айыр-,*ад->адыр-,адыра(қал),адырна//*аж->ажыра-//*аш->аша//*ақ-
>ақа (үш ақа) //*ар>арал т. б. түбірлерді атап кетуге болады.
*čа->čау- «бить», čа-><čal- «кланяться», *ča->čaq- «выбивать
огонь»; *ča->čat-«прибивать», «хлопать», «рукоплескать». Шақ- түбір
етістігі қазақ тілінде көбінесе «ұрып сындыр», «парша-паршасын шы-
ғар», сондай-ақ «бір нəрсені екінші нəрсеге ұрыстыр, жамандап арыз
айттыр» (осыдан шағыстыр, шағым) деген мағыналарда қолданылады
да, оның бір замандағы туынды түбір екендігін біз білмейміз.
77
Якутско-русский словарь / Под. ред. П. А. Слепцова. М., 1972, с. 458.
78
Турецко-русский словарь / Под. ред. Э. М.-Э. Мустафаева и Л. Н. Старостова. М., 1977, с. 41.
79
Древнетюркский словарь. Л., 1969, с. 406. Бұл сөздік мақалада ДТС түрінде қысқартып
алынды.
92
*čo->čoq- / /čoy-«зарезать, убивать»;*čo->čol-«быть обрубленным,
стать калекой». Мұнда да қазақ тіліндегі шолти- жəне шолақ сөз-
дерінің, сондай-ақ сойым, соғым сөздерінің түбірі көне *čо-> шо-
түбіріне барып саятынын бірден байқау қиын.*ja->jal- «загораться»,
«воспламеняться»; *ja->jaq- «поджигать топливо», турец. jan- «сго реть»,
«загораться». Бұл да казак тіліндегі жан-, жақ- етістіктерінің түбірімен
гомогендес.
Бұл сияқты түбірлерге А. Зайончковский сондай-ақ *jo->jod-
«исчезать», «погибнуть», joq «нет»; *jа->jaj- «простираться», «расти-
латься», «распространяться», jad- «распространяться», jat- «находиться
в таком-то состоянии, лежать»; j?>j?d «грузить», j?k «клад», «вьюк»,
«тягость», j?k «собирать», «накапливать»;*qy->qyl- «де лать»,*sa>sac-
«разбрасывать, рассеивать»; to->tod- «насыщаться», «быть сытым» //
«полный», «целый», «весь», «совсем»; tol- to?- «напол няться», «на-
полнять», «делать полным» т. б. жатқызады. Осы келтірілген бір буын-
ды СГ типті түбір етістіктер қазақ тілінде тек туынды түбір түрінде, яғ-
ни СГС типтес буын ретінде ғана сақталған. Демек, біз зерттеп отырған
модельдерді түбір сөздердің СГС тұлғасы қалыптасқаннан кейін пай-
да болған екінші дəрежедегі сөз жасау тəсілі деп жорамалдауға болады.
Етістіктер құрамындағы «өлі түбірлерге» тəн қасиеттің бірі –
олардың түркі тілдерінде фонетикалық, морфологиялық варианттары-
ның болуы. Мəселен, орхон-енисей ескерткіштерінде*ба- [ба-] түрінде
қолданылған «байлау», «матау» мағынасындағы ілкі түбір
80
негізінде
түркі тілдерінде: бай-// бау-// бағ-// бан-тəрізді мағыналас варианттар
пайда болған. Ендігі даму сатысында əрбір түркі тілі осылардан екінші
дəрежелі туынды түбір жасаған. Мəселен, қазақ тілінде *бай-өлі түбірі-
нен байла- етістігі туындаған да, дербестігін сақтаған бау- (бір нəрсені
байлауға қажетті жіп) вариантынан баула- туынды түбірі пайда болған.
Көне бай- вариантын сақтаған тілдердің бірі –якут тілі. Онда созылың-
қы айтылатын бай-«связывать», «привязывать», «делать перевязку»
81
.
Тағы бір мысал келтірейік. Біз қарастырған императив етістіктер қос сөз
компоненті болып та кездеседі. Мысалы: жылап-сықтап қос сөзінің екі
компоненті де тарихи тұрғыдан алып қарағанда тектес (гомогендес) бip
түбірге барып саяды:*жы>жыла//сық>сықта-. Ескерткіштер мен түркі
тілдерінде «жыла», «еңіре» ұғымын беретін жыла- етістігінің ағла-
/ / ығла-/ / йығла- / / сығта-т.б. варианттары қолданылады. Бұлардың
80
Хакасско-русский словарь. С. 326.
81
Якутско-русский словарь. С. 364.
93
этимологиялық түбірі модель бойынша *ағ- //*ығ-//*йығ-//*сығ>*сық
болуға тиіс
82
. Сонда жоғарыдағы қос сөз, сайып келгенде, бір түбірдің
екі рет қайталануынан жасалып тұр. Дыбыстық ерекшелігіне байланыс-
ты оның компоненттері екі түрлі сөз сияқты болып көрінгенімен, біз
оны бір түбірдің екі вари анты деп қарауға толық дəлеліміз бар.
Осы ретпен қазақ тіліндегі екібуынды есім негіздердің құрамынан
да бір буынды этимологиялық түбірлерді сөзжасамдық модельдер арқы-
лы жіктеудің жүйесін көрсетуге болады
83
.
Достарыңызбен бөлісу: |