Алтын күз мерекесі
Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
Жарысқа түскен әр сыныпқа
Сәттілік тілеңіздер!
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Және де бүгінгі «Күз-береке, күз- мереке» атты сайысқа қатысушы сыныптар!
Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
: Күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - дей келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)
: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:
: Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. Топты таныстыру (топтың аты, эмблемасы, топтың киімдері бірыңғай болуы шарт)
2. Әр топ өз өнерлерін көрсетеді
-ән, би, мәнерлеп «Күз» тақырыбында өлең оқу
3. КТК немесе көрініс көрсету
4. Сән үлгісін көрсету (күзгі киімдер түрлі-түсті пакеттер, газеттер т.б.)
5. Күзгі дастархан мәзірі.
6. «Күз сыйы» - көрме (Табиғи бұйымдар, куеппе шөптер, икебано т.б.)
7. Викториналық сұрақтар
8. Ойын ойнатылады
Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.
Жарқын дауыспен айқайлап,
Танысып өтсек әр топпен. Сонымен таныстыру кезеңі (әр топ таныстыруын айтады) Әр топ таныстыруды айтып болған соң әділ-қазылар бағалап отыруы керек
:
Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін 99 рет қайталарсың.
Сондай ән туғызған қазағымды,
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.
Келесі сайысымыз әр топ өз өнерлерін ортаға салу яғни ән сайысы. Көріп тамашалап, шапалақ ұрып отырыңыздар қымбатты көрермендер.
: Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй кентіміздің ағасы
Би билеп, мың бұралар қыз бен жігіт,
Көрермен өнерлерін тамашалашы - дей келе, келесі сайысымыз би сайысын бастайық. Ортаға ------------------------ шақырамыз. Әр топ би билеп болған соң әділ-қазылар бағалап отыруы керек.
Құрметті көрермендер біздің келесі кезектегі сайысымыз әр топ мәнерлеп «Күз» тақырыбында өлең шумақтарын оқу –деп аталады. Олай болса оқушыларға кезек берейік. Ортаға ----------------------- шақырамыз. әділ-қазылар бағалап отыруы керек.
: Сайысымыз одан әрі КТК немесе көрініспен жалғасады. Әр топтың өнерін көріп, бағалай отырайық. Ортаға-----------------------шақырамыз.
әділ-қазылар бағалап отыруы керек.
: Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ - демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық. Сайыскерлеріміз дайын болса сахна төріне шақырамыз. (музыка ойнап тұрады сайыскерлеріміз ортаны айналып өтеді)
: Сайысымыздың келесі кезегін викториналық сұрақтарға береміз. Әр топтың топ басшысы викториналық сұрақ жазылған қағазды алып, сондағы тапсырмаға топ болып жауап қайтарады. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. әділ-қазылар бағалап отыруы керек.
: Сайысымыз одан әрі тартымды әрі қызықты өту мақсатында ойындар ойнатылады. Әр топтан 1 оқушыдан сахнаға шығуы керек. Ойын шартымен түсіндіріп өтейік.
Ойын: Картоптың қабығын жонбай аршу кім, жылдам?
Ойын: Алманы қол тигізбей жеп тауысу қажет.
әділ-қазылар бағалап отыруы керек.
: міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан сайысымыз өз мәресіне жетті.
Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |