математика пәні мұғалімі
Педагогикалық ұстанымым: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ойын тиянақты дәл айта білуге үйрету; Математика пәнінен ашық сабақ 8 «ә» сынып:
Интервалдар әдісімен шешу туралы білімдерін кеңейте түсу
Интервалдар әдісімен шешу кезінде алгоритмді қолдана білу
Алған білімдеріне қорытынды жасай білу
Негізгі түйіндер
Сыныптың сабақты игеру деңгейлері жақсы. Кейбір оқушының сабаққа деген белсенділіктері төмен. Сондықтан оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын одан әрі арттыру мақсатында оқушылармен өзіндік жұмыс істеуіне ықпал ету.
Тапсырмалар
1. Оқушыларға ой түрткі жасау
Оқушылардың алдына сұрақ қоя отырып, мәселенің тақырыбын ашу
Интервалдар әдісімен шешу әр деңгейдегі есептерден шығару.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І.Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)
ІІ. Үй жұмысын тексеру (АКТ) (1-2мин)
ІІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау (12мин)
Оқушыларды 2 топқа бөлу және топтың атын анықтау,оларға нақты сұрақтар қоя отырып,олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Бұл жерде мұғалім оқушыларға сұрақтар қоя отырып өткнн сабақта өтілген тақырпты еске түсіруге,олардың ойлау қабілеттерін дамытуға ,шапшандыққа,сөйлеп өз ойларын айта білуге ықпал ету.
1 –тапсырма Берілген теңсіздіктердің қайсысы квадрат теңсіздік болады:
А) 4у² - 5у +7 > 0
Б) 2х - 4 > 0
В) 4х² - 2х ≥ 0
Г) 3у – 5у² + 7 < 0
Д) 4 – 6х + 5х² ≤ 0
Е) 5у +3у - 6 < 0
Жауабы: А,В,Г,Д
2-тапсырма
Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін дұрыс жазыңыз: