Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет122/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   144
ЖАБАҒЫ.  Жабағы – алты  ай  мен  бір  жас  аралығындағы  жылқы 
төлі [ҚТС, 187]. Жас құлынды алты айға толған соң, күзде жабағы деп 
атайды.  Мұның  бұлай  аталуын  Ш.Жанəбілов  құлын  кезіндегі  түсінің 
күзге қарай өсіп, тығызданып, жабысуына (ұйысу) байланыстырады. 
А.М.Щербактың  ғылыми  мақаласында  жабағы  сөзінің  түркі  тіл-
деріндегі  этимологиясы  жайында: «этимология  jабаға,  как  и  многих 
других  слов,  обозначающих  возрастные  группы,  неясна.  Существует 
предположение  (Ф.Г.Исхаков)  о  связи  наименования  жеребенка  словом 
jабаға  с  весенней  линькой  шерсти,  см.  тат.  jабаға  «шерстьлинька 
(вылезающая у животных весной). Исходя из этого предположения, легко 
раскрыть причины многозначности рассматриваемого слова. 
Все  перечисленные  выше  формы  закономерно  восходят  к  обще-
тюркскому *gабаға, с которым связаны и соответсвующие монгольские 
слова,  ср.  бур.-монг.  Gаган  «двухлетный  жеребенок»,  gахи  «шерсть, 
вылезающая весной», – деген пікір айтады [15].
Қазақ  тіліндегі  жануарлар  төлінің  атауларын  зерттеген  Р.З.Пан-
зарбекова  жылқы  төлінің  жас  ерекшелігіне  қарай  қолданылатын  бұл 
атаудың  «бөлшектің  бүтінге  айналу»  заңдылығы  бойынша  жасалған-
дығын  айтады.  Жан-жануарлардың  көктемде  тастайтын  жүніжабағы 
жүн  деп  аталады.  Бұл  лексеманың  өзара  іргелес  байланыстағы  де-
нотаттардың атауы болып жұмсалуы еш күмəн туғызбайды. Монғолша 
даага  «тай»,  даахь  «жабағы  жүн», «ұйысқан,  шырмалған  жүн»,  бурят 
тілінде  даган  «жылқы  төлінің  екі  жастағы,  дах  «жан-жануарлардың 
көктемде тастайтын жүні. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет