Алматинский гуманитарно-экономический


Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі



бет3/6
Дата21.05.2022
өлшемі1,09 Mb.
#144358
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
отчет Айнам новый
салық 2 тема
1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі
Қаржы — ақша қатынастарының жиынтыеы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қаңдай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі-оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшсу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу жәнс басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-тендік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге жәнс тұтынуга ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда болінген кұн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шегтетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық категорияның механизмі — баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясығада асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің қүны және оның ма-ңызды бөлігі - үлттық табыс алгашқы бөлу* процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге - с, V, және т
* Алғашқы бөлу деп өткізілген құнды бөлшектеу процесі мен тауар бағасының элементтеріне (жалақыға, пайдаға, табысқа т.с.с.) сәйкес келетін оның құрамындағы бастапқы табыстарды мүшелеуді айтады; ал бөлінгенді одан өрі бөлумен байланыстының барлығы қайта бөлуге жатады.
т*-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс қүралдары қүнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (V ) төленеді және қосымша өнім (т) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басты өңдіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияла-рьіның бастауын қүрайды. Сөйтіп, оңцірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді "с", 'V және "т"-ге сәйкес элеменггерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъекгілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсатгы пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъекгілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөлікгерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне,** с — өндірістің материалдық шығындары; V — қажетгі өнімнің құны; т — қосымша онімнің құны. Шет елдін оқулык одебиеттерінде экономиканың даму ауқымының өлшем көрсеткіші — кірістер мен шығыстар бойынша анықталатын жалпы ұлттық өнім пайдаланылады. Кірістер бойынша ЖҰӨ мына элементтерді жинақтаумен жасалынады: тұтынылған капиталдың көлемі (амортизациялық аударымдар); бизнеске салынатын жанама салықтар; жалдамалы қызметкердің жалақысы; ренталық төлемдер; пайыздар; меншіктен түсетін табыстар; корпорациялардың пайдасы. Шығыстар бойынша (яғни өнімнің бүкіл жиынтығы бойынша) ЖҮӨ мыналарды қамтиды: үй шаруашылығының, яғни елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі — С; жалпы жекеше ішкі инвестициялар — І; тауарлар мен қызметтер көрсетуді үкіметтің сатып алуы — С; Хп — таза экспорт (экспорт колемінің импорттан асып түсуі немесе керісінше минус белгісімен). ЖҰӨ сомасы = С+Іе+О+Хп. Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістің ақырғы нәтижесін сипаттайды, ол айналым қорларының (капиталының) (бұл корлардың қалыптасуы мен қозғалысында каржы зор рөл атқарады) елеулі бөлігі болып келетін аралық өнімнің құнын камтымайды. Сондықтан бұл жалпықоғамдық өнімнің Р=с+у+т дәстүрлі формуласы алынды және үлкейтілген түрде экономикадағы құнның қозғалысын оның осы негізгі элементтері бойынша бақылап отыруға болады.
Оның үдемелі дамуына, қоғамдық-әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қогамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі — өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.
Экономикалық зандармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикаяық категориялар — бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.б. жатады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардыц (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың ендіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негіздследі.
Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, "жалпыдан - жекеге" қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпы қоғамдық қатынастар, өңдірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы катынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық қатынастар және т.б.)
Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да -ақша, табыс (пайда*), өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өңцірісті ынталандыру, кәсіпорыңцар қызметінің нәтижелсрін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Сонымен "Пайда" термині Қазақстанда таза табысқа ауыстырылған.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өңдірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты — қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса көрсетеді.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйтксні қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал, яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін қүн бола бастайды. Сөйтіп, ол ақшаның дербес аясы ретіндс, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай нысанда да — өндіріс құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ ақша нысанында да - еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағағада, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозгалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығыңда, өңдірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың - бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық дсңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвснциялар және т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкішаруашылықтық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде - бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі — қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны, міндетті сипаты, біржақты тәртіптеғі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізіңде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлгаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты — ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мөні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық жүргізу сферасыңда үнемі өзгеріп отыратын ұдайм өндірістік қажетіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы — табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлскет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары — мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады.
Қаржысыз кеңейтілген негізде өндірістік капиталдардың жеке және қоғамдық толық айналымын қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аумақтық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық сфера жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде "қоғамдық, (немесе әлеуметтік) тауарлар" деп аталынатындарды — мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игілікгер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік билікгің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет