Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет



бет19/29
Дата04.11.2016
өлшемі10,86 Mb.
#99
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29

Мұхаметжан байдың, керуен сарай иесі Шаюностың, шай сататын Әлімбайдың, Құрбанқожаның ұлдары солдатқа алынбайды, қанды құрық кедей-кепшік, диқан-сушы мойнына сарт ете түседі. Наразылық. Бүлік. Көтеріліс. Байлар, саудагерлер патша ағзам жағында. Халық бір жақта.

Айбек наразылықты көпшілік сценасы арқылы бейнелейді. Көтерілісшілердің полицейлермен қақтығысы үстінде Жолшы қаза табады. Әйел, бала, қарт демей пристав Мочалов бастатқан казактар тобы қылышпен шауып, пулеметпен қырып, ат тұяғымен езеді. Жолшы өлгенмен ереуіл туы жығылмайды. Ол Қаратай, Ораз, Жұмабайлардың қолында. Күрес тоқтамайды.

Патша отаршыларымен кескілесе күрескен қырғыз халқының еркіндік сүйгіш рухының зор көрінісі – 1916 жыл болды. Орта Азия мен Қазақстанды жайлаған ереуіл өртінің жалыны аспанға лаулаған ауданның бірі – Қырғызстан. 1916 жыл оқиғасы қырғыздардың басына зіл батпан ауыртпалық түсірді, көтеріліс күшпен басылғаннан кейін де жазалаушы отряд бейбіт жұртты мың-мыңдап қырды, ауылдарды жойып жіберді, ел үркіп жан-жаққа қашты.

Қырғыз әдебиетінде 1916 жыл туралы жазылған туындылар бірқыдыру. Рас, олардың идеялық-көркемдік қуаты бірдей емес. Қасымалы Жантошевтің айтылмыш тақырыпты қозғайтын “Алым мен Мария” пьесасы, Мұқай Елебаевтың “Ұзақ жол” романы солғын, үлкен ақын Аалы Тоқамбаевтың өзі “Қанды жылдар” аталатын өлеңмен жазылған романында тақырыпты толық игере алмады.

Жүсіп Тұрыспековтің “Ажал орнына” драмасы – қырғыз әдебиетінің он алтыншы жыл көтерілісін бейнелейтіндегі шығармалардың ішіндегі ең сүбелісі. Отыз үш жасында қайтыс болған Тұрысбеков көптеген лирикалық өлеңдердің, бірнеше шағын поэманың авторы, белгілі ақын. Алынған өмірлік материал жазушы биографиясына жақын, тіпті оның өз басынан кешкен жағдай болып, шеберлік, талант, көп еңбек жұмсалған шақта аса сапалы дүниелер туатыны әдебиет тарихынан жақсы мәлім. Тұрысбековтің “Ажал орнына” драмасы жайлы осыны айту ләзім.

Бала Жүсіп сергелдең жыл ауыртпалғын тартқан, ол Тұрпанға қашып барған босқын елдің ішінде де болған. Кейін ер жетіп, қолға қалам алып, бірнеше татымды туынды берген кезінде көтеріліс туралы материалдардың ізіне түсіп, сарыла жинайды, топтаған деректерді екшеп, таптар арасы жігін ғана емес, жеке адамдардың көтеріліс үстіндегі психологиясын қазыла зерттейді. Реалистік драма дәстүріне ден қойып, Тұрысбеков үлкен өмірлік материал негізінде 1935 жылы реалистік шығарматудырды.

“Ажал орнына” драмасы жеті суретті. Пьеса көтерілісшілердің патша әскерлерімен қиян-кескі соғсн көрсетуден, қарудың аздығынан, бас біріктіре алмау салдарынан қырғыздардың жеңіліс табу сценаларынан баталады. Көтерілісшілер Қытайға қашады. Мұнда да жетісіп тұрған ештеңе жоқ, қайта зорлық-зомбылық, қайыршылық, тентіреу. Россияда патша өкіметі күл-талқан болып азаттық таңы атқан соң, 1917 жылы қырғыздар туған жер, атамекенге қайтып оралады. Сюжеттің ұзын ырғасы осындай.

Пьеса қаһармандары ішінде көтеріліс басшысы жау жүрек жігітЕскендірдің, оның сүйген қызы, үзеңгілес досы Зылиқаның, тапқыр қарт, қажырлы күрескер Бектұрдың, қарақан басының қамы үшін көпті сатқан Мақсұттың, қу мүйіз манап Алымбайдың, жырым жалаған қытай саудагері У Чей-Фудың образдары драмалық әрекет үстінде көрініп, дараланған характерлерімен есте қалады.

“Ажал орнына” драмасында типтік ситуация алынып, тарихи шындық көркемдік шеберлкпен бейнеленеді. Түрікмен, өзбек, қырғыз әдебиеттеріндегі он алтыншы жыл көтерілісін суреттейтін көрнекті шығармалардағы сарындарға ұқсас халықты идеялар ұлттық ерекшелітерге орай өзіндік спецификасымен қазақ әдебиетінде де көрініс тапқан.

Патша жарлығының халыққа алғаш қалай жеткендігі, тыныш жатқан бейбіт елдің сұмдық хабарды естіп дүрлігіп үрейленуі, іле-шала ақыл жиып, күш құрап, топталып, ортасынан басшы шығаруды, ұлт алауыздығының қырсығы, патша қаруының алдында тізе бүккен жігіттердің еріксіз солдаттыққа жіберілуі – он алтыншы жыл оқиғасының осындай қилы-қилы кезеңдерін, өзі көрген фактілерді Сейфуллин “Тар жол, тайғақ кешуде” суреттеп береді. Мұгда бояу-қоспа жоқ. Сәкен мемуарының айрықша құндылығы қанды кезеңнің кейбір детальдерін документтік дәлдікпен беруде жатыр. Омбы семинариясында өзімен бірге оқыған офицермен кезігіп қалып Сәкен одан сөз тартады.

-“Өз қолыңмен қазақ өлтірдің бе, неше қазақ өлтірдің"! – дейді.

Зиранов күліп:

- А-а... Өз қолыммен бес-ақ қазақ шауып өлтірдім, - деді.

Міне, хал осындай болған!”.

Жалғыз ауыз диалогпен Сейфуллин патша жендеттерінің қара жүрек, садистік кейпін көз алдыңа әкеледі.

Сәбит Мұқановтың “Ботагөз” романының “Таң атарда” бөлімінің 5-тарауы (“Бүліншілік”, “Өлім үстінде”, “Бас кескен балта”, “Жантаста”, “Таң атқанда”) он алтыншы жыл оқиғасын көрсетеді. Көтеріліс жайы кең тынысты роман қалыбына лайық көп тармақты сюжетпен өрбиді.

Дүниежүзілік соғыстың қазақ сахарасына ауыр салмақ, қызыл көзді пәле болғандықтан үст-үстіне төгілген көп салықтан, тоналған мал-мүліктен, халықтың күйзелуінен жақсы танылады. Оған Итбайлардың қылшығы құрап жатқан жоқ, бәрі ел мойнында. Осындай қысылшаң шақта июнь жарлығы дүңк ете түседі. Кошкин, Горбуновтар пара қапшығын дайындай бастаса, Итбай болыс аш қасқырша жалаң қағады.

Негізгі қаһармандар тағдыры бұрынғыдан бетер шырғалаңға түседі. Итбайдың басы Темірбек балтасының бір сілтегенінен қалмаса, Темірбектің өзі де жазалаушы отряд құрығынан қашып құтыла алмады. Амантай бастатқан көтерілісшілер жаумен арпалыса жүріп, патша тағынан құлаған соң, ақыры Қызыл әскерлерге қосылады.

Ж. Аймауытовтың “Қартқожа” романына, Бейімбет Малиннің “Жалбыр” операсы либреттосына, Ғабит Мүсіреповтің “Аманкелі” пьесасына (Бейімбетпен бірігіп жазылған “Аманкелді” де бар) өзек болған да – аласапыран уақыт шындығы.

Қысқасы, аса үлкен әлеуметтік-тарихи маңызы бар 1916 жылғы көтеріліс тақырыбы тағдырлары тамырлас Орта Азия мен Қазақстан халықтар әдебиеттерінде көптеген прозалық , поэзиялық, драмалық шығармалар тудырды. Мұхтар Әуезовтің “Түнгі сарын” драмасы осылардың жуан ортасынан орын алады.

Шығарманың тууына себепші өмірлік материал, қаламгердің жазуға кірісер алдындағы жоспарлары, күнделік дәптерлері, көңілдес жақын-жуық жандарға жолдаған хаттары, қаһармандардың прототиптері әдеби зерттеудің қызықты объектісі болып табылады. Мұндай өрістегі ізденістер жазушы шығармашылық лабораториясына бойлап еніп талант рухын тереңдеп ұғынуға зор қызмет атқарады.

Әуезовтің отызыншы жылдарға дейін жазған көптеген шығырмаларының, мақалаларының, әңгімелерінің, повестерінің, пьесаларының, аудармаларының қолжазбалары сақталмаған. Ал 1932 жылдан бергі жазылған шығармалардың қолжазбалары, түрлі варианттары, саналуан жоспарлар, эскиздер, жобалар, неше түрлі материалдар жазушының әдеби-меморилдық музейі архивінде сақтаулы. Бұл материалдарды түгел тексеріп, ғылыми пікірлер қорыту аса қызықты зерттеудің нысанасы екені шүбәсіз.

Жиырмасыншы-отызыншы жылдары М. Әузовтің күрделі шығармашылық ізденстеріне сәуле шашатын бір үлкен фактыны айта кету абзал. Ол – жазушы архивынан табылған “Тұман айғырда” романының эскизі. Қолжазба араб әрпңмен қалың дәптерге қарындашпен жазылған. Ішінара сиямен түзетілген жерлері де бар. Көлемі машинкаға басқанда 70 беттен асып жығылады.

Ең алдымен елуден астам қаһарманның аты-жөні, шыққан тегі, руы, басқалармен жақындығы, қарым-қатынасы, білімі, кейбіреулерінің қысқа мінездемесі, бастан кешірген жағдаяттарының ұзынырғасы, жалпы сюжет 10 тарау болып қағазға түскен. Сол жоспар ізімен оқиға киносценарийге ұқсас ыңғайда өрбиді.

Конфискация алдында қазақ аулындағы тап тартысы, тарих сахнасынан кететіндердің трагедисы, жаңа буынның қажыр-қайраты, интеллигенция тағдыры – осындай ірі-ірі әлеуметтік мәселелерді көтері мақсат болған.

Роман эскизі бойынша негізгі қаһармандар сипаты, басты конфликт, шығарма идеялы деген жайттр туралы нақ балау жасай алмыз. Шығарманың түп қазық кейіпкері Сейіл көзі ашық, оқыған жігіт. Сейілдің өзі бой тартып, араласпаймын дегенмен, дауылды жылдар күресі оны еріксіз көп талқы, үлкен тайталасқа түсіреді.

Жуандар Қабыш, Жортар, Жақыпбек, Сыдық, Наурызбай, Самат, Қуатжан, Әкімбектермен, кедей-кепшік Смағұл, Жүсіп, Ұста, Шоқпыт, Сабыр, Серіктердің күресі үлкен конфликті, негізгі тартыстың арнасы болады.

Әуезовтің өмір құбылыстарын терең, күрделі қалпында алып, алуан ситуациядағы характерлерді, қат-қабат психологиялық күйлерді реалистікпен бейнелемек болғаны эскизден көрініп тұр. Жазушы бай мен кедей арсындағы күрестің тек таптық жағын ғана құптамайды: шығармада екі жуан Қабыш пен Сләм өзара жұлқысып жүр; патша алауыздығы, сайлау таласы қым-қуыт; комсомолец Сері пен спасс жұмыскері арасындағы кикілжің бар; Сейіл бұрынғы достары, ұлтшыл интеллигенттерден іргесін бірте-бірте бөлек салады.

Эскизден көптеген типтер, қыр суретінің әр түрлі қалпы бой көрсетеді. Ескішіл Қази, момын Қаныш, күрескер жандар Зейнеп, Гүлсімдер әйелдер образы галареясын құрағандай. Мес, Құлайғыр, Көкторсық, Иткөрмес, Шынтұр, Шайтимес сияқты ұрылар – Жортар, Тәңірбергендердің қол шоқпарлары.

Ірі байлар Қабыш, Жортар, Қуатжан, Жақыпбектердің конфискациялануымен, кедейлердің қала болып бірігуімен оқиға тамамдалады.

Эскиз шамасы 1932-34 жылдары жазылған. Қазақстандағы тап тартысын, әлеуметтік күресті, сол арнадағы ұрпақтар тағдырын, жеке адамдар тағдырын жан-жақты алып, мол оиғалы, кең тынысты “Тұман айғырда” романының эскизіне арқау ету Әуезовтің шығармашылық өмірбаянының мағыналы, маңызды бір беті болып табылады. Күллі оқиға желісі тартылып, адамдар образы айқындала бастаған терең идеялы күрделі романын Әуезов неге аяқтамай, жазбай кетті? Бұл сұрақ жауабын да іздестіруіміз керек. Оқушы қауымды “Тұман айғырда” романының шебер, көркем жазылған эскизімен алғаш “Лениншіл жас” газеті 1966 жылғы 25,27 қыркүйектегі сандарында таныстырды.

“Түнгі сарын” драмасының жоспары да өте қызықты материал.

Мұнда да алдымен драматург пьесаға қатысатын қаһармандарды жазып қойған. Олар: Майқан, Бибіш, (Жүзтайлақ), Нұрқан, Кәрім, Жүніс, Сапа, Жантас, Мөржан, ояз Казанцев, Жұмажан, Сәруар, Қыдырбай, “Қыдыш), Тәнеке, Ділдә, Шатақан, Бөрібасар, Қойбермес, Семенов. Осының ішінде кейін бірақ әріп өзгертіліп, Қойбермес – Бойбермес боп ауыстырылады. Қаһармандардың бір-екі ауыз сөзбен қайырылған қысқа мінездемелері бар.

Кейін Майқанның қай болыстан екендігі дәл көрсетілгені, Бибіштің қу деген сипаттамасының алынып қалғаны болмаса, жоспар мен кітаптағы мінездемелерде айырма жоқ.

Айта кетуіміз керек, Әуезотің көп қолжазбасы араб, бірталайы латын, қазіргі шрифтермен жазылған. Ол ерекше бап таңдамай, неше алуан қағазға өз ойын қарындашпен, сиямен түсіре берген. Ал соғыс кезінде Әуезов қағаз тапшылығынан Совинформбюро бюллетендерін пайдалануға да мәжбүр болыпты. “Түнгі сарынның” жоспары араб әріптерімен жазылған.

Сия табына, әріптердің қағазға түсу қалпына қарағанда, драматург жоспарды көп толғанып, әбден пісіріп алып, бір отырыста жазып тастаған сияқты. Бұл жоспар әр нәрсенің шетін қылтитып қана көрсетіп қойған, шашыраңқы, түсініксіз нәрсе емес, бастан-аяқ жүйелі, логикалы, ұғынықты дүние.

Тіпті “Түнгі сарын( драмасы жазылмай қалған күннің өзінде, осы жоспар бойынша болашақ пьесаның тартысын, композициясын, идеясын, қаһармандарын, олардың қысқаша мінез-сипатын сөз ете алар едік. Өйткені шағын жоспарда үлкен пьесаның барлық бітімі тап басқан дәлдікпен көрініс тапқандай.

Драматург пьесаны бес актілі етіп жопарлаған. Ол жеке көріністердің арасын жіктеп жатпай, тек актілерді ғана бөлектеп алған.

Жоспар Жүзтайлақ серуенінен басталады. Мөржан мен арадағы сөздің тоқ етері. Одан кейін Нұрқан, Жүністер шығады. Осыдан соң сахнаға Жантас, Сапалар келеді. Оқиға үсті-үстіне қоюлана бастайды. Жоспардағы сюжет “Түнгі сарын” трагедиясы сюжетімен бірдей. Әуезов әңгімешілік шеберлігін пайдаланып, ұзақ пьесаның тарам-тарам, сала-сала оқиғасының ізін қағазға түсірген. Үзік-үзік, бір-бірімен байланысы жоқ фабула емес, күллі оқиға табиғи қалыппен өсіп-өрбиді, жан-жаққа тамыр жаяды.

Пьесаның барлық қаһарманы өзара әрекетке түсіп, конфликт белең алады. Драматург кейіпкерлер қарым-қатынасының дистанциясын айқындап, әрқайсысының ең басты қасиетін даралайды. Қаһармандардың күреске араласуы, қандай жағдайда сөз тастауы, персонаждардың бірінің келіп, екіншісінің кетуі, ситуация атмосферасы жоспардың ұзына бойында үнемі айтылып отырады. Жоспардағы көріністедің ауысу ретінің трагедиядағы ретпен тура келуі уезовтің болашақ пьесасының архитектоникасын айрқша ойланып, жете топшылап алғандығының, көкейде әбден пісіргендігінің дәлелі болса керек.

“Түнгі сарын” драмасының жоспары Әуезовтің шығармашылық лабораториясының құпияларын ашуға көмегін тигізер кілттердің бірі. Драматургияның үлкен бір қиындығы – характерді конфликт үстінде көрсету, осы екеуінің өзара әсерінен туатын тартыс десек, мына жоспарда болашақ пьесадағы айтылмыш компоненттер төбе көрсетеді. Әуезов қаһармандар арасындағы қақтығыстар қалай өтетіндігін, ситуацияның дәлді қалпын, әрбір адамның психологиялық күйін айтады. Кейіпкердің киімі, жүріс-тұрысы, сөйлегендегі бет құбылыстары , дене-қимылы – осы сияқты негізінен режиссер белгілейтін жәйттер де бірқыдыруы қағазға түседі.

Жоспар бастан-аяқ қара сөзбен ғана жазылмаған. Көп жерде диалогтар бар. Олардың бірсыпырасы төл сөз болып келсе, бірқыдыруы төлеу сөз болып беріледі.

Кішкене жәйттердің өзі кейін пьесаға ауысқанда ұлғайп жаңа түр, соған айық мазмұн табады, бірақ алғашқы эскизден танымастай болып өзгермейді. Жоспар мен пьесадағы жеке сөздер, тіркестер, фразалар, сөйлемдер, тұтас-түйдек оралымдар бірдей келеді.

Қаһармандар сөздері бірде жоспардағы тірек фразаларды ұлғайту, өткірлеу, дамыту негізінде туса, бірде жаңадан жасалған. Бірақ қаһармандардың өзара айтар сөздерінің негізгі мазмұны, оқиға ағысы ылғи жоспардағы арнада отырады. Ситуациялық жағдай, кейіпкерлер басындағы психология, олардың коллизиясы пьесада алғаш із негізінде туып, нақтылана түседі.


Жоспарда

1. “Молда-ай, қойшы, күйіс қайыра бермей, - деп тәкаппар Бибіш: - Ана құманды ал, - деп шығып кете берді.

2. Нұрқан кемпірді қорқытады – Келініңді алғызбаймын, баладан да, келіннен де айрыласың, - дейді.

3. Тәнеке, Жантас, Жұмажан, Бөрібасар көп атынан: - Списокты қолға бер, - дейді.


4. Мұғалім: Шен таққан төренің алғаш сатқаны бұл емес, - дейді
5. Қайранға соғып, шабақтай ілінерсің, - дейді.

Жантас: - Жігіттерімді сенімен тояттатармын, - дейді.


6. “Қармағымды шабағына қамдаймын, шортанын іліндіремін. “Алыстағы сәлемнен әзір тұрған құшағымигі” – Жантас сөзері.
7. – Қарсақ баласы қайсың, мынаның әйеліне шейін басыма ойнайын деген екен, - деп Жүніс әлек салады. Айрыласың
8. Жантас соңғы оғын ата бергенде, Жүніс артынан құшақтай алады. – Бір алысатын кезім жетті, - дейді.

9. Бибіш: - Адыра қал, күнімсің, - дейді.






Кітапта

1. Жүзтайлақ (қатты(. Мұғалім, қойшы күйіс қайыра бермей. Ана құманды ал онан да.

2. Нұрқан. Ана келе жатқан елдің ішінде балаң да бар. Міне, не елді де тоқтатып өзі де тоқтайды. Немесе осындағы келініңді де бұйртпаймын, білдің бе? Балаңнан бір, келініңнен екі. Міне, айттым да қойдым.

3. Тәнеке, Сал, әпкел, мұнда списогіңді. Антас. Тәкеңнің айтқаны рас, списокты беріңдер.

Бөрібасар. Списокті қолымызға беріңдер, келгеніміз сол!

4. Мұғалім. Сары ала түйме таққан төренің қазақты алғаш стқаны бұл емес (Тұрып жүре береді).

5. Жантас. Лыстағы сәлемнен әзір тұрған құшағым игі демес пе ем мен болсам! Еліңнің құшағы емес пе?

7. Жүніс. (Айғай салып). Уә, қайдасың, Қарсақ-Борсақ, Олжай-Қарсақ шыға ғой олай болса. Өлейін мен мұның қолында, қайдасың мен деген ел? Шық мен жаққа керегі жоқ! Асқан екен бұл Борсық! Тамам елдің төбесіне шығып қатынына дейін басыма ойнатайын ба?

8. Жүніс. Ә, Жантас, бір алысатын кезегім келген еді! Тосқаным осы еді.

9. Жүзтайлақ (селк етіп жоғары қарап). Ә, жүзіқара, бақыты күйген сорлы күң! Сен әлі аяғыма шырмалып жүр ме едің? Әпкеліңдер ұстап ана күңді.



Жүзтайлақтың жоспардағы сөзін пьесаға көшіргенде драматург “молда-айды” “мұғалім” деп ауыстырады. Инверсия жасау үшін “онанда” деген сөз қосылған. Нұрқан сөзі дамып, ұлғайған. Көпшілік сценасын күшейту мақсатымен “Списокты қолға бер” деген сөйлемді Тәнеке, Жантас, Бөрібасарлар жеке-жеке, әрқайсысы өз ыңғайына қарай айтады. Мұғалім сөзіндегі “шен таққан” дегеннен гөрі “сары ала түйме таққан” деген тіркестің образдылығы айқн. Жүніс сөзі пьесада драмалық жағынан күшейтілген. Жантасқа айтатын сөзі алғашқы күйінде. Жүзтайлақтың пьесадағы сөзінде жоспардағы “күңімсің” деген сөз кеңейтіліп пайдаланылған. Көрсетілген жер атары Қарабұжыр, Көксу, Қызылжар, Жыланды пьесада болыс атары ретінде келеді.

Драматург жоспарда тартыстың финалын айқын шеше алмаған сияқты. Бір жазуға қарағанда, Жүзтайлақ: “Арам болармысың: арысымды өлтіргенде қайда едің” – деп Жүністі басқа соғады. Бірақ мұны автор сызып тастаған.

Жоспарда болысты 4-актінің соңында Жантас атып өлтіреді; 5-актіде Жантас Нұрқан оғынан қаза табады. Мөржан тастан құлап өледі. Бойберместер қашып шығады: Ділдә мен Бөібасар көгенделеді мұғалімге кісен салынады. Жүніс: “Соңғы кісің мен. Уәдеңнен шықтым, Бибіжан! – деп ұмтылады. Бибіш үндемей басын иеді. Ал пьесада Жүніс Жантас оғынан қаза табады.

“Түнгі сарын” драмасы алғаш рет “Әдебиет майданы” журналының 1934 жылғы оныншы санында жарық көрді. Пьеса тұтастай емес, тек 4 акті, 5 сурет басылған болатын. Пьесаның барлық басылымдарын салыстырып қарағанда, ішінара өзгешелік осы журналдағы вариантта ғана бар. Өзгелерінде ауытқу жоқ, бәрі “Тас түлек” жинағындағы нұсқамен тура келеді.

Журналдағы үзіндідегі қаһармандардың бәрі де кейінгі басуларында сол қалпы, оқиғада ешқандай айырма жоқ. Кейбір өзгерістер стильде жатыр. Драматург журналдағы вариантты кейін ықшмдаған.

Жүністің екі жүзділігін, айлалы зымиян екндігін көрсететін сцена, кейбір сөздер қысқартылған. Фразаның екпінін күшейту; дилогқа астар беру қажет болған. Жібі босаң бірнеше сөйлемнің мүлде алынып қалуы орынды.



Журналда

Жантас. Біз әдейі сендерге әдейі ауызба-ауыз өзі мәлімдесін деп осында алып келдік...






Кітапта

Жантас. Біз сендерге ауызба өзі мәлімдесін деп алып келдік осында.


Ешқандай өзгеріс жоқ. Инверсия жасау мақсатымен драматург “осында” сөзін әдейі сөйлемнің соңына әкелген. Журналдағы үзіндіде Майқан болысты Жантас атса, кейінгі басылуларында Бөрібасар атады. Ал екеуінің айтатын сөзі бір.




Журналда

Бөрібасар (мергендер ішінде атып жатып!. Ұшты біруі...ұшты ма? Екеуі...Бас! Бас!

Бойбермес. Мынау Борсақ үшін, ұшты ма? Мынау жазықсыз қырылған кемпір-шал, қан жылаған ел үшін (оғын салып жатып).

Бөрібасар. Мынау Қарсақ үшін. (Оғын салып жатып). Мынау қызыл қарын жас бала үшін. Мә ұлық. Мә, төре! Саған, саған атамыз! Серейді бірі тағы да.

Жантас. Шегін! Шегін! Енді аттарыңа мініп баса бер... Беті қайтып қалды, баса алмай қалды.

Бөрібасар. Ә, жан керек екен, бәлем саған да.

Бойбермес. Қолы батпайды дейтін шығарсың ал сыйыңды. (Жөнеліп кетіседі)





Кітапта

Бөрібасар. Мынау Борсақ үшін! Мына жазықсыз қырылған кемпір-шал, қан жылаған ел үшін!

Серейді ме? Мынау Қарсақ үшін! Мә, төре! Саған, саған атамын! Қылжиды біреуі тағы да. (Жөнелтіп кетеді).

Бірнеше диалог қысқартылып, ықшамдалып, өңделіп, бірақ кісінің – Бөрібасардың сөзі боп шыққан. Қорғасындай салмақты, шиыршық атқан ашу-ызаны, әділ кекті дәл бейнелейтіндей сөз. Бұдан соң келетін кішкене көріністегі Семеновтың, ояздың диалогтары да алынып қалған.

“Түнгі сарын” драмасының үзінді боп шыққан ең алғаш басылуымен кейінгі жариялануларының арасындағы айырмашылықтар, негізінен, осындай.

“Түнгі сарын” драмасы алғаш рет 1935 жылы қазақ драма театры сахнасына шықты.

“Түнгі сарын” әлеуметтік маңызы және көркемдік қасиеті жағынан Әуезовтің ең үздік шығармасы болып қалар”, - деді Ілияс Жансүгіров. Сыншы Ілияс Қабылов, елгілі революционер Әліби Жанкелдин, драматург, режиссерЖұмат Шанин, профессор Құдайберген Жұбанов “Түнгі сарын” трагедиясын жоғары бағалады. Көп пікір бір жерге құйды.

Насыр және Әбітай деген авторлардың мақаласында спектакльдің режиссерлық жағына назар аударылған.

Тәнеке роліндегі Қалыбек Қуанышбаев, Казанцев роліндегі әкен Айманов, мұғалім роліндегі Қапан Бадыров, Жантас роліндегі Елубай Өмірзақов, Нұрқан роліндегі Камал Қармысов, Жүзтайлақ роліндегі Мәлике Шамовалардың артистік шеберліктері сөз болды. Ш. Жантілеуов, Ж. Сәрсеков мақалалары да пьесаны талдауға арналған.

Әуезов “Түнгі сарын” дамасының алғаш сахнада қойылған вариантын кітап етіп шығарарда бірталай редакция жасады, соның нәтижесінде Жантас образы жоталана түсті; көтерілісшілердің жер мәселесіне қалай қарайтыны Тәнеке образы арқылы айқындалады; шығарманың оптимистік рухы артты; қаһармандар сөзі ширады. Пьесаның тұңғыш қойылуына айтылған пікірлерді драматург сараптап, екшеп қажеттілерін орынды пайдалана білді.

Қазақ театры сахнасында зор табысқа жеткен “Түнгі сарын” драмасы Әуезовтің өзінің қатысуымен басы қасында болып басшылық етуінің арқасында орыс тіліне аударылп, 1937 жылы орыс драма театрында қойылды.

“Түнгі сарын” – орыс тілінде қоылған қазақтың тұңғыш пьесасы. Спектакльді дайындауға қазқ аристері берген көмекті, костюм таңдауға, декорация жабдықтауға пьеса авторының тікелей қатысқанын “Түнгі сарынды” қзақ тілінде алғаш қойған, орыс сахнасына шығарған режиссер Ю.. Рутковский айрықша сөз етті”. “пектакльді сәтті деу аз, ол театрдың белді табысы” деп көрсетті сыншы М. Воронцов. Қазақтар орыс тілінде “Бар даысымен кшті сезімдердің қуатты толқынмен жарқын бояу, ашық өрнекпен үн қатты”, - деп жазды композитор Е. Русиловский.

Үлкен шаттық Әуезовтің басында еді. Спектакльге ирза болған автор “Өздері шала білетін өмірдің, тарихтың жұмбақ тндерін жанды образдар арқыл бұлжытпай ойнап беру оңай іс емес болатын. Батылдық пен ізденгіштікті барынша мол жұмсайтын жер ед. Мынау коллектив бұл жөнінде көп еңбек, ауыр ебек етіп кеп, ақырында көрнекті іс істеп шықты”, - деп орыс артитерінің еңбегіне өз тарапынн үкен баға берді.

Екінші рет “Түнгі сарын” орыс дрма театрында 1960 жылы қойылды.Көрермен қауым әдебиет жұртшылығы спектакльді ыстық ықыласпен, зор ынтамен қабыл алды”.

СССР халық артисі Б. Харламова: “Өз бсым Жүзтайлақ ролін ойнаудан зор шғармашылық шабыт алды. Мұндай образдар тетр репертуарындағы пьесалардан сирек ездесіп жүргенін жасыра алмаймын”, - деп, Жүзтайлақ бейнесінің үлкен драмтургтік шеберлікпен жасалғанын тағы да ескертті. Бірталай мақалалрда драманың көркемдік күші, спекталь табсы айтылды.

Халық тарихының ерекше шығарма жазғанда қаламгер алдында әдеттегі шығармашылық қиындықтрмен қоса тағы да үстеме тосқауыл тұрады. Оның біріншісі – жеке адамдардың күй-жайын суреттеу аясынан шыға алмай қлушылық болса, екіншсі – дара харатерлер мүсіндедегі олқылық, образды табиғи күйде бермей, идеялық рупор етуге түсіп кетушілік.

Пушкин айтқандай , адам тағдыры – халық тағдыры, бұл екеуін бөлмей-жармай, біреу арқылы мыңды, мың арқылы бірді бейнелеп беру үшін үлкен талант, биік шеберлік үстіне қаламгерлік тәжірибенің мол болуы аса қажет фактор. Шекспир қырар тарихи хроника жазып, сол жолда көп шаршап, шалдығып, екінші жағынан шынығып, марқайған кезінде ұлы трагедиялары “Оелло”, “Гамлет”, “Король Лир”, “Мықбеттерді” дүниеге әкелді. “Борис Годуновтың” тууы да Пушкин талантының әбден толысуымен сабақтас.

Даланың революциядан бұрынғы тіршілігінің әр түрлі қырын жиырмасыншы жылдардағы шығармаларында бірде трагедиялық, бірде эпикалық кең тыныстылықпен, бірде нағыз суретші бояуымен берген, бәрінен де қазақ өмірінің бұрынғы соқпағы отқа апара жатқанын терең ұғынған Әуезовтің тарихи маңызы зор, әлеуметтік-таптық тартыстардың қиын түйіні – он алтыншы жыл оқиғасын драматургиялық шығармаға арқау етуі жазушы талантының кемеліне келуін көрсетеді.

Тақырып таңдау жазушы үшін көңіл күйдің әлдеқандай, кездейсоқ соғып кеткен желі емес, бар ықылас, барпейіл объектіге ауып, материалды екшеп, даралап, оған қан құйып, тіл беріп, соның үстінен табылу. Жадырай алтын, ашулана алатын, егіле алатын, күресе алатын, күлетін, қуанатын, зарланатын, бекінетін, толқитын адамды көрсету – қызық та қиын. Бұл – көркем шығарма жасаудың ащы азабы мен тылсым рақатына берілу. Сондықтан да уезовті он алтыншы жыл тақырыбына екінші рет әкелген – сыртқы әсер, сыртқы ықпал емес, ішкі импульс, шығармашылық зор құлшыныс, суреткерлік шабыт.

Драматург пьесаны Жүзтайлақтың қыр асып шыққан серуенінен бастап кетеді. Бұл, бір қарағанда, драмалық әрекеті аз, сырдаң ситуация. Қаһармандардың сөзіне құлақ асып, қимылға ден қоя бастасаңыз еріксіз қызығасыз. Өйткені, қаһармандар арасындағы тартыс, ілініс, қақтығыс оты шымылдық көтерілмей тұрып тұтанып кеткен. Сөзден сөз туады. Жай, қарабайыр сөзден іргесі бөлек, мінезді характерді кескіндейтін бейнелі, өрнекті сөз. әрекеттің, драмалық соқтығыстың тілі.

Айқасқа түскен қылыштардың алғашқы сарт-сұртынан дұшпан тегеурінін іштей сүзе қоятын кәнігі жауынгердің танымпаздығындай сұңғылалығы бар Жүзтайлақ Мөржан қарсылығының бекем екенін салған жерден ұғады. Шу бастағандағы райын өзгертпейді, өрекпи түседі, тізеге басады. Мөржан тағдырының әміршісіндей сөйлейді Жүзтайлақ.

Бұйрығында ешқандай ерсілік жоқ сияқты. Қайта Нұрқан қолқасына көнбей жүрген Мөржан қылығы Жүзтайлақ ұғымында астамшылық, қадір білмеушілік, ана бір мәтелде айтылатын “алтын табаққа салғанда шоршып түскен иттің басының” кері секілді. Қайны Нұрқан тілегінің жоғын қууы Жүзтайлақтың көңілі түсіп, көл боп кеткендігінен де емес. Оның түкпір ойы Мөржан жастығын рәсуа ету, аз күндік арам жүрістің құрбандығына шалып жіберу.

“Жантас – кімнің Жантасы?” Сұмдықтың төркіні осы жалғыз ауыз сөзде. Егер Нұрқан тояттап кетсе, гүлінен айрылып қалған Мөржанға Жантас тұрақтамасын зымиян Жүзтайлақ іш есеп етеді. Қарулы, жалынды Жантасты өзі ғана құшпақ әманда. Ешкімге ортақ еткісі келмейді. Жүзтайлақтың алдына шығар, кесе-көлденең тұрар мынау есігінде жүргн сорлы қыз ба? Жүзтайлақтың паң күлкісі, астам сөзі өзіне шақ. Ешкімді бойынан асырмас.

Әуелі алдына жеңгесін салып, соңынан өзі шыққан Нұрқан тілегінің қандай тілек екенін жасырмайды. “Махаббат – жастық, онда арам, адал деген болмайды”. Бұл Нұрқанның аузынан сөз арасында жауапсыз айтылып қалған нәрсе емес, берік ұстанған моралі.

Көптеген шығармаларында теңсіздікті жүрегі сыздай отырып жазған Әуезов масқаралықты, сорақылықты, сан алуан сұмдықтарды таңбалаумен ғана шектелмей, әйел сезімдерінің небір ыстық шұғылалы, сәулелі күйлердің табанға басылуын шіміркене бейнелейді.

Жүзтайлақ – Жүніс, Нұрқан – Мөржан араларындағы қақтығысқа үшеуі бір жақ. Мөржан бір жақ. Бірақ бұл жерде, “Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ” деген мақал жүрмейді.

Мөржанның ұстанғаны – ар жолы, ол халық қастерлейтін, дәріптейтін адалдыққа бас ұрады, сол жолда өзін қорғауға күш салады.

Жүзтайлақ – беттің қызылы барда жалғанды жалпағынан басып өтуді мұрат тұтатын әйел, сондықтан оны көргенде Жүніс сияқты бозбалалық базарының дырдуына енді қадам басқан жігіт-желеңнің аузының суы құриды. Нұрқанға ерген болып, соның шашбауын көтерген болып, Жүніс өз көңіліндегі ниетін Жүзтайлаққа сөз арасында айтып қалады.

Драматург ескі қазақ аулының ішкі күйін, психологиялық астарлары, бармақ басты, көз қысты жайттарды әрбір қаһарманның бойына шақ мінезбен әсерлі түрде қаз қалпымен береді. Қараңыз.

Мөржан мұндар қайтсем қасқр Нұрқанның қанды қақпанына түспеймін деп күтіп тұр. Нұрқанның есіл-дертін әкетіп бара жатқан қу нәпсінің құтырынған жыландары. Жүніс Нұрқанды қолтықтай жүріп Жүзтайлақтың оң көзіне ілінсем дейді. Қанаты қатпаған, қақ-соқты көре қоймаған Мөржанның адалдыққа ұмтылған қалпы, аңғалдығы, балапан күйі ана үшеуінің аямастығына қарама-қарсы алынған.

Нұрқан мен Жүніске қарағанда, Жүзтайлақтың еңсесі әлдеқайда биік. Сөзі мірдің оғындай Жүзтайлақ ашуланса, дүниенің астан-кестеңін шығарардай көк долы. Құр байбалам салатын, өз шашын өзі жұлып, әптер-тәптер шығаратын бақырауық емес, түскен жерін удай ойып түсер кесір.

“Сені адал қатын, жақсы қатын дегізіп, онымен жақсы дәурен сүргізіп, тыныш қарап отырармын мен. Сіңірі шыққан күң, менің иығымнан түскенге неге місе қылмайсың? Мырза жігіттен қалған сарқытқа Жантас неге шүкірлік етпейді? Болыс төсегін арамда да, өзіңдікін тағы да адалдан қыл! (Кекетіп күліп.) Жоқ шығар, өйтсең ойын бұзылады (тоқтап), Жүзтайлақ сүйсе де, тістеп сүйіп әдеттенген”.

Осы шағын монологтн Жүзтайлақ болмысының көп сыры ашылады. Ең алдымен Жүзтайлақ - өр, асқақ, кеуделі адам. “Мен” деп сөйлейді. Жай ғана айтыла салатын момын “мен” емес, атқулдап, бетінен оты шығып, төсін қағып тұрған “мен”. Жүзтайлақ басқаны кекете, кеміте, төбесінен басып, тұқыртып тұсап, төрт тағандата түйіп сөйлейді. “Күң – дейді Мөржанды, - сіңірі шыққан күң!”

Жүзтайлақ жалтақ, жымысқы емес, ашық, күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін жасырмайды, бірақ жалғыз күйгісі де келмейді. Басқаны қоса сүйретпек, өлсе де жастық іздейді. Арам жүріс жолына өзгелердің түспеуі аш өзегін өртейтін сияқты. Көнбейді оған Жүзтайлақ. “Сүйсе де, тістеп сүйіп әдеттенген”, - деген фразада ішкі астар мол. Жүзтайлақтың өзін-өзі мінездеуі дәл, терең, өткір.

Нұрқан қолқасын Мөржан аяқ асты еткен соң ашуға мінген, іштей кеселді серт байлап, сұмдықты қадамға бекінгендей болған Жүзтайлақ өзіне сөз айтып тұрған Жүніске кекесінді күлкімен жауап береді. Бұл сценада Жүзтайлақ өзіне сөз айтып тұрған Жүніске кекесінді күлкімен жауап береді. Бұл сценада Жүзтайлақ характерінің тағы бір қыры ашылды.

Ол - әзіл-қалжыңға ұста. Сұлулығымен жігітті өзіне ынтықтырып қана қоймайды, соған желеу боларлық қылық істейді. Сиқырлы күлкімен, арбағыш тілімен ғашық жүректі тұтқын етеді, бірақ өзі беріліп кетпейді. Күшіне сенген паңдықпен әуреге салып, шырға тастап, бұлаңдатады. Қажет болса, Жүзтайлақ қазір жылы жүз беріп, қолма-қол сырт айнала салады.

Жүніс шешіліп, сүйетіндігін ашық айтып тұрғанда, сайқал Жзтайлақ оны әрлі-берлі қақпақыл етеді. Әйелдік зымияндықпен арақатынасты белгілі бір мөлшерде ұстау тәсілі бар. Біржолата ат кекілін кеспейді де Жүзтайлақ, іші-бауырына тартпайды да Жүзтайлақ. Жүніс бейбақ дел-сал.

“Бала, не қыласың бізбен ойнап?!”, “Біздің көмей – үлкен көмей, бала”. “Бала” деген жалғыз сөзбен Жүзтайлақ Жүністі тымақтай ұшырып түсіріп тұр. Жүністің быжылдап қайнаған сезіміне Жүзтайлақ мұздай суды бүрке салады.

Тақымдап қоймай қойған Жүністі көңілі ұнатпаса да, Жүзтайлақ мүлде жер қып кетпеуі керек. Кетпейді де. Бірде болмаса, бірде кәдеге жарар. Еркек емес пе? Жүзіне телміргендерге өз сойылын соқтырып қою – аяр сұлудың қашанғы әдеті.

Жүзтайлақ – Мөржан, Мөржан – Нұрқан, Жүніс – Жүзтайлақ араларындағы тартыстың психологиялық шиеленістері біршама ұлғайып, драмалық әрекет өріс алп келе жатқанда сахнаға пьесаның іргелі қаһармандары Сапа мұғалім мен Жантас шығады.

Дүрбелең, ел басына туған қаралы күннің жай-жапсары осы екеуінің ішкі толқынды жасыра алмас диалогтарынан аян болады. Келе жатқан үлкен сергелдеңнің ұшқыны іспетті әсер береді.

Жантастың мұғалімді ес көріп, ұстаз тұтатындығы салғаннан айқын. Мұғалімнің сөз әлпеті ойлы, байсалды адамның сыңайын танытады.

Бұл сценада Майқан болысты сырттай мінездеу бар. Халық қан жылап, ер-азамат басына екіталай заман туғанда, қыл бұрауын бұрынғыдан ширата түскен безбүйректің мінезін Жантас жалғыз-ақ детальмен жеткізеді. Жантас пен мұғалім бір-біріне бас изесіп, бірі бастап, бірі қостап келе жатқан жоқ, бұлардың арасында да аңыс бағу бар. Жантас тағдырдың қара дауылы соғып беріп, алай-дүлей күн болса, мұғалімнің кім деп сойыл сілтейтінін білсем деп ынтызар. Мұғалім өз көзіне тәуір көрінген, көкірегі ашық сияқты Майқан болыстан мүлде құрық үзіп кетуге бекінбейтіндей. Тоқ етерге келгенде, Жантас мұғалімді, мұғалім Жантасты тапқандай.

Халық басындағы ауыртпалыққа қабырғалары қайысып, қинала ойланып келе жатқан қос арыс тапа тал түсте зорлық етіп, Мөржанды мазақ жасамақ Нұрқан сойқандығының үстінен шығады. Бұл сюжет өрбуінің жасанды бұрылысы емес, характерлер сипатының ішкі логикасынан шыққан ситуация.

Нұрқандар мен Жантастар қақтығысуы шарт. Мөржан-Жантастың көңіл сүйген қалыңдығы. Ардагер жігіттің алақанға салған аяулысын Нұрған бір күндік қызық-дырдуға құрбандық қылып шалмақ. Бұл орйда туатын тартыстың зардабы қайсысына да осал соқпаса керек-ті.

Бетпе-бет келіп қалған сәтте екеуі де сөз сүңгісін салып-салып алады. Талай ырғасып, талай жаға жыртысқандары мәлім болады. Нұрқанның да, Жантастың даішінде селдей жиналып қалған, көбіктеніп, шеңбек атып тұрған бір-біріне деген өшпенділік тасқыны сыртқа лап қойып төгілмегенмен, келешек балталасудың болатынын сездірген ызғар аяздай қариды.

Басынан сөз асырып көрмеген менмен Нұрқан үшін Жантастың қалыңдығын айналдыруда тұрған ешқандай өрескелдік, шідер үзгендік жоқ. Бұл атыраптың әдет-ғұрпында іргелі рудан шыққан ұлдың мұндай ісін кім айыптайды? Қызды кім алмайды, қымызды кім ішпейді, бәтір-ау? Ер жігіт, бозбала үшін қыз-келіншекпен ойнап-күлу, серілік құру мақтан, марапат емес пе еді? Ендеше, сіңірі шыққан кедей Жантастың қай құтырғаны? Көзі түскен қыз оның қалыңдығы болса қайтеді екен?

Нұрқан осылай ойлайды. Шыққан ортасы, алған тәрбиесі, көргені, түйгені сол моральға алып келген. Шын сенімі сол, характерінің болмысы осы. Бұдан бұғып қалар Нұрқан емес, өйткені ол қордалы жерден шыққан жуан түбірдің қисық бұтағы.

Өлім мен өмір сағаты соқты. Аждаһа патшаның сұмдық хабары даланың бұрыш-бұрышына өрттей тарап жатыр. Елдің көшін бастар ер кім? Жұрт сағалар тыныш мекен, жайлы қоныс бар ма? Көп болып бас қосқанда істер айланың кілті табылар ма? Қилы заманның қырық батпан салмағы басқа түскен уақытта қалыңдығы Мөржанды қой соңына түскен қасқырдай Нұрқан үркітіп жүрсе, қай асқандығы? Шектен шыққандығы ғой әбден, Шыдар ма мұндай қорлыққа намысты жігіт, ортан қолдай азамат?

Жантас осылай ойлайды. Жоқшылық жанға батып, тесік өкпе болып өссе де, ол ез емес, есесін жіберер қор емес. Нұрқанның көзіне айтады, қамшымен басқа салып жібергендей болады. Егер кінәсін мойнына алып, кішірейіп, кешірім өтініп басын исе, Нұрқан Нұрқан болар ма еді? Сөздің жүйесінен тұсалса да, азу басқанын қоймайды, тіпті үлкен пәленің шетін шығарады. Соғыс! Окоп! Трагедиядағы басты конфликтінің бір шақпақ оты жарқ ете түседі.

Бұл сценадағы күшті тартыс Жантас пен Жүзтайлақ арасында. Қай жағынан алғанда да, өте шебер жасалған ситуация. Жантас – кедей жігіт, ер жігіт, басы бос, бойдақ жігіт. Жүзтайлақ – бай жерден, байдың әйелі.

Екеуі де әр түрлі әлеуметтік баспалдақтың адамдары. Жүзтайлақ жоғарыда. Жантас төменде. Тіпті Жүзтайлақ оң жақта отырған күнінің өзінде ұмтылғанмен, Жантас қолы жетпес еді. Көңілді, сезімді айтып отырған жоқпыз, әр таптың өз моралі өзіне, адамдар арасындағы көп жайттарға сол таңба басып, тізгіндейді ғой. Жүзтайлақ – Майқандай аюдай ақырған болыстың нақсүйері. Жантас – болыс әулетінің өлердей жек көретін адамы, олардың ата жауы.

Логика бойынша, Жантас Жүзтайлақтың да қас дұшпаны болуы керек-ті. Бірақ өмірдің логикасы формальды логикамен сәйкес келмейді. Таптық-саналық сезімдері кереғар адамдардың арасындағы сүйіспеншілік аясында туған драмалық халді реалистікпен бейнелеуден Әуезовтің суреткерлік көрегендігі, өмірлік материлды іріктей, сұрыптай ілудегі талғампаздғы аңғарылады.

Қазақ әдебиетінің ұзақ тарихына асығыс көз жүгірткеннің өзінде жағымды қаһарман жасау дәстүрі тамырының тереңде жатқанын, оның тарам-тарам бұтақтары барлығын көреміз. Үлгі алар, бетке ұстар қаһарман – қазақ эпосының діңгек кейіпкері. Төл әдебиетіміздегі жағымды қаһарман жасау дәстүрін Әуезов шығармашылық сапардың алғашқы кезеңінен бастап-ақ қолға алды. Прозадағы кейіпкерлерді былай қойғанда, трагедияларында жасаған қаһармандары қаншама – Еңлік, Кебек, Сырым, Қарагөз, Ғазиз, Абыз, Жапал.

“Түнгі сарын” драмасының үлкен табысы – жағымды қаһармандар образын жасауда жатыр. Драматург Жантасты күрделі әлеуметтік күрес аренасында кескіндейді. Жалған, жарамсыз бояу оспайды. Әрқашан Әуезов қаһарманды сүттен ақ, судан таза күйге түсіретін желөкпе идеализациядан аулақ. Мұның нақты дәллін Жантас пен Жүзтайлақ арасындағы қарым-қатынастан жақсы байқауға болады.

Мөржанды сүйсе де, Жүзтайлақтай асқақ, өр, тәкаппар, жалынды сұлудың құшағынан тартынбайды Жантас. Біз Жүзтайлақ пен Жантас арасындағы сүйіспеншілік хикаясының қалай басталғанын, олардың алғаш рет қалай табысқанын, жасырын жолығысулар, түн жамылған кездесулердің қалай өткенін білмейміз. Егер бұлардың бәрі бейнеленсе, “Түнгі сарын” көлемі ұзақ, трам-тарам оқиғалы ғашықтық жайлы романға айналып кетер еді. Даматург батыл түрде көз алдымызға Жантас пен Жүзтайлақтың тартысқа түскен, екі ұдай боп жарылған сезім бауырластығынан айрылған шағын тартады.

Бұл екеуінің арасында әуел баста-ақ сезім бауырластығы, шынайы махаббат болмағандығын, қызбалық желікпен аңсары ауған жігіт нәсіпқұмар, жалынды әйелді көзжұмбай тәуекелмен аймалағандығын ұғыну қиынға соқпайды.

Жантастың Мөржанды арашалауы Жүзтайлақтың ашуына шоқ тастап жібергендей әсер етеді. Нұрқан қолқасын орындамай, Жүзтайлақ бұйрығын жер еткені былай қалып, енді Жантасқа ортақ болмақ екен ғой, бұған көне алмас. Қылышта өткір тілмен жарып-тіліп айтатын Жүзтайлақ бұл жолы өзгерсін бе, Жантасты бас салады.

Түгі бетіне шыққан ашу, дұшпанын балағаттап қорлау, тепсіну – бәрі аралас. Осы шағын көріністе Жүзтайлақ пен Жантас басында өте күрделі психологиялық хал бар. Жүзтайлақ әуелі қызғанышпен, өзінің есігінде жүрген қызға нақсүйерінің пейілі мүлде ауғандығын ойлап өртенген күншілдікпен долданады. Сескентіп, шошытып қайтармақ өзіне Жантасты. Өрекпи түскен Жүзтайлақ Жантас намысына қол салады: “Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас”, “өзіміз-ау жал бітірген”.

Шыдамайды жігіт. Дәл осы жерде жарылады: “Олай болса, маған, майға бөккен бай қатыны, өзің тіленгенсің”. Оқ атылды. Екеуінің арасындағы құпиялы сырдың бет пердесі дар етіп бір-ақ жыртылды. Сыр ашылып қойған жоқ, Жантас – Жүзтайлақ арасында дәнекер боп келген қызбалық, құмарлық оты тас босағаға, тар қамауға келгенде, бір шалқыған желден қалмай, жалп етті де сөнді.

Енді Жантас үшін Жүзтайлақ кім? Ал, Жүзтайлақ үшін Жантас кім? Ер жігіт аз күндік арам жүріске бой алдырғанына бармақ шайнап, өкініш уын ішкендей күйге түседі. Сол торда шырмалып қалмай, Мөржандай қызға жар құшағын жаюмен өзін-өзі ақтаған, тазарған, сезім мөлдірін мұрат еткен жолға бет бұрады.

Анталаған жігіт-желеңді көзге ілмей, бақайына отырғызбай жүргенде, пейіл берген Жантасы мынадай қадамға басқан соң еңсесі түскен, талақ болғандай жерленген Жүзтайлақтың ат-кекілін кесісіп, қас дұшпандыққа біржолата бет бұруы – оның характерінің табиғи күйінен, ішкі сипатынан туындап жатқан іс.

Кешегі жалын құшақтарды тұлан тұтқан, тас-түйін жаулықтың арылмас өшпенділігі аяздай қариды енді. Пьесадағы найзағай шартылындай қақтығыстың бір тармағы Жантас – Жүзтайлақ арасында қоздайды.

Ыза, қорлық, өкініш, кекті ашу, тапталған ерлік, кесескен серт – осы алуандас сезімдер арпалысып кеп Жүзтайлақ жүрегін тайша тулатқан кезде, басу айтқан адам – мұғалім. Алдымен пана іздегендей, мұң шаққандай болған асқақ сұлудың өзі. Жүзтайлақтың алапатты көркемдігіне сырттай құмар боп, ұнатып, құлай беріліп жүрген мұғалім осындай қиракезік сәтте, ыңғайсыздау жағдайда ашылып, сыр айтады.

Алдында ғана кешегі нақсүйері Жантаспен жауласып, дұшпан олып айрылысқан Жүзтайлақ қанды қақпанына өзі келіп түскелі тұрған құбандықты қалай мазақтап, шырғалаңға салу жөнін ойланып жатпайды. Ежелгі әдеті – бір кәдеге жарар-ау деген жігітке үміт сәулесін алыстан, көз ұшынан болар-болмас жылтыратып қойып, қалаған мақсатына жұмсау, өз сойылын соқтыру.

Кітаби тәрбие алған, шығыстың ғашықтық жырларындағы махаббат хикаяларына сусындап өскен мұғалім Жүзтайлақтың оң назарына ілінуді зор қуаныш санап, тебіреністі халге түседі. Сүйіспеншілікті рухани бауырласу деп ұғынудан мүлде аулақ Жүзтайлаққа сөз айтқан еркекті табанға басу, қорлау үлкен бір рақат сияқты. Кесірлі сұлу мұғалімге құманн көтерумен әлдекімдерге кеткен есесін қайырғандай блады.

“Түнгі сарын” драмасының бірінші актісіндегі барлық қақтығыстың түп қазығы – Жүзтайлақ. Осы қазыққа Мөржан да, Жүніс те, Жанас та, Сапа мұғалім де, Ділда да, Нұрқан да, Сәруар да соғып кетеді. Әрине, Жүзтайлақ бір төбе, қалғандары бір төбе деп үзілді-кесілді айтуға болмайды, біз тек драмалық тартыстың негізгі линиясын көрсетіп отырмыз.

Жеке бастың халдерінен туған тартыстарда қарама-қарсы полюстерге йысқан қаһармандар характерінің үлкен әлеуметтік соқтығыс кезінде қай кемерде ашыларын іштей сезе бастайсың. Жайшылықтағы қақтығыстан етек алған конфликт заман қабағы бұзылғанда желді күнгі өрттей шалқуы заңды.

Болыс дастарқанында бас қосқан Кәрім адвокат. Қыдышбай, Нұрқан тентек, Жүзтайлақ зымиян халық қабырғасын қайыстыра келген қаралы күнде мәз-мейрам болып, қолдарына жаңа күш, орасан билік тигендей күпінеді. Алғашқы актіде Жантас пен Сапа мұғалімнің қазақтан әскер алуға қарсылығы көрінсе, мыналар шоқ үстіне шоқ десіп отыр.

Көпшілікті Жүзтайлақ “құырынған малшы, қосшы” деп менсінбесе, Нұрқан “көп шуылдақ, көп суыр, малшы, қосшы, өңшең елден шыққан, келімсек, қырық ру” деп одан бетер кемітіп, шарасынан асып ақкөзденіп, шалқып сөйлейді. Жантастың шешесі Ділдәі Жүзтайлақ пен Нұрқан екі жақтан тізелеп, көкірегі надан, көзі байлаулы ошақ басындағы сорлы пұшпаймен халде жас төгеді, іштен шыққан жалғыз баласын аналардың азғыруымен қарғауға дейін барады. Адасудан, мән-жайды ұғынуға өресі жетпегендіктен туған хал.

Ескілік шырмайындағы Ділдә үшін Қыдыш сөзі – заң. Оның айтқанында қате бар, жалғандық бар деп ойлатудың өзі Ділдә үшін шеңбер аттағандық болар еді. Кеше күйеуі өліп, жесір қалғанда Майқан болыс бсағасына әкелген осы Қыдыш екен, енді ұлы сол Қыдышқа қарсы шықса, Ділдә кімді жақтамақ? Қыдышқа ден қоймаса, әруақтан шет болмай ма? Ділдә топшылаы осы кемерде шырмалады.

Жүзтайлақ пен Қыдыштың Ділдәға жасап отырған алдау шырғалаңынң, түптеп келгендегі мақсаттары – іштен шыққан баласына шүйлеп салу, екі ортаға араздық отын жағу, сөйтіп, өз ниеттерін іске асыру. Олар суыртпақтап сөз тарту арқылы Жантастың мұғаліммен ет жақын екендігін біліп алады.

Ең алдымен мұғалімнің көкейіндегісін түю үшін Қыдыш тиісе, киліге сөйлейді. Дұшпанына қара борандай қаптайтын қатал, қатыгез, ұрт мінез одағайлайды, түйеден түскендей түйдек, кесек сөз Қыдыштың бір ұрты май, бір ұрты қан, шұбар балақ шонжар екендігін салған жерден танытады.

Биязы, сыпайы мұғалім халық алдындағы борыш, ел игілігіне іс жасау деген өзекті жайттарға келгенде, ру ақсақалы Қыдыштың өзіне есесін жіберіп, оның бұйрығына көніп, итере тастаған айдауына жүре алмайды, батыл байлауын кібіртіксіз ашып салады. Бала оқытумен, көпшілікке ақыл, өнеге айтып, үгіт жасаумен жүрген біртоға жаннан мынадай қадамды қанша ішті-тысты, қырық айлалы болғанмен, Майқанның өзі де күтпеген. Бірақ сарқынды болыс онысын бүгіп қалып, мұғалімге жылы жүзбен тіл қатып, көпшік өоя сөйлейді. Ереуілдей бастағандарға тоқтау айт дейді.

Нұрқан, Қыдыш көпті көзге ілмей, күпілдегенмен аңыс бағып, тіс қаққан, ол екеуінен айлалы, қалталы айқан қауіп барын алты қырдың астынан сезіп, күні бұрын амал іздеп, төрт бұрышты түртінектенеді. Сонда қолға түсірсем деп отырған мықты бір тірегі – ел жұртқа, ауыл-ауданға, ағайын-туысқа беделді – мұғалім.

Лақ етіп ақарылмай, лебізін білдірісімен тына қалады болыс. Кәрім – мұғалім, мұғалім – Жүзтайлақ орайындағы сөздерге құлақ тосып, талайға дейін олардың бет-бағдарын аңдиды.

Алыс қырды, зиялы қауым ортасынан шет жерді жайлап жүрген мұғалімнің Кәрім адвокаттың аужайына қарап, аяғын байқап басуы нанымды нәрсе. Жағымпаздық емес, көптің ойы қай жерде бірігіп, қандай мәселеге келгенін естіп, қабырғасымен кеңесіп барып, өз пікірін айтсам деген сақ қимыл.

Еркектер жағы бір-бірімен арбасып жатқанда, Жүзтайлақ құр ер қарасы болып, босқа отырмайды. Нұрқан, Қыдыш, күйеуі Майқанға астары түсініксіз: “Серт десе, қашайын деп пе едіңіз?” – деген жалғыз фразамен мұғалім көңіліндегі үміт сәулесін сайқалдықпен бір үрлеп қояды. Аяр сұлудың көркемдігін тамашалаған мұғалім бұл сәтте абдырап-сабдырап қалады.

Қолқа айтып қыңқылдап жүрген Жүніске де құрылған тор – Жүзтайлақтың өз сойылын соқтыру ниеті болса, дәл осы жолы оның да бүйірін қыздырады. Бұл астарлы сөзден, Жүзтайлақ емеурінінен ұғылатын нәрселерді мұғалім мен Жүністен басқа еркек сезбйді.

Мұғалімді ортаға алып, содан сыр тартып, арасында Ділдә кемпірді қаңқу етіп отырған болыс үйіндегілер алыс қауіпті сезгенмен, көпшілік баса көктеп, тура таптап үстеріне кіріп келеді деп ойламаған.

Драмалық әрекет іле ширап, тартыс қызып қоя береді. Пьесадағы негізгі конфликт – Жантас, Тәнекелер мен Майқан, Қыдыштар арасындағы айқас – дәл осы орайда ашық майдан үстінде көрінеді.

Халық ашуы Тәнеке қарттың аузынан өрттей жалынды сөз болып шығып тұр. Махамбеттің Баймағанбетке айтқан өлеңі еске түседі. Қаһарымен тауды жыққандай суық сөз. Кекке суарылған, енді илікпеске беттеген серттің сөзі.

Қыдыш жауабы да қолма-қол.

Жалғыз-жарым емес, топ құрап келген Тәнекенің жотасы биік, бұл жолы бас имек емес, жағаласпақ, тіреспек. Осылайша, екі тарлан шу дегеннен қорамсаққа қол салды.

Көлденеңнен қарап, сергек сақшыдай қалт жібермей бағып отырған Майқан болыс бұл жұлқыс жақсылыққа беттетпейтінін, өз пайдаларына ұпай әкелмесін дереу сезе қойып, аярлықпен Тәнеке сөзін жасытады. Ештеңе болмағандай, бойын кеңге салған кісімсіп, басалқы айта сөйлейді. Бірақ көпшілік көкірегінде қайнап келген ыза, әділетсіздіктен туған ашу оңайлықпен басыла қалатын нәрсе емес, лақ етіп сыртқа шығады.

Тәнеке бастап, Жантас қостап, Бөрібасарлар анықтап жатқан сөз бір-ақ нәрсеге тіреледі. Тізімді қолға алу. Қулығына найза бойламас Майқан анталап келіп қалған көпшілік қыспағынан қорқып, есебінен жаңылып қалмайды. Тізімді жай жаза салған, ешкімге зияны жоқ қағаз ретінде көрсетпек секілді.

Даусы қатал шығып, талабы бұйрыққа айналып бара жатқан Жантас жағасына жармасушы – Жүзтайлақ. Бұл екеуінің арасындағы диалогтан ұшқындаған от сыры көзге де айқын, ал астарлы емеуріннен ұғынылатын ащы шындық тіпті сұрапыл. Жантас Жүзтайлақтың жіңішке жүрісін бетіне басады. Көмейіне құм құйылған долы, тәкаппар сұлу көпке дейін қыстығып, іштей түйіліп, ұзын арна тартыстан шеттеп қалады.

Болыс үйіндегі сцена өте күрделі.Тартыс тарам-тарам. Ашық айтыс, бет жыртыса ұмтылу, астарлай қамшылау кейде кезетесе келсе, кейде қатар өрбиді, кейде аралас-құралас жүреді. Қаһармандардың бір-біріне дген антипатиялары өлім мен өмір күресінде бұрынғыдан бетер шиыршық атып кетеді. Таптық тартыстың бітіспес күйінің қазақ топырағындағы көрінісі осы сценада характерлер қақтығысы арқылы, драмалық тілмен, образды, бейнелі, келісті суреттелген.

Әуезов тізімді талап еткен көпшілік екпінінің сыртқы айқай-шуын қуалап отырған жоқ, л әрбір қаһарман сөзінің ішкі рухын жалғыз ауыз талапқа көгендеп қоймайды.

Тартыс үстінде Тәнеке – дана, көпті көрген көне, Жантас – жалындай жалаң қаққан батыр басшы. Бөрібасар – табаны таймас, қайсар, тоқетерін айтар бірбет болып, дара-дара мінездік өзгешеліктерімен көрініп, дұшпандары – айлалы аяр, зымиян Майқан, ұрт, сал сойыл, кеуделі Қыдыштармен күреске шығады. Селдей қаптап, алқымға алуға айналған жұрт ашуының бетін азулы Қыдыш екінші арнаға салып жібереді. Орталарында қолақпандай азамат, аты шулы зиялы кәрім отырғанда, соның лебізін естімеу – құрық сүйретіп кету болатындығын басқаларға дабырайтып шулатып жеткізеді.

Ақ жағалы адвокаттың ұзын-сүре сөзінің тобықтай түйіні “қарсылықты қой, соғысқа жөнел, патша үшін қан төкке “тірелген соң, Жантастардың зығырданы бұрынғыдан бетер қайнайды. Үміт артқан көзі ашық кісі айтары мынау болса, ол да Майқан, Қыдыштардың тобырынан табылғаны ғой. Бірақ негізгі қақтығыс Кәрім мен мұғалім арасында.

Алғашқыда ауыз бағып, адвокаттың алдынан кесе көлденең өтпей отырған мұғалім, шынтуайтқа келгенде, Кәрімнің халық қамын мүлде ұмытып, аямастық, жаны ашымас қатыгездік байлауын жасағанын көрген шақта, шыдап отыра алмайды. “Сарала түйме таққан төренің қазақты алғаш сатқаны бұл емес”, - деп салады.

Бір ауыз сөзде ащы шындық, үлкен драмалық күш жатыр. Бұл образ сәтімен қызған кезінде, сенім, ұғым, бағдар қайшылығы соқтығысқан сәтте айтылған бұл сөз оқығандар арасын пышақпен кескендей екі ұдай етіп бөліп тастайды.

Кәрім замнның түзу, аспанның ашық уақытында елге жаны ашығандай болып, бұлт шығып, ауа райы бұзылғанда, жуандар тобына қарай жалт берген сатқын өмірден алынған тип. Кәрімнің бет пердесін жұлып алған сәттен бастап мұғалім тар жол, тайғақ кешуде Тәнекелер қасында.

Тартысқа әр дәрежеде, әр кезде негізгі қаһармандар түгел қатысады. Осы драмалық айқас үстінде, әрекет арқылы әрқайсысы өз мінезін көрсетіп, жаңа ситуацияның тууына себепші болады. Болыс үйіндегі сценадағы ілік-қақтығыс желді күнгі өрт секілді шалқиды.

Қаһармандар арасындағы күрестің оты әр түрлі қызумен жалын атады. Қатар өрбіген сала-сала бірнеше коллизия үзіліссіз көз алдыңызда жүріп жатады. Таптық күрес саяси талаптарды ұран түрінде айқайлап ұсынумен көрінбейді, кішкентай деталь арқылы жанды қалыпта, образды бейнеленеді.

Алғашқы актіден мәлім, Нұрқан – Мөржан, Нұрқан – Ділдә арасындағы тартыс шайқастың қызу кезінде, ер азаматтың басына күн туған шақта жаңаша құбылып, қайтадан қоздайды. Санасы оянбаған, көрбала Ділданы шүйлеп-шүйлеп ұлы Жантасқа айдап салумен шу туғызады Нұрқан. Алдаудан есі шыққан сорлы кемпір теріс бата оқып, қарғыс айтуға бет бұрғандай.

Надандықтың қара пәлесі ана мен бала арасына жыландай оратылып, көлденең жатып алған. Драмалық ситуация. Таптық өрісі мешеу адамдар арасындағы адасушылықты М. Әуезов “Барымта” әңгімесінде, “Бәйбіше – тоқал” трагедиясында суреткерлік қуатпен, зор көркемдік шешіммен берген болатын.

Мөржанды қайтсе өз қарамағына іліндіруді ойлаған Нұрқан Жұмажанды және салады ортаға. Жұмажан да Ділдә тақылеттес өрісі тар, ұғымы шамалы жан. Тургеновтің Сучогі тірізді өмір тепкісі есеңгіретіп, мәңгіртіп жіберген бейшара. Жұмажанның Нұрқан сілтеуімен Жантас шылбырына жармасып, Мөржанның аяғына оратылуы оның табиғатына лайық қылық. Жұмажан бейнесі әлеуметтік күрес күрделілігін аңғартатын, бұқараның кейбір өкілінің адасушылығын көрсететін тип.

Тартыс додасына Мөржанның басы тігіліп, әрі тарт та, бері тартқа түскенде Жантас, Бөрібасарлар тізеге салуға айналады. Күпініп, желкесі шодырайып жүрген даңғой Нұрқан әпербақандықпен артын ойламай, арандап қала жаздайды.

Шешуші сөз – болыста. Ол Жантастар да, Нұрқандар да күтпеген жерден табылып, билік айтады – Мөржан басы азат! Кінәнің салмағын, пәленің бетін Жантастың өзіне аударады. Аярлықпен көлгірсіп, кең қолтық, ашық адамсып, жастар қамын оилаған, соларға жаны ашығандайболып көрінеді. Қу мүйіз Майқан жамбасын тастайды. Өз көңілінде осымен көптің аптығын бастым деп түйгенімен, Тәнек тағы да тізім туралы суық талапты көтереді.

Әуезовтің драматургтік шеберлігі көп адам қатысқан, олар бір-бірімен өзара қым-қиғаш конфликтіге түскен күрделі ситуацияны сетінетпей, хаосты дүниеге айналдырып жібермей, алуан дыбысты орестрдегідей ыңғайластықпен бейнелеуде жатыр. Бір қаһарманнан кейін екіншісінің әрекетке түсуіне заңдылық, характер логикасы үнемі ықпал етіп отырады. Іліп әкету, қостай жөнелу, аяқтан шалу, кесе көлденең тұру, шырға тастау, тоқ етерін айту, айналып өту, басқаны айдап салу – осылар алуандас диалогты өрбітудің небір тәсілдері пайдаланылған.

Болыс билігінен кейін оқиға тығырыққа тірелу былай тұрсын, қайта өршіген, серпінді сипатпен Тәнеке – Қыдыш арасындағы тартысқа ойысады. Өркеуделік, кесірлік, жуандық – Қыдыштың басты қасиеттері.

Салмақты ой, түйгені мол білгірлік Тәнеке мінезінен жақсы аңғарылады. Екеуі шарпысқан кезде біреуі: “Жуанмын, қорлымын”, - деп екіншісі: “Кедеймін, көппін, күш менде, сенің енді күнің қараң”, - деп атысады. Қайсысы болсын осал емес – тобы бар, қуаты бар қарама-қарсы екі жақтың серкелері.

Жантас аузымен айтылатын батыл талап, қатал үкімдей сөздің орайында тасада бас бағып, үнсіз отырған Жүзтайлақ бой көрсетеді. Алыстан құрған торын мықтап бір пайдаланбақ ниетпен Жүніске иек қағады. Оңаша кездессем деп ыдыны құрып жүрген жігіт нұсқаған жерден шықпас деген қауіп қатеріне де кірмейді.

Әуезов әрқашан характердің табиғи қалпына, ішкі рухына жүгінеді. Аз-кем оқығандығы бар, жеңсік құмар Жүніс қанша дегенмен рулық сезімдерден арылмаған, қызды-қыздыға түскен шақта аруақ, өз сүйегі оның да намысын шабақтайды. Сондай сәтте Жүзтайлақ сұлуға берген сертін аяқ асты етіп, шындықтың бетін ашып, тізім жөнін Тәнекелерге айтып салады. Мықтыбай тұқымынан ешкім де тізімге ілінбеген, соғысқа аттанатын өңкей кедей-кепшік, жарлы жақыбай, Қарсақ-Борсақ руларының жігіттері. Көп ашуы мұны естігенде шарасынан асып төгіліп, лықсып кетеді.

1916 жыл оқиғасы туралы жазылған бірқыдыру шығармада бұл ситуация конфликтінің ең шырқау биігіе көтерілген кезі болып табылады. “Ботагөз” романында осындай сәтте Итбай болыстың басы шабылады. “Түнгі сарын” драмасындағы шешім өзгеше. Майқан болыс Итбай секілді асып-абдырамайды, ол өзі тобындағылардың ішіндегі ең ақылдысы, Нұрқанға ұқсап дарақыланбайды, Қыышқа ұқсап көкірегін қақпайды, сөзінде айқай-шу, дабыра-дау жоқ, майда, жұмсақ астарлы, түйінді.

Көпшіліктің қысымы шегіне жетіп, енді қара бастарына қауіп төнген кезде Майқан бір-ақ қозғалды, жасырған тізім жөнін жалған, өтірік, көлгірсіген сөздермен түсіндіре бастайды. Халық үшін күйіп, өртеніп жүрген адамдай шеттігіне ілініп, тусылып сөйлейді. Сонысымен надан жұртты сендіргендей болады. Кәрім адвокатты қасына алып, ақ патшаның алдына бармақшы ниетін де ортаға салады.

Болыс байлауына біржолата тұрақтамаса да, басқалардың үміттеніп қалған көңіліне Тәнеке, Жантастар көлеңке түсіре алмайды. Стихиялы түрде шыққан көтерілістің көреген басшысы болмағандығы, адасулар, реалистікпен бейнеленіп отыр. Бір сәт ереуілдеп келген нөір топ, қара нардың арыны басылып, ашу, ыза, кек толқыны сабаға түскендей болады. Жүзтайлақ – Жүніспен, Майқан – Жантастармен, Тәнеке – Қыдышпен арбасып қалысады.

Зор дүрбелең, аты шулы көтеріліс қазақ өмірінің барлық саласына әсер етіп, қорғау салып, адамдар қарым-қатынасының мәре-сәрелік жағдайын айқындап, ларды қас не дос етіп кеткен еді. Көтерілістің ең басты себебі асқынған, шектен шыққан отаршылдықтың зардабы, бай мен кедей арасындағы таптық айқас. Осыларды суреттемеу өір шындығынан алшақтауға соқтырар еді.

Сондықтан да айтылмыш тақырыпқа арналған күрделі шығармалардың қайсысын алмаңыз – бәрінде де патша отаршылының типі бар: полковнтк Белановичті (Б. Кербебаевтің “Алып адым” романындағы), пристав Мочаловты (Айбектің “Қасиетті қан” романындағы), Кулаковты (С. Мұқановтың “Ботагөз” романындағы) ұқсас ететін, барлығының басын қосатын қасиет біреу. Ол – еңбекшілерге деген өшпенділік, жуандармен ұлып табысу.

Майқан қолындағы балғаны ояз Казанцев те соғады. Жалғыз айырмашылық – болыс ояздың қас-қабағына қарап қылпылдайды, өйткені ол бағынышты, кіріптар. Ұлық алдында Майқан сыйсыз емес, сыртқа білдірмей, сыпайы жалынып пара бергізеді. Пәленің алдын күні бұрын алып отыратын сарқынды қу бүлігінің шаң-шұңын осы жуан жұдырықпен жаншып тастамақ.

Болысты арқаға қаққанымен, ояз аяқ астынан оқыранып, жер тарпып, көз алайтып қояды. Ожар, дөкір характері әр сөзінен айқын аңғарылып, жақсы сезіледі. Ояз Казанцевтің тілі басқа қаһармандардың тілінен мүлде бөлек. Сөздерді ретсіз қолдану, грамматиканың қалыпты нормасын бұзу, орыс-қазақ атауларын араластыра сөйлеу – Казанцев тіліне хас ерекшеліктер.

“Жақсы болыс, как раз осындайда жақсы болып, ақылды болып шығытын керек. Біздің его превосходительство губернаторға да мен Майқанды сондай деп характеризовать етем... Ел мына жұмысқа көнеді ғой? Айттың ғой ақымақ болма деп, солай емес пе?” Ояздың осы бір ауыз сөзі оның қалай сөйлетіндігінің жақсы дәлелі. “Шығу керек” деу орнына, өткен шақ формасын қолданып, қазақ тілін бүлдіріп айтады. Орыс сөздері де ретімен келіп тұрған жоқ.

Ояздың көзіне тікелей қарай алмай отырған Майқан, Кәрімдердің Шатақанмен келген суық хабардан соң құты қашып кетеді. Болыстың атқан оқ, шапқан қылышы – Шатақан ереуілге көтерілген елдің қауырт қимылын айтып, Майқан, Кәрім бас шұлғып, бұқара халықты жамандай бастайды. Казанцевтің аузына алған бірінші сөзі жазалау, жаныштау. Аналар арыз жазбақ, мұрсат сұрамақ райларынан мүлде безіп шығып, не істейміз деп ояз аузына аңтарылады.

Драмалық әрекет сахнаға Қыдыштың шығуыен күшейе түседі. Алды-артына қарамай, сасып-пысып зытып келген түрі бар кеше ғана аюдай ақырған сабаздың. Тағы да көтерілісшілер жайлы суық хабар, сұмдық хабар. Әр қаһарманның бұл хабарды қалай қабылдағанын көрсету арқылы олардың психлогисы ашылады, характері көрінеді.

Бәрінің бойында үрей мен шошыну. Майқан тістеніп, қанын ішіне тартып, сұрланып, Кәрім жұдырық түйеді. Екеуі де бір сәтте ояз қаһарынан жасып, жерге қарап қалған. Ұлық алдында тәлтірек қағып, қарақан бастарының қамы үшін халқын сатқан сорлылар! Айтқандай-ақ, Казанцев долданып, Майқан, Кәрім, Қыдыштарға азу басып шыға келеді. Иә, қасқырлар ұлып табысқанмен, кеселді түйін шешіліп, кердең мойын кісілерде мықтысы әлсізін талайды.

Түптеп келгенде барлығының ортақ жауы – көтеріліске шыққан қалың ел болғандықтан Казанцев бір рет жұдырық көрсетіп, аналарды сескендіріп, шошытып алмақ. Ояз жазалау керек, таптау керек деген байлауын бұйрықтай етіп айтады, өзгесі қуана бас изейді. Қазақ жуандары, сатылған оқыған, патша ұлығы көтерілісшілерге қарсы аямастықпен, қара жүректікпен келісім жасайды.

Ішіне кектің қаны жатқан Жүзтайлақ бірінші болып Жантас басын оқа байлады. Сорлы Ділдә тағы да шырылдап отқа түседі. Адам жаны ашырлық ауыр күйзеліспен тебіренгн байғұс кемпірді Кәрім адвокат итере тастап кете барады. Бұл ситуацияда Кәрімнің халық тағдыры, ел бақыты деген үлкен сөздерді жақсы жамылғы ретінде бетіне перде тұтып жүргендігі, пышақ алқымға келгенде оның шөп басын сындыруға дәрмені жоқ қауқарсыз екендігі көрінеді.

Көтеріліс басталған шақтағы әр түрлі типтердің – заман аңысын баққан түлкі мінеді, айлалы болыстың, қсық бұтақ, кәрі тамыр дала содырының, беті жылтыр, сөзі жылмаң, табиғаты сатқын арам оқығанның, осылардың бәрінің қожасы, бәрінің төбесінен қамшы үйірген ұлықтың жауыздығын драмалық әрекет үстінде, бір-бірімен қарым-қатынасты көрсеткен сцена соңында оқиға желісі кілт бұрылыс жасайды – сахнада Жантас.

Қарсыластар тағы бетпе-бет, драматургияның негізгі талабы – характерлер, сенімдер, нанымдар, көзқарастар қақтығыста, күресте көрінсін. Әуезов бұл жерде тезиске бас ұрғандықтан Жантас келіп тұрған жоқ, көтеріліс табиғатына кесек қимыл, күтпегендік, ойламаған арадан шыға келушілік еитене нәрсе.

Жантас қатал, ширақ, дұшпанына өшігіп алған әбден. Болыспен радағы сөзден илікпес қаһар сезіледі. Қара басын арашалап қалу үшін Майқан болыс қымбатты, қасиетті нәрсенәң өзін сатып жүре береді. Ел тілегінен орындамын деп аруақ атымен ант етуі оның екі жүзді, алаяқ характеріне жарасымды, сыйымды қылық. Жүзтайлақ басы – қанды серттің кепілдігі.

Бір жағында – болыс, екінші жағында – Жантас тұрған қарсыластар тобының аасындағы жаулық асқынып барады. Конфликт өршіп, ауданданып, жарқабақ басына жетіп, құз-құламаның аузында тұр. Әуезов сіңірлі тартыс тізгінін бірден қоя бермей, шым-шыдап, сыздата өрбітед, сол өрістеу үстінде ситуациялар жаңғырып, алуан қаһарманның сан қилы характері ашылып, идеялық арна тереңдейді. “Түнгі сарын” драмасындағы оқиғалар әлеуметтік қабатарды мейлінше кең қамтиды.

Пьесаның сюжет бітімінде көп тармақтылық бар. Олар бей-берекет, үзік-жұлық емес, бір үлкен түбірден шығын тарам-тарам жайылан жуан еменнің иір-иір бұтақтары іспеттес. Солардың әрқайсысында бүлкілді тыныс, дүбірлі қозғалыс жатыр. Рамадағы соқтығыстардың жан-жақтылығы басты тартс – үстем тап пен кедейлер арасындағы таптық күресті айқындап көрсетеді, түтеп келгенде қаһармандар арасындағы ілініс, қақығыс атаулының саяр жері – негізгі конфликт арнасы.

Кішкентай ғана көрініс – Нұрқан мен Жұмажанның оңаша қалған сценасын алайық. Жүріс-тұрыс, қозғалыс, сыртқы әрекет жоқтың қасы. Нұрқан витовка тазалап отыр. Жұмажан босағада.

Нұрқан. Тұымыңы құртып мынамен басып салсам ғой, серейесің де қаласың. Қолымнан кім алады сонда сені? (Жұмажан ыржыңдап күледі.) Ауылға кеп жасағым боп отырған әскер анау...

Жұмажан (күліп). Апырым-ай, ә!.. Басып салса, табанда жатқызыр еді-ау, ә? Өзі неше атылады дейді осы, Нұрыш аға!

Бұл сөзден мінез көрінеді, әрі Жұмажанға түрпі тиеді. Мысықтың тырнағына ілінген тышқанмен ойнағандай хал. Нұрқан ерігіп отырып атып тастаса, Жұмажан сорлының құнын сұрайтын ешкім табылмайтыны рас. Адамдық намыстан айрылған, езгіден милау болып қалған жұмажанды әжуалап, мазақ етіп қорлау Нұрқан содырға әлдеқандай қызық. Содан өзі рақат табатындай көрінеді.

Трагокомикалық сцена. Алдымен сескентіп, әурелеп, қорқытып, шошытып, соңынан ақылсыз Жұмажанды Нұрқан қайтадан түрегелтеді. Арманның шегі – мойнына сумка асынып, атшабар болу, сарықурай атқа бір міну. Сол мақсатына жеткізем деп отырғанда Жұмажан Нұрқан айтса, тескен тау өтіп, жердің жарығына кіріп кетпей ме? Арман желігі қай күйдегі, қай дәрмендегі кісіні болсын міттендіріп, ұмтылдыратын күш емес пе? Атшабар жасаймын деген сөздің шеті қылтиуы мұң екен, бейшара Жұмажан алақанына түкіріп шыға келді. Нұрқанның көкейін тескен нәрсе – Мөржан қызды қолға түсіру. Әуелі күпиіп, құтыртып ап, сол іске Жұмажанды салмақшы. Өлермен жандардың күресу үшін қару талғамайтын, қолға түскенін ыңғайлы сәтте кез келгенін жұмсай беретін дағдысы.

Сөйтіп кішкентай көріністің өзінен екі адамның мінезін, бірқыдыру астарлы, психологиялық қызық жайттарды түйеміз. Сахнаға басқа қаһармандар шығып, оқиға ілгері жалғасып кете береді.

Көтерілген елді басу үшін қырға аттанған жазалау отрядының бастығы Семенов – қылышынан қан тамған жендет. Сөз аяғын жұтып қою, жүйесіз сөйлеу бірден-ақ Семеновтің шама-шарқын көрсетеді.

Көкірек керген мақтаншақ, дарақы подьесаул тілін табу Жүзтайлаққа қиынға соқпайды. Айлалы сұлу Казанцев пен Семеновті қылықты мінезбен разы етумен оларды Жантастарға жауықтырып, қайрай түсді қатар жүргізеді.

Қазақ сахарасында патшаның отаршылдық саясатын іске асырушы ояз бен қос өкпеден қысқан екі жақты ауыртпалыққа шыдамай, бұлқына көтерілген ереуілшіл көпшіліктің басшысы Тәнекенің кездесуі – түн қараңғылығы мен күн сәулесінің шарпысуындай әсер қалдырады.

Тәнекенің сөзі ырғақты, жігерлі, динамикалық, мазмұны бай, оралымы шебер, құрылысы қызық. Ақылды қарт қалың елдің көкейдегісін айбарлы, салмақты күйінде үокен ұлықтан ықпай, жасқанбай, қасқиып, садақтан оқ атқандай етіп айтады. Жуаннан көрген зәбір, жайлауын өрт алып, қыстауын жау шапқан күйкі күн, патшаның қанды бұйрығы, әділетсіздікпен жасалып отырған пәле тізім – осының бәрін түйдектетіп кеп, заңды талап, орынды тілек етіп көп толғап, терең топшылап, жүйе-жүйесін тауып жеткізеді. Бірақ бұның бәрі бос үміт, бекер әурешілік. Халық үнін тыңдап, оған ден қойса, жаны ашыса ұлық болар ұлық па? Жяза сөзі “Заберите их, подлецов!”

Нұрқан мұздай қаруланған жазалаушы отрядты арқаланып Тәнекенің қол-аяғына кісен салып, сабамақ болып ұмтылғана, Жантастар анталай кіріп келеді. Бұл сырт қимылдың ұлғаюы ғана емес, қоюлана түскен конфликт бұлтының қақтығысуы болмай қалмайтын заңды соғыс. Салы суға кеткен Нұрқан жаңа ғана өзі соққыға жықпақ Тәнекенің аяғына оралып араша тілейді. Нұрқанда табан тіреп жауласа алатын қауқар жоқ. Өлім балтасы Нұрқан басына көтеріле бергенде, оқиғаға Жүзтайлақ килігеді.

Жүзтайлақ – мұғалім арасындағы интрига бірінші актідегі ұшқынмен сөніп қалмай, тас босаға, тар өткелде қайтадан бұрқ ете түседі. Сұңғыла, сайқал сұлу Сапаның сентиментальді сезімнің осал пернесін тауып, басып-басып жібереді. Жүзтайлақпен жақын қатынаста болуды қызық армандай көріп, аңсап жүрген мұғалім ол мойнына оралып, жалғыз ауыз тілек айтқанда, қайтіп шыдасын, беделін жұмсап, Нұрқан басын сұрап алады.

Бұл – мұғалім мен көтерілісшілер арасына түскен жарықшақ. Драматург қаһармандардың характеріне олардың әлеуметтік тегінің жасайтын әсерін көркемдік шешіммен дұрыс көрсетеді. Расында да, қара сирақ, сіңірі шыққан кедей Жантас жол айырығына кеогенде, Жүзтайлақтың құшағын кері серпісе, өзіне жетерлік дөңгелек дәулеті бар мұғалімүзтайлақтың көңілі үшін содырлы Нұрқанды көтерілісшілер жазасынан арашалап қалады.

Сюжеттің осыдан кейін өрістеуіне Жүзтайлақ – мұғалім, Жүзталақ – Жүніс линияларының орны үлкен. Бұлардың арасындағы қақтығыс негізінде туатын ситуациялар көтеріліс сценаларымен алмасып отырады. Іргелі әлеуметтік оқиға фонында жеке тағдырлардың тасада қалып қоймай, айқын, бедерлі күйде көрініс берген қалпы бар.

Тіпті төртінші актінің бесінші суретіндегі алғашқы екі көрініс атқарып тұрған идеялық-көркемдік салмақ қанша. Рас, оларды қысқартып тастағанмен пьесаның сюжеттік желісіне, композициялық бітіміне келетін нұқсан жоқ. Бірақ сол екі көрініс болмаса, он алтыншы жыл оқиғасының бір ірі суреті кемшін болып тұрар еді. Кемпір мен шал аузындағы сөздерде үлкен өмірлік шындық жатыр, жерінен, атамекеніне қарылған босқын елдің зары мен өксігі, шамырқанған кегі бар. Қысқа эпизод, кішкентай деталь ішкі серпіні мол драмалық әрекет арқылы ұлы дүбір қозғалыстың бір көрінісі көз алдыңызға келгендей болады.

Бұдан әрі оқиға арнамен өрбиді: бірі – жуандардың қол шоқпары, намыс атаулыдан жұрдай болған Шатақан, Жұмажандардың жалған хабар тарату әрекеттері, екіншісі, мұғалім – Сәруар. Мөржан – Жүніс арасындағы ілініс. Әуезовтің драматургтік шеберлігінің ерекше белгісінің бірі деп қаһармандар мінезін диалектикалық өзгермелі қалыпта алуын айтар едік.

“Түнгі сарындағы” Тәнеке, Жантас, Жүзтайлақ, Майқан характерлеріндегі күрделілікті былай қойғанда, жалғыз Жүніс басынан талай психологиялық құбылыс өтеді. Ол әуелде Жүзтайлақтың оң қабағына іліну үшін Нұрқанды сағалап, соның сойылын соғады, он алтыншы жылдың қатал сағаты жеткенде ереуілшілер соңынан ереді.

Жүніс характері, әсіресе, соңғы актіде айқын көрінеді. Сәруар мен Мөржан аузынан мұғалімнің Жүзтайлақ тілегін орындап, Нұрқанды босаттырып алғандығын естігенде, Жүніс яголық алаяқтық жасайды. Жүніс зымияндығы ашылған.

Мұғалімнің зайыбы – Сәруар пьесаның ұзына бойында оқиғаға араласып отырады. Ол көзі ашық, оң мен солын жақсы айыратын, әділ, сенгіш әйел. Образдың ұлттық колоритін сақтау үшін Әуезов сәруар сөздерін татарша қалпында береді, әдейі қазақшаламайды. Мұғалімнің Жүзтайлақ шылауында кетіп бара жатуын, іпті соның тыңшысы деген жайтты Сәруар өзі сезеді, бұл шаланы Жүніс қасақана үрлей түседі.

Тәнеке, Жантастар, олардың соңынан ерген көп халық Майқан болысты ортаға алатын сцена – трагедиядағы қарама-қарсы күштердің ең қатты соқтығысатын тұсының бірі. Бұл жерде логикалық талас, сөз арбасу, тапқырлық жарысы ғана жатқан жоқ, ең бастысы, ең негізгісі өліспей беріспейтін қарсыластардың шарпуысы бар. Нанымдар, көзқарастар айқасы.

“Түнгі сарын” драмасы тұңғыш сахнаға шыққанда кейбір сыншылар Жантас образы солғын деген пікір айтқан болатын. Оған келісуге болмайды. Жантас ірі қимыл, үлкен істің адамы екндігін танытады, көріністен көрініске өсіп отырады.

Сондай бір биік қалыпты Майқан болыспен бетпе-бет келген шақта көрсетеді. Бұл сценадағы айтқыштық, терең тапқырлық “Еңлік – Кебектегі” билер сценасына ұқсайды.

Көтерілістің сипаты, оның қозғаушы күштері, жеңілу себептері деген түйіндер, әсіресе, соңғы актіде жеке характерлер арқылы аса нанымды суреттеліп, терең ашыла түседі. Әр жерден болыстың алдаусыратқанына иланған дауыстар да шығады. Бұл – жай сахналық эффектіге бола драматург тарапынан жасалған зорлық қадам емес, екі жақтылықты бейнелейтін диалогтар.

Рухани жағынан болыс айтылмыш сценада қаусап күйрейді. Келесі көріністе Жүністің көмегімен қашып кетпек болған Майқан болыстың Бөрібасар қолынан өлім табуы сенімді, драматургтің өмір шындығын реалистік дәлдікпен бейнелегенінің жақсы көрінісі. Таптық сана-сезім жетіле қоймаған көтерілісшілердің болысты өлтіруді айрықша мақсұт тұтқаны он алтыншы жыл оқиғасындағы типті факті болатын. Бұл Россиядағы халықшылдардың патшаға жасаған террорларын еске түсіреді.

Драмадағы конфликт шырқау биікке жетіп, қатер сағаты соққанда қаһармандар арасындағы қарым-қатынас бұынғыдан бетер айқындалып, домбыра ішегіндей тартылған хал. Енді ешқандай мәре-сәрелік жоқ, екінің бірі: я өлім, я өмір!

Сапа мұғалімнің Тәнекелер тобынан жырылып қалуы оның көтерілісшілерді сатуы емес, өзінің интеллигенттік болмысына лайық қадам. Бұл орайды Әуезов суреткерлік жітілікпен көре білген. Жүністің Жантасқа оқ атып, жалт беруін де осылай түсіну керек.

Ақырғы актінің соңғы көріністеріндегі драмалық әрекет өте күшті. Драматург соғыс сценаларын қысқа, дәлді штрихтармен көз алдыңа әкеледі. Сырт қимыл, жүріс-тұрыс керемет психологиялық шиеленіс атмосферасын, конфликтінің бетке шарпып тұрған жалын отын күшейте түседі.

Көтеріліс жеңілді! Жантас оққа ұшты; Маржан қаза тапты; Майқан да жер құшты. Бір сәт бел алған Казанцев, Нұрқан, Жүзтайлақ тобының ертеңгі өрісі шолақ, алды тар екендігі Сапа мұғалімнің жүректің тереңінен жарып шыққан жалынды монологінен белгі береді. Бұл жалғыз мұғалім сөзі емес, барлық көтерілісшілер айтқан ереуіл ұранындай естіледі.

Драманың жанрлық табиғатынан туатын айрықша белгінің бірі – шығармадағы тартыстың ең ақырында зор жарылыс – басты қаһармандар өлімімен аяқталуы. “Түнгі сарын” да осылай тамамдалады. Бірақ шығармадағы күрестің астарлы ағыны, тереңдегі толқыны жеріне жетпегендігі, түптің түбінде, анау Тәнеке, Бөрібасарлар бойындағы қайрат халық жүрегіндегі кекпен қайта тұтанып, Казанцев, Нұрқандардың күлін көкке ұшыратынын іштей сезіп отырасың.

Сәбит Мұқанов алғашқы драмалық шығармасын жазуға зор творчестволық тәжірибемен, поэзия, проза жанрларында күрделі туындылар беріп, шебер қаламгер ретінде толысқан шағында кірісті, әуелі “Алтын астық”, “Гвардия, алға” либреттоларын жазды.

Автордың тырнақ алды пьесасы – “Күрес күндерінде” ең алдымен тақырыбының әлеуметтік маңыздылығымен, саяси көзқарастарының айқындығымен өмір құбылыстарын жан-жақты, кең қамтуымен ерекшеленеді. Жазушы трагедия деп көрсеткенмен, бұл шығарманың жанры қаһармандық драма.

Шығармаға драмалық ситуация сәтімен таңдап алынған. Бұрын әдебиетімізде бейнеленген, бірақ, әсіресе сахналық туынды үшін лайық, материалды қаламгер дәл көріп, дұрыс суреттеп, екшеп ала білген.

Қазақстанның солтүстігінде 1919 жылы аз уақыт Колчак билігі жүрген кезде, бұрынғы үстем тап өкілдері қайтадан бас көтере бастады; коммунистердің беріктігін сынайтын екіталай ауыр заман туды; саяси күрестің қыр-сырын анық ұғып болмаған кедей-кепшік екі жаққа бірдей жалтаңдаған кезең келді.

Осындай өлара, тұман айықаған шекаралық жағдайдағы өмір құбылыстары драмаға арқау болған. Қаламгердің әлеуметтік топтар өкілдерін кең қамту мақсатын көздегені алғашқы көріністен-ақ аңғарылады: қажы Құлым, бай Қозыке, алаш офицері Әбу, атқамінер Нұрмағамбет, ұры Жанат – бұлардың әр тараптан, әр деңгейден шығып жатқан сөздерінің мағынасы, түпкі нысанасы бір.

Драматург әрбір көрініс сайын жаңа кейіпкерлерді әрекетке қосып отырады. Жуандар тобы адамгершіліктен безіп, қаныпезерлікке ойысады. Ат, ақша жинап, қару іздестіріп, қанды күреске дайындалып жатқан жендеттер.Алғашқы сценаларда есте қалатын, тілдік, мінездік ерекшеліктерімен көзге түсетін екі персонаж бар: бірі – Құлым қажы, екіншісі – Қыстаубай кедей. Тілі “р”-ға келмейтін сақау, жасы 70-тен асқан қажы орынсыз көп сөйлейді, кемістігін сезінбейді, сөздері өте сөлекет шығады.

Қазақстанның кей атыраптарында қазақтар мен орыстардың алғашқы қарым-қатынасы әр түрлі жағдайлар тудырғаны мәлім. Архивтегі кейбір материалдарда қазақ балаларының ақшаға сатылғаны айтылады. Шоқынған, аты-жөнін христианша қойып алған қазақтар бар. Тілде көп құбылыстар пайда болды: ұғымдар, жаңа сөздер келді.

Иісі орысша атаулыға ілесуді жақсылық белгісі санаған, келсін-келмесін орыс сөздерін қыстырып сөйлеуді мұрат еткендер шықты. Кедей, көп жыл орыс есігінде жүрген Қыстаубай шал өзін байлардан, атқамінерлерден артықпын деп санайды, өйткені орыс тілін білем деп есептейді. Сөйлеген түрі былай келеді: “Аққар қаласының қойын бағып, пастух болып отырмын”, “малымның құнын платить қылдыр”; “мырза, көрдің бе мыналардың сәпсім обида қып тұрғанын”, “пропал баран”.

Кейін, көп жылдар өткен соң қазақ драматургтарының бір тобы ана тілін білмейтіндерді күлкі ету үшін, тілді шұбарлап сөйлеуді сахналық бір тәсіл ретінде қолданған болса, Сәбит Мұқанов тіл шұбарлығын реалистік образ жасауға сәтті пайдаланған.



Қаламгер алғашқы пьесасының өзінде драмалық әрекетке – сюжеттің сахналық сипатына көңіл бөлген. Бір шағын көріністен соң тағы бір шағын көрініс ауысып отырады. Оларда мазмұн жөнінен контраст принципі бар десе де, артық емес.

Төңкеріс нәтижесінде аражіктері әбден ашылған әр түрлі таптардың өкілдері, тіпті бітіспес, антагонистік таптар нәсілдерінің арасында толып жатқан әлеуметтік күрделі қарым-қатынастармен қоса, қат-қабат адамдық, жеке бастық байланыстары пайда болғаны рас. Осындай тоғысулар неше түрлі адам тағдырларын шығарды. Талай семьялық, махаббат трагедиялары туды.

Қатар қонбас, заман мүдде қатар қондырмай отырған кешегі үстем тап өкілінің үлы не қызы кедейдің перзентін сүйді ме? Кедейдің ұлы байдың қызына ғашық болды ма? Өмірде осындай оқиғалар кездесті ме екен? Мұның арты немен тынды?

Бұл өмірде болған, көп ұшырасқан, талай адамдардың ғұмырын жаралаған оқиға ғой.

Дәл осы құбылысты Сәбит Мұқанов пьесасына негізгі тартыс желісінің бірі етіп алады. Драмадағы басты арна - контрреволюционер мен коммунистер арасындағы күрес десек, екінші жүйе Қозыке байдың қызы Зүбәйла мен коммунист Жақып арасындағы сүйіспеншілік хикаясы.

Жақып – Зүбәйла. Сағынып кездескен беттері. Бірақ бұлар Әуезовтің "Қарагөзіндегі", яки Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баяй сұлуындағы" лапылдап жанып тұрған романтикалық тұрғыдағы ғашықтар емес. Әуезов, Мүсірепов кейіпкерлері іштегі өрттей сезімді селдетіп, нөсерлетіп, өлеңдетіп, ақтарып айтса, Мұқанов образдары сабырлы, салмақты.

Жақып пен Зүбөйла арасындағы диалогта реалистік сипат бар. Күнделікті тіршілікте қоңыр тебел, қатардағы қыз бен жігіт аузынан шығатын сөздер. Жақыптың Зүбәйлаға үйленгісі келеді. Оның ойынша қыз әкесінің байлығы бұларға бөгет болмауға керек. Қыз да кет әрі емес.

Іздеп, қолға түсіре алмай жүрген Жақыптың үстінен түскенде, өсіресе күш көрсететін адам - Құлым қажы. Тіл мүкістігі өз алдына, заманның өткенін сезінбей, дүниенің тұтқасы қолында тұрғандай сабасынан асып кіжініп, өкірештенуі күлкі тудырады. Жапалақша жалпылдаған бейшара мықтысынып тұрғанымен, шын мәнісінде аянышты, сорлы кейіп.

Абыр-сабырды пайдаланып жылыстап кеткен Жақыптан соң сахнаға шығатын жалшылар сценасында драматург полилогті, көп дауысты лебізді қодданады. Бірінші актінің соңғы көрінісінде тағы улап-шулап сахнаға шығатын Садри, Әбу, Нұрмағамбет, Василий сөздерінен берекесіздік, бір-бірін анық қадірлемеу, дөрекілік, сатқындық сипаттары анық аңғарылады. Ағаларынды тауып бермедің деп Қыстаубайдың екі ұлы - Қали мен Бейсенбайды Василий жендет жиырма бес рет шомбылмен ұрады. Л.Толстойдың "Балдан кейін" әңгімесіндегі масқара сұмдықтың қазақ даласында қайталануы!

Арада бір жыл өткен. Билік ревкомның қолында. Тартысатын күштердің ара салмағында көп өзгеріс бар. Екінші перденің алғашқы көрінісіндегі оқиға Қозыке байдың үйінде өтеді. Ерлі-зайыпты адамдардың от басындағы әңгімесінің үстінен шығамыз. Ескі қарым-қатынас, ескі дәстүр, ескі сана. Қалыңмалы алынған, құданың сөзі әбден бекітілген оң жақта отырған қыз туралы қатал әке не дер еді? Әрине, әйелін нығыртып, сақ болу, ойын-күлкіден тыйылып, санаулы сағатты тосуды айтар еді. Қозыке осындай адам. Тілінде майдалық, сипай қамшылау жоқ, "қүдай соққан қу қатын-ау" деген дөрекі, дүлей сарын бар. Әйелі Зағипа оңай көніп, тез майысатын адам емес. Зағипа еркіндігі өз алдына, заман дауылы мұның да мінезіне өзгеріс ендіре бастаған. Еркін, тең, тіпті астам сөйлейді: "Зүбәйла ноқта емес, әр аттың басына бір іле беретін. Ішіңнен шыққан балаң, өзі жалғыз, менің тілімді алсаң, енді балаңның басын шарға салма. Маңдайына жазғаны осы шығар, "Теңі келсе, текке бер" деген. "Заман мынау, еркімен кеткен қыз жалғыз біздікі емес. Балаңа батаңды бер де, кінәңді заманға артып отыра бер! Саған не істер дейсің?" (С. Мұқанов. Тандамалы шығармалар. 5 том, 1974, 21-бет.)

Ойлы, ақылды әйелдің сипатын көреміз. Бұл қалпын ол Қыстаубай келгенде де танытады. Қатпары көп Қозыке Қыстаубайды кекетіп, мұқатып, кісі санатына алмай отырғанда, Зүбәйла іш тартып, жегжат болу үмітінен дәмеленіп тілеу тілегеңдей. Жап-жас Нұрмағамбет те Қыстаубайды жойып жіберуге заманнан қорқады, бірақ қорлау, мазақтауға дайын.

Драматург бір кейіпкердің ойы арқылы екінші тұлғаны мінездеу тәсілін де қолданады. Зүбәйла монологінде Қыстаубай семьясы, Жақыптың бір жыл ішіндегі тағдыры, екеуінің арасында сүйіспеншілік хикаясы айтылса, әнші Сыздық Зүбәйла мен Жақып арасындағы жеңгетай, достық көпірі секілді. Сыздық сөздерінде юмор, күлкі элементтері бар.



Алғашқы пердеде қарсы топтың өкілдері негізінен бір-бірімен сырттай шаршысып, жауласып, қармасып жатады. Енді бетпе-бет келетін шақ туған. Алым-салықтың өкілі Жақып ашық майданға шыққан. Ет, астық талап етеді. Оңайлықпен көніп жатқан үстем тап өкілдері жоқ. Қарсылық, жалтару. Осындай әрекеттер үстінде әлеуметтік көзқарастармен қоса, адам мінездері де ашылады.

Сырт қарағанда, тұтас көрінетін жуандар тобы қыл бұрау қыса бастағанда бір-біріне тап беріседі; алауыздық шаң береді; бір-бірін қаба бастайды. Нұрмағамбет Қозыкені шоқпарлап жатыр: Зүбәйла мен Жақып арасындағы әңгімені шалдың бетіне шыжғырып баспақ. Әбу мен Садри екі ұдай. Жақып үстінен жазылған өтірік арыздар, домалақ қағаздар нәтиже бермепті.

Осылардың үрейін ұшырып, төңкеріс күндерінің қатал талабымен ащы сөйлеп, қырғи тілді Жақып бәрін темір шеңгелмен алқымнан алады. Басың бар, көзің бар демейді, ашық, батыл, қатал.

Өз үйірінің табанының астындағы құм сусып жылжып бара жатқанын, еңді олар жеме-жемге келгенде сүйеніш бола алмайтынын, сұңғылалықпен тез сезген Қозыке жеке бастың қамын ойлай бастайды. Арамдық, эгоистік психология, шаруа мінезіндегі құбылма мінез су бетіне қалқып шыға келеді.

Алдында ғана Зүбәйланы құдалық жолымен ұзатпақ Қозыке енді Жақып қолындағы биліктің күшін көрген соң, аяқ астынан нілдей бұзылып, өзгеріп шыға келеді. Өз басын аман алып қалу үшін ескі дәстүрді бұзудан тайынбайды. Екі жүзді Зағипаны да қызын үгіттеуге көндіреді. Қызықты драмалық ситуация. Бірақ автор осы мүмкіндікті жеріне жеткізіп пайдалана алмаған. Зүбәйлаға: "Әкеңе көмектес, оны түрмеге қаматпа", - деуі де, Жақыптың оған беретін жауабы да оңай. Осындай екі ұдай сәтте - тағдыр таразысының бір басында әке, бір басында сүйген жар тұрған шақта, сөз жоқ, кім болса да зор толғаныс, көп тебіреніске түспек. Саяси сенім, сүйген жарға деген махаббат - бұл арадан әділет жолын табу екінің бірінің қолынан келмейді. Қиналады, іздейді, тіпті қателеседі, адасады. М. Шолоховтың әйгілі Григорий Мелеховы бізге күрделі тағдырымен, адам ретінде, басын тауға, тасқа соққан асау мінезімен қымбат қой.

Дәл, сәтімен табылған тартыс арнасын, күрделі характерлер жасауға мүмкіндік беретін драмалық линияны драматург қожыратып, оп-оңай, қалыпты плакаттық-үгіттік схемаға түсіріп, жеңіл шеше салады. Бұл орайдағы Зүбәйла - Жақып диалогі қарабайыр, жадау.

Прозашы ретіңде Сәбит Мұқановтың сюжетке ұсталыш, әсіресе, қызық оқиғалар жүйесін қиыстыра білудегі шеберлігі, роман жазудағы мол тәжірибесі алғашқы күрделі драмалық шығармасының структурасына ықпал еткен. Пьесада характерлердің ішкі тартыс, психологиясынан гөрі, фабулаға, сырт әрекетке, қимыл-қозғалысқа, сахналық оқиғаға мән берілген. Өз тұсындағы бірқыдыру қазақ пьесаларында отырып алып құрғақ әңгіме соғу, қысыр кеңес шерту, бос сөз көп болса, Мұқанов драмасында сахна эстетикасына көңіл бөлініп, әрекет-қимыл бірінші қатарға шыққан.

Бұл тұжырымның әділдігін, әсіресе, үшінші пердеге назар аударғанда айқын көруге болады. Бір жүйе оқиға Қозыке шаңырағында өтсе, енді соған қай жағынан алғанда да кереғар, контраст оқиға қыстыгүні бораңда, Қыстаубайдың шым үйі мен қорасында өрбиді.

Аттың тұяқ серпісіндей, соңғы күштерін салып, қаңды жорыққа аттанған байлар мен кулактар ақыры Қыстаубай үйіне де келіп жеткен. Ызыңдаған жел, есік тықырынан қорқып, келе жатқан пәлені сезіп отырған бір шаңырақ астындағы пұшайман жандар қалың жендет сау ете түскенде, жандарын қоярға жер таппайды.

Әбу, Садри, Қозыке, Нұрмағамбет, Игнат... Бәрі де қаһарын төгіп тұр, зұлымдыққа келгенде бірінен-бірі өткендей. Қарулы еркектер қазған ордың екі жағында жатып атысса, не арман. Жекпе-жектің жөні, тіпті бір бөлек. Қара жүрек жан алғыштар жазықсыз, қорғансыз, қарусыз бейшаралардың үйіне жеті қараңғы түнде басып кіріп, әй-шайға қаратпастан, сұрақ-жауапқа да келтірмей, тап-тап береді: ақ-қарасын айырмай, өз ығына көнбесе жойып жіберуді ғана білетін фашистік кесепат.

Абыр-сабырдың ішінде Қыстаубай үйіне келген Зүбәйла ірі мінезімен ашылады. Ол анау жалынсыз жандар - Қаратай, Бейсенбайлардан көш ілгері тұр. Әуелі пәленің келе жатқанын хабарласа, артынан дұшпанға батыл қарсы шығады.

Өзгелеріне айтқан сөздерін былай қойғанда, әкесінен іргені бөліп алады: "Адам кезінде сенің қызыңмын, қасқыр кезіңде мен саған қыз емеспін". Ойланбастан әкесінің берген жауабы: "Менен туды деп аямаңдар, бұны да өлтіріңдер".

Төңкеріс жасаған адамдар санасындағы өзгеріс - осы. Бұрынғы көшпелі ауылдағы қыз бен әкені әлеуметтік төңкерістер кезіндегі мына қызбен, әкемен салыстырып көріңіз: айтып болмас айырма, құшақ жетпес алшақтық жатыр. Жазықсыз жандарға, тек бірі - Жақыптың әкесі, бірі - анасы, бірі бауыры болғаңдығы үшін масқара жазаны Игнат айтады: "Құлағын, мұрнын кесіп, мойнына тас байлап, Есілдің суына ағызу керек". Өзге қасқырлар да осы бүйрықты үнсіз қостайды.

Зүбәйланы Әбудің кесігімен Игнат тұншықтыра бастағанда, ара түсуші - Жанат ұры. Екі жүзділікпен осындай әрекетке әдейі барады, мыстандықпен, өзгелерден асып түсіп кулық ойлайды. Бәрін қырьш тастамай, Жақьшты қолға түсірудің бір амалы ретінде Зүбәйланы арашалап алып қалады.

Қуақы қалжыңмен шошқаның майын сөз етіп, күліп отырған Сыздық, Алпысбай, күрес жағдайын баяндап отырған Сергей коммунист, түптеп келгенде, Жақып шаңырағының трагедиясына қабырғалары қайысып күйзеледі.

Қысьлтаяң кезде жағдайды тез-тез хабарлап айтып жатқан Жақыптың өз үйі ішінің трагедиясын білмеуі сахналық әсерді күшейте түседі.



Достарының қазаны естіртуі де, оны Жақыптың қабылдауы да оңай, жеңіл берілген. Ауыр күйзеліс, терең тебіреніс жоқ, жеңіл-желпі сөздер айтылады. Дәл осындай сәттен кейін қолма-қол Зүбәйла мен Жақыптың махаббат әңгімесіне кірісуі де сенімсіз.

Осы көріністің аяғы сенімді реалистік драмадан гөрі оқыс оқиғаға құрылған детективтік сипатта аяқталады. Баяғы ұры Жанат Жақыпты қолға түсірем деп жүріп, өзі өлім құшады. Сахналық эффект бар. Әсіресе, наган көркемдік қызмет атқарып тұр.

Дұшпан ортаның ішкі әлемі соңғы суретте ашыла түседі. Олардың Совет өкіметіне, болыпевиктерге қарсылығы, дұшпандық-жаулығы тайға таңба басқандай айқын. Бір-біріне сенімі аз. Сырттай тұтасқанмен, іштей шіріген. Ақ офицері Василий мен Әбу арасындағы диалог шовинистік пен мансапқорлық ауруына шалдыққан, үлкен әлеуметтік мақсаттар үшін мүлде күресе алмайтын, тоқыраған, дағдарысқа ұшырағандардың психологиясын танытады. Кеше ауыз жаласқан, саяси мақсат үшін күреспек, бір тілектегі жақтастар қазір ит пен мысықтай. Бірі: "Его превосходительство, адмирал Колчак айтатын еді: "Қазақта ерлік жоқ", - деп өз алдына правительство болып, алашорда комитетін құрғанда да қазақ елін арттарына ерте алмап едіңдер. Сондай бейшаралықтарыңды, міне, енді де көрсеттіңдер!" - деп тұтас халыққа тіл тигізсе, екіншісі: "Орыс халқын сіз де ертіп отырған шығарсыз, господин поручик", - деп одан қалыспай, шаужайдан алып, тістеп қауып қалып жатыр.

Драманың соңғы көрінісі оқыс оқиғаға, күтпеген шешімге құрылған. Ақ офицері Василий ойлағаннан өзгеше, мүлде басқа әрекеттер аяқ астынан бел алып кетеді. Шіркеуде жасырынған ақгвардияшылар түгел қолга түсіп, Жақып, Сергей бастаған коммунистер жеңіске жетеді.

Тұтастай қарағанда, қызық оқиғалы пьесада бірқыдыру кемшілік бар. Әр түрлі тап өкілдері ретінде алынған кейіпкерлер дараланып, характер сомдалып жасалмағаны көрініп тұр. Әбу, Садри, Құлым, Нұрмағамбет - осылардың барлығы әр жерде оқиғаға араластырып, бәрін сөйлете бергенше, драматург бір-екі кейіпкерді ғана алып, ірілендіріп типтендіріп шығарғанда ұтатыны сөзсіз еді.

Осындай пікірді Аппысбай, Қамза туралы да айтуға болады. Әділіне келгенде, Қыстаубайдың Жақыптан басқа ұлдары Қали, Бейсенбай, Қаратай - санда бар, сапатта жоқ, кісі қарасын, персонаж санын көбейткенмен, көркемдік қызмет атқарып тұрған жоқ.

Бұрын Мұхтар Әуезовпен бірлесіп жазған "Ақан - Зайра" пьесасы демесе, драматургия жанрында қалам тартпаған Сәбит Мұқановтың алғашқы сахналық туындысында драма эстетикасын жап-жақсы игергендігін көрсетіп, әлеуметтік маңызды тақырыпта сапалы шығарма беруі, сез жоқ, жазушының өзінің де, сол кезеңдегі әдебиетіміздің де бағалы олжасы болатын.

ЕКІНШІ ТАРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет