182
болып қысқарады. Көне түркі тілдеріндегі
–т реликтік көптік жалғауы
жалғанып (
йунт), ол түбірмен кірігіп, қалыптасып кеткен [49].
Қазіргі қазақ тіліндегі қолданылуына сай мағынасын жұнттай сөзі-
не «жылтыр, тақыр, таза, əдемі»
Жұнттай сөзінің «тығыршықтай семіз»,
«күйлі-қоңды» малға, көбінесе жылқы малы деп анықтауға болады. Ал
семіз малдың жүні əрі тықыр, əрі жылтыр болатыны белгілі нəрсе. Олай
болса,
жұнттай сөзінің төркіні көне түркі тілдерінде ерте замандарда
қолданылған
юнт (jynd) сөзімен байланысты деуге болады. Сонда
тіліміздегі салыстыру моделі бойынша (салыстыр:
сиырдай, шошқадай
семіз, еңгезердей, түйедей, алпамсадай үлкен, титтей, құрттай т.
б.),
жұнттай сөзі о баста «аттай семіз, аттай күйлі, ат мүшелі» деген
мағынада тек атқа байланысты айтылса, одан кейін жалпы малға, адам-
ға байланысты да айтыла бастаған болуы керек» [ҚТҚЭС, 94 ].
ҚҰЛЫН.
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі [ҚТТС, 465 ].
Жаңа туғаннан бастап желіге байланғанға дейінгі кезеңде
құлыншақ деп
атайды (1-1,5 айлық кезең).
Профессор Қ.Жұбанов
құлыншақ сөзіндегі қосымшаның (-шақ,
-шек)
шаға есім сөзінен шыққандығын сөз етеді.
Шаға сөзі қазір тіліміз-
де
бала-шаға сөзінің құрамында ғана сақталған. Ал кей түркі тілдерінде
(əзірбайжан, түркімен) бұл сөз бүгінге дейін «сəби» мағынасында
қолданылады. Ғалым Қ.Жұбанов қазіргі қазақ тілінде қолданылып
жүрген
шақ-шек (құлыншақ), -
шық/-шік (
төбешік, қаншық),
-ша/-ше
(
өгізше, тайынша) жəне «уақыт» мағынасында қолданылатын «шақ»
сөзінің шығу төркіні монғолдың
шаған, егін, тегін - «бала, сəби, уақыт»
мағыналы сөздеріне саятындығын айтады.
Құлын сөзі М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегінде де
кездеседі. Осы еңбектегі төрт түлік мал атауларын зерттеген М.Бейсе-
нова: «Ерін үндестігі қатаң сақталған орта ғасыр түркі тайпаларының
тілінде жылқының баласын «
кулун» деп атайтынын М.Қашқари өз
шығармаларында жазған» [МК І, 383 ] деп көрсетеді. Қазақ тіліндегі
«
құлындау» деген етістіктің мағыналарын ол кезде
қулна деп айтатын
болған:
қысрақ қулнады [
қысырақ құлындады, ІІІ, 91]. Бұл форма
түбір сөзге (
қулун) көне түркі тілдерінен мирас болып келе жатқан
-а//
Достарыңызбен бөлісу: