|
Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Мәриям Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебі
|
Дата | 26.08.2017 | өлшемі | 11,24 Kb. | | #28811 |
| - География пәні мұғалімі: Садакбаев Н.К.
- Мақсаты:
- “Гидросфера” тарауында өтілген тақырыптарды пысықтау, алған білімдерін жетілдіру мақсатында өз ойларын ортаға сала білулерін қадағалау.
- Міндеттері:
- 1. Тарау бойынша оқушының білім, білік, икем дағдыларын тереңдету.
- 2. Тапсырманы орындауда себебін анықтап, қортынды жасай білуге итермелеу.
- 3. Баланы қызықтыратын әдіс-тәсілдер бойынша ғылыми ізденістеріне көмектесу, білім жолын тереңдету.
- Сабақтың көрнекілігі: дүниежүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта,үлестірмелер.
- Сабақтың түрі: қайталау сабақ
- Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойын түрінде.
- Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру
- 1. Оқушылармен амандасау, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Психологиялық тренинг (Мақсаты: оқушылар сабаққа жақсы көңіл- күймен қатынасу) - «Сенің есімің»
- Оқушылар бір-біріне кезекпен мінезіне, түріне, ақылына және т.б. сай, есіміне сөз қосып айту. Мысалы: ақылды Айгерим, сұлу Сымбат, батыр Берік т.б.
- Өткен сабақтардан викториналық сұрақтар.
- 1. Гидросфера деп нені айтады?
- (Жердің су қабығы)
- 2.Егер жер бетінің 29% құрлық алса, неше пайызы дүниежүзілік мұхитқа тиесілі?
- (71%)
- 3. Табиғатта су айналымының қандай түрлері бар?
- (үлкен және кіші су айналымы)
- 4. Құрлық суларын ата.
- (өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты суы)
- 5. Гидросфераның 97% нелер құрайды?
- (мұхит пен теңіз сулары)
- 6.Мұхиттың бөліктерін ата.
- (Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхиты)
- 7. Теңіздерді ата.
- (Араб, Баренц, Кариб, Жапон, Жерорта, Қызыл және т.б. )
- 8. Шығанақтарды ата.
- (Мексика, Парсы)
- 9. Бұғаздар.
- (Гибралтар, Магеллан, Мозамбик, Ла-Манш)
- 10. Мұхит суының басты қасиеті.
- (температурасы мен тұздылығы)
- Мұхит суының
- басты
- қасиеті?
- Табиғатта су
- неше
- күйде болады?
- Марста су
- қандай
- күйде болады?
- Тынық мұхит қай
- материктің
- жағалауын
- шаймайды?
- Дүниежүзіндегі
- ең
- ұзын өзенді
- ата?
- Қазақстанның
- ірі
- көлдерін ата.
- Жауабы: Балқаш, Алакөл, Зайсан т.б.
- Шарты: Адасқан обьектілерді орындарына орналастыру (6 сынып).
Жер бетіндегі суларды ластанудан қорғау. (Екі топтың оқушылары эссе жазу) Судын ластану жолдары. Суды қалай қорғау керек? - Экватор маңындағы мұхит суының температурасы....
- Жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі..... деп аталады.
- ..... тәулік бойы су деңгейінің көтерілуі мен төмен түсуі.
- Толқындар ...... әсерінен пайда болады.
- .......-маржан полиптерінің жинақталуынан пайда болады.
- Бір-біріне жақын орналасқан аралдар тобын..... деп атайды.
- Жер шарындағы тұщы судың үлесі....
- ........ дегеніміз мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі құрлықтар
- Судың мұхиттан атмосфера арқылы құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз
- ауысуын......дейді.
- Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі..... болып
- саналады.
- Экватор маңындағы мұхит суының температурасы....28-30 градус
- Жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі...аралдар.. деп аталады.
- .Толысу мен қайту ..... тәулік бойы су деңгейінің көтерілуі мен төмен түсуі.
- Толқындар ...желдің... әсерінен пайда болады.
- ..Маржан аралдары.....-маржан полиптерінің жинақталуынан пайда болады.
- Бір-біріне жақын орналасқан аралдар тобын..архипелагтар... деп атайды.
- Жер шарындағы тұщы судың үлесі....2,5 пайыз
- ..Материктер...... дегеніміз мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі құрлықтар
- Судың мұхиттан атмосфера арқылы құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз
- ауысуын..дүниежүзілік су айналымы....дейді.
- Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.шығанақ.болып
- саналады.
- Географиялық диктант нәтижесі
- (оқушылар бірін-бірі тексереді)
- 8-9 дұрыс “5”
- 6-7 дұрыс “4”
- 4-5 дұрыс “3”
- 1-3 дұрыс “2”
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|