Алтыншы аналитикалық топ катиондарына Cu



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі17,14 Kb.
#90314
  1   2   3
Байланысты:
VI аналитикалық топ катиондары


3.12. Алтыншы аналитикалық топ катиондары

Алтыншы аналитикалық топ катиондарына Cu2+, Hg2+, Со2+, Ni2+, Cd2+ жатады. Бұл катиондардың хлоридтері, сульфаттары және нитраттары суда жақсы ериді. Мыс (ІІ) тұздары ерітінділерінің түстері көкшіл, кобальт (ІІ)-қызғылт, ал никель (ІІ)-жасыл болады.


Бұл топ катиондарының гидроксидтері қиын еритін әлсіз электролиттер. Сu(ОН)2, Hg(OH)2 гидроксидтері тұрақсыз және өздеріне сәйкес оксидтер мен суға ыдырайды: Сu(ОН)2, -қыздыру кезінде, ал Hg(OH)2 – қалыпты температурада. Алтыншы аналитикалық топ катиондарының тұздары сулы ерітінділерде гидролизге ұшырайды.
Осы топтың катиондары үшін тән реакциялар комплекс түзу. Топтық реактивіне аммиак ерітіндісі жатады. Аммиактың артық мөлшерінде суда еритін комплексті қосылыстар түзеді: [Cu(NH3)4]2+, [Hg(NH3)4]2+, [Co(NH3)6]2+, [Ni(NH3)6]2+, [Cd(NH3)4]2+.
Мыс, сынап және кобальт ауыспалы тотығу дәрежесін көрсетеді, сондықтан бұларға тотығу-тотықсыздану реакциялары тән. Кейбір реакциялар жеке иондарды ашу үшін қолданылады.
Мыс микроэлементтер қатарына жатады, яғни тірі ағзалардың қалыпты өмір сүруі үшін қажетті мөлшері өте аз. Мыс фотосинтезді, тыныс алуды, көмірсулардың алмасу процестерін жеделдетеді. Топырақта мыс жетіспесе, өсімдіктер ауруға ұшырайды. Ондай жағдайда құрамында мыс бар микротыңайтқыштар қолданылады. Кобальттің биологиялық мәні ерекше. Ол өсімдік және жануар ағзасында зат алмасу процесіне қатынасады. Адам қанында гемоглобин ситездеуге қатысады, қан азайғанда қолданылатын В12 витамині құрамында болады. Никель-микроэлемент. Никельмен темір бірге болса, қан гемоглобинінің түзілу процесі жақсарады. Сынап медицинада әлсіз ерітіндісі аспаптарды, ыдыстарды залалсыздандыру үшін пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет