Алтын күз Тәрбиеші



Дата24.10.2019
өлшемі17.62 Kb.
Алтын күз
Тәрбиеші:  Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты тәрбиешілер!

Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Балалар айналамызға қарайықшы қандай әдемі! Түрлі – түсті жапырақтармен безендірілген. Жапырақтар алтын түске бөленіп айналамызды жайнатып жіберіпті.

– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: (Күз мезгілі)
Тәрбиеші: 

Өнер десе жайнаймыз,

Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күзге арнаған

Әнімізді шырқаймыз.
Хор: «Кап-кап»

Кап-кап, тук-тук-тук

Тереземді кім қақты?

Таң ертең жаңбыр жауып,

Балаларды оятты.
Кап-кап, дун-дун-дун

Тамшылар тамып жатыр.

Үйден шықсаң далаға,

Қолшатырды ұмытпа.


Кап-кап, тук-тук-тук

Тереземді кім қақты?

Таң ертең жаңбыр жауып,

Балаларды оятты.


Тәрбиеші: Балалар, күзде болатын өзгерістерді тақпақпен айтып беріңдерші.

Ортаға 3 бала шығады:




1 - бала: Айару

Күн шуаққа маужырап

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.
2 - бала: Аяулым

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.


3 - бала: Ильфан

Туча небо кроет

Солнце не блестит

Ветер в поле воет

Дождик моросит.
Тәрбиеші: 
 Қызық қой ел түйсігі,

Өн бойына күй сіңген,

Дарынды әсем бишіні

Сүйексіз деп сүйсінген – демекші тобымыздың биші қыздарының орындауында «Жаңбыр» биі!




Тәрбиеші: 

Алақай, алақай!


Алтын күз келді
Бақшаға баратын кез келді
Алақайлап жүрегім
Қуанышқа толып тұр
Асыққан алтын күзімде
Қоңырауын соғып тұр

Күз мезгілін тақпақпен айтайық балалар!

(Ортаға 3 бала шығады)
1 - бала: Әмина

Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.
2 - бала: Ерсұлтан

Күзім - ау, күзім - ау!

Мінезің бұзық – ау!

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау.
3 - бала: Эмрах

Осень наступила

Высохли цветы

И глядит уныло

Толые кусты
4 – бала: Бейбіт

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймаймыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.
Құлақтан кiрiп бойды алар,

Әсем ән мен тәттi күй.

Көңiлге түрлi ой салар,

Әндi сұйсең менше сүй.

Би: «Джентельменов»
Тәрбиеші: Ойын «Кім жылдам?»

Ал ендеше ата-аналарымызбен бірге жарыс ойынын ойнайық!



(Күзгі дәнді-дақылдармен салат дайындау)
Тәрбиеші: Құрметті біздің қонағымыз Алтын күз, бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғаныңызға рахмет! Балалар осымен біздің күз мерекеміз аяқталды. Бәрің мерекеге жақсы қатыстыңдар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет