.



Әдістемелік нұсқаулар:

Философия тарихындағы қоғамдық прогресс ұғымы туралы, одан ешқайда қашып құтылмайтын, адамзаттың азуы туралы ойландыратын күмәнді ойлар дүниеге келді. Өз ойынды жинақтай отырып, берілген аргументтерді “қолдап” және оған “қарсы” шығып талдау жасау қажет. ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап, философияда техника жөніндегі сұрақтар кең қарастырыла бастады. Осы сұрақтармен байланысты мәселелердің бір жақты шешімге келуі мүмкін емес. Сондықтанда осы сұрақтармен айналысқан философтардың негізгі идеяларын оқып-үйрену адамзат дамуындағы техниканың роліне өз үлесінді қосуға мүмкіндік береді.



Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық – Алматы, 2005.

2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия- Алматы, 2004.

4. Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

5. Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.
СӨЖ тақырыптарының атау

15. тақырып.Глобалдық меселелер философиясы».

СӨЖ тапсырмалар:

1.Болашақты қалыптастырудаа адам белсенділігін орны қандай?

2.Болашақ туралы адамның ой-жобасында гипотетикалық және версиялық болжамдардың алатын орындары қандай?

3.«Жаңа гуманизм» деген не және оның принциптері қандай?


Әдістемелік нұсқаулар:

Өзіндік ерекшеліктері бар әрбір философиялық системада міндетті түрде болашақ туралы проблемалар қарастырылады және әлеуметтің болашағын жасауға лайықты технологиялар ұсынылады. Осыған байланысты философия курсында әлеуметтік болжауға арналған мәселелер пайда болды. Әлеуметтік болжаудың түрлерін, олардың іске асар ықпалдарын, олардың шындыққа сәйкестігін т.б. мүмкіншіліктерін студенттер меңгеруге, білуге тиісті.

Қазіргі замандағы глобальды проблемаларды ң контекстіңде бағалау, осы проблемалардың статусының критерияларын білу және олардың шешу жолдарын анықтау т.б. , осы тақырыпты қарастырғанда студенттердің дүниеге көзқарастарын, ойлау дағдыларын қалыптастыруға көп әсер етеді.

Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы.

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық – Алматы, 2005.

  2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

  3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия- Алматы, 2004.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР
1. Философия, оның пәні, обьектісі және қызметі.

2. Философияның мәні мен мақсаты. Философия және әдеттегі сана.

3. Философия және ғылым.

4. Ведалар – Үнді мәдениетінің көне ескерткіші және үнді философиясының бастауы ретінде.



  1. Көне Қытай философиясының пайда болуы, негізгі кезеңдерді мен ерекшеліктері.

  2. Эфестік Гераклит. Қарама – қарсылықтар мен қалыптасу жайлы ілімі. Космос- «Мәнгі тірі от ».

  3. Сократ: философия өмір өнері ретінде. Адамның мәні .

  4. Платон : болмыстың шынайы мәні мен мазмұнын тануға ұмтылыс.

  5. Аристотель және Перипатетика. Платон идеясына сын. Алғашқы себептерді зертеу.

  6. Ортағасырдағы христиан философиясының өзіндк ерекшеліктері, оның дамуның негізгі кезеңдері.

  7. Августин Аврелийдің құдай, адам, тарих туралы ілімі .

  8. Араб – мұсылман елдеріндегі мәдениет және дін.

  9. Қайта Өрнеу Дәуіріндегі утопиялық идеялар .

  10. Д. Беркли мен Д. Юмның субьективтік идеализмі.

  11. И. Кант философиясының эволюциясының негңзгі кезеңдері.

  12. Гегельдің диалектикалық әдісі. Категориялар мен заңдар.

  13. Л.Фейербахтың маххабат философиясы.

  14. Табиғатты материалистік тұрғыдан түсіну.

  15. Қазақ философиясының қалыптасуының әлеуметтік- мәдени алға шарттары.

  16. Жырлаулар мен ақындар шығармашылығындағы дүниетаным.

  17. Н. Чернешевскийдің философиялық көзқарастары.

  18. Экзистенциализм.

  19. Болмыс ұғымы, оның мәні және ерекшелігі.

  20. Материяның философиялық ұғымының қалыптасуы.

  21. Кеңестік пен уақыт – материя болмасының формалары.

  22. Философиядағы сана мәселесі.

  23. Таным- шындықты бейнелеу формасы. Танымның обьектісі және субьектісі.

28.Ғылым танымның арнаулы формасы ретінде.

29.Диалектиканың заңдары және категориялары.



30. Философиядағы адам мәселесі.





Философияның негізгі мәселесі.
Элея мектебі. парменид пен зенон.
Аристотель және оның философиялық жүйесі.
Адам мәселесі.
Уильям оккам ілімі.
Абу-али ибн-сина
Негізгі түсініктер:
Готфрид вильгельм лейбниц (1646-1716)
Георг вильгельм фридрих гегель (1770-1831 ж.ж.) -
Феноменология
Карл густав юнг (1875-1966 ж.ж.)
Ху - хуiii ғғ қазақ жырауларының шығармашылығы
Ерiншек, бекер мал шашпақ -
Егемен қазақстан және философиялық ой-пiкiрдiң дамуы
С.н.булгаковтың
Танымның практикалық табиғаты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет