59
3. Этимологиялық сөздіктердің бір мақсаты əр түрлі жағдайларға
(араласуға, көрші-қолаңдыққа, саяси-географиялық қарым-қатынасқа
т.б.) байланысты заңды түрде жүз беретін ауыс-түйістер. Ауыс-тү-
йістердің уақыт өткен сайын түрлерінің көп болатыны белгілі. Жəне
олар араласқан халықтардың тегіне, тіліне, мəдени байланысына, қарым-
қатынасына байланысты əр деңгейде жүзеге асады. Қазақ халқының
өткен тарихына назар аударсаң осындай қарым-қатынастар сонау
жыл санауымыздың арғы жағынан басталатын ғун тілінен,қытай,үнді
(санскрит) тілдерінен басталып, одан бергі замандарда Еуропа тіл-
дерімен, сак, соғда, одан соң араб, иран (тəжік, парсы, ауған, пушты,
урду), славян (орыс, украйн) тілдерімен, кейінгі кездері орыс тілі арқы-
лы Европа тілдерімен (неміс, француз, англия) араласуы белгілі. Біреуі-
мен жіті, біреуімен сирек араласуына байланысты лексикалық ауыс-
түйістер əр түрлі деңгейде болатыны байқалады. Мəселен, жіті қарым-
қатынасқа байланысты ауыс-түйістері көбірек алмасқан тілдердің қа-
тарына араб, иран, славян тілдерін жатқызуға болады. Бұлардың əр-
қайсысына сəйкес ауыс-түйістердің əртүрлі болатыны белгілі. Мəселен,
иран, славян тілдерінен тек қана жазба түрде ғана емес, ертерек кезде
ауызша да қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына орыс, иран сөздерін
бойсұндырып барып қабылдағаны белгілі. Мысалы, орыс тілінен
қабылданған:
кəмпит, самауырын, үстел, ағылшын деген сөздердің сырт
тұлғасының өзгеруі осының мысалы. Сол өзгеріс осы сөздердің орыс
тіліндегі тұлғасымен қыйыспауы оларды этимологиялық талқыға са-
лып, бұрынғы тұлғасында қарастырудың жолдарын талап етеді.
4. Əдеби тілдің нормасынан ауытқып, сирек қолданыла бастаған
кейбір сөздер де этимологиялық талдауды талап етеді. Оларды біз
архаистік лексикадан жиі кездестіреміз. Мəселен,
бап о бастағы ма-
ғынасы – есік:
Баптардың бабы Арыстан бап. Ұрым: Ұлын ұрымға,
Достарыңызбен бөлісу: