26
де қарастырылып, оның теориялық және ұғымдық аппараты ашы-
лып көрсетіледі, әлеуметтік лингвистикалық мәлімет жинау мен
талдаудың әдістері қарастырылады, қоғамның тілдік өмірімен бай-
ланысты болатын проблемалар шеңбері айқындалады [13].
Әлеуметтік лингвистика – терминологиялық жүйесінің өзгерім-
паздығымен сипатталатын: кейде үнемі жаңа терминдер мен термин
секілді тіркестер пайда болып, кейде олар ескіріп стилистикалық
бояуы бар сөзге аусып кететін, ылғи маңызды түрдегі өзгерістерге
ұшырап отыратын ғылым. Осылайша әлеуметтік лингвисти-
ка өзі өзгеріске түсіп, біртіндеп терминологиясының бұқаралық
сипаттығы кеміп, ұғымдық аппараты жетіле түседі. Әлеуметтік
лингвистика пәнінің өзгерімпаздығы, уақытқа тәуелділігі үнемі
жаңаруды және әлеуметтік лингвистикалық терминдерді қайта ой
елегінен өткізіп отыруды талап етеді.
Біздің еліміз үшін әлеуметтік лингвистикалық терминдер
сөздігін жасау тек теориялық маңыздылыққа ғана ие емес, өзге ел
ғалымдарының бұл міндетті қалай қарастырып жатқанынан да ха-
бардар болуды көрсетеді. Ол қазіргі Қазақстандағы және сондай-
ақ бұрынғы кеңестер одағына қараған елдердегі тілдік құрылыс
үдерісін құрайтын өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Жалпы жекелік (даралық, өзіндік) мәртебеге талпынатын кез
келген ғылым сияқты әлеуметтік лингвистика да өзіне тән бірне-
ше арнаулы ұғымдарға (соған байланысты терминдерге) ие:
Достарыңызбен бөлісу: