Тағы бір еске тұтатын жәйт Алтын Ордадағы үстем ұлт тіпті де монғолдар емес, біздің балаларымыз -қыпшақ , қаңлы, қоңырат, найман т.б. еді. Жошы ұлысын аралаған араб жиһанкезі Әл Омари: «Азғана монғол қыпшақтарға мүлде сіңісіп, олардың бәрі қыпшақпен бір туысқандай, бір рудан шыққандай болып кетті», — деп жазды, Сондықтан Алтын Орданың мемлекеттік, әкімшілік, әлеуметтік құрылыс институттары, қала тұрғызу мәдениеті, өнері, әдебиеті дегенде, ойымызда түркі-қыпшақ мәдениеті тұруы керек.