188
оңтүстіктегі қазақтар тілінде жұмсалады). Шамасы бұл өсімдіктің пісуі-
не мезгілі өтіп кеткен сипатына орай айтылған, өсімдіктерге байланыс-
ты осы мағынада қолданылатын «еркектеп кеткен» деген тіркеспен
синонимдес мағынада қолданылған сөз болса керек.
Əдеби тілімізде
айғыр сөзінің қолданылу аясы оның семантикалық
əрісіне қарай құбылып отыруы мүмкін. Түркі-монғол тілдерінде бұл
сөздің лексикалық мағынасы біртектес, бірақ оның грамматикалық
құрылысында азды-көпті айырмашылық бар: көне түркі жазба нұс-
қаларында –
адғыр, «Тефсирде» жазба нұсқаларында –
азғыр, қыпшақ
тілдерінде –
айғыр, өзбекше –
айғир, тува тілдерінде –
асқыр, монғол
тілінде –
азраға. Мұндағы
з дыбысын М.Қашқари эмфатикалық дыбыс-
ты білдіретін арабтың «заль» таңбасы арқылы береді, əрине, бұл кə-
дімгі д (даль) əрпі емес – Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі
адғыр осы
əріппен беріледі.
Əдетте
з дыбысы түркі тілдерінде арабтың «зейн» таңбасы арқы-
лы белгіленуге тиіс. Түркі тілдері араб тілінің өзіндік ерекшеліктерін
еркін меңгерген М.Қашқари «даль» // «зейн» дыбыстарының табиғатын
жіті аңғарып, бұл жерде «зальды» əдейі қолданып отырған болу керек,
өйткені «заль» айтылу техникасы жағынан «зейннен» гəрі «дальге»
жақын. Фонетикалық құрылымы жағынан алып қарағанда, түркі
тілдерінің əртүрлі классификациялық жүйелерде жиі айтыла беретін
Достарыңызбен бөлісу: