ІІІ-деңгейде: Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен Күн ұқсастығы.
ІV-деңгей:шығармашылық есептер шығарып, мәнжазбаларын қорғап шығады.
8-сыныпта «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау сабағында да деңгейлік тапсырмалар беремін.
І-деңгей бойынша сұрақтар (13 сұрақ) қойылады. 13 сұраққа 5 балл беріледі.
ІІ-деңгей бойынша семантикалық карта толтыру тапсырылады.Оқушы өзі ізденіп, картаны толтырып береді. Оған 10 балл беріледі;
ІІІ - деңгейде денелердің электрленуіне мысал келтіру тапсырылады. Денелерді электрлендірудің зиянды жақтары айтылады, оған 15 балл беріледі.
ІV-деңгей бойынша шығармашылық деңгейдегі өздері дайындаған мәнжазбаларды қорғап шығады. Оған 20 балл беріледі.
Физиканың даму тарихына үңілсек, ірі жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік. Есептер шығару барысында оқушы физикалық шаманы есептейді және заңдар мен заңдылықтарды тұжырымдайды. Оқушыларды олимпиадаға дайындау үшін оларға эксперименттік есептер беріп отырамын. Оқу әдісін қайталау, пысықтау сабақтарында оқушылардың білімін бағалау үшін сөзжұмбақтарды пайдаланамын. Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы тақырып пен тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелуді тапсырамын.