Бақылау сұрақтары:
1. Балалар және жасөспірімдермен оқу-жаттығу сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері
2. Тәрбие жұмыстары, түрлері, жоспарлау
3. Жас ерекшеліктеріне қарай оқу-жаттығу жұмыстарын өткізу әдістемелері, ерекшеліктері, жоспарлау
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН СПОРТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК НЕГІЗІ
Белсенді қозғалыс қызметін сипаттайтын спорт түрлеріндегі спорттық жаттығулардың негізгі ерекше құралдары дене жаттығулары болып табылады. Бұл жаттығулардың құралы спорттық жетілдіру сабағы ретінде таңдап алған спорттық пәннің ерекшеліктеріне қолданыста белгілі шамада мамандандырылады.
Спорттық жаттығудың құралы мына үш жаттығу топтарына бөлінуі мүмкін: таңдаған жарыстық, арнайы дайындық, жалпы дайындық.
Таңдаған жарыстық жаттығулар – бұл таңдап алған спорт түрі бойынша мүмкіндігінше сайыс ережесіне сәйкес орындалатын және спорттық күресті жүргізу құралы болып табылады.
Спорт ойындарын қоспағанда көпшілік спорт түрлерінде таңдап алған жарыстық жаттығулардың үлес салмағы зор емес, өйткені олар спортшының ағзасына өте жоғары талап қояды.
Арнайы дайындық жаттығулары – жарыстық қызметтің элементтері, олардың байланыстары және түрлері, сонымен бірге олармен түр немесе көрінетін қабілет сипатымен елеулі ұқсас қозғалыстар мен іс-әрекеттер кіреді. Мысалы, жеңіл атлеттің арнайы дайындық жаттығулары санына таңдап алған қашықтығының бөліктеріне жүгіру жатады; гимнасттарда мұндай рөлді жарыстық әдіс, тәсілдерінің элементтері ойнайды; ойыншыларда- ойындық әрекеттер мен жарыстық айла, тәсілдер.
Басқа мысал ретінде жарыстық әрекеттің түріне жуықтайтын жаттығуларды тыңнан жасау (шаңғышыларды, шығыршықты шаңғыларда жаттығу, суға секірушілер мен гимнастарда батутта жаттығу және т.б.). Арнайы дайындық жаттығуларына белгілі жағдайларда шектес, тектес спорт түрлерінің мамандану пәніне қажетті және сәйкес келетін жұмыс күн тәртібінде көрінетін ерекше сапаларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар жатады.
Басымырақ бағыттылығына байланысты арнайы дайындық жаттығулары қозғалыстың түрін, әдістерін меңгеруге мүмкіндік туғызатын ұштастыру және дене сапаларын (күшті, шапшаңдықты, төзімділікті және т.б.) тәрбиелеуге бағытталған дамыту жаттығуларына бөлінеді.
Мұндай бөліну әрине шартты түрде, өйткені қозғалыс әрекетінің түрі мен мазмұны жиі тығыз байланыста болады.
Арнайы дайындық жаттығуларының санына еліктеу (имитациялық) жаттығулары жатады. Мұнда спортшының іс-әрекеті таңдаған спорттық пәннің ерекше кинематикасынан және орындау сипаты осындай кезде іріктелген үйлесімділік құрылымы барынша көп сәйкес келетіндей болуы мүмкін.
Көптеген арнайы дайындық жаттығуларының ішінде нақтылы қойылған міндетті шешу үшін жаттықтырушы тек қана жаттығуларды теріп алуы ғана емес, сонымен бірге бөліктерден, элементтерден, қозғалыс тізбегінен жаңаны жасай білуі тиіс. Бұл үйлесімділігі, күш салуы, сипаты, амплитудасы, жағынан басқа да ерекшеліктерімен жарыстық жаттығулармен ұқсас жаттығу болуы мүмкін. Алайда, барлық жаттығу құралдары шұғылданушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп іріктеліп алынуы тиіс. Олардың біреулері спортшының бұрыннан күшті жағын одан әрі жақсартуы тиіс, ал басқа құралдары жекелеген артта қалған әдістік әрекетті, немесе дене сапаларын көтеруі тиіс.
Жалпы дайындық жаттығулары спортшының басымырақ жалпы дайындық құралы болып табылады. Бұлардың қатарында барынша әртүрлі жаттығуларды пайдалануға болады, яғни өзінің әсер ету ерекшелігі бойынша арнайы дайындық жаттығуларына жақын, сонымен бірге олардан елеулі айырмаланатын (оның ішінде қарама-қарсы бағытталғандары).
Жалпы дайындық жаттығуларының маңызы көптеген спорт түрлерінде, әсіресе өсіп келе жатқан спортшылардың жаттығуында жиі бағалана бермейді. Жекелеген мамандар көпжылдық жаттығудың барлық кезеңдерінде арнайы дайындық көлемін тез арттырады және жалпы дайындық көлемін қысқартып, жас спортшылардың жаттығуын жеделдетуге әкеледі.
Жалпы дамыту жаттығуларының нәтижелерді көтеруге әсері жанама түрде болып табылады, мамандандырылған құрал (жарыстық және арнайы дайындық жаттығулары), бірінші жағынан, нәтижені арттыруға барынша тікелей әсер етеді. Басқа жағынан, жеткілікті емес дәрежеде нәтиженің артуы, немесе жоғары нәтижелер сатысында олардың өсуінің тоқтауы, сонымен бірге спортшының артық жарақаттануы жаттығуда, әсіресе жаттығуды жаңадан бастаған кезде жалпы дене дайындығы жаттығуларының жеткіліксіз көлемде берілуіне байланысты болады.
Жалпы дайындық жаттығуларын таңдау кезінде әдетте келесі талаптар сақталады:
1/ спорттық жолдың ең ерте сатысында спортшының жалпы дене дайындығына жан-жақты дене дамуы міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін құралдарын қосу керек;
2/ тереңдетілген мамандану және спорттық жетілдіру сатысында ол спорттық нәтижені анықтайтын жарыстық дағдылардың және дене қабілеттерінің іргетасы болып табылуы тиіс:
өзгешелігі жоқ, яғни жалпы төзімділікті тәрбиелеу кезінде біркелкі қарқынмен ұзақ жүгіру, шаңғы кроссы, жүзу;
жеке күш қабілетін тәрбиелеу кезінде-штангамен жаттығу (ауыр атлетикадан алмасқан), сонымен бірге әртүрлі тектегі ауырлықтармен және қарсылық, кедергілермен спорттық-көмекші гимнастика жаттығулары;
қозғалыс шапшаңдығы және қозғалыс реакциясын тәрбиелеу кезінде-спринтерлік жаттығулар, спорт ойындары мен қимыл-қозғалыс ойындарының жаттығулық бір түрі;
үйлесімділік қабілеттерін тәрбиелеу кезінде- спорттық гимнастика, акробатика, элементтері қозғалыс үйлесімділігінің жоғары талаптарымен ойындар.
Дегенмен, жалпы дамыту жаттығулары, сонымен бірге, спорттық маманданудың ерекшеліктерін көрсетуі тиіс екенін есте ұстаған дұрыс. Әртүрлі дене жаттығуларының арасында әртүрлі дене сапалары мен қозғалыс дағдыларының оңды және теріс “тасымалдау” заңдылықтарына себепші болған оңды және теріс қарым-қатынас болуы мүмкін.
Осы бір себептің өзімен жалпы дене дайындығының құралы әртүрлі спорттық пәндерге бірдей болуы мүмкін емес. Кейбір ұқсастықтармен қатар бұл құралдардың құрамының әрбір нақтылы жағдайда өзінің ерекшелігі болуы тиіс. Бұған жаттығу жүйесі құрылымында орын алатын оларды таңдап, іріктеу кіреді.
Жалпы дайындық жаттығуларын жаттығу жүйесіне ендіру әдетте оның жалпы әсерлілігіне мүмкіндік туғызады.
Арнайы дене күшін арттыру жолдары.
Арнайы дене күші дегеніміз – аз күш жұмсау арқылы қажетті нәтижеге жету үшін қолданылатын күш мөлшері. Күрес спортында бұл нәтиже бұлшық ет күші ғана емес, басқа да күштердің тікелей қатысуымен іске асырылады. Оған әдіс орындау кезінде дене бұлшық еттерінің күшімен қоса балуан денесінің салмағы, қозғалыс екпіні және барсылас балуанның күшін жатқызуға болады. Мысалы, балуан өзінің бұлшық етінің күші арқылы 70 кг-ға тең игеру күшін жұмсады делік, оған қарсылас балуан 70 кг-дық қарсы күшпен әсер етіп, оның күшін жоққа шығарып, тағы 5 кг-ға тең күш қосу арқылы өзі қарсы әдіс қолдану мүмкін. Сондықтан балуан 70 ег- ға тең бұлшық ет күшіне өзінің дене салмағының күшін қосса (тағы 70 кг), онымен қатар қарсыласының дене салмағы (70 кг) оның бұлшық ет арқылы қосқан күшін (75 кг) және қосса, онда қарсылас балуанға 285 кг тең күш қолданылған болар еді.
Денені жаттықтыру арқылы пайда болған дене- күшіне қарап, «күші көп» немесе «аз» деп топшылау көп жағдайда қате пікірге әкеп соқтырады. Күрес үстінде сыртқы бұлшық еттері жақсы дамыған балуан күшінің аз екендігі байқалып жататындығы жиі кездеседі. Оның себебі «ішкі күштің», қажыр- қайраттың, төзімділік қабілеттің аз дамығандығынан болады.
Арнайы дене күшін дамытудың және оны орынды пайдаланудың негізгі әдісі- балуанға арнайы тапсырмалар беріп белдестіру және жарысқа қатынастыру.
Арнайы күшті арттыру үшін берілетін белдесу түрлері:
Күш басым, бірақ шеберлігі төмен балуанмен күрестіру.
Орташа күш жұмсап, «ойнап» күресу.
Әдісті міндетті түрде кілемге құлау арқылы орындату.
Қарсылас балуанның қарсы күшін пайдаланып күресу.
Қарсылас балуанның қозғалыс бағытын пайдалану арқылы күрестіру.
Статикалық қалыпты сақтау мақсатымен күрестіру.
Неғұрлым аз әдісті қолданып, таза жеңіске жету.
Күші басы қарсыласпен күресу. Күресуге күші басым бірақ тәжірибесі аз балуан таңдап алынады. Күрес кезінде қолданылған әдіс қарсылас күшінің басым болуы салдарынан іске аспай жатады, сондықтан балуан «қосымша күш» жұмсап үйренуге мәжбүр болады. Сонымен қатар, балуанның өз қарсыласынан қорғану арқылы өзінің әлсіз жақтарын байқайына мүмкіндігі туады.
Орташа күш жұмсап «ойнап» күресу. Осылай күрестіру кезінде балуандарға арнай тапсырмалар беріледі. Мысалы: әдісті орындау кезінде қарсыласы әдістің толық дұрыс орындалуына кедергі келтірмеуі, күрес үстінде арнайы бір әдіс түрінің орындалуына қарсылас балуанның өзі жағдай туғызуы т.с.с.
Әдісті кілемге құлау арқылы орындату. Бұл күрес түрінің мақсаты- балуанға әдісті орындау кезінде өз күші мен қоса дене салмағын пайдалану жағдайларын үйрету.
Қарсылас балуанның қарсы күшін қолдану. Балуанға күрес үстінде қарсылас балуанның күшінің және дене салмағының түсу бағытын пайдаланып, сол бағыт жаққа әдіс қолдана білуге үйретеді.
Қарсылас балуанды қозғалыс бағытын пайдаланып күрестіру. Бұл күрестің мақсаты балуанның қозғалыс бағытын, екпінін пайдаланып, тепе-теңдік қалпынан шығу сәтін анықтап, әдіс қолдану тәжірибелерін үйрету болып саналады. Тапсырма бойынша алға-артқа, жанына қарай қозғалып жүрген қарсыласына әртүрлі әдістер түрін қолданып үйретеді. Әдісті тапсырма бойынша бір балуан орындайды, ал екінші балуан екркін қозғалып жүреді.
Статикалық қалыпты сақтап күрестіру. Бұл күрестегі мақсат, бір балуан тапсырма бойынша денесінбір қалыпты жағдайда ұстауға тырысады (тік тұрыс, еңкейіп тұру, бір аяғын алға беріп тұру, төрттағандап тұру т.с.с) Екінші балуан аз күш жұмсап және қолайлы әдістер тауып, статикалық қалпын сақтап тұрған балуанды жығуға тырысады. Балуанның шеберлігі ннғұрлым жоғары болған сайын аз күш жұмсап, өзінің бастапқы қалпын сақтайтындығын көруге болады. Әдісті орындаушы балуан соның әртүрлі жолдарын іздеп, өзіне ең қолайлысын табуға тырысу қажет. Ондай жолдарға:
Қарсыласының дене салмағын қолдану арқылы.
Қарсылас күшінің бағытын қолдану арқылы.
Қарсыласының қозғалыс инерциясын қолдану арқылы.
Қарсылас әдісінің бағытын қолдану арқылы жетуге болады
Алдымен осы қолайлы сәттердә жеке-жеке пайдаланып, соңынан көрсетілген жағдайлардың бірнешеуін байланыстыра әдіс үйретуді қолдану қажет. Осы жоғарыдағыларды орындаумен қатар, әдістердің орындалуының биомеханикалық заңдылықтарын білген жөн.
Бақылау сұрақтары:
1.Ұлттық спортты үйретудегі жаттықтырушы-ұстаз орны
2.Спорттық дайындықты анықтау, талдау.
3.Спортшының әдіс-тәсілді меңгеру дайындығын басқару.
4.Жаттықтырушының дене күш қабілетінің жетілуін қадағалау, бағалау
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАТТЫҒУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ
Спорттық жаттығу процесін жоспарлау технологиясы, бұл әдістемелік және ұйымдастыру әдістемелік мақсат, яғни нақтылы уақыт аралығында, нақтылы міндеттерді анықтайтын, барынша мақсатқа лайықты құралдарын, әдістерін, шұғылданудың ұйымдастыру формаларын, материалдық-техникалық қамсыздандыруды, сонымен бірге нақтылы жаттығу құжаттарын дайындауды іріктеп үйлестіру және ықпал жасау болып табылады. Ол спорттық дайындық процесінің ұйымдастыру стратегиясын, әдістері мен тәсілдерін анықтайды.
Жаттығу-жарыстық процестің жоспарлау тақырыбы, спортшы жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған спорттық жетістікті дамытудың объективті заңдылықтары негізінде айқындалған оның мазмұны, формасы болып табылады. Жаттығу процесінің әртүрлі кезеңдерге мақсаты мен міндеттері анықталып белгіленеді. Алдыңғы жылдардағы жүктеме динамикасын талдау негізінде жаттығу жүктемесінің шамасын, оның көлемін және қарқындылығын белгілейді. Сонымен бірге, оның құралдарын , әдістерін бақылау сынақ талаптары мен басқа көрсеткіштерін айқындайды.
Жаттығудың жоспарын дайындау кезіндегі негізгі міндеті мыналардан тұрады, яғни спортшының дайындалғандық деңгейі, оның жасы спорттық дәрежесі, спорт түрінің ерекшелігі, спорт жарыстарының к‰нтізбесі (каленьдары) ескеріліп оқу-жаттығу процесін өткізу жағдайын жоспарланған уақыт кезеңіндегі спортшының үлгіленген жағдайының көрсеткіштері анықтайды, жаттығудың үйлесімді бағдарламасын белгілейді.
Көпжылдық спорттық дайындықтың әртүрлі сатыларындағы жоспарлау келесі формада іске асырылады: 1/ келешектік (бірнеше жылдарға); 2/ ағымдағы (1 жылға); 3/ жедел, оперативті (1 айға, аптаға, жеке жаттығу сабағына).
Келешектік жоспарлау құжатына оқу жоспары, оқу бағдарламасы, команданы дайындаудың көп жылдық жоспары, спортшыларды дайындаудың көпжылдық дербес жоспары жатады.
Оқу жоспары белгілі бір шұғылданушылар контингенті үшін оқу жұмысының негізгі бағыты мен созылу уақытын анықтайды. Ол оқу материалдарының өтілу жүйелілігін, негізгі тараулардың мазмұның әрбір тарау бойынша сағат көлемін, әрбір сабақтың созылу ұзақтығын алдын ала қарастырады.
Спортшыларды дайындаудың келешектік жоспары (командалық және жеке). Ол спортшылардың дайындық деңгейі, жасына байланысты әртүрлі мерзімдерге жасалынады. Кіші жастағы спортшылар үшін 2-3 жылға топтық кешенді жоспар жасау мақсатқа лайықты болады. Жоғары дәрежелі спортшылар үшін топтық және жеке жоспарлар 4 жылдан 8 жылға дейін жасалады.
Кешенді жоспарға негізгі көрсеткіштер ғана ендірілуі тиіс (артық бөлшектеусіз), яғни оларға сүйеніп жылдық жоспарды дұрыс құруға болады.
Спортшыны дайындаудың келешектік жоспарының негізгі мазмұнына келесі тараулар кіреді: 1/ шұғылданушылардың қысқаша мінездемесі (спортшының, команданың); 2/ көпжылдық дайындықтың мазмұны, әр жылдарға басты міндеттері; 3/ көпжылдық циклдың құрылымы және оның макроциклдарының мерзімдері; 4/ көпжылдық циклдың әр жылына жасалған жаттығу процесінің негізгі бағыттылығы; 5/ әр жылдарға нәтижесі жоспарланатын жеке күнтізбенің басты және негізгі жарыстары; 6/ әр жылға бақылау сынақтарының спорттық-әдістік көрсеткіштері; 7/ дайындық жылына қарай жаттығу күндерінің, сабақтарының, жарыс өтілетін күндері мен демалыстарының жалпы саны; 8/ жаттығу жүктемелерінің жалпы және спецификалық параметрлері; 9/ ішіне диспансерлік бақылау енетін кешенді бақылаудың жүйесі мен мерзімдері. Төменде мысал ретінде, спорт мектептері үшін спорттық жаттығудың көпжылдық жоспарының үлгісі келтірілген.
Спорттық жаттығудың топтық кешенді жоспары
Спорттық ұжым ___________________________________________
Жаттықтырушы ___________________________________________
Шұғылданушылар тобына қысқаша сипаттама. Жасы, спорттық дәрежесі, алдыңғы жылғы спорттық жетістіктер дәрежесі, дене, әдістік, тәсілдік және жігерлілік дайындығы деңгейі. Шұғылданушылардың дайындалғандық дәрежесіндегі негізгі кемшіліктер. Жаттықтырушы мен дәрігердің шешімі бойынша дене дамуы деңгейі мен денсаулық жағдайы және басқа мәліметтері_________________________________________________
Жаттығудың топтық бір айлық жоспары
Топ ____________________ Жаттықтырушы _______________________
Жаттығудың негізгі міндеттері
|
Жаттығудың негізгі құралдары
|
Айдың сандары
|
Айдың жиынтық көлемі
|
|
|
1
|
2
|
3
|
|
Жаттығудың бір айға жеке дербес жоспары
Спортшы ___________________ Жаттықтырушы ______________________
Жаттығудың негізгі міндеттері
|
Жаттығудың негізгі құралдары
|
Апта күндері
|
Айлық циклдағы жиынтық көлемі
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
Жаттығудың апталық жеке дербес жоспары
Спортшы __________________ Жаттықтырушы ____________________
Жаттығудың негізгі міндеттері
|
Жаттығудың негізгі құралдары
|
Апта күндері
|
Апта бойынша жиынтық көлемі
|
|
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Сенбі
|
Жексенбі
|
|
Жаттығу сабағының жоспар-конспектісі жұмыс жоспарының негізінде құрылады. Бұл құжатта сабақтың әрбір бөліміндегі құралдарын, міндеттері мен мазмұнын жаттығуларды мөлшерлейді және әдістемелік нұсқауларды егжей-тегжейлі саралайды.
Жекелеген жарыстарға дайындық жоспары (командалық және жеке) барынша жоғары жұмыс қабілеттілігіне жету және өз күшіне барынша сенімділік сезімін қалыптастыру (осы жаттығу кезеңінде) үшін алда тұрған жарыс бағдарламасы үйлесімді үлгіленуі тиіс.
Барлық жаттығу жоспарлары түріне қарамастан (командалық және жеке жылға және жедел) өзіне мыналарды ендіруі тиіс :
1/ жоспардың кімге есептелгеніне қарай мәліметтер (спортшы туралы дербес мәлімет команданың жалпы сипаттамасы);
2/ мақсатты міндеттер (соған байланысты жоспар құрылатын кезеңнің басты мақсаттары ; жекелеген сатылары үшін аралық мақсаттар; әрқилы дайындық түрлеріне жататын жеке мақсаттар);
3/ жаттығу және жарыстық жүктемені және спортшылар жағдайын сипаттайтын және сандық өлшемге бағынатын көрсеткіштер;
4/ жаттығу және тәрбиелік-әдістемелік ұсыныстар;
5/ жарыстың, бақылау тестінің, спорттық-медициналық тексерулердің мерзімі.
Бақылаудағы көрсеткіштердің іс жүзіндегі өзгерістерін жоспарланғанымен кезеңдерде салыстыра отырып жаттығудың әдістері мен құралдарын қолданудағы ауытқуды өз уақытында байқап, шара қолдануға болады. Сонымен бірге, бір уақытта спортшылар ағзасына оның әсерін талдай келе, қолданылатын әдістер мен құралдардың тиімділігін бағалауға болады.
Әрбір спорт түрінде дайындықты жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік алғы шарттары келесі біліктіліктер болып табылады :
а/ көп жылдық және жылдық макроциклдар үшін жекелеген спортшыларға жеке спорттық дайындығының даму ерекшеліктері, ал командалық спорт түрлерінде бүтіндей; ағзаның сол бұлшық ет қызметі түріне ұзақ мерзімдік бейімделудің спицификалық ерекшеліктері;
ә/ жеке сатысы (мезоциклдыњ) үшін – берілетін жаттығу жүктемесіне байланысты спортшы жағдайының динамикасындағы ауытқымайтын мақсаттары, сонымен бірге оның мазмұнына, көлеміне, қарқындылығына және кезектесуіне байланыстылығы;
б/ микроцикл үшін - әртүрлі мөлшердегі жақын жаттығу жүктемелерінің тиімділіктерін және басымырақ бағыттылығын үйлестірудің мақсатқа лайықты түрлері (мерзімдері және берілетін жүктеменің көлеміне, қарқындылығына және бағытталғандығына байланысты ағзаның арнайы жұмыс қабілеттілігін толық қалпына келтіру).
Бақылау сұрақтары:
1. Басқару жүйесіне түсінік
2. Спорттық жетілдіруді жоспарлау
3.Спорттық көрсеткіштің өсуін жоспарлау
4.Спорт мектептерінің, спорт коледждерінің спорттық секциялардың жұмысын жоспарлау ерекшеліктері
5. Спорттық өсуді жоспарлау
6.Бұқаралық спорт жұмыстарын ұйымдастыру
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІНЕН КӘСІПТІК ОҚЫТУШЫ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ
Ұлттық спорт түрінен кәсіптік оқытушы жаттықтырушылық қызметті жетілдіру процесін талдау және бағалау оқытып, үйрету нәтижелерінің педагогикалық диагностикасымен байланысты. Тәртіп бойынша, оқытып, үйрету нәтижелерін бағалаудың мына негізгі үш қызметі айырмаланады: бақылаушы, түзетуші және оқытып, үйретуші. Бағалаудың бақылау қызметі оқыту нәтижелерін жүйелі белгілеп отырумен қорытындыланады.
Бағалаудың түзетушілік қызметі студенттің оқытушымен (жаттықтырушымен) өзара байланысымен қамтамасыздандырылады.
Бағалаудың оқытып, үйрету қызметі тәртіп бойынша студенттің білімін тексеру барысында оған жетекші сұрақтар қойылады, оның есте сақтау қабілеті жетіледі, педагогпен сұрақты талқылау немесе оқитын бағдарламасымен қатынасы барысында өзі меңгеруі тиіс деңгейдегі оқу ақпараттары жайлы қосымша мәліметтерді алуы кезінде көрінеді.
Оқытып, үйрету нәтижелерін бағалау бойынша барлық оқу-тәрбие және жаттығу процестерінің нәтижеліліктерінің мәнісін сипаттап айқындау жүргізіледі.
«Диагностика» сөз ұғымы «диа» және «гнозис» деген сөз түбірлерінен пайда болған, яғни ол «ерекшеленетін таным» ретінде сөзбен-сөз түсіндіріледі. Қазіргі таңда «диагностика» сөз ұғымы тек психология мен педагогикада ғана емес, сонымен бірге медицинада, техникада, басқа да ғылым салаларында және қоғамдық тәжірибеде белсенді пайдаланылады.
Қазіргі заманғы жалпы ғылымлық ұсынылымдарға сәйкес, диагностика, бұл белгілі бір нысанның немесе жүйелердің жағдайын оның бар параметрлері мен белгілі бір диагностикалық санатқа (категорияға) келесі жатқызылуын тез тіркеп, белгілеу жолымен айырып тану, білу болып табылады.
Егер біздер оқытып, үйрету жүйесін қарастырсақ, онда диагностиканы педагог пен студент арасындағы «кері байланыс» деп аталатын маңызды білім беру, яғни кез келген педагогикалық әсер етуді ақпараттық қамтамасыздандыру құралы ретінде санаған орынды.
Бұл логикада кез келген педагогикалық әсер ету психологиялық-диагностикалық ақпараттарды жинақтаудан басталуы (барынша әсер етуге негізделген іске асыруды орындау үшін) және психодинамикалық қайталап тексерумен аяқталуы тиіс (әсер етудің нақтылы және әсер етудің қажетті нәтижесіне салыстыру үшін). Педагогикалық практикада «әсер ету циклы – нәтижені өлшеу» күнделікті жүргізілуі, ал кейде ай, жылдарға созылуы мүмкін.
Педагогикалық өзара әрекеттесудің нәтижелерін өлшеу әртүрлі әдістермен жүргізіледі.
Спорт мектептеріндегі оқытып, үйрету алдын ала спорттық бағдарлау және спорттық диагностикалар талап етіледі.
Психология саласындағы жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері мен дамуының келешектігін зерттеудің жетілдіру әдістері психодиагностика деп аталады.
Спорттық диагностика спорт мектептері оқушыларының жағдайын оның елеулі параметрлерін тез тіркеуге алу жолымен және белгілі бір диагностикалық категорияға келесі жатқызылуымен түсініп, білу болып табылады.
Психодинамика психологиялық ғылымдардың бір саласы және адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін танып, білудің әртүрлі бейнедегі әдістерін пайдалану болып табылады.
Спорт мектептеріндегі шұғылданушы оқушылардың диагностикасы олардың мінез-құлық, іс, әрекеті және тілек еткен, қажетті бағытта бұларға әсер ету мүмкіндіктері туралы бағдар алу және шешім қабылдау мақсатында жүргізіледі.
Диагностиканың социометрия, тестілеу, тәуелсіз сипаттамаларды талдап қорыту сияқты әртүрлі тәсілдері бар.
Социометрия (латынның «қоғам» және гректің «өлшеймін» деген сөз ұғымдары) – бұл топтағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас құрылымын және психологиялық өзара бірге үйлесушілікті анықтау мақсатында жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды психологиялық зерттеу әдісі. Ол мыналарды айқындауға мүмкіндік жасайды:
• топтағы формалары емес (сәйкес емес) қатынастар жүйесінің ерекшеліктері;
• нақтылы адамдардың психологиялық үйлесімділігі дәрежесі;
• істі орындау түріне (процедураға) қатысушылардың ішкі топтық статусы;
• бүтіндей топтың психологиялық хал күйінің сапасы.
Социометрияның негізін салушы – америкалық психиатор және әлеуметтік психолог Якоб Леви Морено (1892-1974). Оның пікірі бойынша, адамның психикалық жағдайы, мінез-құлық, іс әрекетінің бірдейлігі (адекватность) аз топтың бірегей емес құрылымында көбінесе олардың алатын орынына, жай-күйіне байланысты болады. Көңіл ауу, ұнатудың жеткіліксіздігі жеке тұлғалар арасындағы проблемалар салдарынан және бір мезгілде орын алады және олардың қайнар көзі болады.
Қазіргі уақытта социометрияны психологтар, педагогтар, конфликтологтар, әлеуметтік қызметкерлер қызметінде пайдаланылады.
Бұл әдістің шүбәсіз құндылығы, мұнда топтық қатынастың ішінде кесте, сызба, графика, сандық шама түрінде нақтылы көрініс табады. Алайда бұл мәліметтердің барлығы топтың сарқа пайдалануы болып табылады, өйткені жеке тұлғалар арасындағы қалыптасқан басқадан артық көруді тек бейнелеу, жақсы көру және жиіркену болып табылады. Топтағы формальды емес қатынастардың көп бейнеліліктерінің ішінен басқа ұсынылған мәселелердің тұжырымдамаларында көрінгендері ғана айқындалады. Ең соңынла, социомерия таңдау мотивтерін белгілеуге немесе топтың бір мүшесі басқаларымен шеттеріне мүмкіндік береді. Сондықтан олар әдетте аз топты зерттеудің басқа әдістемелерімен кешенді түрде бірге пайдаланылады.
Социометриялық сауалнама жүргізу үшін, әрбір ұжым мүшесі толтыратын
Социометрия түрлерін топтастырудың маңызды белгісі социометрлік өлшем белгілері (критерилері) болып табылады.
Социометриялік өлшем белгілерінің келесі түрлері айырмаланады: ұйымдастыру және төтенше ұйымдастыру, тура және жанама, жағымды және жағымсыз, коммуникациялық және мазмұндық.
Социометриялық ұйымдастыру өошем белгісінің оқыту процесінде, сол сияқты басқа бірлескен, ортақ қызметтегі жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды зерттеу мақсаттары болады.
Төтенша социометриялық ұйымдастыру өлшем белгісі бос уақыттарын бірлесіп, өткізу кезіндегіөзара қарым-қатынасты зерттеуге бағытталған.
Тура және жанама (жобалық) өлшем белгілері топтағы тікелей және жанама қарым-қатынастарды айқындайды.
Жағымды өлшем белгілері бірлескен оқу және спорттық қызметтерге сауалнамаға қатысушының шұғылданғысы келеді ме, яғни ұжым мүшелерінің бөліну жағдайын болжалдайды, ал жағымсыз өлшем белгісі сауалнамаға қатысушы ұжым мүшелерінің өзара бірлескен қызметке араласқысы келмейтінін табуға бағдарланған.
Коммуникацмялық өлшем белгісі ұжымдағы ақиқат бұрыннан бар өзара қарым-қатынасты көрсетеді.
Мазмұнды өлшем белгісі ұжым мүшелерінің өздерінің басқа адамдарменнен өзара қарым-қатынасын сапалы түрде түсінуін көрсетеді, олар респонденттің (сыналушы ретіндегі зерттеуге қатысушы) пікірі бойынша өлшем белгісінде берілетін сұраққа, мысалы: «Сіздің пікіріңіз бойынша жаңа жоба бойынша сізбен бірге бір командада немесе бір топта кімнің жұмыс істегісі келеді» деген сауалды қолдау немесе қабыл алмау жағдайындағы ақпаратты береді.
Достарыңызбен бөлісу: |