"Алтын күз" ертеңгілік туралы қазақша ашық сабақ Мақсаты: 1 Алтын күз мерекесін өткізу. 2 Күз туралы түсініктерін кеңейту. 3 Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі:



Дата28.01.2018
өлшемі46,2 Kb.
#35219
"Алтын күз" ертеңгілік туралы қазақша ашық сабақ Мақсаты: 1) Алтын күз мерекесін өткізу. 2)Күз туралы түсініктерін кеңейту. 3)Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Алтын күз» жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер, , т.б.

Барысы: «Саржайлау» әні ақырын орындалады. Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
Армысыздар,ұлағатты ата-аналар, Бармысыздар, жадыраған жас достар! Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..! Тәрбиеші: -Сәлеметсіздер ме балалар!

Балалар бізге бүгін қонақтар келіпті. Қане қонақтармен амандасайық.

  Балалар: -Сәлеметсіздер ме?

 Тәрбиеші: -Балалар мен сендерге бүгінгі күндерің нұрлы болсын,    

 Ертеңгілігіміз жақсы өтсін деп тілеймін.

І) Ән-ұранмен бастау. Балалар орындарынан тұрып бәрі бірге ән-ұранды айтып шығады. Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күзге нұр төгіп. Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді. ІІ) Балалар біз сендермен жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз?

-Күз - Ал, балалар мына суретке назар аударайық.

  -Суретте не көріп тұрсыңдар?

   -Күз мезгілінде неше ай бар?

   -Қыркүйек, қазан, қараша. -Күзде құстар қайда ұшып кетеді?

(Балалардың назарын ағаштарға

   -Күзде қандай өзгерістер болады?

  -Жаңбыр жауады,күн суытады,құстар жылы

    жаққа ұшып кетеді,жапырақтар түседі.

        -Күз мезгілінде нелер піседі?

      -алма, алмұрт, бидай,картоп,қияр т.б.

       -Ал, адамдар қалай киінеді?

      -Жылы киінеді.

Ал балалар олай болса

«Алтын күз» ханшасын ортаға шақырайық, балалар! -Амансыңдар ма,балалар! «Мен сендерге қонаққа келдім,сыйлық әкелдім.» Төрге шығып отырады. -Ал енді сендер өздерің жаттаған тақпақтарың ды айтып беріңдер.

Нұрдаулет

Менің атым - қыркүйек, күздің бірінші айымын. Молшылықтың, байлықтың айымын.



Әсел

Менің атым - қазан. Күзгі жиын - теріннің соңғы айымын, еңбекқор елді той - думанға кенелтемін. Ж.Нұрдаулет

Менің атым - қараша. Күздің соңғы айымын. Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын.
Тәрбиеші: Енді кезекті күз байлықтарына береміз.
Айгерім Күзде жауын,бұлт,тұман, Сары жапырақ жауады! Сары құйын ұйытқан, Сапырады ауаны. Бағдаулет Тапталады табанға, Судыр-судыр жапырақ. Өрттей сары бояуға, Малынған жапырақ.

Айда

Қайтқан құсты көрдіңбе, Қаптай ұшқан әуелеп. Күткен күзім келдің бе, Сыңсып бағың мәуелеп. Мунира

Қамба толды астыққа, Алғыс саған,алтын күз! Бір уыс дән шаштық та, Қап-қап қауын алдық біз. Айнұр Сәіз Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар, Кем болмайды күшке де Ернұр Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін, Моншақ болып тізілдім. Айдана Өрік Мен өрікпін,өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін. Жасұлан Шие Мен шиемін,шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырынмен де бар, Төмен басты иемін. Аружан Қарбыз Теңбіл-теңбіл қарбызы, Тентек Серік жарғызды. Ақбота Қызанақ Піскен кезде қызанақ Көз тартар қызыл түсімен. Бар мА адам сүйсінбей, Томат шырынын ішпеген? Зарина Алмұрт , Аузындамын бар жұрттың. Айша.Алма Мен алмамын,алмамын, Таңдай жұлар бар дәмім. Рамазан Шалқан Кім білмейді шалқанды, Талайлар маған таңқалды. Нұржан Пияз

Боламын мен дәмдеуіш, Барлық-барлық тағамға. Көкөністер ішінен, Мен пайдалы адамға. Мадина Бұршақ Кішкене түйме деймін мен, Ұнаймын мен бәріне! Дәмді тағамдарыммен, Сый жасаймын бәріңе! Аружан Қияр Дәмім тіл діүйірген, Мен тұздалған күйімде. Жаңа піскен кезімде, Жейді бәрі сүйсіне. Еркебұлан Жапырақ Жазда тұрып жоғары, Күзде жерге қонады. Нұрбол Күнбағыс Күннен көзін алмайды, Өзгемен ісі болмайды. Айжан Сәбіз Жербетінде шашы бар, Жерастында басы бар. Нұргүл Күн Таң мен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. : Олай болса,  мың бұралған қыздарға кезек берейік

- «Жеміс-жидектер» биі Сергітусәті: видио –Ойын ойнайық балалар: «Картоп жинау» ойыны

«Алтын күз»ертеңгілігіміздің мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді меңгерушіміз Қартанбаева Элмира татемизге береміз.

Өте ақылды,өздурі күшті,мықты,өздері сұлу.Өнерлі ақылды балалар екенсіңдер.Енді жұмбағымды шешіңдер. а)Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді.

                                 (Қырыққабат)

ә)Бақшаның алып жемісі,

Қайнамай піспес келесі.

Қоңыр күзге сақтайды,

Сары майдай ел іші.

                                   (Асқабақ)

 

 



Мақал-мәтел білесің бе?

 

а)Еңбек етсең ерінбей,



Тояды қарның тіленбей.

ә)Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

 

б)Еңбегің қатты болса,



Татқаның тәтті болар. Кәне, балалар ортаға шығыңдар шырайналып билейік

«зарядка» биі Тәрбиеші:Бізде өнерлі баламыз, шырқап әнге саламыз.

ІҮ) «біз тәртіпті баламыз» әні –бәрі бірге хормен айтады. . - «Алтын күз» ханшасы. Сендердің арқаларыңда көңілім бір көтеріліп қалды. Ал мынау менің сыйым(деп алма мен банан таратады)

балаларға сыйлығын таратып береді, рахметін айтып қоштасады. Қортынды: Жарайсыңдар балалар!



- Осымен «Алтын күз» мерекесі яқталды,зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет