Аманғазықызы мөлдір қазіргі қазақ прозасындағы қала моделі және ұлттық ментальділік



бет3/31
Дата16.04.2024
өлшемі314,84 Kb.
#200889
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
aman-azy-yzy-m-phd-povtorno (4)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................

107



АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:


Автор өнертануда, философияда эстетикалық, сондай-ақ, мәдени-әлеуметтік категория ретінде қарастырылатын ұғым. Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор – өнер туындысын жасаушы, қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға.
Автордың бейнесі әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. Автордың идеялық нысанасы, көзқарасы, ұғым-түсініктері, наным-сенімдері, көркемдік принциптері, суреткерлік шеберлігі бәрі-бәрі кең, толық мағынасында, әрине, шығарманың өн бойынан, бүкіл құрылыс-бітімімен, идеялық-көркемдік сипатынан танылады.
Авторлық позиция автордың өзін қоршаған ортаға, қоғамға, жалпы дүниеге сырттай көзқарасы немесе пікірі ғана емес, ол автордың бүкіл жан-дүниесі, сезім сүзгісінен өткен, өзі суреттегелі отырған өмірдің әр түрлі жақтарын сезініп, түйсінуінен пайда болған ой тұжырымы. Осы ой-мақсатын іштей қорытып шығарған көркемдік әлемінде, яғни көркем дүниесінде жүзеге асыру автордың шығармашылық тұлғасына тікелей қатысты.
Әдеби шығарманың жаратылысы автордың өмірбаяндық тұлғасын бұл жаратылыстан тыс өмір сүре алмайтын толыққанды тұлғалық көркем бейнеге жақындататын уақиға. Авторды өмірбаяндық тұлғамен теңдестіруге болмайды, өмірбаяндық және эстетикалық оқиғалар кейбір тұста ғана қиылысады, алайда дәл осы қиылысу кеңістігінде автор өзінің әдеби шығармашылық болмысын ашып көрсетеді.
Әңгіме оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма.
Герменевтика (грек. hermenlike – hermecno – түсіндіремін, түсінік беремін, ұғындырамын) – мәтіндерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім.
Қала өркениеттің дамуын бейнелейтін әлем бейнесінің өзгермейтін, тұрақты элементтерінің бірі. Бұл әлеуметтік-мәдени жағдайында болашақта көрініс табатын күрделі, көп деңгейлі нысан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет