Мақала авторы: Аманова Сандуғаш
Тағайқызы
Жұмыс орны: Түркістан облысы, Төлеби ауданы,
Нысанбек ауылы
«Балдәурен – Шымкент» РОСО
sandu_amanova@mail.ru
Лауазымы: II санатты физика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі:
Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын, сондай-ақ жастардың белсеңді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру.
Әр баланың бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, пәндік білім деңгейін терендету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінші білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады. Ертеңгі болашағымыз – жас ұрпақты саналы, білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Білімді үйрену және оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір адамның ең қасиетті борышы, абзал парызы.
Ұстаз еңбегі – шығармашылық еңбек. Өйткені, ол ұстаздан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді. Елдің ертеңгі-бүгінгі жас ұрпақ деп білеміз. Ал жас ұрпақтың білімді, саналы азамат болып өсіп қалыптасуы үшін оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт – бағдар беру керек. Оқушылар сабақта ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеп табу зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Сондықтан, мұғалімдер қауымының алдына үлкен міндет жүктеледі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі – деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту мақсаты. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |