Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі



бет2/6
Дата12.03.2018
өлшемі1,16 Mb.
#39246
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1. . Ұлттық спорт түрлерінің қазіргі кездегі дамуы.

2. Ұлттық спорт түрлерінің жарыс ережелері
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ұлттық спорт түрінен сабақ беру пәндері ретіндегі арнайы білім мен қозғалыс-қимылы әрекеті мұғалімнен белгілі бір оқытып үйрету жолдарын білуді талап етеді. Оқытып үйретудің әдістері өте көп және оның бірде біреуі әмбебаб бола алмайды.

Оқытып үйрету әдісінің сипаттамасын білу, осы әдістердің көп түрлілігін дұрыс бағдарлауға және оқу міндеттерінің барынша тиімдісін таңдап алу үшін мүмкіндік береді.

Әдіс (метод) – бұл әр түрлі жағдайда және әр түрлі оқушылар контингентімен кең ауқымдағы міндеттерді шешуге болатын әрекет түрі. Мысалы, көрсету әдісімен қозғалыс әрекетін таныстыру және оны жетілдіру, балалармен және ересектермен жұмыс істеу кезінде барынша әр түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Әдістемелік тәсілбұл тек кейбір нақтылы жағдайларда, жекелеген міндеттерді шешу кезінде іске асырылатын әрекет түрі. Мысалы, жаттығуды оқушыларға қырынан қарап тұрып көрсету.

Сонымен, егер әдістер кешенімен (мысалы, түсіндірумен, көрсетумен және іс жүзінде үйретумен) алға қойылған міндетті орындауға болса (мысалы, секіруді үйрету), онда әдістемелік тәсілдердің жүйесі белгілі бір нақтылы оқытып үйрету жағдайымен сәйкес келетін әдістерді іске асырудың нақтылы түрлері ретінде алға шығады (мысалы, секіруді көрсету кезінде қырынан немесе қарсы алдынан немесе екеуін де көрсету). Кез келген әрбір әдісте неше түрлі әдістемелік тәсілдер болуы мүмкін. Олардың көптігі соншалықты атауын санап жаңылысасың.

Олардың бірсыпырасы ізін жойып отырады, түр өзгерістеріне ұшырайды, мұғалімнің шығармашылығында жаңалары пайда болады. Бұл, негізінен, мұғалімнің сабақ беру деңгейінің айырмашылығынан, атап айтқанда, олардың әдістемелік тәсілдерді меңгеру деңгейімен түсіндіріледі. Тәжірибесіз мұғалімдер әдісті әдістемелік тәсілдің тек сыртқы сипаты ретінде қабылдайды. Мысалы, жанама жаттығулардың жүйесін құрастыра алмау бөліктерге бөліп үйрету әдісінің әдістемелік тәсілге айналуына әкеледі, яғни педагогикалық іс-тәжірибеде кейбір жекелеген жағдайларда қолданылады.

Оқытып үйрету әдістеріне қойылатын жалпы талаптар

Қайсыбір әдістердің әрбір нақтылы жағдайда қолданылуы бірқатар талаптарды сақтаумен қамтамасыз етіледі:



  1. Әдістің ғылыми негізделгендігі – материалистік ілімі тұрғысынан қарағанда таным ілімі және адамның жоғары ақыл-ой жүйесіне қызметі туралы материалистік ілім.

  2. Оқытып үйретудің қойылған міндетті шешуге сәйкестігі. Нақтылы міндеттің болмауы оқытып үйрету әдістерін дұрыс таңдауға мүмкіндік бермейді. Егер, мысалға алатын болсақ, сабақты «ешкіден» екі аяқты ашып, қолды тіреп секіруді үйрету міндеті қойылған болса, онда оқытып үйрету әдісін анықтау мүмкін болмайды (бөліктерге бөліп үйрету әдісіне және бүтіндей үйрету әдісіне бағдар жасауға болады). Барынша нақтылы міндеттерді шешуде, мысалы, «ешкіден( екі қолды тіреп, екі аяқты ашып секіруді үйреткенде, бөліктерге бөліп үйрету әдісін қолдану қажеттілігі туындайды.

  3. Оқытып үйретудің тәрбиелеу сипатын қамтамасыз ету. Әрбір таңдап алынған әдіс берілген қозғалыс әрекетіне оқытып үйрету жүйелігінің тиімділігін қамтамасыз етілуімен ғана бағаланбауы тиіс, яғни, қазіргі заманғы өскелең өмір тәжірибесі талабы деңгейінде болуы шарт.

  4. Әдістердің қолданылуы оқыту принциптері жүйелерінің сәйкестігімен іске асуына сүйенуі тиіс. Бір жақты әдістің жеке алынған принциппен байланысын мазмұндау дұрыс емес. Мысалы, егер мұғалім көрсету әдісін қолданды десек – онда ол көрнекілік принципін толық шешеді. Белгілі болғандай, бұл принцип бүтіндей әдістер жүйесі арқылы іске асырылады.

  5. Оқу материалының ерекшелік, өзгешелікке (спецификаға) сайлылығы. Оқытып үйрету әдістерінің ұлттық спорт түрлері арасында белгілі бір тәуелділігі бар. Кейбір жағдайда тек сөзбен айту әдісімен шектелу дұрыс сұрақ, ал күрделірек тапсырмаларда көрсету әдісін қолдануға болады. Ойындық, гимнастикалық, спорттық және туристік жаттығулардың жеке өздерінің меншікті оқытып үйрету әдістері болмайды. Олар дене жаттығуларының барлық түрлері үшін бірдей. Сонымен бірге осы түрлері көп жағдайда әр бірі бірдей әдістемелік тәсілдерді пайдалануға қолайлы болып тұрады және аз жағдайда басқаларын пайдалануға бейім.

  6. Оқушылардың жеке және топпен дайындалғандығының сәйкестігі. Мысалы, жақсы дайындықтан өткен оқушыларға кейбір қозғалыс-қимыл әрекеттерін үйренгенде, бөліктерге бөліп үйрету әдісін қолдану ыңғайлы емес, ал аз дайындықтан өткендерге бұл қозғалыс-қимыл әрекеттерін меңгерту үшін жанама жаттығуларды игерту арқылы орындалады.

Сөзбен түсіндіру әдісін пайдалану кезінде оқушылардың жалпы білім деңгейін, әсіресе тианақты, тыңғылықты ескеру керек. Егер олардың жалпы білім деңгейі жеткілікті, жоғары болса, онда шұғыл бұрылыстармен (виражбен) жүгіруді түсіндіргенде, мысалы, олардың білімін физика пәні ауқымынан пайдалану керек.

  1. Мұғалімнің жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің сәйкестігі. Әрине әрбір ұстаз-педагог барлық оқытып үйрету әдістерін толық көлемде меңгеру тиіс. Дегенмен, қатарынан көптеген себептерге қарай бір мұғалімдер бір әдісті меңгереді, бұл ерекшеліктерін ескермеске болмайды. Егер, нақтылы жағдайда екі әдәстен, мысал үшін, бірдей нәтиже шықса оны мұғалімнің өзі жақсы меңгерген әдіспен пайдаланғаны дұрыс.

  2. Сабақтың жағдайының сәйкестігі. Мысалы, мектеп сабағында арқанға өрмелеуді үйрету кезінде және екі-үш арқан қосымша тұрса, бүтіндей әдіспен үйретуді қолдануы дұрыс болмас еді. Дәл бұл жағдайда тығыздығы өте төмен болған еді. Мұғалім сөзбен түсіндіру әдісін қолданбас бұрын залдың акустикалық (дыбыс әуенінің шығару) қасиетін, алаңның көлемін ақыл-оймен саралап есептеуі тиіс.

  3. Әдістердің әртүрлілігі. Әдістердің ішінде тек біреуі ғана негізгі немесе тек біреуі ғана әмбебаб болып танылуы мүмкін емес. Әртүрлі әдістерді қолдану арқылы оқытып үйретуде үлкен жетістіктерге жетеді. Нашар әдістің болмайтындығын есте сақтаған дұрыс. Әрбір оқыту әдісі өзінше жақсы. Оларды пайдалануда қабілеті жоқ сауатсыз (нашар) мұғалімдер етеді. Бұл педегогикалық сәттерде әдістердің пайдалы әсер еткені, екіншісінде олай әсер етпеуі, тіпті зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан педагогикалық қызмет барысында оқытып үйрету әдістерінің жүйесін пайдалану қажеттілігі туындаған. Бұл жүйелерде әдістердің күшті жақтары пайдаланылып және әлсіздері бейтарапталады. Бұл ереже іс-тәжірибеде оқу-тәрбие жүйесінде қолдау табады, яғни, көрсету кезінде сөзбен түсіндіріліп, суреттеу, нұсқау беру арқылы үйлестіріліп, түсіндіріледі.

Барлық шұғылданушыларға және жұмыс жағдайының барлығына бірдей жарайтын әдістің болуы мүмкін емес. Қайсы бір әдіс әмбебаб әдіске теңеу мұғалімнің шығармашылық бастамашылдығын, белсенділігін тежейді, оқушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалануына кедергі жасайды

Бақылау сұрақтары:

1. Оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны, мақсаты және ерекшелігі.

2. Сабақтың құрылысы және оны ұйымдастыру, өткізу


КҮРЕСШІЛЕРДІҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДЫҒЫ

Қазақ күресінің тәсілдерін атап өтейік. Олар:

Ұстасу – қолмен орындалатын әрекеттер, балуан шабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының кимінің бір жерінен ұстай алуы;

Бір жақты ұстау – оң қолымен қарсыласының оң қолынан (сол қолымен сол қолынан) ұстау;

Әр жақты ұстау – оң қолымен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан) ұстау;

Ырғақ – білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп, құлыптап, бір-бірімен ұстастырады;

Шалу – аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде балуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.

Ілу – аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде балуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады. Аяқты бүгіп тұрып жіліншікпен немесе табанмен орындалады;

Орау – аяқпен жасалатын қимыл. Балуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншігімен және табанымен аяғынан іледі.

Қағу – аяқ қимылы. Балуан табан жағымен табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.

Көтере қағу – аяқ қимылы. Балуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан немесе екі аяғынан бірдей артқа көтере қағады.

Тізеден қағу – аяқ қимылы. Балуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.

Көтере итеру – аяқ қимылы. Балуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.

Адымын айқастыру – қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен балуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.

Еңкею – дененің тік тұрған күйінен жазықтық күйге қозғалту;

Тікею – денені жазық күйден тік күйге келтіру;

Шалқаю – денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу;

Айналу – артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы: балуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетіндей болып айналады;

Жұлқу – балуан қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді.

Әдіс – балуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласының басым түсу немесе оны жеңу амалы;

Қорғану – қарсыласының шабуылын балуанның тойтаруына мүмкіндік беретін әректтері;

Қарды әдіс (амал) – қарсыласының әдісіне қарсы қолданылатын әдіс.

Лақтыру – қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретін әдістер.

Жығу – түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай-ақ кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер;

Арқадан асыра лақтыру – қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң еңкею немесе алға қарай құлау арқылы орындалады. Айнала берген кезде еңкейе қалу бұл әдістің негізгі элементі болып табылады.

Шалқайып (төспен) лақтыру – шалқаю арқылы орандалады. Бұл әдістің негізгі элементі – денені артқа қарай доғаша иіліп шалқайту;

Еңкейіп лақтыру – кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты кілемнен көтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны кілемге түсіру жолымен орындалады;

Ілу – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын балуан бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады немесе лақтырады;

Сүріндіру – лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған өзінің аяғынан қарсыласын өткізе сүріндіріп лақтырады;

Иықтан асырып лақтыру – балуан арқасын беріп денесін айналдырып барып, қарсыласын иығынан асырып лақтырады;

Орау – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын балуан өз аяғымен (жіліншігімен және табанымен бір мезгілде) орап алып жығады немесе лақтырады;

Тактикалық даярлық амалдарды – балуанның шабуылдау немесе қарсы шабуылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттері;

Барлау – балуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекеттері;

Бүркемелеу – балуанның қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекеттері;

Қауіп төндіру – балуаннның қарсыласын қорғанысқа мәжбүр ететін тактиклық әрекеттері;

Жалған әрекеттер – ақырына дейін жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін амалдар, қарсы амалдар, ұстау, жұлқу, итеру және басқа да деректер;

Алдау – ол да жалған әрекеттер;

Қайталап алдау – балуанның өзінің шын амалын қарсыласына жалған амал етіп көрсетуге бағытталған тактикалық әрекеттер;

Шақыру – балуанның қарсыласының еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекеттер;

Тепе-теңдіктен шығару – балуанның өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласын тепе-теңдігін сақтай алмай қолайсыз күйге түсуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттер;

Шабуыл – тактиклық әрекет, оның мақсаты – басым түсу немесе жеңіске жету;

Қайталап шабуылдау – бірдей қимылдар қатар орындалатын тактикалық әрекеттер, ол қимылдардың тек соңғысы ғана шешуші, ал қалғандары жалған болып табылады;

Қиыстыру (комбинация) – белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттерді тактикалық жағынан ұштастыру немесе олардың бірінен соң бірінің орындалуы;

Ұстау (әдіс) комбинациясы – қарсыласы ұстаудың бір түрінен қорғана жүріп, келесілерін орындауға қолайлы сәтін туғызатындай етіп ұстау түрлерін ұштастыру;

Алдын алу – балуанның қарсыласының шабуылымен бір мезгілде жүргізетін шабуылдау әрекеттері, бірақ балуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаңырақ орындайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақша күрестің әдіс-айлалары

2.Күш, Шапшаңдық, ептілік


ҚАЗАҚША КҮРЕСТІҢ ЖАТТЫҒУ МЕТОДИКАСЫ
Методика. Осы бір сөз тілге оралғанда палуанның жалпы физикалық дайындығы, шеберлігі еске түседі. Содан барып, ауыр жаттығулар кезінде біз сөз етіп отырған ұлттық спорт түрін меңгеріп, өнерін ұштап жүрген палуанның көңіл күйі, рухани жан дүниесі туралы көптеген ойлар жанғырып. өзінше арналған пікірге шақырады. Біз сөз етеп отырған палуан жай адамдар емес, ол совет адамы. Ол қай жерде болсын, әсіресе оқу жаттығу кезінде өзінің ішкі дүниесінің рухани байлығын арттырып отыру тиіс. Бұл жерде тағыда жаттықтырушының ролін жоққа шығара алмаймыз. Тамаша қасиеттерді шәкірттерінің бойына құя білетін бірден -бір тұлға сол ғана. Ал, тамаша қасиеттерді санай бастасақ, олар біршама. Олардың бәрін бойға сіңіру, ол дамдық парызың.

Сөзден сөз туарды, әрекет әрекетен жалғасып жатады. Сондай –ақ осыдан келіп, мынадай міндеттердің туындайтынын айта кеткен жөн.



  1. Денсаулықты сақтау.

  2. Қайсарлық, жігерлікті және жалпы физикалық дайындық.

  3. Теориялық білім алу және оны нығайту.

  4. Күрес техникасы мен тактикасын меңгеру.

  5. Жаттығу мен жарыстарға жүйелі түрде қатысу.

Саналық, белсенділік, жүйелілік және күнделікті үрдісі

Жаттығулардың өзіндік принциптері бар. Енді солар туралы бірер сөз:

І. Саналық принципі. Жаттықтырушының араласпайтын жері жоқ десе боларлық. Себебі осы принцип негізінде де атқарар жұмыс біршама. өйткені шәкіртінің жаттығу кезінде қандай күйде жүретіні оған алақандағыдай көрініп жүреді емеспе? Әрине. Бұл ең алдымен жаттықтырушының елгезектігіне, сезімталдығына байланысты. Шәкіртінің жаттығу сабақтарына деген ықыласы қандай екендігі тәжірбиелі жаттықтырушы бірден аңғарады. Оған жаттығуға қандай мақсатпен келгенін түсіндіре білу, жеткізе білі керек. Сабақтың мақсаты неде жатыр, ол несімен маңызды? Мінекей, осының бәрін, санқилы әдістерді түсінікті де, әрі тез үйренуге, тез меңгеруге жағдай туғыза білген абзал.

ІІ. Белсенділік принципі. Бұл принципте палуанның ерік –жігері зор роль атқарады. Күреске деген таудай талабы бар палуан бұл қиындықты да жеңіп шығатыны сөзсіз. Жаттықтырушының айтқанын бұлжытпай орындап отыруды өзінше талдап, қағидаға айналдырған жөн. Жігерлікте, бәріде белсінділікпен ұласып, осындай жаттығуларда кімнің –кім екені білінеді. Себебі, атақ құмарлық спортшыны жарға жығады. өзімшілдікті, өркөкіректі бойына таратқан спортшыдан да жақсы палуан шықпайды.

ІІІ. Жүйелік және күнделікті принципі. Болашағынан үміт күттіртетін палуан өзінің күнделікті жаттығуларын бір жүйеге түсіріп алады, онымен ешқайысын жібермейді. Иә, жақсы палуан шығуға бұл принциптің тигізер көмегі өте зор. Жүйелілік және күнделілік палуанның шеберлігін шындап, биіктен –биікке жетелейді.

Енді жарыс жүйесі жайлы бірер сөз. Қазақша күрестен өтетін барлық жарыстар қазақша күрестің ережесі бойынша өтуі керек. Жарыстар айналым айналым жүйесі және жарыстан шығып қалу тәртібі бойынша жүргізіледі. Айналым жүйесі бойынша әрбір спортшы (команда) барлық қарсыластары мен (командалармен) кездеседі. Бұл жүйе жарысқа түскен палуандардың сол сияқты командалардың нешінші орынды икемденгенін айқындап береді.

Жарыстан шығып қалу жүйесінің мәні –палуан (команда) қазақша күрестің белгіленген ережесі бойынша алған айып ұпайлары алтыға, сегізге жеткен соң жарыстан шығып қалады.

Ауыл –селолық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарды ұйымдастыруға сол жердегі спорт қоғамдары жауапты. Көп жылдық тәжірбие көрсеткендей күрес секциясына жаңа қатынасулар 4-5 ай жаттыққан саны ғана, ал разряд бар палуандарды екі жарым ай өткеннен кейін жарысқа қатысқаны жөн. Өйткені оның спорттық техникалық шеберлігі жарыста ғана артады.

Қазақша күрес секциясының әрқайсысының жеке календарлық жарыс жоспары болуы керек. Осы календарлық жарыс жоспарында спортшылардың бірнеше рет ашық кілем жарыстарында, өзінің физкультура колективінің біріншілігінде басқа колектив палуандары мен жолдастық кездесулерге, ауыл, село, аудан, қала, облыс, республика және басқа да ауқымдағы жарыстарға қатынасуы, қамтылуы тиіс. Жарыстар –спорттық тәжірбие алмасудың ең бір жақсы жолы. Онда жаттығу сабақтарында кеткен кемшіліктері, қателері айқын байқалады. Жарыстарды жиі –жиі ұйымдастыру, ұлттық күресіміздің ел арасында кең өріс алуына спорт секциясына қатынасушы талапкерлер қатарының көбейюіне көп әсерін тигізеді. Жарыс физкультура колективтерінің өміріндегі үлкен мереке, сондықтан да оған жауапты қарап, тыңғылықты әзірлену керек.

Жарыс жайлы нұсқаулар ол өткізілісімен екі –үш ай бұрын жасалуға тиіс. Онымен болашақ жарысқа қатынасушылар түгел танысып шығулары керек. Жарысқа әзірлену барысында кілем, төсеніш, жол төсеніштер қатар таразы, қоңырау және қажетті документациялар да алдын –ала дайындалып қойылады. Палуандардың белдесулер өтетін жері әдемі безендірілуге тиіс.

Жарыс басталар алдында оған қатынасушылардың парағын, жарыс туын салтанатпен көтеруді ұйымдастырып, жарыс аяқталған соң жеңімпаздарды (құттықтау) награттауды, туды түсіруді салтанатпен өткізу керек. Жарысты ұйымдастыруды, даярлауды белгілі бір жауапты адамдарға міндеттеген жөн.

Жарыстың ойдағыдай өткізілуі тыңғылықты даярлық жұмыстарының қандай дәрежеде жүргізілуіне тікелей байланысты. Оны бірнеше кезеңдерге бөлген дұрыс.

Мол тәжірбие ол жүйеліліктің арқасында көп жылдарды араға салып, біртіндеп жиналады. Алғаш рет күрес аренасының табалдырығын аттаған жас палуан осы өнерге келгеніне төрт-бес жыл болған кәнігі палуанның жаттығуларын жасай алмайды. Сондықтан да, тез арада жас палуаннан көпті талап ету, ол өрескелдік болар еді. Мұндай талап жас палуанның күрес өнеріне деген ынтасын азайтады. Жаттықтырушы мұндай жағдайды есте тұтқаны абзал.

Керекті құралдармен жұмыс істеу бұл әдіспен жұмыс істей білу, жас палуанның көңіл көкжиегін кеңейтумен бірге осы күрес өнерін меңгеруіне көп көмегін тигізеді. Осы мәселеге диафрагмалар, кинограммалар, оқу –жаттығу кезінде фильмдер қызмет етеді. Көрнекі құралдармен жұмыс істеу, республикамыздың түкпір- түкпіріндегі қаладан шалғай жатқан ауылдарды тиімді, әрі керекті тәсіл. Тек бір қашатын нәрсе сол көрсетілген филімдерді қатарынан, бірнешеуін қою, онша көп пайда бермейді, жас палуан әдіс –айлаларды шатастырып алуы мүмкүн.



ІҮ. Мегеру принципі. Жоғарыда айтқанымыздай жас талапкерлерге бірден күрделі әдістерді үйрену өте зиян. Ондай әдістерді алдымен үйретіп, содан соң күрделі, қиын әдістерді біртіндеп меңгерткен абзал. Бұл меңгеру принциптерін жаттықтырушылар әрқашанда көкейде ұстап, жас палуанның үйрену мүмкүндігін ескерген дұрыс. Әйтпесе ә дегенде күрделі әдістерге баулыимын деп жүріп, енді ғана күрес өнерінің табалдырығын аттаған жас талапкерді үркітіп алуымыз мүмкүн.

Ү.тұрақтылық принципі. Дүбірлі жарыс өтіп жатады. Мұндай кезде талай –талай атақты палуандарда жүреді. Қырағы көз, күрес әдістерін жақсы білетін жанкүйер спортшы мына бір жайды жарыс барысында аңғаруы, ойға тоқитыны рас. Ол әлгі мықты палуандардың 3-4 сүйікті әдістері бар екендігі, сол азғантай ғана әдістерді жеңетіндігі. Неліктен бұлай? өйткені олар көп жылдық үйрену, меңгеру тәжірбиесінде әлгі әдістерді өте жетік біледі. Жарысатрды тұрақты да қапысыз қолданып, үнемі жеңіс биігінен көрініп отырады.

Жаттығу кезінде спортшының күйін бақылау үрдісі

Көңіл-күйдің көтеріңкі болуы әрқашанда қолға алған ісінің өнімді де, жемісті де дамуына көп көмегін тигізеді. Спортшыда осындай. Оның көңіл –күйінің неғұрлым көтеріңкі болуы- бұл жеңіске бір табан жақын деген сөз. Сондықтан да, спортшының жаттығу кезінде көңіл –күй дәрежесін тексеріп отырған дұрыс. Мінекей, бұл үшін СССР күрес федерациясының жаттықтырушылар алқасын төмендегідей функциялы сынақ сәттерін ұсынады.

І. Ортостатикалық сынақ. Ұйқыдан соң төсекте жатып 1 минут ішінде қан соғысы анықталады. Содан соң тұрып, тағы да осы уақыт мөлшері ішіндегі әлгі істегенімізді қайталаймыз.

Міне, осыдан кейін барып, жатқан кездегі мен тұрған жағдайдағы қан соғыстарынан бірін –бірінен аламыз. Егерде қортындысында 6-10 рет қан соғысы шықса, онда спортшының көңіл –күйін жақсы деген сөз. Ал, бірақ бұл 10-18 болса, қанағаттанарлықта асып кетсе, онда организм сау емес деген сөз. Яғни, организім қажығандығы, шаршағандығы немесе ауырғаны деп білеміз.

ІІ. Рюфье (Рюфье интекісі) сынағы. Бұл сынақ қан соғысының жиілігін өлшеу арқылы жүргізеді. Ұйықтап тұрғаннан кейін бірден үш жағдайда өлшенеді. Жатып (р1, р2) тұрып (р3) өлшенеді. Энергия, барлық жағдайда 1 минут ішіндегі алынған көрсеткіштерді мына формулаға саламыз:

ИР –Р123=200

10

Егер алынған нәтиже нолден кем болса, онда көңіл –күй тамаша дей беріңіз. 0-мен 5-тің арасында болса, жақсы да, 6-дан 10-ға дейін қанағаттанарлық. Ал егер одан асып кетсе, көңіл –күй өз деңгейіндегідей емес. Сынақ аптасына 3-4 рет жүргізіледі.



ІІІ.комплексті сынақ.. Оверға (коверға индексі) бірнеше ауыр жаттығулардан кейінгі өлшенген нәтиже. Мысалыға сынаққа төрт жаттығу түрін алалық. Осы жаттығуларды (30-рет отырып, 30-секунтта тұру.: сондай –ақ осы уақыт мөлшерінде жоғарғы қарқынмен бір орында жүгіру: минутына 150 қадам жасап, үш минут бір орында жүгіру: секіргішпен 1 минут секіру жасағаннан кейін, 30 секунттан соң қан соғысын өлшеу керек. 2 минуттан кейін, тағы да (р2) және 4 минуттан кейін, тағыда (р3) өлшенеді. Бұл көрсеткіштер мына формулаға салынады:

ИК- 150000_______

Р123
Бақылау сұрақтары:

1. Саналық, белсенділік, жүйелілік және күнделікті үрдісі

2. Жаттығу кезінде спортшының күйін бақылау үрдісі
ҚАЗАҚША КҮРЕСПЕН АЙНАЛЫСАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӨТЕТІН ОҚУ –СПОРТТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қай халықта болмасын ұлдарының денсаулығы мықты, күшті де, сұлу денелі, күш сынасқанда да қарсыласын алып жығар әдіс –айласы мол болғанын қалайтыны белгілі. Күшті де, сұлу алпыс айлалы, өнер иесі палуан жігітті халқы қошеметтеп отырған. Бұл дәстүр қазір де жалғасып келеді, әлі де жалғаса бермек. Мұндайда да бір (көңіл) фактіні, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген, Москвада болып өткен ХХҮІ олимпиададағы мына бір көңіл аударарлық оқиғаны көкейден өшіріп тастау мүмкүн бе, сірә әрине, жоқ. Өйткені, қазақ жастары арасында тұңғыш рет Жақсылық Үшкемпіров Олимпиада чемпионы атанды. Олимпиада чемпионы қазақтың қаршығадай жігітінің классикалық күрестен жарық –жұрық еткен қағлез қимылмен, өнермен Олимпиада чемпионы болу, шынында да, зор мерей, айта қаларлықтай қуаныш еді.

Мұндай биікке Жақсылықты шаршатпай, шалдықтырмай жетелеп барған қазақша күрестің арқасы дер едік. Бұл биікке ел бірден жеткен жоқ. Баспалдақтармен біртін –біртін биікке көтерілді. Сол баспалдақтардың ішіндегі болашаққа жөн сілтеген, кейін де талай керегіне жараған, бала жастан сіңірген, үйреніп өскен қазақша күрестің ол үшін орны ерекше екені сөзсіз.

Әрбір ауыл баласы алпыс айлалы өнерге жақын болып өседі. Олимпиада, одан қалса әлем чемпиондарының тұсауын кесіп, тәрбиелеген бұл өнеріміздің әлі де берері көп. Осы аталған өнеріміздің қыры –сырын зерттеп бұқараға кеңінен таратуда еңбек етіп жүрген жігіттер баршылық. Осыған дейін ауыз толтырып айтар игі істер жүзеге асты. Мысалыға : солардың ішінде шоқтығы биігі, көзге көрінетін 1970 жылы Қазақстан физкультура институның алғаш рет қазақша күрестен бөлім ашылғандығы. Биыл он алтыншы жыл қатарынан істеп келе жатқан жатқан бұл бөлім талайдың тұсауын кесті, бағын жандырды. Бұл бөлімде екі жылдай сабақ беріп, баулыған жастарымыз күрестің (классикалық, самбо, еркін күрес, дзю-до) басқа түрлерін тез арада меңгеріп алатынына көзіміз жетті. Яғни бұл қолға алған ісіміздің болашақ чемпиондарды дайындауға үшан –теңіз көмегі тиеді. Қазір біздің институт түлектері республиканың түкпір –түкпірінде қазақша күрестен сабақ береді.

Қазақтың физкультура институтының қазақша күрес бөлімінде қазақша күрестен алғаш рет Қазақ ССР-інің спорт шеберлері атанғандар М.Сүлейменов, С.Жақсылықбаев, Б. Жүнісовтар. Ал олардың ізбасарлары жыл сайын көбейіп келеді. Осы уақыт ішінде 130-ға жуық палуан Қазақ ССР –інің спорт шебері атағын жеңіп алды. Шындығын айтсақ, қазақша күрестің республикамызда жан –жақты дамуы әлемдік аренадағы басқа күрес түрлері мен қазақ жастарының етене араласуына даңғыл жол ашты.

Бұл салада республика және мектеп оқушыларының арасында жастардың сүйіп оқитын «Лениншіл жас» газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі турнир өткізіле бастауы да игі бастама. Жас өспірімдердің денсаулығы зор қайратты етіп тәрбиелеу. Спорт түрлерінің санының ішінде ұлттық өнеріміздің бір туры қазақша күрестің ерекше мәні бар. Көптеген жастардың өмірде өздері аңсап соған ұқсап еліктейтін спорт «жұлдыздары» болады. Бізде қазақша күреспен өсіп -өркендеген қазір атты айдай әлемге одан қалса республикаға танымал спорт дүлдеріміз жоқ емес.

Еркін күрестен СССР –дік спорт шеберлері Қабден Байдосов, Әбләсит айханов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бүгібаев сондай –ақ самбодан СССР-дің спорт шеберлері Ерген Қалдыбеков, Керей Қойшыбеков,Алмас Мұсабеков, Нұрғали Оспанов, Дәулет Байжігітов және басқалар. Осылардың көпшілігі бала кездерінде ауылда өсіп, онда қазақша күрестен «Баңкерлерлерден» тәлім алған. Жоғарыда есімі аталған әлемді талай аузына қаратқан ағаларындай боламын деген жас өспірімдер спорт әлеміне тәй –тәй сапар шегеді.

Жас өспірімдермен сабақ жүргізгенде жасына қарай : жастар, жас өспірімдер, ересектер т.б. бөліп жаттықтырғаны дұрыс. Бұл арада жаттықтырушылар қауымы бүгінгі заманға сай анатомия мен физиология, имхология, гигенемен, биомеханиканың, педагогиканың көп жеткен ғылыми табыстарына (жетектеріне арқа сүйей отырып жаттығу жұмысын жүргізу керек).

Ешбір оқулықта айтылмаған нәрсе, қай жастан бастап қазақша күреспен айналысуға болады. Алайда, өмірдегі тәжірбие көрсетеді, жасөспірімдерді он жастан бастап, күрес сексиясына алаған жағдайда ғана организімі шеберліктің толысу деңгейіне 20-22 жаста болатындығын айқындай түйуіде 12-14 жастардағы жас өспірімдердің организімі есие бастауына байланысты. Морфологиялық өзгеріске ұшырайды міне осы кезде жасөспірімдердің бұлшық етерінің құрлыстық ересек адамдардың бұлшық еттерінің құрылысынан айырмасыз деуге болады. Бір анық анғарылатын жай 14 жастан бастап 18 жасқа дейін жасөспірімдердің салмағы мен күшінің өсуі қатар дамып отырады. Осы кезде олардың буын жүиесі қатая бастайды. Жаттығу кезінде 14-15 жастағы жас өспірімге қатал мұқият қараған жөн. Өсіп келе жатқан организімге қарап күшие түсетін, жеңіл жаттығула жасатуын, оны біртіндеп күрделендіріп отыру керек. Палуанның күш –қайратын салыстыруға ең қолайлы кезең 15-18 жас болып табылады. Жаттықтырушы жаттығу сабағын жүргізген кезде гантель, грилес созылғыш резиналар, штаңгі, сирікті жазушылар арқылы спортшылықты артырылып толығуына мүмкүндік тудырады. Әрбір жаттығу арасында қысқа тыныс алдырып (20-30) секіунттық отырған жөн болдады.

Мұндай күшке түсетін жаттығулады сабақтың соңғы бөлімінде өткізген жөн. Күшке түсетін жаттығулар жасаған кезде жасөспірімдерге қарау керек. Олар қызығып кетіп мүмкүндігіне қарамай асығыстық жасап, жоғарғы салмақ көтеруі мүмкүн. Жасөспірімдерге мүмкүндігінен жоғары салмақ көтеру зиян. Жаттықтырушы күшті толықтыру әдісін тең қолдана отырып ауыр затты көтеруді әр спортшының өз қаблетіне қарай бағдарлайды. Күшке түсетін жаттығуларды үстемелеп отыру жоспарымен сүйек буындарына әсер етеіндігі ғылыми дәлелдеген. Күшке түсетін тұрақты және үстемелі жаттығулар сүйектері жалпайып, көлемін өсіреді әсіресе оның омыртқаға тигізетін әсері үлкен. Осыдан барып сүйектердің сыртқы қабаты алынбайды және шығыны дөңес қырлары да, сүйектердің буын арқылы байланысқан жерлердегі бұлшық еттері де, өседі. Мұның бәрі марфо –физиологиялық өзгерістер болып саналады. Адам сүйегінің толысып биікке түсуіне қолайлы жағдай жасайды.

Сүйектердің осылайша өзгеруінен пайда болатын, қозғалғыштық қасиеттері олардың өсуін жақсартып, тілектік қызметін толықтыра түседі осыдан барып, спортшымен қиын жаттығуларды тез арада жасай алатын қалге жетеді. Мысалы: тіземен, қолмен жүру, қолмен не баспен тұру сияқты жаттықтырады. Орындай сүйектері мықты болмайынша оңай түспейді.

Жастық шақ адам организімінің жан –жақты зерттелуіне дамуына мүмкүндік туғызады. Ең тамаша шақ жаттығу сабағы адам организіміне жетілдіруі мен қатар, нерв жүйесіне жағымды әсер тигізеді. Организімге керекті заттар алмасуын жақсартады, организімді нығайтады.

Сабақ өткізіп жатқан кезде, жаттығулар арасында үзіліс беріп отырған дұрыс. Жаттықтырушы жаттығу сабағын өткізіп жатқанда шәкірттерінің дұрыс демала білетін болса ғана шаршамайды, шалдықпайды, белдесуді сәтті аяқтайды. Белгілі спортшы атану үшін жан –жақты үлкен дайындық керек.

Міне, сондықтанда жалпы дайындыққа қолданылатын нәрселер мыналар:

Жеңіл атлетикадан. Қысқа қашықта жүгіру мен айналысу, конкей, шаңғы, тера лақтыру әдісімен жасөспірімдерге жаттығудың екінші жылы ғана үйретуге болады. Жаттықтырушы сабақ жүиесін біртіндеп күрделендіре келе, оны спорттық жарысқа ұштастырады. Жасөспірім белгілі бір техникалық әдіс айласын меңгеріп оны бір екі турын жай комбинациямен қоса практикалық әзірлікке бағыттайды. Тактикалық дайындық ересектер тобына кең көлемде өткізіледі.

Комунистік партиямыз физкультура мен спортты дамытуға және кеңінен таратуға үнемі басқа аударып келеді. Еліміздің жаңа констетутциясында «Мемлекеттік бұқаралық дене тәрбиесінен спорт дамуына ықпал етеді» деп нақтылы жазылған.

КПСС сьездерінің орталық комитет пленумдарының қаулы қараларында, сондайақ сессияларының шешімдеріне еліміздің барлық азаматтарының физкультура мен спортпен шұғылдануына демалысы мен дене тәрбиесін жетілдіре беруге қамқорлықты күшейте түсуі қажет. Үнемі жарқын көрініс тауып отырады. КПСС орталық комитетінің «Идеологиялық саяси тәрбие жұмысын одан әрі жақсарту туралы» 1979 жылы 26 сәіурдегі қаулысында, физкультура мен спортты одан әрі дамыту үшін шаралар қолдансын деп атап көрсетілді. Партиямызбен әкелік қамқорлығының арсында дене тәрбиесі спорт бүгінде барған сайын бұқаралық сипат алып, жас өспірімдерге комунистік тәрбие берудің, денсаулығын сақтаудың басты құралына айналды.

Бұл туралы 1981 жылы КПСС орталық комитеті СССР министірлер советінің «Дене тәрбиесі мен спортты одан әрі дамыту жайлы» қаулысында біздің міндетіміздің бүге –шігесіне дейін толық, әрі әдемі айтылған. 1985 жылы 12 маусымдағы КПСС орталық комитетінің «Клуб мекемелері мен спорт ғимараттарын пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулысында көтерген мәселесі өте ауқымды, бүгінгі спорттық өмірімізге қажетті өткір мәселелерді көтеріп отыр. Сондай –ақ КПСС ХХҮІІ сьезі мен Қазақстан компартиясының ХҮІ сьезінде еліміздің түкпір –түкпірінде дене тәрбиесін дамыту, өрістеу жөнінде айқында, киелі міндеттер қойғаны белгілі.

Міне көріп отырсыздар, спорттық төл өнеріміздің бірі қазақша күресті барынша насихаттаудың пайдадан бөтен ешқандай зияны жоқ. Болашақ чемпиондар арамызда жүр оларды іздеп табу оңай емес. Сондықтанда ұлттық спорттық өнерімізді бұқаралық сипаттқа айналдырсақ бұл діттеген ойымыздан шығатыны анық. Мыңнан маңдайы жарқырап, «Жүйріктер» өздері ақ ертең бәйгеден келеді сонда олардың да біз тілге тиек етіп отырған қазақша күреске қарыздар болары анық, алғыс айтары даусыз



Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Естественные и педагогические науки
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет